Syllabus пәннің атауы: «Қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі»



бет22/63
Дата08.09.2023
өлшемі0.57 Mb.
#476927
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63
СИЛЛАБУС ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ

Қарастырылатын мәселелер:
1.Бастауыш болатын сөз таптары және олардың тұлғалық, мағыналық ерекшелігі:.
2.Зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктерден болған бастауыштар және олардың мағыналық ерекшелігі.
Сөз формаларының синтаксистік қасиеттері сөйлем құрамында ғана қалыптасады. Сондықтан сөз формаларының синтаксистік әулеті оның «бұрынғы» лексика-грамматикалық қасиеттерінің жандануына байланысты болады.
Сөйлемнің мүшелік қызметіне ие болған соң сөз формалары бір-бірімен синтаксистік қатынасқа (предикативтік және предикативтік емес) түседі. Предикативтік емес қатынастар сөз тіркесі заңдылықтарына бағынады. Дегенмен, сөйлем ішінде бұл қатынастардың өзгеріп кетуі әбден мүмкін.
Сөйлем қандай көп қырлы болса, оның мүшелері де сондай көп қырлы болады. Сондықтан қазіргі синтаксисшілер анықтағандай, логикалық, семантикалық, құрлымдық және коммуникативтік аспектілер бар. Осы аспектілерді зерттеудің тарихына, жеткен нәтижелеріне ой жүгірте отырып сөйлем мүшелерінің моносемантикалы, монофункционалды немесе көп мағыналылығын, көп функцтоналдығын саралай келе сөзформаларының сөйлем мүшесі болуын анықтауда екі аспектінің негіз болатынына көзіміз жетті: біріншіші-құрлымдық аспекті; екіншісі-семантикалық аспекті.
Сөйлемде осылардай грамматикалық мағыналарға ие болып, синтаксистік қызмет атқарып тұратын сөздерді сөйлем мүшелері дейміз (М.Балақаев, Т.Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі, синтаксис, Алматы: 1956, 83-б).
Тұрлаулы мүшелердің синтаксистік қызметі бірдей емес. Әдетте бастауыш сөйлемде айтылатын ойға негіз болады, ол баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не басқа сапаның субъектісі (иесі) болады.
Баяндауыш бастауыштың ісін, қимылын, күйін және басқа заттық, сандық сапасын білдіріп бастауышқа бағынады. Бұл жағынан тұрлаулы мүшелердің ең негізгісі – бастауыш, бірақ сөйлемдегі қызметі жағынан бастауыштан гөрі баяндауыштың синтаксистік қызметі анағұрлым басым болатыны белгілі. Оны мыналардан байқаймыз:
1. Баяндауыш сөйлем арқылы айтылған ойды тиянақтап, көптеген сөздерді ілестіріп барып, сөйлемді аяқтап тұрады. Бұл жағынан ол – сөйлемнің ең негізгі ұйымдастырушы мүшесі.
2. Бастауыштың мағынасы баяндауыштың морфологиялық құрамындағы тұлғалар арқылы белгілі болып дербес тұра береді. Ондайда бастауыш сөйлем ішінде арнайы айтылмай, сөйлем толымсыз болуы да мүмкін.Ал баяндауышсыз толымсыз сөйлемдер өте сирек кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет