Сурет Есеп шығару алгоритмінің бейнеленуі. 8 Іі-бөлім «несиелерді рәсімдеу» абж қҰру 9



бет6/11
Дата01.04.2024
өлшемі0.92 Mb.
#497131
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
диплом

Қорытынды

Дипломдық жобаның аясында «Несиелерді рәсімдеу» басқармасының автоматтандырылған жүйесі жасалды. Жасалған жүйе бойынша төмендегідей қорытындылар шығаруға болады:



  1. АБЖ келесідей жұмыстарды жеңіл түрде орындауға мүмкіндік береді:

    • қажетті құжаттардың есебі мен несие құжаттарын дайындау үшін уақытты азайту;

    • деректеме есебінің автоматтандырылуы;

    • несие берудің толық есебінің болу мүмкіндігі үшін берілген несиелер жөніндегі ақпаратты ұзақ сақтау мүмкіндігі.

АБЖ-ні жүзеге асыру үшін еркін нарық сегментінің болуымен негізделеді. Программа ақысыз программалық қамтамасыздандыруда ашық кодпен орындала алады, бұндай ПҚ сақтау тіпті тиімді болып табылады.
Ұйымдардың шығындарын айтарлықтай азайтуға жағдай тудыратын жоғары экономикалық тиімділігі. Бұған қыруар еңбекті қажет ететін уақытты азайту арқасында жетеді. Компания қызметкерлері шытырманды операцияларға аз уақыт жұмсап, қосымша тапсырмаларға көп көңіл бөле алады.
Сондай-ақ, «НЕСИЕЛЕРДІ РӘСІМДЕУ» АБЖ-ні жасау барысында мекемедегі инженер-программисттің жұмыс орнындағы жұмыс жасау мүмкіндігі зерттелген болатын және оның жақсартылуы жөнінде нақты ұсыныстар жасалды.
Талдауды және автоматтандырылған жүйені жасау үшін арнайы талаптарға жауап беретін программа жасалған, нақтырақ айтқанда – құру, тіркеу, бөліп орналастыру, несиелік резюменің баспадан шығарылуы және келісім-шарт т.б. талаптар. Эргономикалық және интуитивті түсінікті болатын қолданушы интерфейсі жүзеге асырылған. Бұл жүйе бүкіл құжаттарды сақтау үшін банктерде, сондай-ақ, құжаттардың тез және сапалы айналымы мен дайындалуы үшін программаның бүкіл қызметін пайдалана отырып, банктік емес ұйымдарда да қолданыла алады.
АБЖ жасау барысында қазіргі замангы әдіс-тәсілдер мен жаңа технологиялар қолданылды. Ал программалық қамтамасыздандыру жасаудағы Delphi 7.0 құралдық тәсіл Еуропалық өндірушілер ассоциациясының (ЕӨА) және Халықаралық стандарттау ұйымының (ISO) стандарттарына сәйкес келеді. Ол жадыны қолдану үйлесім механизмін және көптеген міндеттерді шешудің стандартты жолын, сонымен қатар мультиплатформаланған сол тілде жазылған программаны жасауды жүзеге асырады. Айтарлықтай, берілген АБЖ Delphi 7.0 және Microsoft Office қолдайтын барлық операциялық жүйелерде қолдануға болады.
Сондай-ақ, жасалған жүйеге қолданушыларды функционалдық немесе қызметтік белгілеріне қарай топтарға толық топтастыру құрылымын, құжаттардың автоматты бағытталуы және орындауды қадағалануы үшін жүру маршрутының дизайнын жасалуын енгізуге болады. Осыған да қарамастан бұл АБЖ толық аяқталған өнім деп айтуға болады және несиелерді рәсімдеуді автоматтандыру үшін қолдануға болады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Несиелерді рәсімдеу» АБЖ-сі мақсатты және банктік емес ұйымдарда қолдану барысында нақты пайда әкеледі деп қорытындылауға болады.
Дипломдық жұмыстың нәтижесі жасап шығарылған «Ипотекалық несиелеу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болып табылады. Ол «БТА Ипотека» акционерлік қоғамында іске асырылған. Оның негізгі мазмұны болып өлшенген қаржы-несиелік саясат, клиенттердің мүддделерінің максималды есепке алу, қызметтің жоғары сапасы және іске асырылатын операциялардың жоғарғы табыстылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Дипломдық жұмыста қойылған мақсаттың орындалу деңгейі толық деп есептеймін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет