ҚР ЕЖ 5.03-107-2013
135
4.8.4.2.7
Бақылаудың нәтижелері де дәнекерлеу жұмыстары журналының (ДЖЖ)
тиісті бағандарында белгілену керек.
5 ӨНДІРІС ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ТАЛАПТАРЫ, ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН
ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
5.1 Көтергіш және қоршау конструкцияларды салу және монтаждау жұмыстарын
жұмыстарды ұйымдастыру жобасы бар болған жағдайда және қолданыстағы қауіпсіздік
техникасы жөніндегі ережелерді сақтай отырып ҚР ЕЖ 1.03-106, ГОСТ 26887 сәйкес
өндіру қажет.
5.2 Монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде жекелеген операцияларды орындау
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылғыларды пайдаланады.
5.3 Құрастырмалы-монолитті, ірі тақталы және көп қабатты конструкцияларды
жұмыстарды өндіру жобасы бойынша монтаждайды.
5.4 Көтергіш конструкцияларды олардың үстіне аспалы ағаштардың, сақтандыру
белдіктерінің және жұмысшылардың кейінгі монтаждау жұмыстарын жасау барысында
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті басқа да құралдардың көмегімен қорғайтын
қоршаулар (сүйеніштер, жұмыс алаңдары) орнатылған жағдайда көтеріге болады.
5.5 Жұмысшылар олардың көтергіш конструкцияларды монтаждау кезінде көтерілуі
мен төменге түсуін басқаруға арналған құрылғылармен қамтамасыз етілуге және оларды
пайдалануға міндетті.
5.6 Көп қабатты ғимараттың үстіңгі қабатының (ярусының) конструкцияларын
астыңғы қабаттың көтергіш элементтерінің барлық белгіленген монтаждау элементтері
жобада бекітілгеннен кейін монтаждайды.
5.7 Бетонды беру, қалау және күтіп-баптау, арматураны дайындау және орнату,
сондай-ақ қалыпты орнату және бөлшектеу кезінде жұмысшыларға жұмыстың сипатымен
байланысты келесі қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуіне жол бермеу
шараларын қарастыру қажет.
5.8 Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшылар мен қоршаған ортаны
электр тогымен зақымданудан, доғаның жарықтық радиациясының әсерінен, доғал жанған
және дәнекерлеу материалдары еріген кезде улы заттардың шығуынан, газ-оттегі
қоспаларының жарылыс қауіптілігінен, қыздырылған металмен жанасу кезіндегі
күйіктерден, өрт шығу қауіпінен, механикалық жарақат алудан қорғалуын қамтамасыз ету
керек.
5.9 Таспен жасалатын жұмыстардың қауіпсіздігін ұйымдастыру-технологиялық
құжаттамадағы келесі еңбекті қорғау жөніндегі шешімдерді орындаудың негізінде
қамтамасыз етеді.
Қауіпті аймақтарда қалау кезінде қалаушылар сақтандыру белдіктерін пайдаланып,
олардың көмегімен ғимараттың немесе құрылыстың тұрақты бөліктеріне бекітіледі.
Биіктігі екі қабаттан асатын қабырғаларды қалау кезінде міндетті түрде беріктігі мен
қаттылығы сәйкесінше аражабындар немесе уақытша төсемдер, сондай-ақ саты марштары
мен қоршалған алаңшалар орнатылады.
5.10 Ағаш конструкцияларды орнату кезінде төмендегілерге жол берілмеу керек:
|