Кіріс ақпараты – ақпараттық жүйенің қызметтері орындалуы үшін пернелерден келетін сигналдар құжаттар түрінде берілетін мәліметтер, ақпараттар. Кіріс құжаттары алынатын файлдар негізінде өз кезегінде жедел болып бөлінеді. Ол банктің қаржылық фактілерін, материалдық, еңбек, технологиялық және басқа да нормалар мен нормативтер, сонымен қатар анықтамалық мәліметтерді көрсетеді. Өңдеуге жіберілетін ақпарат бақылаудан өтуі керек, сонымен бірге программалық бақылау қарастырылуы тиіс.
Біздің есепте кіріс ақпаратының көзі заемшының анкетасы болып табылады. Заемшының анкетасы келесі реквизиттерден тұрады:
аты-жөні, тегі
туған күні;
туған жері;
банктің шоттар тізімі;
несие тарихының болуы;
телефон;
отбасы жағдайы;
аты-жөні, тегі және отбасы мүшелерінің жұмыс орны;
отбасы мүшелерінің жеке меншігінің бар болуы;
білімі;
жұмыс орны;
қызметі;
кепілдемелік хат.
Шығыс ақпараты
Шығыс ақпараты – ақпараттық жүйенің қызметінің орындалуы нәтижесінде алынатын басқару объектісіне немесе басқа да басқару жүйесіне қажетті мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін ақпараттар.
Шығыс ақпараты негізінде клиентердің мәлімдемелері туралы есеп беруді қарастырайық.
Есеп беру келесі реквизиттерді қарастырады:
классификация;
клиенттің үлгісі;
шот;
клиент;
ашылу күні;
несиенің сомасы;
пайыздық ставка;
пролонгация (мерзім);
несиені кешіктіру күндері;
жалпы тәуекел;
міндеттік тәуекел;
пайыздық тәуекел;
жабдықтау түрі;
жабдықтаудың бағасы;
ескерту.
Математикалық жабдықтау
«Ипотекалық несиелеу» ақпараттық жүйесінің кешендік есебі қолданылған математикалық аппараттық шоттың тура есебіне жатады. Талдау, статистикалық есеп, бухгалтерлік есеп методикасынан шығатын тура шот есебінде тура есептер орындалады. Тура шот методикасыгн пайдалану банктің қызметі негізінде тиімді болуына рұқсат етеді.
«Несие» есеп шығару кезінде басқа модульдер программасы өте көп қолданылады. Бұл мынадай функциялар: мәліметтер базасына жаңа клиент қосу, клиенттер тізімін қайта нөмірлеу, клиенттің мәліметтерін өшіріп тастау, клиенттің мәліметтерін редакциялау, мәліметтерді фильтрациялау, мәліметтерді сұрыптау, қорытынды баспаға жіберу (принтер). Көп қолдану үшін программаны бір рет жасау керек, әр жасаған сайын жаңа мәліметтер енгізіледі.
Ақпараттық жүйенің математикалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:
ақпаратты жинау және өңдеу алгоритмін, сонымен қатар ЭЕМ-на мәліметтерді енгізу дұрыстығын бақылау;
мәліметтерді іздеу, іріктеу, құжаттарды принтерге басып шығару алгоритмдерін құрастыру;
қолданылатын математикалық әдістер техникалық және программалық құралдардың мүмкіндіктерін ескеруі тиіс.
Алгоритмді ұсыну формула, кесте, блок-схема, жазулар түрінде берілуі мүмкін.
Математикалық қамтамасыз етудің алгоритмін құруға қойылатын талаптар:
қарапайым блоктарды декомпозициялау;
қолданбалы программалар пакеттеріне және программалау тілдеріне қолданылатын стандартты іздеу және есептеу процедураларын максималды түрде пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: |