ҚР ЕЖ 5.03-107-2013
133
4.8.4.1.10 Механизацияланған тазарту арқылы (абразивті құралмен) дәнекерленген
қосылыстар, жік түбі және іліндірмелер ақауларын жою кезінде металл бетіндегі
кертіктерді дәнекерленген қосылысты бойлай бағыттау керек:
- бастапқы және шықпа жұқатақтайшалары орнатылатын жерлерді тазарту кезінде –
конструкциялардың дәнекерленетін элементтерінің шетжақ жиектерін бойлай;
- жіктің күшін жою кезінде – жік осіне 40
- 50
еңіс бұрышымен.
Дәнекерленген қосылыстарды өңдеу кезіндегі қиманың босатылуы (негізгі металға
тереңдеуі) дәнекерленетін элемент қалыңдығының 3 % аспауы, бірақ 1 мм артық болмауы
керек.
4.8.4.1.11 Жік шетжағы бетіндегі ақауларды кейіннен қосымша дәнекерлемей
абразивті құралмен жою кезінде қосақталатын элемент енінің 0,02 бос жиекте 0,05 кем
емес еңіспен металл ішіне тереңдеуге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда қиманың жиынтық
босауы (қалыңдығының бойымен жол берілген босауды ескере отырып) 5 % артық
болмауы керек. Жіктер шетжақтарын өңдегеннен кейін үшкір қырларды жапыру қажет.
4.8.4.1.12
Конструкцияның
монтаждық
дәнекерлеуден
кейін
қалған
деформацияларын 4.4.1.2.1 талаптарына сәйкес термиялық немесе термомеханикалық әсер
ету арқылы жою қажет.
4.8.4.1.13 Құрастырылатын конструкциялар элементтерін бұзбай бақылау әдістері
мен көлемдері 4.4 тараудың қосымша ережелерінде келтірілген.
4.8.4.1.14 Әсіресе ақаулық белгілері бар жерлерді және жапсар қиыстарының
айналасын тексеру қажет. Тексеру көлемінің ұзындығы кемінде 100 мм болуы тиіс.
4.8.4.1.15 Дәнекерлік қосылыстар жапсарының өкізбеушілігіне тексеру жүргізу
кезінде көбіршікті әдіс кезіндегі сирету кемінде 2500 Па, капиллярлық әдіспен бақылау
ұзақтығы қоршаған ауаның оң температурасы кезінде кемінде 4 сағ. және кері
температурас кезінде кемінде 8 сағ. болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |