Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет109/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
106 
4.7.5 Қабырғаларды ірі пішімді керамикалық қуысты тастардан қалау
 
4.7.5.1 Қабырғаларды биіктігі 219 мм және ені 250 мм ірі пішінді тастардан қалаған 
кезде тастардың ½ байланымымен орындау керек.  
4.7.5.2 Қабырғаларды қалаған кезде зауыттық жағдайда дайындалған берік тастарды 
қолдану қажет.  
4.7.5.3 Тастардың ірі пішінді керамикалық қуысының көлемі ГОСТ 530 сәйкес 
болуы тиіс.  
4.7.5.4 Қалау кезінде М75 және одан астам ерітінділер қолданылып, конустың шөгуі 
7-9 см құрау керек.  
4.7.5.5 Ерітінді жіктерінің қалыңдығы 8 мм бастап 12 мм дейiн, қаптама қабатпен 
байланыстыру үшін тормен арматураланған ерітінді жіктерінің қалыңдығы – 10 мм бастап 
16 мм дейiн. Тік жіктерге ерітінді салынбайды, қабырға бойындағы тастардың 
байланысуы – ойық-адырлы.  
4.7.5.6 Көтергіш қабырғалары бар ғимараттардың аражабын плиталарын ірі пішінді 
тастардан жасалған қалауға төселген қалыңдығы 15 мм цемент-әк-құмды ерітіндіге 
120 мм мөлшерге тіреу керек. Плиталарды ерітіндіні төсегеннен кейін кем дегенде
(7-8) күн өткен соң монтаждау қажет.  
4.7.5.7 Арқалықтарды, белағаштарды тіреу жағдайларына жобада «жастықшалар», 
белдіктер қарастырылу керек.
4.7.6 Қабырғаларды ірі силикат блоктарынан қалау
 
4.7.6.1 Ірі силикаттық блоктардан және биіктігі 62,3 см арақабырғалар панельдерінен 
жасалған қабырғаларды қалауды блок биіктігіне байланысты және u= 0,4h тең 
байланымда орындау керек (36-кестені қараңыз). 
4.7.6.2 Блоктардың өлшемдері ГОСТ 379 сай болу керек.
4.7.6.3 Қалау кезінде желім тәрізді және М75 және одан жоғары кәдімгі ерітінділер 
қолданылады.
4.7.6.4 Ерітінді жіктерінің қалыңдығы:
- желім ерітіндісінің негізінде – 2 мм; 
- цемент-әк-құм ерітіндісінің негізінде – 12 мм; 
- тормен арматураланған – 16 мм. 
Ойық-адырларды байланыстыру кезінде тік жіктерге ерітінді салынбайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет