ҚР ЕЖ 5.03-107-2013
103
талаптарға сәйкес орындау қажет:
- жеңілдетіліп қаланған қабырғаның ішкі және сыртқы қабаттарының барлық
жіктеріне үй-жай жағындағы қабырғалар беттерін міндетті түрде
дымқылдап сылай
отырып, қасбет жіктерін әшекейлеу және ішкі жіктерді мұқият тегістеу арқылы толғанша
ерітінді салу қажет;
- плиталық жылытқышты қалауға тығыз тақалуын қамтамасыз ете отырып төсеу
керек;
- қалауға орнатылатын металл байланыстар тоттанудан сақталған болу керек;
- көп қабатты (жеңілдетілген) қалау кезінде төкпе жылытқышты пайдалануға рұқсат
етілмейді;
- сыртқы қабырғалардың терезеалды орындарын ылғалданудан сақтау үшін жоба
бойынша су ағызғыштар орнатады;
- жұмыстарды өндіру барысында атмосфералық жауын-шашын
жауған кезде және
жұмыста үзіліс болған жағдайларда жылытқышты суланудан қорғау шараларын қабылдау
қажет.
4.7.3.2 «Қалқалы» (көтермейтін) қабырғалардың қалау жұмыстарын көтергіш
қаңқаның құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, акті бойынша қабылданғаннан кейін
жүргізеді.
4.7.3.3 Аражабындардың сыртқы қабырғаларды тіреп тұрған шығыңқы шетжақ
қырларының тік сызықтығы және олардың осьтарының
сәйкестігі ғимараттың әр
қабатында геодезиялық түсірілім арқылы тексеріледі. Аяқталған бетон және темірбетон
конструкциялары өлшемдерінің ауытқулары 11-кестеде көрсетілген шамалардан артық
болмауы керек.
4.7.3.4 Сыртқы қабырғаларды орнату жұмыстары
ЖАЖ және операциялар мен
жұмыстар графигі көрсетілген технологиялық карта бар болған жағдайда жүргізіледі, оған
қоса жасырын жұмыстарға міндетті түрде акті толтырылады және құрылыс бақылауы
(техникалық және авторлық қадағалау) жүзеге асырылады.
4.7.3.5 Үш қабатты қалқалы қабырғаны қалау жұмыстары келесі ретпен жүргізіледі:
а) аражабыннан монтаждау кезінде:
- қабырғаны тұрғызбас бұрын ішкі қабаты қаланады. Қалау кезінде ғимараттың әр
қабаты биіктігі қабаттың биіктігіне тең және ұзындығы
көтергіш конструкциялардың
(көлденең қабырғалардың немесе қақпабағалардың) арасындағы аралыққа тең
орындармен жабылады;
б) қуаттандыру құралдарынан монтаждау кезінде:
- қабырғаның жылу оқшаулайтын және қаптама қабаттарын салу үшін қуаттандыру
құралдары (құрылыс ағаштары, қалқа алаңдары, платформалар) орнатылады;
- жылу оқшаулайтын плиталарды қабырғаның көтергіш
қабатына желіммен және
керме дюбельдермен бекітеді;
- қабырғаның көтергіш бөлігін дайындау кезінде оған жылу оқшаулағышты бекіту
үшін қажет болған жағдайда тегістейтін сылағыш пен тығыздағышты пайдаланған жөн;
- жылу оқшаулағыш плитаға желімді білікше (ені 4 см бастап 6 см дейiн) түріндегі
сылайтын қалақшаның көмегімен бүкіл периметрдің бойымен шеттерінен 2 см – 3 см