Syllabus пәннің атауы: «Қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі»



бет26/63
Дата08.09.2023
өлшемі0.57 Mb.
#476927
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63
СИЛЛАБУС ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ

Бақылау сұрақтары:
1.Синтаксистік құрылыстағы тема мен реманың берілу көрінісі туралы баяндаңыз.
2. Тема-рема мәселесі – сөйлем құраудың ең басты амалдары деген пікірмен келісесіз бе?


15-дәрістің тақырыбы: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. Анықтауыш және оның ерекшелігі.
Дәрістің мақсаты: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері туралы, анықтауыш, оның ерекшелігі туралы түсіндіру.
Қарастырылатын мәселелер:
1.Анықтауыш және оның ерекшелігі, анықтамасы, түрлері.
2.Сапалық және меншік анықтауыштар, олардың мағыналық ерекшелігі.
3.Дара және күрделі анықтауыштар. Күрделі анықтауыштың жасалу жолдары.
Анықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер, негізінен, сын есімдер болғанымен, зат есім, есімдік, сан есім, етістіктің есімше, қимыл есімдер де тұрған орны не арнаулы грамматикалық тұлғалар арқылы анықтауыштық қызметте жұмсалады. Сондай-ақ, анықталатын сөздердің де тек бастауыш қызметінде жұмсалуы міндетті бола бермейді. Сөйлемнің кез келген мүшелері анықтауыш мүше бола алады, тек олардың түбірі заттық мағынада қолданылса болды.
Анықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер, негізінен, сын есімдер болғанымен, зат есім, есімдік, сан есім, етістіктің есімше, қимыл есімдер де тұрған орны не арнаулы грамматикалық тұлғалар арқылы анықтауыштық қызметте жұмсалады. Сондай-ақ, анықталатын сөздердің де тек бастауыш қызметінде жұмсалуы міндетті бола бермейді. Сөйлемнің кез келген мүшелері анықтауыш мүше бола алады, тек олардың түбірі заттық мағынада қолданылса болды.
Анықтауыштардың күрделі түрі интонациялық жағынан өзара бөліп-жаруға келмейтін, лексикалық бірлік ретінде түсініледі. Олардың жасалуының бірнеше жолдары бар:
1.Сапалық және қатыстық (туынды) сын есімдердің тіркесінен болады: Түсі ақ сур келген, өзі қоңыр сақалды, кесек мұрынды Бөжей осы отырғанның бәрінен де сұлу (Әуезов).
2.Екі сапалық сын есімдер тіркесінен болады: Сақал-шашы бір реңдес, қара бұрыл Сүйіндік .Құнанбайға тесіле қарамайды (Әуезов).
3.-ғы, -гі (-дағы, -дегі) тұлғасы арқылы жасалады:
4.негізгі сөз бен көмекші есімнің тіркесінен: Игілік Ұлытаудан бергі елдерді оралап қайтып еді (Мүсірепов). Үй ішіндегі үлкендер бала мінезіне сүйсініп қалды (Әуезов).
5. есімдік пен зат есім немесе заттанған басқа сөз таптарының тіркесінен: Сол күнгі ауаның райы да өлі күнге есімнен қалмайды (Сейфуллин).
есімше мен зат есім тіркесінен: Өткен түнгі оқиға қала халқын теңселтіп жіберді. Анықтауыштардың күрделі түрі интонациялық жағынан өзара бөліп-жаруға келмейтін, лексикалық бірлік ретінде түсініледі. Анықтауыштарды әдетте, мағыналық жағынан сапалық және меншіктік деп бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет