Т. А. Ботагариев дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі



бет2/128
Дата16.09.2024
өлшемі354.47 Kb.
#503656
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128
Ботагариев-Т.А.-Дене-шынықтыру-жəне-спорт-теориясы-мен-əдістемесі

Алғы сөз


5В010800 «Дене шынықтыру жəне спорт» мамандығына арналған «дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі» пəнінің оқу қуралы негізгі мақсат пен міндеттеріне жету үшін барлық қажетті оқу-əдістемелік құжаттардан тұрады.


Болашақта дене шынықтыру жəне спорт өрісіндегі маман өзінің кəсіби дайындығын жүзеге асыру тиіс.
«Дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі» пəні бойынша ұсынылып отырған оқу құралының мақсаты – болашақ мамандыққа қажетті теориялық жəне тəжірибелік білімдерді қалыптастыру болып табылады.
Осы оқу құралын жете зерттегенде келесі міндеттер
шешілуге тиісті:

  1. Дене шынықтыру теориясының негізгі бағыттарындағы мазмұны мен көлемінің, қосалқы пəндер жүйесіндегі оның орны жəне дене шынықтыру жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектері үшін маңызын ашып көрсету.

  2. Дене шынықтырудың мəдениеті, түрі ретіндегі құрылымдық рөлін, мазмұны мен қызметін нақты салаларымен өзара байланысын ашып көрсету.

  3. Оқу ілімінің мақсаты, міндетттері туралы көзқарастарға, жалпы ілімдерге, тұлғаның дене шынықтыру мəдениетін қалыптастыру əдістері мен тəсілдері, оқытудың мазмұны мен əдістемесіндегі негізгі тұжырымдарға, қозғалыс қимылдары мен дене күші қабілеттерінің қалыптасыруға, дене жаттығулары сабақтарын құру түрлерін жоспарлауға, бақылауға жəне есеп жүргізуге сипаттама беру.

Бұл оқу құрал мазмұны келесі құрылымы бойынша игерілуге ұсынылған.

  1. Біріншіден, 6 модульден тұратын пəннің теориялық бөлімін оқытуға материал берілген (дəріс пен семинар сабақтары). Бұл жерде ерекше көңіл аударатын жағдай, материал зерттеп жатырған тақырыптың бірізділік сабақтастығы бойынша ұсынылады.

  2. Əрбір тақырып бойынша студенттердің өз бетінше орындайтын жұмыстарының тапсырмаларын орындауға нұсқаулар берілген.

«Дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі» пəнінен алынған білімдер «Дене мəдениеті мен спорт тарихы»,
«Валеология», «Дене шынықтыру мен спорт педагогикасы»,
«Дене шынықтыру мен спорт психологиясы», «Дене шынықтыру мен спорт экономикасы», «Олимпиядалық білім жəне кəсіптік спорт», «Мектеп жасына негізделген дене шыныктыру гигенасы», «Дене шынықтыруды басқару», «Спорттық кешендер», «Балалар мен жасөспірімдер спортының негіздері»,
«Емдік жəне сауықтыру негізіндегі дене шынықтыру»,
«Спорттық медицина», «Жас ерекшелік физиологиясына негізделген адам физиологиясы», «Спорттың кұқықтық негіздері», «Ұлттық спорт түрлері», «Педагогикалық жəне жаттыктыру практикасының əдістемелік негіздері».
«биомеханика», сонымен қатар жекеленген спорттық пəндер секілді аралас пəндерде қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет