Т. Е. Тұмашбай «Әлеуметтану және саясаттану» пәні бойынша дәрістер жинағы Шымкент 2017ж


Зерттеуді жүргізу әдістерін таңдау



бет3/11
Дата24.01.2020
өлшемі407.19 Kb.
#447872
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Әлеуметтану ж саясаттану лекция


Зерттеуді жүргізу әдістерін таңдау. Банк клиенттерінің тауар немесе қызмет түріне бағасын білу мақсатында шағын топты іріктеп алып зерттеу жүргізген тиімді. Мұндай жағдайда фокус топ, мониторингтеу, экспрес сұрау әдістерін қолдануға мүмкіндік бар.Фокус-топ әдісі клиенттермен дербес жұмыс жүргізгенге қолайлы және топтың құрамы 8-10 адамнан аспауы тиіс. Топ ішіне банк қызметкері тарапынан 1 төреші ендірілуі керек. Төрешінің қызметі банктің тауарлары мен қызмет түрлері жайлы, іскерлік жоспары туралы мәліметтерді дайындау болып табылады. Зерттеу түрі: анкеталық сұрау, сұқбаттасу, құжаттарды талдау т.б.

Зерттеудің нәтижелеріне болжам жасау.

Зерттеу қорытындыларын жасау.

Зерттеу барысында алынған нәтижелерді талдау және қорытынды есеп жазу, ұсыныстар дайындау.


Студенттердің білімін тексеру сұрақтары:

1. Нақты (эмпирикалық) әлеуметтанулық зерттеу түсінігі. Әлеуметтік ақпарат және оның түрлері.

3.Зерттеу бағдарламасының құрылымы.

4. Бағдарламаның әдістемелік бөлімі.

5.Зерттеудің пәні мен объектісін және мәселені анықтау. Зерттеудің объектісіне талап.

6. Болжам бойынша мәліметтерді талдау әдісін суреттеу.


Студенттердің өзіндік жұмыстарының сұрақтары.

1.Ақпар жинаудың негізгі әдістері: Формалданған сұрау және оның түрлері, тереңдетілген сұхбат, фокус-топтар, бақылау, эксперимент, құжаттарды талдау және т.б.

2.Іріктеу әдісі және оның негізгі түсініктері (жалпы және іріктемілік жиынтық, репрезентативтілік және т.б.).

3.Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау.

4.Ақпаратты өңдеудің техникалық құралдарын қолдану мен талдау. Алған мәліметтерді ғылыми суреттеу және ғылыми есепті қорытындылармен, кеңестермен, ұсыныстармен құрастыру.
Негізгі әдебиеттер:

1.Забирова, А.Т. Практикалық әлеуметтану : оқулық / А. Т. Забирова. - Алматы : "Эверо", 2014. - 206 с.

2.Әбсаттаров Р. М. Дәкенов. Әлеуметтану. Оқулық. Алматы. 2007., 2011ж.

3.Фролов С.С. Общая социология : учебник / С. С. Фролов. - М. : Проспект, 2010. - 384 с.

4.Жусупов С.Е. Политическая аналитика. Исследования / С. Е. Жусупов. - Алматы : "Arna-b", 2008. - 714 с

Қосымша әдебиеттер.

1. Абенов Қ.К. Әлеуметтану : оқу құралы / Қ. К. Абенов. - Шымкент : 0ҚМУ, 2013. - 138 с.

2.Корганова,С.С. Политический анализ и прогнозирование : учебно-методическое пособие / С. С. Корганова. - Шымкент : ЮКГУ, 2012

3.Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер : оқу-әдістемелік құрал / М. С. Садырова. - Алматы : "Эверо", 2011.

4.Бисембаев А.А. Основные элементы политического проектирования в Республике Казахстан. Методология казахстанских реформ / А. А. Бисембаев, Г. Т. Койшыбаев. - Астана : ИПЦ, 2010. - 188 с

5.Алтунян А.Г. Анализ политических текстов : учебное пособие для студ. вузов, обучающихся по спец. "Политология", "Журналистика", "Связи с общественностью", "Юриспруденция" / А. Г. Алтунян. - М. : "Логос", 2010. - 384 с. - (Новая университетская библиотека)

6.Смехнова Г.П. Основы прикладной социологии : учебное пособие / Г. П. Смехнова. - М. : Вузовский учебник, 2008. - 240 с. - (Вузовский учебник)

4 -тақырып.

Қоғам және өзара әлеуметтік әрекеттер. Әлеуметтік топтар, ұйымдар, институттар.


1. Қоғамның түрлері.

2. Индустриалдық және постиндустриалдық қоғамдардың сипаттамасы.


3.Әлеуметтік топтардың түрлері.

4. Қоғамның негізгі институттары.



1. Қоғам ұғымы. Қоғамның түрлері. Қоғамдық даму теориясы.

Қоғам деген не, оның адам өміріндегі рөлі мен орны қандай деген сұрақ барлық әлеуметтанулық ағымдар үшін басты сұрақ болып келеді. Әлеуметтану ғылымында «қоғам деген не?»- деген сұраққа екі бағыт қалыптасты: тар әлеуметтанулық және кең философиялық. Екі бағытта өз бетінше өте күрделі құбылыс қоғамды өздігінше түсіндіріп жаңалықтар енгізуде. Солай болған күннің өзінде, түсінікті болу үшін оларды ажырату керек, неге десеңіз қоғамға деген әртүрлі көзқарас оны талдауға әртүрлі методологияны талап етеді. Қоғамның күрделі ұғым ретінде дұрыс түсіну үшін үш ұқсас ұғым-ел, мемлекет, қоғамды бір-бірінен айыру керек. Ел-планетамыздың белгілі бір мемлекетке қатысты шекарасы бар географиялық территорияда тұратын халықты айтады. «Мемлекет»- елдің саяси системасының басты белгілерін бейнелейтін ұғым. «Қоғам»- елдің әлеуметтік құрылысын сипаттайтын ұғым, әлеуметтік құрылым оның негізін қалайды. Елді-география, мемлекетті-саясаттану, қоғамды-әлеуметтану зерттейді. Қоғамды мемлекет шекарасында төңірегінде қарастырып түсіндіру тіпті оңай. Француз қоғамы Франция елі мен мемлекетіне дәл келеді. Тура осындай қалыпта американ, орыс, қазақ, өзбек қоғамы жөнінде айтуға болады. Алайда, қоғам мемлекеттік – аймақтық принцип негізінде қарастыруға көне бермейді, мысалы, дүниеде Люксембург қоғамы деген құрылым жоқ.

Қоғам-елдің, сонымен бірге ұлттың, халықтың, тайпаның әлеуметтік ұйымы. Бір елді екінші елден бөліп тұратын саяси немесе мемлекеттік шекаралар болмаған уақыт болды. Қазіргі түсініктегі ел ұғымы болған жоқ. Үлкен елдер мен тайпалар кеңістікте еркін көшіп-қонып, жаңа аймақтарды игереді. Халықтардың қоныс аударуы аяқталған кезде мемлекеттік суверинитетпен шектелген жерлер пайда болды. Сонымен, елдер - әлемді аймақтық бөлістің нәтижесі. Алайда мемлекет пен ел болмаған дәуірде қоғам болды. Яғни, «қоғам» ұғымын қандайда болмасын тарихи дәуірге, адамдардың сандық мөлшері бар ұғымдарға қолдануға болады.

Танымал американ әлеуметтанушысы Э.Шилз қоғам деп атауға болатын қандай да болмасын әлеуметтік бірлесстікке қажетті белгілердің толық тізімін көрсете алды.

•ұйым қандай да болсын ірі жүйенің бөлімі болмауы керек

•неке тек осы бірлестік мүшелері арасында ғана болады

•ол негізінен осы бірлестікке кіретін танылған өкілдердің ұрпағының есебінен толықтырылып отырылады

•бірлестіктің меншігі болып табылатын аймағы бар

•оның өз есімі және өз тарихы бар

•оның өз басқару жүйесі бар

•оны мәдениет деп аталатын ортақ құндылықтар (дәстүр, салт, ереже, заң, ар-ождан) біріктіреді.

Бұл белгілерді қазіргі ірі державалардан да, ежелгі тайпалардан да табуға болады. Мұнда да онда да қандық туысқандық жүйе (некеге тұру мен жаңа мүшелерді қабылдау), өз аймағы, есімі, мәдениеті, тарихы, басқару жүйесі – олар басқа жүйенің құрамындағы бөлшек емес. Сонымен қоғам дгеніміз бір-бірімен сан - алуан тұрақты әрекетпен байланысқан, ортақ территориясы, тарихы мен мәдениеті бар адамдардың ең үлкен бірлестігін айтамыз.

Адамзат тарихында қоғамның екі негізгі кезеңі ерекшелінеді:

1) Адамдардың әлеуметтенуге дейінгі тіршілігі және

2) әлеуметтік өмір кезеңі .

Қоғам күрделі және қарапайым түрлерге бөлінеді. Қарапайым қоғам ғалымдардың айтуына қарағанда 50-40 мың жыл бұрын қалыптасып, жоғарыда келтірілеген белгілермен ерекшіленеді. Кейіннен, адамдар аңшылықпен, терімшілікпен, жер шаруашылығына өтуі; көшпелі өмірдің отырықшылыққа ауысуы, өндірістің өсуі мен қосымша өнімнің және жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның жіктеліп топтардың пайда болуы мен мемлекетке бірігуі күрделі қоғамды қалыптастырып, әлемде жеке елдер пайда болды. Қарапайым және күрделі қоғамның басқа әлеуметтану оны бірнеше түрлерге бөледі. Мысалы, жазба деректерге байланысты, жазба деректерге дейінгі және жазба деректер қоғамы. Әлеуметтік-саяси қатынастардың демократиялығы мен сыртқы әлемге қатысы жағынан – ашық және жабық болып бөлінеді.



  1. Қоғамның индустриалдық даму теориясы.

Әлеуметтанушыларды ерекше қызықтыратыны қоғамды әлеумттік – экономикалық белгілері бойынша айыру. Мұнда көпке танымал екі тәсіл бар: маркстік (формациялық тәсіл) және қазіргі батыс социологтарының үш сатылы теориясы (өркениеттік тәсіл). Маркістік формациялық жүйенің негізгі өлшемі-өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктің формасы мен қоғамның таптық құрылымы. Осы өлшем бойынша қоғамның бес тарихи даму сатысы, бес қоғамдық экономикалық формация, немесе қоғамның түрі ерекшелінеді. Мұнда құл иеленушілік, феодалдық және капиталистік қоғамдар таптық-антогонистік, қанаушы , тоқыраудағы, еңбек адамына қарсы қоғам ретінде қарастырылады. Ал коммунистік -әділетті, үйлесімді, мұнда адамдарды бөлетін жекемншік жоқ, тең, әркім өз дәрежесіне қарай еңбек етеді, толық еркіндік пен демократияға ие және жоғарғы дәрежелі тұрмыс, әл-ауқат жасалған. Алайда қоғамның ХХ ғасырда дамуы капитализм мен социализм арасындағы бәсекелестік бұл қорытындыларды жоққа шығарды. Кеңестік социализм және басқа елдерге таратылған экспорттық варианттағы социализм «казармалық» болып шықты. «Социалистік құрылыстың көптеген жылғы» тәжирибесі жақсы жақтарымен бірге мынаны анықтады: 1) Ұлы мақсаттармен бағдарламаларды ресми түрде жариялау және оның жүзеге асырылмауы; 2) Жалпы адамдарды бақылауға алу, бюрократиялық жүгенсіздік және қарапайым адамның құқығының жоқтығы; 3) Бұл экономиканың өнімсіздігі мен халықтың әлауқатының төмендігі; 4) Жеке меншіктің жоқтығы, адамдардың еңбекке, шығармашылыққа, бәсекелестікке деген ынтасын аяқ асты ету; 5) Жеке адамның рөлін үлкен мемлекеттік машинаның винтігі мен «жарқын болашақ-коммунизмді» орнату құралына айналдырады.

Бұған қарама-қарсы ХХ ғасырда Батыс елдеріндегі қоғам (капитализм) дамып, жетіліп, экономикалық гүлденіп, демократиялық нығайып, гуманизм нақты орын алып, бәрі үшін әлауқаттың өсуі орын алды. Бұл капиталистік өндіріс тәсілінің жалпы өнімді екендігінің куәсі, олай болатын себебі, жеке меншік, еркін кәсіпкерлік пен нарық өндірушілерді рационалды, нәтижелі, тұтынушылармен байқап әрекет етіп, қимыл іс-әрекетін ұйымдастыруды қатаң талап етеді. Алайда капитализм мұндай жетістікке бірден қол жеткізген жоқ, оның да өзінің жақсы және жаман жақтары болды. Осыған орай капимтализмнің төрт негізгі түрін айыруға болды. Алғашқы капитализм-капитализмнің алғашқы қорлануы мен нарықтық жүйенің стихиялы қалыптасу кезеңінде алға белсенді азғана кәсіпкерлер шығады. Мұнда меншікті қайта бөлу, біреудің есебінен баю, қоғамның кенет жіктелуі мен әртүрлі зиян әрекеттрдің көбеюі орын алады. Бұл кезеңді терең зерттеген К.Маркс пен Альфред Маршалл қарама-қарсы тұжырымдарға келді. К.Маркс капитализмнің болашағы жоқ деген пікірде тоқталса, ал ағылшын экономисі А.Маршалл, бұл өтпелі кезең, капитализмді артықшылықтарын пайдаланып, кемшіліктерін жойып реформалауға болады деген ой-тұжырымды алға тартты. Қалған капитализмнің үш түрі экономикалық және саяси биліктің тізгіні кімнің қолында және қоғамдағы ол биліктің формасы (бюрократиялық, олигархиялық немесе демократиялық) қандай екендігіне қарай ажыратылады. Бюрократиялық капитализм (немесе мемлекеттік капитализм) экономикалық және қоғам өмірінің басқа да сфераларын мемлекет, яғни бюрократиялық аппарат, чиновниктер басқарып реттейді деп ұйғарады. Міне осыдан кейін мемлекеттік органдардың азамттардың іс-әрекетіне шектен тыс араласуы, шенеуніктердің зарлығы, коррупция бюрократтардың қылмыскерлер мен ірі бизнесмендрмен ауыз жаласуы т.б. орын алады. Олигархиялық капитализм де осындай сипатта болады. Мұнда экономика мен билік «олигархтар» деп аталатын шағын топтың қолына шоғырланған. Олар- ірі банкирлер, биржа саудагерлері, сауда т.б. магнаттар. Олар мемлекеттің жоғарғы аппаратын, саяси партияларды БАҚ (Бұхаралық ақпарат құралдары) басшыларын өздеріне қаратып, парамен сатып алады. Халықтың тұрмыс дәрежесі төмендейді. Демократиялық капитализм (өркениетті, халықтық капитализм) пісіп жетілген және таза демократия жағдайында болуы. Мұнда халық қоғамдағы билікті өзі сайлап және қадағалап отырады, адамдардың құқығы мен еркіндігі сақталып, қорғалады. Көп укладты және әлеуметтік-нарықтық экономика (нарық барлық азаматтарды әлеуметтік сақтандыру) кәсіпкерлікке кең жол ашылып, үлкенді-кішілі бизнес жұмыс істейді. Орта жол (жоғарғы білімді, нақты жұмысы бар, салыстырмалы табыспен қамтамасыз етілген қабат) қоғамда халықтың 60-80% қамтиды. Мемлекет меншік иелерін бюрократтардың озбырлығы мен күш көрсетушілерден қорғайды.

ХХ ғасырдың соңында бастапқы бюрократиялық, олигархиялық, капитализмнің белгілері араласып жатты.


  1. Қоғамның индустриалдық теориясы. Жаһандық даму.

Қоғам бір орында тұрмайды ол не дамыйды, не кері кетеді, оған тарих куә. Әлеуметтанушылар қоғам дамуының екі бағыты мен үш негізгі формасын ерекшелеп көрсетеді.

Алдымен прогресс пен регресс бағыттарының мәнін ашайық. Прогресс (латын сөзі progresus – алға қозғалу, жетістік), жоғары өрлеу даму тенденциясын көрсетеді, жетілгеннен жоғары, жетілгенге төменнен жоғары қарай қозғалысты дамуды бейнелейді. Ол қоғамды жағымды өзгерістерге жетелейді. Мысалы, өндіріс тәсілі мен жұмысшы күшін жетілдіру.

Регресс (латын сөзі, regresus – кері қозғалыс), дамудағы төменге құлдырауды көрсетеді, кері қозғалыс, жоғарыдан төменге қарай кету, жағымсыз зардаптарға жетелейді. Мысалы, өндірістің өнімділігі мен халықтың әл-ауқатының төмендігі секілді көрініс беруі.

Адамдардың қарым-қатынастарының өзінен прогресс көрініс табады. Бірігіп өмір сүруге, қоғам заңдарын сақтау, басқаның өмірлік өлшемін сыйлау және ынтымақтастыққа келу, өзінің бүлікшілік әрекетін жою, ата-баба мұрасын қастерлеу сияқты ұғымдарды қайта қарап түсіну үлкен орын алып отыр. Бұл адам баласын ынтымақтастыққа, үйлесімділікке және мейірімділікке жетелейді. Бұл әлемдік прогресске әкеледі. Регресс нақты шекарадан шықпайтын сипатта болады, яғни жеке қоғамды немесе оның белгілі бір кезеңдерін қамтиды. Мысалы Норвегия, Финляндия, Жапония т.б. елдер прогресс пен гүлденудің баспалдағымен жоғары көтерілсе, Кеңес Одағы басқа социалистік мемлекеттер (Болгария, ГДР, Польша т.б.) 1970-80 жылдары мен тоқыраудың шыңырауына түсіп, дамуы регрессивті сипатта болды. Прогресс пен регресс көбінесе қиыннан қиысып шырмалып жатады.

Мысалы Қазақстанда 1990 жылдары прогресс пен регресс қатар орын алды. Өндірістің күйреуі, шаруашылықтың бұрынғы байланыстарының үзілуі, адамдардың көпшілігінің өмір жағдайының төмендеу, қылмыстардың көбеюі- регресстің нақты белгілері. Алайда, мұның кері жағы бар, ол прогресстік белгілер: қоғамның кеңестік тоталитаризм мен КОКП диктатурасынан азат етілуі, басталған қозғалыс рынок пен демократияға, адамдардың бостандығы мен құқығының кеңеюіне, бұхаралық ақпарат жүйесінің еркіндігі т.б.

Қоғам дамуы революциалық және революциалық жолмен де жүреді. Эволюция тарихи қалыптасқан жағдайлар негізінде бірте-бірте өрістеу, даму арқылы жүзеге асатын қоғамдағы өзгерістер, нәтижеде қоғам бір салалық күйден екінші күйге өтеді.

Революция жеке сфераларда жүзеге асуы мүмкін, алайда, ол адамдар өмірін жан-жақты өзгеріске әкеледі. Егер қоғам құрылысы түбірінен өзгерсе әлеуметтік революия орн алады. Әлеуметтік революция зорлық-зомбылық пен адамдарды қырып жою, бұқараның қайыршылануы, заңсыздық пен тәртіпсіздіктің қоғамда орнауымен қабаттас жүреді.

Қоғамның эволюциялық дамуы көбінесе реформалармен қабат жүреді. Реформа (лат. тілінен ауд. - өзгерту) қоғам өмірін қайта құру мақсатында жүргізілген әртүрлі шаралардың жиынтығы.

Реформалар мемлекеттік үкімет тарапынан заңдар, қаулылар, шешімдер мен шаралар қабылдау арқылы жүзеге асырылады. Реформалар прогрессивтік жаңалықтармен байланысты болады. Сонымен бірге реформаның регрессивтік сипаты да болуын ұмытпауымыз керек. Мысалы Латвия республикасындағы 1994 жылғы «Азаматтық туралы заңның қабылдануы» елді «азаматтығы» бар және «азаматтығы жоқ» екі қарама-қарсы лагерьге бөліп тастады. Бұл әрине ынтымақтастық пен прогреске жетелемейді.

4. Қоғамның негізгі институттары
«Әлеуметтік топ» ұғымы жайлы біріңғай пікір жоқ, сондықтан оның анықтамасы да көп. Солардың ішіндегі дәлірегі: әлеуметтік топ дегеніміз адамдардың белгілі бір қажетін қанағаттандыру мақсатында өзара қарым- қатынас орната отырып, түрлі іс- әрекеттерді жүзге асыратын көптеген адамдардың үлкенді- кішілі жиынтығы. Бұл топ айтарлықтай тұрақты, ортақ мүддесі бар және әдет - ғұрпы бірдей жиынтық, белгілі бір тарихи қоғамда қалыптасады.

Ғылыми – материалистік социология әлеуметтік топтардың классификациясына тарихи принцип тұрғысынан қарайды, яғни олар белгілі бір тарихи қоғамда, қоғамдық-экономикалық формацияда, қалыптасатын топтар деп түсіндіреді; екіншіден, таптық қоғамдардағы ең негізгі әлеуметтік топтар – таптар, қоғамдық өмірдің барлық салаларына, барлық басқа әлеуметтік топтардың мінез-құлқына шешуші әсер ететін де осы таптық топтасу деп түсіндіреді. Бұл материалистік принцип әлеуметтік топтың ғылыми талдауының негізін құрады. Осы негізге сәйкес «Философиялық энциклопедиалық сөздікте» әлеуметтік топтар ірі, орташа, және кіші деп үшке бөлінеді.

Ірі әлеуметтік топтарға жататындар: тұтас қоғам (ел) көлеміндегі адамдар жиынтығы (алғашқы адамдар тобыры, ру тайпа, халықтық, ұлт сияқты этнографиялық топтар), таптар, әлеуметтік-экономикалық формациялар, кәсіптік топтар, жасына қарай топтасу (жастар, пенсионерлер ) т.б. Жеке адам өзінің ірі топқа қатыстығын саналы түрде білмеуі де мүмкін, өйткені ол сол топқа жататын басқа адамдармен қатыспауы да мүмкін.

Орташа топқа бір кәсіпорында және бір территорияда жұмыс істейтін адамдардың өндірістік жиынын (бір селоның, ауданның қаланың тұрғындарын) жатқызады. Территориялық жиынтық өз бетінше болатын топтасу. Өндірістік бірлестіктер белгілі бір мақсатқа жету үшін құрылады және өзінің құрамы мен қатынастарын иерархиялық өкімет билігінің құрылысымен, шешімдер және заңдар қабылдау жолымен реттеп отырады. Өзіне тән білімдерімен бүкіл қоғамда әлеуметтік байланыстармен қатынастардың салыстырмалы тұрақтылығын қамтамасыз ететін әлеуметтік институттар болып табылады. Олар сыртқы, материялды құрылымы мен, сондай-ақ ішкі мазмұнымен де сипатталады.

Әлеуметтік институт сырттай нақты әлеуметтік функцяларды жүзеге асырушы, белгілі материалдық құралдармен жабдықталған мекемелер мен адамдар жынтығы ретінде көрінеді.Мазмұны жағынан - бұл белгілі жағдайларда белгілі адамдардың мақсаты көзделген мінез- құлық үлгілерінің нақтылы жиынтығы.Сонымен, юстицияны элеуметтік институт деп алсақ, сырттай қарағанда онда адамдар жиынтығы бар - прокурор, судья, адвокат т.б /, мекемелері бар / прокуратура, сот, түрме т.б /, материалдық құралдары бар.

Әлеуметтік институт бұл әлеуметтік іс әрекет пен әлеуметтік қатынастардың белгілі ұйымы. Ол іс - әрекеттің мақсатты бағытталған стандарттарының өзара келісілген жүйесі арқылы іске асырылады.Өз қызметтерін жүзеге асыра отырып, әлеуметтік инситуттар өздеріне қарасты адамдардың іс әрекеті стадартқа сәйкес келсе, оларды мадақтайды және бұл стандарт талаптарына сай келмесе, ауытқыса оны жояды, яғни индивидтердің іс әрекеттерін қадағалап, тәртіпке салып отырады.

Әрбір әлеуметтік институт өз іс әрекетінің мақсатымен, нақты қызметімен, берілген институтқа тән әлеуметтік позицияларды және рольдер жиынтығымен, сол сияқты ықыластыны мадақтауды, қабыл алмайтынды құруды қамтамасыз ететін санкциялар жүйесімен сипатталады.Индивид қазіргі заманғы мәдениет элементтерін, оның ішінде іс әрекет нормаларына сай келетінін меңгере отырып жеке адам болады.

Әлеуметтік институттардың маңыздысы болып саяси өкіметті орнатып, қолдайтын саяси институттар, сол сияқты өндіріс процестерін қамтамасыз ететін және игіліктермен қызметтерді бөліп отыруды қамтамасыз ететін экономикалық институттар болып табылады.

Саяси институттар саяси өкіметті жүзеге асырады. Саяси өкіметтің қажеттілігі мынадай жағдаймен анықталады, индивидтерге, әлеуметтік топтарға меңгеруге қолайлы қорлар, байлықтар және басқада әлеуметтік маңызды обьектілерінің шегі жоқ, оларға қожалық аясын кеңейтуге табиғи ұмтылуға әлеуметтік анықталған шек қойылуға тиіс. Мұндай қорлар материалдық өзгешеліктерге ғана ие болмайды, оларға қауіпсіздік, мәртебе, өкімет, статус жатады.Мұндай шектеулер болмаған жағдайда әлеуметтік өзара әрекеттестік тәртіпке келмеуі мүмкін және сөзсіз ерегісулер мен дау жанжалдар шығады, ол әлеуметтік жүйені анархиялық дезинтеграциялық қолайсыздыққа апаруы мүмкін. Шектеулерді қамтамасыз ету қоғамда өкіметтік қатынастарды біреулердің қалғандарға билік етуге құруды талап етеді.Өкімет талас пен дау жанжалдың дамуын шеше алатындай соның нәтижесінде өкіметтік шешім қабылдайтындай және ол шешімді барлығы міндетті түрде қабылдайтындай жағдайда болу керек.Саяси өкімет әртүрлі жолдармен және түрліше болып бөлінуі мүмкін біртұтас немесе аралас болып. Мемлекеттік басқару формаларының дәстүрлік типологиясы өкіметті бөлу әдістерін қамтиды «автократия» яғни жеке билеуші мемлекет олигархия азғантай айрықша құқықтар адамдардың билеуі және демократия. Аристотель әрдайым автократиялық тиранияға «қатал» деспоттық басқару «олигархияның плутократияға «қылмыскерлердің өкіметі» және демократияның охлократияға «тобырдың билеуі» құлдырау феномендерінің пайда болатынын атап көрсетеді.Қазіргі уақытта құқықтық мемлекет концепциясы даму мен оны тану дәрежесіне ие болады. Ол кез келген мемлекеттік істердің формалары заңға дәлірек айтсақ конституцияға бағыну идеясына негізделеді. Мемлекеттік өкіметті шектей отырып конституция сонымен қатар азаматтардың саяси қүқықтары мен азаматтық қүқықтарын қорғайды.Экономикалық институттар әлеуметтік институттардың бір түрі ретінде қарастырады сондықтан да оларды сәйкес келетін әлеуметтік «қүқықтық» моральді - этикалық нормалар системасымен сипаттайды. Экономикалық институттардың нормативті құрлымына нормалар системасы - жекеменшіктік қатынастарды көрсететін өндірірістің үстем түрі типтік нормалардың және алмастырудың әдістерінің болуы сол сияқты басқада әлеуметтік қазыналар .«моральді этикалық» адамгершілік әдеп үлгілері және экономикалық ортада мінез - құлық нормалары кіреді.Әлеуметтік институт сияқты экономиканың ерекшілігін табу үшін бұл жерде пайда болатын әлеуметтік өзара іс әрекеттерді қатынастардың екі түрлі негізгі типті тұрғысынан қарау керек.«Мәртебе» категориясы көп мағаналы (латын сөзі статус- орнату, қондыру, істің хал жайы, болып аударылады). Ғылыми жағдайда «статус» субьектінің негізгі стасистикалық жағдайында көрсету үшін қолданылады.Азаматтық құқықтық мағынада «статус» азаматтық жағдайы, дәрежесі деген мағынаға сай келеді. Мәртебелік жарлықтарға конституцялық нормалар жатады олар мемлекттік өкімет пен басқарудың структурасы мен заңдылығын анықтайды.

Мәртебеден тыс басқару жағдайында экономиканың тұрақты жұмыс істеуі мүмкін емес. Экономика байсалды жүйеге ие оның тұрақтылығы қаншалықты маңызды болса өзгеруге бейімділігі, шаруашылықтың жаңа жағдайына үйренуіде сондай маңызды.Экономикада «шарт» категориясының рөлі ерекше. Экономика тарихи жағдайда не өнімді тайпалық отбасылық түрде өндіру не құлдық еңбек институты түрінде өмір сүрді . Келе келе оның дамуы ерікті товар өндірушілермен шарт жасау қатынастарына негізделеді. Статустық қатынастардан шарт жасасу қатынастарына өту барысында жеке ынтаға (инициатива) еркіншілік берілді, өндіріс шапшаң дами бастады. Дегенмен өндірістің күрделенуі, технологияның үзілді-кесілді бұйрықтың талабы шартты қатынастардың статустық реттелуін талап етті, ал өндірістік қоғамдық сипатының күшеюі экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігін көрсетті, егер бұлай болмайтын болса бүкіләлемдік дағдарыс деңгейінде дисфункция көрініс береді.

Бұл сұрақтың жауабы екі түрлі болды. Бірінші (табысты түрі) экономиканың негізі жекеменшікті сақтау. Екінші (табыссыз түрі) жекеменшікті жою және оны мемлекеттік меншікке ауыстыру, бұл экономика мен мемлекеттік толық біріктіруге әкелді. Бүл вариант экономикалық системаны жаңаша дамудан айырды, экономиканың шапшаң дамуына мүмкіндіктің жолын тапты, ал оның едәуір бөлігін қамтыды.

Әлеуметтік институттар тек жоғарыда көрсетілген екі, саяси және экономикалық, түрін ғана қамтымайды.Бұдан басқа элеуметтік институттарға семья (отбасы, жанұя), ғылым, білім беру системасы, денсаулық сақтау, мәдени-тәрбие мекемелері, құқық және әділет жатады. Әлеуметтік институттар әлеуметтік ортамен, қоғаммен


өзара бір-бірімен әрекет етеді. Бұл процесс дұрыс болуы
мүмкін, дегенмен кейде оның бұзылуы мүмкін. Әлеуметтік
институттардың әлеуметтік ортамен өзара бір-бірімен әрекетінің негізі-қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруда жатыр.Қоғамда өтіп жататын процестер индивидтердің, топтардың, қоғамдағы қабаттар мен таптардың қажетін үнемі өзгертіп отырады, сонымен қатар әлеуметтік институттар мен әлеуметтік ортаның қатынастарының сипатын да өзгертеді.Кейде өзгерген әлеуметтік қажеттіліктерге сәйкес әлеуметтік институттардың құрылымында, қызметтерінде пара-пар келетін көріністерді таба алмауы мүмкін. Осындай сәйкессіздіктің нәтижесінде қызметтің бұзылуы көрініс береді. Ол әлеуметтік институттардың сыртқы ортасында, мазмұнында көрінеді.Әлеуметтік институттардың қызметінің бұзылуы көрінісі сырттай мамандардың дайын еместігі яғни сапасыз мамандар, ұйымдастырудағы қажеттіліктер, материалдық қаржылармен көрінеді. Назар аударып қарасақ дисфункция сол институттың мақсатының анық еместігін, міндетінің айқын еместігін, беделі мен даңқының түсуін көрсетеді. Институттың іс әрекетінің әлеуметтік қажеттіліктерге сай келмеуі оның қызметінің мәнінің төмендеуіне әкеледі.Кез келген әлеуметтік институттың іс әрекетінің қызметтік өзгеруі оның қызметкерлерінің іс әрекетінің бұзылуынан көрінеді, олардың іс әрекеті маңызды орын алады. Қызметкерлердің іс әрекетінің бұзылуы мынаны көрсетеді: институттың барлық қызметтерін қамтамасыз етуде жеке адамның ерекшелігіне қарамайды, негізгі міндеттерді кімдер орындауы керек, оған кім жауаптылық қатысы болмайды.Институт қызметкерлерінің іс әрекетінің бұзылуы институттың объективті қажеттілігіне сай емес, қойылған міндет-мақсаттарына сәйкес емес жұмыс жасайтынын көрсетеді, жекелеген адамдар мен олардың қызметінің сапасына қарай өз функциясын өзгертіп отыратынын көрсетеді.

Студенттердің білімін тексеру сұрақтары:

1.Қоғам тұтас жүйе ретінде.

2.Қоғамның бұзылуы (ыдырауы).

3.Дамудың үштік сатысы.

4.Маркстік формациалық жүйенің ерекшелігі.
Студенттердің өзіндік жұмыстарының сұрақтары.

1.П. Соркиннің әлеуметтік кұрылым және әлеуметтік мобильділік теориясы.

2.М. Вебердің әлеуметтік құрылым теориясы. Әлеуметтік топтардың Қазақстандық қоғамның ауысуы жағдайындагы типологиясы.

3. Мемлекет басқару институты ретінде.



Негізгі әдебиеттер:

1.Биекенов, К.Ү. Әлеуметтану. Ұғымдар мен баламалар : оқулық / К. Ү. Биекенов, М. С. Садырова. - Алматы : "Эверо", 2014. - 400 с.

2.Забирова, А.Т. Практикалық әлеуметтану : оқулық / А. Т. Забирова. - Алматы : "Эверо", 2014. - 206 с.

3.Смағамбет, Б.Ж. Шетелдік әлеуметтану тарихы : "Әлеуметтану" маман. студ. арналған оқулық /

Б. Ж. Смағамбет. - Алматы : "Эверо", 2014. - 376 с.

4.Әбсаттаров Р. М. Дәкенов. Әлеуметтану. Оқулық. Алматы. 2007., 2011ж.


Қосымша әдебиеттер.

1.Әлемдік әлеуметтану антологиясы: 10 томдық ҚР мәдениет және ақпарат мин.; Ақпарат және мұрағат комитеті. – Алматы: ЖШС «Қазақстан»баспа үйі.-2006. 3-ші том. – 480 бет. «Мәдени мұра»

3.Қарабаев Ш. Әлеуметтану негіздері. Алматы. 2008ж.

4.Смелзер Н. Социология. М., 2000. Гл. 9.



5 -тақырып.

Тұлғаның әлеуметтенуі. Девиантты мінез құлық әлеуметтануы.

  1. Тұлға, жеке адам, адам ұғымының ерекшеліктері.

  2. Тұлғаның қалыптасуын зерттеудегі бағыттар.

  3. Тұлға типтері және оның әлеуметтенуінің негізгі кезеңдері.

  4. Девиация және әлеуметтік бақылау

Жеке адамды оқып, білу социологиялық негізгі мәселесі болып табылады, соңдықтан да әрбір социолог қоғамдық құбылыстардың мәнін, адамдардың қоғамдығы өзара қарым-қатынасын білу үшін, әрбір нақты адамның іс - әркестімен қозғалатын түсінуге міндетті. Сөйтіп жеке мінез – құлық бүкіл қоғамды немесе қоғамдық топтарды танудың негізі екендігін көрсетеді.

Социологияның психологиядан ерешелігі сол, ал жеке адамның қоғамдық мінез – құлқын, әр алуан қоғамдық байланыстардағы орын корсетеді. Осыған байланысты жеке адамды оқып, білуде біз мыналарды білуге тиістіміз: жеке адамның қоғамдық ортада қалыптасуын, қоғамдық кеңістіктегі орнын, қоғамдық топтарға енуін, мәдениет нормаларын қабылдауын, осы мәдениет нормаларынан ауытқуын. Берілген бөлімде осы мәселелерді ашуға, түсіндіруге тырысамыз.

Жеке адамның дамыуның негізі факторлары. Жеке адам дегеніміз, ол туралы екі автордың бірдей анықтама беруі сирек кездесетін феномендердің бірі болып табылады. Жеке адамның барлық анықтамасының дамуына осындай қарама - қарсы екі көзқарас байланысты. Біреулер әрбір жеке адам өз тума қасиеті мен қабілетіне сай қалыптасып дамиды, ал қоғамдық қоршаған ортаның рөлі аз деген көзқарас білдіреді. Ал енді біреулер жеке адамның ішкі ерекшелігі мен қабілетін жоққа шығарады, жеке адам қоғамдық тәжірибе барысында қалыптасады деген пікір айтады. Сірә, бұл жеке адамның қалыптасу процесіндегі соңғы көзқарастар болар. Біз өз талдауымызда жеке адамның биологиялық ерекшеліктерімен бірге қоғамдық тәжірибесін де ескертуіміз керек. Тәжерибе көрсеткендей жеке адам қалыптасуында қоғамдық факторларды салмаған басымдау.

Жеке адамның ерекшеліктерінің пайда болуы мен дамуын талдауда әсер ететін мынадай түрлерге бөлеміз:


  1. биологиялық тұқым қуалаушылық;

  2. физикалық орта;

  3. мәдениет;

  4. топтың тәжірибе;

  5. бірегей жеке тәжірибе.

Биологиялық тұқым қулаушылық. Кірпіштен сырғылатын үйде тастан немесе бамбуктен соғуға болмайды, ал бірақ әр түрлі әдіспен көптеген кірпіштен соғуға болады. Әр адамның биологиялық тұқымы шикізат жеткізіп тұрады, олар одан әрі әр түрлі әдістерімен дербес адамды, жеке адамды, индивидті жасайды.

Басқа жан – жануарларға қарағанда адамның ерекшелігі жылдың бар мезгілінде, нәтижесінде бала туылады. Бала туылғанда дәрменсіз болады және бір жасқа толғанша солай қалады. Осындай биологиялық фактірлер адамның қоғамдық өмірінің негізін салады. Биологиялық тұқым қуалаушылық адам организмінің туа қажет ететін ауа, тамақ, су, ұйқы, қауіпсіздік, аурудың жоқ болуымен толықтырылады. Қоғамық тәжірибе адамдағы сәйкес келетін, ортақ ерекшеліктермен түсіндірсе, ал биологиялық тұқым қуалаушылық жеке адамның жеке өзін, оның қоғамдық басқа мүшелерінен ерекшелігімен түсіндіреді. Сонымен бірге топтың айырмашылықтарды биологиялық тұқым қуалаушылықпен түсіндіруге болмайды. Сондықтан биологиялық тұқым қуалаушылық толығымен жеке адамды жасай алмайды, себебі мәдениет те, қоғамдық тәжірибе дегенмен берілмейді. Алайда биоголиялық фактор қоғамдық бірлікке шектеу туғызады (баланың дәрменсіздігі, су астында ұзақ бола алмауы, биологиялық қажет етулердің бар болуы т.б.),екіншіден биологиялық фактордың арқасында темпераменттердің шексіз әртүрлілігі жасалынады, мінез – құлықтар, қабілеттер жасалынады. Осылардың бәрі әрбір жеке адамнан жеке адамды, қайталанбас, бірегей жандыжасайды.



Физикалық қоршалған орта Бірқатар зерттеушілер жеке адамның дамуында физикалық қоршаған ортаға шешуші маңыз беріп келеді. Физикалық және географиялық сәйкес жағдайларда жеке адамның әр түрлі типтері қалыптасады, керісінше жеке адамның топтың ұқсас белгілері қоршаған ортаның әр түрлі жағдайларында дами береді.

Осыған байланысты физикалық қоршаған орта қоғамдық топтың мәдени ерекшеліктеріне әсер етуі мүмкін деуге болады, бірақ ол жеке адамның қалыптасуына әсер етпейді.



Мәдениет. Анықталған мәдени тәжірибенің бүкіл адамзатқа ортақ екендігін және ол қоғам дамуының қай сатысында тұрғандығына тәуелді еместігін атап өту керек. Сонымен, бала жасына қарай үлкендерден қоректенеді, тіл арқылы қарым – қатынас жасауға үйренеді, жазалау мен марапаттауды үйренеді, сол сияқты басқа да бірқатар ортақ мәдени үлгелерді меңгереді. Әр қоғам өз мүшесіне кейбір ерекшеліктерді береді, ерекше мәдени тәжірибелерді, оны басқа қоғам бере алмайды. Өмір сүріп отырған қоғамда оның барлық мүшесіне тән ерекше жеке адамдың конфигурация пайда болады. Мысалы, мұсылман мәдениеті шарттары мен қалыптасқан жеке адам христиан елінде тәрбиеленсе де басқаша ерекшелікке ие болады.

Біздің қоғамда қоғам қуаттайтын жеке адамның түрі, типі қандай болуы мүмкін? Сірә, бұл жеке адам қоғамға бейім болуы мүмкін, яғни қоғамдық қатынасқа еркін араласа алатын, ынтымақтастыққа дайын, өзіне - өзі жауап бере алатындай дәрежеде. Көптеген мұндай ерекшеліктер біздің ішімізде жасырып дамиды, егер бұлар болмаса біз өзімізді ыңғайсыз санаймыз. Сондықтан да біз өз балаларымызға үлкендерге «рахмет» «тәңір жарылқасын» деген сияқты әдепті сөздер айтуға, үлкендерден қысылып, ұялмауға, өзіне-өзі жауап беруге үйретеміз.

Дегенмен құрамы күрделі қоғамда көпшілік мақұлдаған ерекшклікті жеке адамды табу қиын. Біздің қоғам көптеген (құрылымды) структуралы бөлдерімен сипатталады: аймақ, ұлттық, қызмет түрі, жас категориялары т.б. Осы бөлімдердың әрқайсысының өз тенденциялары болады. Осы үлгілер жеке адам үлгілері мен араласып, аралас жеке адам типтері пайда болады. Әр түрлі субкультурадағы жеке адам типтерін оқып-үйрену үшін, әрбір структураны жеке-жеке білу керек, содан кейін мәдениеті басып жеке адам үлгілерінің әсерін ескерту керек.

Сонымен жеке адамның қалыптасуына белгілі мөлшерде биологиялық факторда, физикалық қоршаған орта факторы да әсер етеді. Жеке адамныңқалыптасуында ең нігізгі фактор болып топтық, субъективті, бірегей жеке адамдың тәжірибе есептеледі. Бұл факторлар толығымен жеке адамды социализациялау процесінде айқындалады.

Жеке адамды социализациялау. Нәресте өмірге биологиялық организм сияқты келеді және оның осы сәттегі негізгі шаруасы өзінің физикалық жабдықтары болады. Біраз уақыт откеннен соң бала жақсы және жек көретін, мақсаты мен ой - ниеті бар, мінез- кұлық үлгісі мен жауапкершілігі бар, сол сияқты өзіне ғана тән әлемді көру қасиеті бар адамға айналады. Осы процесс барысында индивид жеке адамға айналады.

Социализация - өзгеру, даму, сол арқылы индивидке оның өз тобының молшерін өзінің жеке Менін қалыптастыру арқылы өзінің жеке адам ретіндегі бірегейлігін көрсете отырып сіңіреді.



Топтық тәжірибе. Адам алғаш өмір сүре бастаған кезінде өзіндік жеке Мені болмайды. Ол тек анасының денесінің бір бөлігі сияқты эмбрионның өмірін сүреді. Өзінің денесінің физикалық шекарасын қоршаған әлемнен айырудың өзі ұзақ үйретулерді керек етеді. Балаға өзін қоршаған ортаны айналадағы шу мен қозғалыстардың басқа әлемге, яғни оның өзінің саусақтары сияқты өзінікі емес, тән екендігі түсіндіру қажет.

Жеке адамды әуелі физикалық әлемнен содан соң қоғамдық қажеттіліктер – күрделі процесс, ол өмір бойы жалғаса береді. Бала адамдарды есімдері арқылы ажыратуды үйренеді. Ол еркектің - әке, әйелдің – шеше екендігін түсінеді. Осылайша оның ой - өрісі, дәрежесін көрсететін есімдерден (мысалы еркек дәредесін) бөлек-бөлек индивидтердің ерекше есімдері, өзінікін қоса дамиды. Бала бір жарым жасқа келгенде Мен деген ұғымды түсінеді, осыны түсіне отырып ол жеке адам болып қалыптасады. Қоғамдық тәжірибе жинақтай отырып, бала әр түрлі жеке адамның бейнесін, оның ішінде өзінің жеке Менін жасайды. Адамның одан әрі жеке адам болып қалыптасуы – оның жеке Менін өзін басқа жеке адамдармен үнемі салыстыра отырып құруы. Осылайша жеке адамның бірегей ішкі қасиеттерімен жаралуы қалыптасады.

Жеке адам жай ғана табиғаттың таланттарын автоматты түрде ғана ашумен дамымай, адам индивидінің қоғамдық ерекшеленетінін де тәжірибе көрсетеді, Баланың жас кезінде адамдар ортасынан адасып, жануарлармен бірге тәрбиеленген оқиғаларын білеміз. Мұндай жағдайдағы индивидтердің жеке өмір иесі ретінде қоршаған әлемде жеке Мені болмайды, жеке өзін өзі сияқты өмір иелерінен ерекшелеп көрсете алмайды. Мұндай индивидтер өздерінің ерекшеліктерін, сәйкестіктерін біле бермейді. Бұл жағдайдағы адам жеке жеке адам болып есептелмейді.

Адамның жеке өзінің Менін түсінуді бейнелеп көрсететін және жеке адамды социализациялаудың денгейін көрсететін екі термин – ол ұқсастық пен өзін - өзі сыйлау. Ұқсастықтан біз басқа индивидтен ерекше бірегей индивидтің бар екендігін түсінеміз. Мысалы, белгілі бір ұлт өкілі өз ұлтының үлгілі мәдениетіне басқа ұлт мәдениетінің үлгілерін салыстыра отырып ұмтылатынынбілеміз. Индивидте осындай белгілердің болуы осы жеке адамға қатысты адамның мәртебесінің төмен не жоғарылығын білдіреді.

Тарихта мынадай жағдайлар байқалады, кейде индивидтер өздерін басқа индивидтерге ұқсату үшін ауыр да, пайдасыз нәрселер істейді және өз іс - әрекетімен олардың қолдауына қызмет етеді, өз мүддесін, мәртебесін көтереді. Өзін- өзі сыйлау сезімі де шартталған. Жеке адам өзін - өзі туралары басқалардың пікірінің маңызы болса сол кезде сыйлайды. Егер бұл түйсік жағымды болса, онда адамда өзін-өзі сыйлау сезімі дамиды. Олай болмаған күнде ол өзін қабілетсіз, лайықты емес сезінеді.

Бірегей жеке тәжірибе. Неліктен бір жанұяда өскен балалар бір-бірінен ерекшеленеді? Себебі олар толығымен ұқсас топтың тәжірибе болған жоқ, олардың тәжірибесі бір жағынан ұқсас, ал бір жағынан ерекшелігі болады. Әр бала жанұяда әр түрлі структура құрылымда тәрбиенеледі. Ол жанұяда жалғыз болып мүмкін, әйтпесе ағасы, әпкесі болуы мүмкін, солармен қарым- қатынас жасай отырып оның жеке басына жаңа ерекше қасиеттер алады. Одан басқа, балалар әр түрлі топ өкілдерімен қарым-қатынас жасайды, әр түрлі адамдардың ролін қабылдайды. Тіпті бір ұрықтан жаралған егіздер де әрқашан әр түрлі тәрбиеленеді, себебі олар үнемі бір ғана адаммен кездеспейді, ата – аналарынан үнемі бір ғана сөз естімейді, бірдей қайғырып, қуанбайды. Осыған байланысты әрбір жеке адамның тәжірибесі өзінше бірегей, себебі оны ешкім қайталай алмайды деуге болады. Жеке тәжірибенің күрделілеуін былайша көрсетуге болады, оны жеке жеткізеді. Әрбір адам өз басынан өткен оқиғалар мен қатыныстарды қабырғаға қалаған кірпіш сияқты қаттап қоймай, оны өз тәжірибесі, ата-ана, жақын- туыстарының тәжірибелері арқылы өзгертіп отырады.

Тақырыптың мазмұнын қорыта келе, жеке адамды социализациялау процесі негізінен топтық тәжірибенің әсерінен өтетіндігін айту керек. Сонымен жеке адам өзінің Менін басқа адамдардың өзі туралы ойы мен бағалауы түйсігі негізінде қалыптастырады. Осы түйсіктің нәтижесі болуы үшін жеке адам өзін басқалардың орнына қойып солардың көзімен өз мінез – құлықына, өз ішкі әлеміне қарауы керек. Өзінің жеке Менін қалыптастыра отырып жеке адам социализация

Адам баласының мінез-құлқы айналысындағы адамдардың тұрмыс қалпы, іс-әрекеті, қылықтарының көрінісі болып табылады. Өйткені қоғамда өмір сүрген индивид қай уақытта болса да физикалық немесе ойша басқа адамдармен қатынаста болады. Міне, сондықтан да жеке мінез-құлық қоршаған ортамен байланысты болып, әлеуметтік сипатта болады. Әлеуметтік мінез-құлық - адамның қоғам, қоршаған адамдарға, табиғатқа қатысты іс-әрекеті. Сол адамдар арасындағы қатынас уақыт пен кеңістік аралығында күрделі және көп қырлы болып келеді.Өзінің сипаты жағынан әлеуметтік мінез-құлық альтуристік (өз мүддесінен басқаның мүддесін жоғары қою), эгоистік, заңға бағынушылық пен заңды мойындамау, мұқият пен мұқиятсыздық т.б. болуы мүмкін. Ол қоғамдық және жеке тұлғалық көптеген фактілермен анықталады. Төмендегі таблицадан біз адамдардың қоғамдағы мінез-құлқын анықтайтын негізгі факторларды көре аламыз.

Таблицадан көріп отырғанымыздай қоғамдық факторларға қоғамда қалыптасқан салт-дәстүр, әлеуметтік құндылықтар мен ережелерді, әлеуметтік элитаның мінез-құлқын (еліктеуге болатын үлгі ретінде), қоғамда қалыптасқан жағымды және жағымсыз мінез-құлық қалыптасуының жағдайларын (айталық, салық көлемінің шектен тыс өсуі оған қарсы жаппай қарсылықты тудырады, әлсіз әлеуметтік бақылау мен тәртіп бұзушылықтың жазаланбауы - бұзақылықтың өсуіне әкеледі және т.б.) жатқызуға болады.





Жеке факторлар - бұл индивидің жүріс-тұрысынан көрінетін мінез-құлық. Олардың ішінен алтауын бөліп көрсетуге болады. 1). Адам туа біткен инстинкті, психикасы, темпераменті. Ежелгі грек дәрегері, «медицинаның атасы» Гиппократ (б.з.д. 460-377/356) темпераменттің сангвиник, холерик, флегматик және мелонхоликтік 4 түрін анықтады. 2) Индивидтің өмірлік мақсаты мен мүддесі, құндылықты бағыты мен әдеті. 3) Референттік топтың типі, мінез-құлықтын үлгісі ретінде индивидтің өзі таңдаған өлшемі (айталық, космонавт, әртіс, саясаткер). 4) Өзіне тән қайталанбас ерекшелігі, құрғақ еліктеуден аулақ болып, өзімен-өзі бола алуы. 5) Индивидтің өзіне-өзі бола бере алуы, қадағалауы, өз мінез-құлқындағы жағымсыз қылықтарды тізгіндеп ұстай білуі. 6) Қоғамда өмір сүре білуі, адамдармен тіл табыса білуі: • әлеуметтік ережелер мен басты қағидаларға бағынуы; • басқаның еркіндігіне нұқсан келтірмей, өз іс-әрекетін еркін ұйымдастыра білуі; • басқа адамдар ойындағы артықшылықты көре білуі және оны сыйлап, мойындауы; «өзіңе не тілесең, өзгеге де соны тіле» деген «алтын қағиданы» ұстана білуі.

Кемшіліксіз адам жоқ. Міне, сондықтан да адамдардың әлеуметтік мінез-құлқында ауытқушылықтар орын алады. Бұл мәселе әлеуметтанудың девианттық мінез-құлық ұғымымен байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет