Т. А. Ботагариев дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі



бет120/128
Дата16.09.2024
өлшемі354.47 Kb.
#503656
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   128
Ботагариев-Т.А.-Дене-шынықтыру-жəне-спорт-теориясы-мен-əдістемесі

Жаттықтыру үрдісін жоспарлау


Жаттықтыру үрдісінің үзақтығына байланысты жоспарлаудың үлкен кезеңдік (болашақтық) жəне кіші кезеңдік (жедел) деген екі түрі болады. Үлкен кезеңдік жоспарлау төрт жылға немесе бір жылға арналып жасалады. Ал кіші кезеңдік жоспарлау айлық (мезоцикл), апталық (микроцикл) жəне жеке жаттыктыру сабақтарына арналып жасалады.
Жылдық жоспар жасағанда спортшының шамасы, мүмкіншіліктері спорттық көрсеткіштерінің өсу қарқыны негізге алынады.
Микроцикл дегеніміз - бірнеше жаттықтыру сабақтары мен қалпына келу күндерінен қүралған, жаттықтыру процесі түрінің толық біткен, бірақ қайталанатын апталық циклі.
Жаттықтыру сабағы жаттықтыру процесін ұйымдастырудың негізгі түрі болып келеді. Ол дайындық, негізгі жəне қорытынды бөлімдерден тұрады.
Спорт мектептеріндегі негізгі есепке алу құжаты - жаттықтыру тобының журналы.


  1. Артық жаттығу, болдыру


Оның себептері. Артық жаттығу, шаршау, болдыру күйі екі түрлі жағдайда пайда болады. 1 ¥зақ психикалық қозудан, тынышсыздықтан, ағзаның демалып қалпына келмеуінен (мысалы, жиі өткен жарыстар). 2 ¥зақ психикалық тежелуден (мысалы, бір сарынды жаттықтыру, зорығу т.с.с).
  1. Балалардың спорт дайындығының ерекшеліктері


Жас спортшылардың жаттықтыруларына төмендегідей талаптар қойылады: 1. Жаттықтыру кезінде спортшының дене қуаты қасиеттері жан-жақты дамытылуы, ағзасының жұмысқабілеттілігі жоғарылатылуы керек. 2. Психикалық ширығулар жэне дене қуаты жүктемелері, өсіп келе жатқан бала ағзасының мүмкіндігіне, жасына, жынысына, дайындық деңгейіне сай берілуі керек. Жаттықтыру жетісіне 3-6 рет өткізіліп, ол балаларды жалықтырмайтындай əр түрлі, əсерлі, көбінесе ойын түрінде болуы қажет.


  1. Жасөспірім спортшыларды тəрбиелеу


Балалардың дене тəрбиесі екі бағытта жүргізіледі:

  1. Іс-тəжірибелік жаттықтыру бағыты. Олар: дене қуаты қасиеттерін жəне қимыл шеберлігі мен дағдысын дамыту.

  2. Тəрбие беру бағыты. Жас спортшыны көпшіл, қоғамшыл болуға, отан сүйгіштікке, патриоттыққа тэрбиелеу.

Жас спортшыны тəрбиелеу, сендіру жэне эдептілікке дағдыландыру атты əдістерден түрады.

  1. Сендіру эдісінің көмегімен спортшының ақыл-ойында қоғам-ның талаптарына сай мінез-қүлық, жүріс-түрыс тəртіптері қалыптастыры-лады. Оның жолдары: əңгімелесу, пікірталас, əр түрлі талаптар қою жəне т.б.

  2. Спортшы қоғамдық орында өзін-өзі үстауға дагдыланып, тəртіптілікке, үжымның мүддесін ойлау сезіміне тэрбиеленіп, басқа да жақсы əдеттерді бойына сіңіру керек. Сонда ғана ол саналы азамат болып өседі





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет