Т. А. Ботагариев дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі



бет4/128
Дата16.09.2024
өлшемі354.47 Kb.
#503656
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128
Ботагариев-Т.А.-Дене-шынықтыру-жəне-спорт-теориясы-мен-əдістемесі

Білім беру мақсаттары


«Дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі» пəнін оқытудың негізгі мақсаты: студенттерде дене шынықтыру теориясының негіздерін қалыптастыру.

Құзыреттілік


Бұл пəнді игеру барысында студенттерде үш бағыттағы
құзыреттілік қалыптасу қажет: ақпараттық , коммуникативтік жəне мəселелерді шешу құзыреттілігі.
Ақпараттық құзыреттілік студенттермен өзбетімен жұмыс жасаудың барысында қалыптасады. Олар əдебиеттерде, интернетте оқытушының берген тапсырмасын орындау үшін ақпаратты іздейді, оны өңдейді. Коммуникативтік құзыреттілік студенттермен сабақтың барысында дайындаған тапсырмаларды ауызша жəне жазбаша түрінде баяндағанда қалыптасады. Мəселелерді шешу құзыреттілігі студенттермен сабақтардың барысында қойған мəселелерді практикамен жəне теорияның арасындағы қарама-қайшылықтардытабудың арқасында шешіледі.

Курсты оқып болған соң төмендегідей мағлұматтарды игересіздер.


Білуі керек:

  • дене шынықтырудың жалпы жəне ерекшелік қызметтері, дене шынықтырудың қоғамдағы əр түрлілігі мен құрылымы, дене тəрбиесі негізгі жақтарының мақсатқа бағытталуы;

  • спорттың мəні, оның қызметі, түрлері, қоғамдағы қызмет ету жағдайлары, даму бағыты, спорттық дайындық жəне жарыстар жүйесінің негіздері, спортшыларды көпжылдық дайындаудың негізгі сатылары мен кезеңдері;

  • дене шынықтыру мен спорт туралы теориялық зерттеулерді қорытындылау логикасы, ғылыми-зерттеулерді қорытындылау логикасын, ғылыми-зерттеулерге деген жалпы ғылыми жəне интеграциялық көзқарасын;

  • дене шынықтыру сабақтарының медициналық- биологиялық жəне психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері, мектептердегі көпшілік жəне базалык спорт түрлерін жетілдіру;

Жетік білуі керек:


- түрлі жастағы, жыныстағы, спорттық біліктілігі тұлғаларды үйрету мен жаттықтыруда түрлі маңызды міндеттері, тəсілдерді іске асыруда;
- дене шынықтыру мен спорт бойынша оқытуда, тəрбиелеуде, сауықтыруда жəне спорттық жаттығуларды инновациялық технологияларды;

  • дене тəрбиесінің ағзаның қызметтік жəне бейімделу қасиеттеріндегі əсер ету ерекшеліктерін;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет