Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет134/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

 
4.8.4.2 
Темірбетон конструкцияларының дәнекерленген қосылыстарын 
қабылдау кезінде бақылау
 
4.8.4.2.1 Арматураның дәнекерленген түйіспе қосылыстарын қабылдау кезінде 
бақылауға сыртқы байқау және ГОСТ 10922 және ГОСТ 23858 сәйкес жүргізілетін 
сынақтар кешені жатады.
Арматураның шығыңқы жерлерінің дәнекерленген қосылыстар партиясының көлемі 
де сол стандарттармен белгіленеді. Конструкцияны дәнекерленген қосылыстар сапасын 
бағалау нәтижелері шыққанға дейін бетондауға жол берілмейді.
4.8.4.2.2 Белгіленген талаптарды қанағаттандырмайтын дәнекерленген түйіспе 
қосылыстарының арматурасын бақылау нәтижесі бойынша қашықтатылған түйісті 
ауыстыруды ұзындығы кемінде 80 мм аралық ендірмемен дәнекерлеу керек. Орындалған 
дәнекерлік қосылыстарды ультрадыбыстық бақылаумен тексеру қажет.
4.8.4.2.3 Түзетуге рұқсат етілетін ақауларды ақауланған жерді абразивті құралмен 
тазартқаннан кейін және түйіспені (200-250) °С дейін алдын ала жылытқаннан кейін 
диаметрі 4 мм электродтармен қосымша дәнекерлейді.


ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
134 
4.8.4.2.4 Сапасын бұзбайтын әдістермен бақылау кезінде жол берілмейтін ақаумен ең 
болмағанда бір қосылыс анықталған жағдайда дәнекерлен қосылыстардың екі еселенген 
саны қайта сұрыпталады. Егер қайта сұрыптау кезінде осыған ұқсас жағдай орын алса
тапсырылатын өнім партиясының 100 % бақылаудан өткізіледі.
4.8.4.2.5 Бақылау нәтижелері тізімі 52-кестеде келтірілген Сынақтар хаттамаларымен 
(актілерімен) рәсімделуге тиіс, олар жасырын жұмыстар актісін толтыруға негіз болып 
табылады, объекті бойынша атқару құжаттамасы жиынтығына кіреді және белгіленген 
тәртіппен сақталуға тиіс.
52-кесте – Сынақтар хаттамаларының тізімі
 
Сапаны бақылау жөніндегі 
құжаттар 
Мазмұны 
Хаттамалар, актілер, 
қорытындылар
Жобада дәнекерлеушінің біліктілігін және өндірістің нақты 
объектіде құрастыру-дәнекерлеу жұмыстарын орындауға 
дайындығын 
тексеру 
үшін 
қарастырылған 
барлық 
дәнекерленген қосылыстар типтерінің бақылау (рұқсат 
етілген) үлгілерін механикалық талқандау сынақтарынан 
өткізу нәтижелері
Жоғарыдағыдай 
Негізгі металдың және дәнекерленген қосылыстардың 
механикалық қасиеттерін тексеру үшін механикалық 
талқандау сынақтарынан өткізу нәтижелері
Жоғарыдағыдай 
Көзбен шолу-өлшеу әдісімен монтаждық байланыстарды 
кейіннен 
дәнекерлеу 
үшін 
салма 
бұйымдар 
пластиналарының құрастырылатындығын және сәйкестігін, 
дәнекерленген жіктердің геометриялық параметрлерін және 
сапаның сыртқы ақауларын анықтау үшін үстіңгі бетінің 
сапасын тексерудің нәтижелері
Хаттамалар, актілер, 
қорытындылар 
Ішкі ақауларды анықтау үшін ультрадыбыстық 
дефектоскопиямен және басқа да әдістермен талқандамай 
сынау нәтижелері
Жоғарыдағыдай 
Арматуралау параметрлерін көзбен шолу-өлшеу әдісімен 
тексерудің нәтижелері
4.8.4.2.6
Сынақтар хаттамаларында нәтижелермен қатар мыналар көрсетілу керек: 
сынақ зертханасының аталуы, аккредиттеу аттестатының нөмірі және оның саласы; 
зертханашының, бақылаушының, бақылаудың бұзбай жүргізу әдістері жөніндегі 
оператор-дефектоскопистің аты-жөні мен тегі, аттестациялау деңгейі, соңғы қайта 
аттестаттау күні көрсетілген біліктілік куәлігінің нөмірі; сынау жабдығының маркасы 
(типі), зауыттық нөмірі, жыл сайынғы метрологиялық тексеру (калибрлеу) туралы 
куәліктің нөмірі; сынамаларды бақылау немесе іріктеу орны; бақылау операцияларын 
жүргізу күні; жобада және дәнекерлеу жұмыстарын атқару жобасында (ДЖАЖ) 
қарастырылған құрастыру және дәнекерлеу туралы мәліметтер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет