Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет96/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
93 
4.6.6.3 Қабырғаларды монтаждауға арналған ағаштар оларды дайындаушы 
кәсіпорынның нұсқауларына сәйкес орнатылады. Сэндвич-панелдерді монтаждауға 
мүмкіндік болу үшін ағаштардан сэндвич-панелдердің ұстындарда, белағаштарда, 
беларқаларда бекітілу жазықтығына дейінгі ара қашықтық 150 мм-ден 300 мм-ге дейін 
көбейтілу керек.  
4.6.6.4 Ағаштар пайдалануға құрылыс ұйымының басшысы тағайындаған комиссия 
қабылдағаннан кейін жіберіледі, және ГОСТ 26887 бойынша есеп журналында тіркеледі. 
Ағаштарды дайындаушы-кәсіпорынның нұсқауына және ҚР ЕЖ 1.03-106 сәйкес 
пайдалану қажет. Ағаштардың техникалық жағдайы әр ауысымның алдында бақылаудан 
және әр 10 күн сайын мерзімді байқаудан өткізіледі. Мерзімді байқау нәтижелері аталған 
журналға енгізіледі. 
4.6.6.5 Панельдер пакеттерін тігінен орналасқан ілмектердің байлауларынан ғана 
ілмектеуге жол беріледі.  
4.6.6.6 Тігінен кесілген тақталарды монтаждау кезінде панелдің үстіңгі жиегі 
жағынан ілмектеуге және оны қарама-қарсы жиекке қарай бұрып көтеруге тыйым 
салынады.  
4.6.6.7 Сэндвич-панельдердің тік және көлденең түйіспелеріндегі тығыздаутын 
аралық төсемдерді панелдерді орнатқанға дейін төсеу қажет.  
4.6.6.8 Жеңіл панельдерден жасалған қабырғаларды карталарға негізгі монтаждау 
краны жұмыс істейтін аймақтағы стендтерде жинақтау керек.  
4.6.6.9 Карталардың шекті ауытқулары жобада көрсетілу керек. Мұндай нұсқаулар 
берілмеген жағдайда, ені мен ұзындығы бойынша шекті ауытқулар - ± 6 мм, диагональдар 
өлшемдерінің айырмасы бойынша – 15 мм құрауға тиіс. 
4.6.6.10 Көлденең және тік түйіспелердің барлық бастырмалары, сондай-ақ 
панельдердің бұрыштық элементтері түйіспенің ішіне ылғалдың кіруіне жол бермеу үшін 
герметикке қойылу керек.
4.6.6.11 Көтергіш профильдер мен панель қаңқаларын қаптама материалдардан 
термооқшаулау үшін көбіктелген полиэтиленнен немесе қалыңдығы 30 мм қатты 
минералдық мақтадан жасалған термобөлгіш жолақ қолданылады. Профильдер 
арасындағы түйіспелерді бітеу үшін өзі желімделетін алюминий лентасын пайдаланады.
4.6.6.12 Қабырға конструкцияларын монтаждау кезінде ғимарат қаңқасында немесе 
қабырғасында табақ профильдері бекітілуінің маяк нүктелерінің орналасуын белгілейді. 
Нүктелер қасбетті салу жөніндегі жұмыс жобасына сәйкес белгіленеді.
4.6.6.13 Көлденеңінен кесілген қабырғалар төменнен жоғарыға қарай, сөрелеп 
монтаждалады. Қабырға конструкцияларының ғимарат ұстындарына жанасқан жерлеріне 
тығыздағыш желімдейді. Тігінен газбен кесілген қабырғалар солдан оңға қарай 
монтаждалады.
4.6.6.14 Келесі панельді монтаждау алдында монтаждалған панельдің «паз» тәрізді 
құлпына сыртқы жұмыстарға арналған тығыздайтын герметик немесе диаметрі 8 мм 
тығыздайтын бутилкаучук бауы, болмаса қимасы 8 мм 

3 мм ҮСТ (үш қабатты сэндвич- 
панелінің тығыздағышы) тығыздағышы салынады. Құлып қабырғаның ішкі жағынан 
тығыздалады.
4.6.6.15 Фасондық элементтерді ғимараттың сыртқы жағынан ЭПДМ-төсемі бар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет