Syllabus пәннің атауы: «Қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі»



бет27/63
Дата08.09.2023
өлшемі0.57 Mb.
#476927
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63
СИЛЛАБУС ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ

Бақылау сұрақтары:
1. Анықтауыш және оның ерекшелігі қандай?
2.Сапалық және меншік анықтауыштардың ерекшелігі неде?
3.Күрделі анықтауыштың жасалу жолдары қандай?
16-дәрістің тақырыбы: Айқындауыш мүшелер және олардың түрлері, ерекшелігі.
Дәрістің мақсаты: Сөйлемнің айқындауыш мүшелері туралы, айқындауыш, қосарлы айқындауыш, қосалқы айқындауыш, оңашаланған айқындауыш, олардың ерекшелігі туралы түсіндіру.
Қарастырылатын мәселелер:
1.Айқындауыш мүшелердің түрлері мен мағыналық ерекшелігі.
2.Қосалқы айқындауыштар.
3.Қосарлы айқындауыштар.
4.Оңашаланған айқындауыштар.
Сөйлемнің грамматикалық құрылымында тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерден басқа сол мүшелерді мағыналық жағынан айқындай, нақтылай, дәлдей түсетін мүшелер де болады. Қалыптасқан дәстүр бойынша, бұларды айқындауыш мүшелер деп атайды. Айқындауыш мүшелердің анықтауыш мүшеден елеулі айырмашылықтары, өзіне тән ерекше сипаттары бар.
Айқындауыш мүшелердің қазақ тілінде үш түрі белгілі: 1) қосалқы айқындауыш, 2) қосарлы айқындауыш, 3) оңашаланған айқындауыш.
Қосалқы айқындауыш, әдетте, зат есімдерге қатысты болып, солардың лексикалық мағыналарын заттық, сапалық жағынан қосымша айқындайды.
Қосарлы айқындауыштар қазақ тілінде көп кездеспейді. Олар орыс тілінсн енген терминдер алу және орысшадан қазақшаға аудару процесінде тілімізге соңғы кездерде ғана еніп, қазақ әдеби тілінің де нормасына айналып келеді.
Қазіргі тілімізде кездесетін телефон-автомат, инженер-технолог, лексика-семантикалық, Алматы - бірінші, жазушы-ғалым, ақын-жазушы. Бұлар осы қалыптасқан қосарлы күйінде сөйлемнің кез келген мүшесі бола алады. Қазақ тілінде ең көп қолданылатын айқындауыш түрі - оңашаланған айқындауыштар. Айқындауыштың бұл түрі өзі айқындайтын сөзінен кейін тұрып, сол сөзді, сөйлем мүшесін мағыналық жағынан нақтылай, саралай, дәлдей түседі.
Бақылау сұрақтары:
1.Айқындауыш мүшелердің түрлері мен мағыналық ерекшелігі қандай?
2.Қосалқы және қосарлы айқындауыштар дегенімміз не?
4.Оңашаланған айқындауыштар туралы айтыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет