Бақылау сұрақтары:
1.Етістік, үстеу, еліктеу, модаль сөздерден болған бастауыштар және олардың ерекшелігі қандай?
2. Күрделі бастауыштың жасалу жолдары туралы айтыңыз.
3.Үйірлі бастауыштар және оның ерекшелігі, жасалу жолдары қандай?
13-дәрістің тақырыбы: Баяндауыш, анықтамасы, құрамы, түрлері жасалу жолдары Дәрістің мақсаты: Баяндауыш және баяндауыш қызметін атқаратын сөз таптары, баяндауыштың жасалу жолдары туралы мәлімет беру.
Қарастырылатын мәселелер:
1.Баяндауыштың жасалу жолдары.
2. Есім баяндауыштар мен етістік баяндауыштар және олардың мағыналық ерекшелігі.
3.Баяндауыш қызметінде жұмсалған зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктердің тұлғалық, мағыналық ерекшеліктері.
4.Баяндауыш қызметінде жұмсалған үстеу, еліктеу, модаль сөздердің тұлғалық, мағыналық ерекшеліктері.
5.Күрделі баяндауыштар және оның түрлері мен жасалу жолдары.
Предикативтік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесін баяндауыш дейміз. Баяндауыш грамматикалық формасы жағынан бастауышқа бағынышты мүше. Сөйлемді қалыптастыратын предикативтілік форма осы баяндауыш бойынан табылады.
Баяндауыштың грамматикалық белгілері мыналар:
1) Баяндауыш бастауышқа қатысып, сол мүше білдіріп тұрған субъектіге тән предикативтілік істі, сапаны айтады. 2) Баяндауыштың мүшеге тән грамматикалық формалары бар. Олар – шақтық форма, жақтық форма, модалдық форма. Осылар қатысып сөзге баяндауыштық форма береді.
3) Бұнымен қатар -дікі, -нікі, -тікі, -жалғауларын жалғап иелік форма алған сөздер негізінен баяндауыш қызметінде жұмсалады: Кезек сенікі.
Баяндауыш ретінде барлық сөз топтары жұмсала береді. Дегенмен, өзінің семантикасы жағынан осы қызметке ең бейім сөздер – етістіктер. Баяндауыш қызметінде жұмсалу арқылы етістіктер предикативтілік құруға қатысатын тұлғаларды өзінің морфологиялық формасы етіп алған.
Баяндауыштар құрамы жағынан дара, күрделі болып келеді. Дара баяндауыштар бір дара сөзден жасалады. Күрделі баяндауыштар күрделі сөздерден – күрделі етістік, күрделі есімдерден жасалады. Сондай-ақ, синтаксис деңгейінде пайда болатын күрделі баяндауыштың формалары бар: жас еді, жас болатын.
Баяндауыштың жасалу амалдары алуан түрлі. Олардың жасалуының негізінен мынадай үш түрге бөліп қарауға болады.
1) Дара және күрделі сөздердің баяндауыш ретінде жұмсалуы.
2) Тиянақты баяндауыш қызметіндегі сөздің үстіне көмекші сөздер үстеліп, синтаксис аясында жасалатын күрделі баяндауыштық формалар: сырқырады дейсің, жауды кеп т.б.
3) Толық мағыналы сөздердің қайталанып тіркесуі немесе дара сөздердің меңгеріле тіркесуі арқылы жасалуы: айтуын айтты, келгенді шығарды т.т.
Баяндауыштық формалары алуан түрлі, әрі көп болғанмен, олардың көпшілігі негізгі бір мағынаны түрліше көрсету үшін қызмет етеді
Достарыңызбен бөлісу: |