ҚР ЕЖ 5.03-107-2013
94
(ЭПДМ (EPDM) – этилен сополимерінің, пропиленнің және диен мономерінің негізіндегі
каучук) 4,8 мм × 28 мм өзі қиятын бұрандалардың немесе 3,2 мм
8 мм құрама
тойтармалардың
көмегімен
бекітеді.
Фасон
элементтерін
тікелей
металл
конструкцияларын бекіту қажет болған жағдайда, алдын ала бұрғылап бекітусіз ЭПДМ-
төсемі (сөресінің қалыңдығы сәйкесінше 12 мм дейін немесе 5 мм дейін металл
конструкцияларына бекітуге арналған) бар 5,5 мм × 32 мм немесе 5,5 мм × 19 мм өзі
қиятын бұрандаларды қолданады.
4.6.6.16 Қабырға конструкцияларын болат ұстындар мен қабырғаларының
қалыңдығы 12 мм дейін керегетірек тіреуіштеріне саңылауларды алдын ала бұрғыламай
өзі қиятын бұрандалармен бекітеді. Темірбетон ұстындарына конструкцияларды
саңылауларды алдын ала бұрғылау арқылы анкерлермен (дюбельдермен) бекітеді.
Анкерді орнату және бекіту үшін ұстын бетонындағы тақта арқылы диаметрі 4,8 мм
немесе 6,3 мм саңылау бұрғыланады. Бұл жағдайда анкер бетонның ішіне 4,8 мм диаметр
үшін 32 мм кем емес тереңдікке және 6,3 мм диаметр үшін 38 мм тереңдікке енуі керек,
саңылаудың тереңдігі – 20 мм артық болуға тиіс. Саңылауларды бұрғылау үшін жұмысшы
ұзындығы 100 мм, 250 мм және 300 мм кесетін жиегі алмастан жасалған бұрығларды
пайдаланады.
4.6.6.17 Құйылыс тесіктері және (терезе және есік ойықтарына, жабынға,
жиекқабырғаларға, шығыңқы іргеге және т.б.) жанасулар сияқты фасондық элементтер
профтабақтан, сайдингтен, линеар тақталарынан, қасбеттік кассеталардан және
керамикалық мәрмәр тастан жасалған плиталардан, хризотилцементтік қасбеттік
плиталардан және жалпақ табақтардан жасалған қабырғалық қаптама материалдарын
құрастырғанға дейін монтаждалады.
4.6.6.18 Сэндвич-тпанелдерден жасалған қасбеттерді тапсырыс беруші өкілдері мен
мердігерден құралатын қабылдау комиссиясы қабылдап алып, қабылдау туралы актіге қол
қою арқылы рәсімдейді. Актіге 4.1.15 көрсетілген құжаттар тіркеледі.
4.6.6.19 Қасбеттік жүйелер конструкцияларының нақты орналасуының жобада
көрсетілген қалыптан шекті ауытқулары 32-кестеде келтірілген шамалардан артық
болмауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |