Т. Е. Тұмашбай «Әлеуметтану және саясаттану» пәні бойынша дәрістер жинағы Шымкент 2017ж


Студенттердің білімін тексеру сұрақтары



бет8/11
Дата24.01.2020
өлшемі407.19 Kb.
#447872
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Әлеуметтану ж саясаттану лекция


Студенттердің білімін тексеру сұрақтары.

1. Қазақстан Республикасындағы саяси жүйенің ерекшеліктері.

2. Саяси жүйенің қазіргі кездегі түрлері.

3. Тоталитарлық жүйеден демократияға көшу кезеңіндегі өзекті мәселелері.

4. Қазақстан Республикасындағы саяси жүйені реформалау.

5. Саяси жүйелердің міндеттері және оларды жіктеу.


Студенттердің өзіндік жұмыстарының сұрақтары.

1. Жаңа заман демократиясының классикалық теориясын талдау.

2. Демократияның элиталық теориясы.

3. Тоталитаризмнің түсінігі мен негізгі белгілері.

4. Тоталитарлық, әміршіл- өктемшілдік және демократиялық тәртіптердің салыстырмалы сипаттамасы .

5.Авторитарлық тәртіп туралы түсініктеме бер.



Негізгі әдебиеттер:

1.Калиев С. Саяси билік. Астана. 2013ж.

3.Әбсаттаров Р. Саясаттану. Оқу құралы. Алматы. 2013ж.
4.Өтемісов Б. Саяси білімдер теориясы, тарихы және Қазақстандық тәжірибе : оқулық / Б. Өтемісов, Қ. Қарабала. - Ақтөбе : "А- Полиграфия" ЖШС, 2010. - 280 с

5. Гаджиев К.С.Политология : учебник для студ. вузов, обучающихся по спец. "Политология"; Допущено МО РФ / К. С. Гаджиев. - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : "Логос", 2011. - 432 с. : ил. - (Новая студенческая библиотека)



Қосымша әдебиеттер:

1. Султанов С.А. Становление представительных институтов власти В РК после обретения независимости : Монография / С. А. Султанов. - Шымкент : ЮКГУ, 2010. - 235 с

2.Акопов Г.Л.Политология : учебное пособие для студ. вузов / Г. Л. Акопов, С. А. Кислицын. - Ростов н/Д : Феникс, 2009. - 350 с. - (Высшее образование)

3. Рахметов, Қ.Ж. Саясаттану : оқу құралы / Қ. Ж. Рахметов, А. Н. Болатова, З. Н. Исмағамбетова. - Алматы : Өлке, 2009. – 176

4.Шабанов, Е.И. Конспекты лекций по политическим системам стран Европы и Америки : электронная книга / Е. И. Шабанов, А. А. Шайдуллина ; Центр разработки интерактивных ресурсов. - Шымкент : ЮКГУ, 2012
5.Бурханов К.Н.Казахстанский путь в дилемме: Восток или Запад? / К. Н. Бурханов, С. Б. Булекбаев. - Астана : Елорда, 2010. - 336 с

6. Конституционное право зарубежных стран : Учебник для студ. юридических вузов; Допущено МОН РФ / под общей ред. М.В. Баглая, Ю.И. Лейбо, Л.М. Энтина. - 3-е изд., перераб. и доп. - М. : НОРМА: ИНФРА-М, 2010. - 1088 с. - (Учебник для вузов)

7. Сейлеханов Е.Т. Политическая система Республики Казахстан: опыт развития и перспективы : Монография / Е. Т. Сейлеханов ; Казахский институт стратегических исследований при Президенте РК. - Алматы : КИСИ при Президенте РК, 2009.
8.Асанбаев М.Б.Аравийские монархии: общество, власть и государство / М. Б. Асанбаев ; Казахстанский центр гуманитано- политической конъюнктуры. - Алматы : КЦГПК, 2009. - 208 с

9.Жусупов С.Е.Политическая аналитика. Исследования / С. Е. Жусупов. - Алматы : "Arna-b", 2008. - 714 с

10. Қазақстан Рсепубликасының «Сайлау туралы» заңы. Астана. 2008ж.


12-тақырып.

Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.

1.Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің өзегі ретінде.

2.Азаматтық қоғам ұғымы.

3.Құқықтық мемлекет ұғымы және оның ерекше белгілері.

4.Қазақстандағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру проблемалары.

5. Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар


1.Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің өзегі ретінде.

Мемлекет - адамдардың, қоғамдық топтардың, таптардың, және қауымдастықтардың бірлескен қызметі мен қатынастарын ұйымдастыратын, бағыттайтын әрі бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты. Мемлекет қоғамдағы биліктің орталық институты ретінде көрінеді, ол осы билігімен саясатты жүзеге асырады.

Саясат ғылымында мемлекет оны түсінудің үш көзқарасының арақатынасы арқылы қарастырылады:

а) саяси-философиялық көзқарас. Мемлекет "жалпы істерді" шешудің және билік пен қоғамның қатынастарын реттеу құралы, сондай-ақ халық пен адамның өзінің саяси өмірін қамтамасыз ету құралы ретінде түсіндіріледі;

б) таптық көзқарас. Мемлекет дегеніміз қоғамды тапқа бөлудің нәтижесі маркстік көзқарас). Классикалық (В.Ленин бойынша) анықтама мемлекетті бір таптың екінші тапты езуге арналған машинасы, басқа да бағынышты таптарды бір тапқа бой ұсындырып ұстау машинасы" ретінде түсіндірледі;

в) құқықтық және ұйымдық-құрылымдық көзқарас - "заңды мемлекет", құқық пен заңның қайнар көзі, қоғам өмірі мен мемлекеттің өзінің, оның құрылымының саяси және қоғамдық қатынастары жүйесіндегі қызметін ұйымдастыратын мемлекет.

Мемлекеттің мәнін анықтау кезінде ең алдымен мемлекеттің белгілерін қарастыру керек. Мемлекеттің белгілеріне мыналар жатады:

а) қоғамнан бөлшектелген және басқару мен мәжбүрлеу мекемелерінде пайда табатын (шенеуніктер, армия, полиция және т.т.) жария биліктің болуы;

б) мемлекеттік саясатты материалдық қамтамасыз ету үшін қажетті салықтар, алымдар, займдар жүйесі, экономикалық, әлеуметтік, мәдени қайта құруларды жүргізу, мемлекеттік аппаратты ұстау;

в) аумағы. Мемлекет өзінің билігімен және қорғанысымен оның аумағында тұратын бүкіл халықты біріктіреді;

г) егемендік - өзінің аумағындағы үстемдік және халықарарлық қатынастадағы тәуелсіздік;

д) құқық. Құқық заң жүзінде мемлекеттік билікті ресімдейді, сөйтіп оған жариялылық сипат береді, мемлекет қызметтерін жүзеге асырудың заңдық ауқымдары мен нысандарын белгілейді;

е) күштерді жария қолдануға, күштеп мәжбүрлеу монополиясы (азаматтардың аса құндылығы болып табылатын өмірін қою, бостандығынан айыру мүмкіндігі).

Мемлекеттің мәні іргелі проблемаларды — мемлекеттің, саяси жүйе мен қоғамның арақатынасын жинақтап шешу болып табылады.

Бір шешімі — мемлекет пен қоғам біртұтас болады және мемлекет қоғамдық қатынастардың бүкіл жиынтығын қамтиды. Бұл жағдайда мемлекет біртұтас, яғни ол қоғамды біріктіріп, бірізге салған кезде біртектес болады. Осы орайда "Ресей (американ, француз және басқалары) мемлекеті", яғни билік, ел мен халық, олардың иеліктері, аумақтары, шекаралары деп айтуға болады.

Екінші шешімі — мемлекетті саяси жүйенің орталығы, қоғамға кеңінен тараған және оған ерекше әлеуметтік институт жататын, бірақ қоғамды өшіре аламайтын билік институты деп тану. Қоғам өзінің дамуында мемлекеттен біршама еркін болады.

Белгілі бір шешімді қазіргі заманда түсіндіру мемлекетті қоғамның саяси жүйесінің аса маңызды институты деген пайымға саяды. Мемлекеттің маңыздылығы оған әлеуметтік процестерге тиімді түрде ықпал етуге мүмкіндік беретін билік пен ресурстарды оның қолына барынша шоғырландырумен белгіленеді.

Мемлекеттің қызметі: ұйымдық (басқарушылық), үстемдік және басып-жаншу, құқықтық жүйені құру қызметі.

Ұйымдық, басқарушылық қызметтің мәні қоғамның тіршілік қызметін сақтауда, "ортақ игілікке, бірлікке, қол жеткізуде, тәртіп орнатуда, мемлекеттің және халықтың, ұлттың, этностың өзара қатынастарын реттеуде болып табылады.

Үстемдік пен басып-жаншудың ерекше қызметі күрес пен жуасыту құралы ретінде ғана емес, сонымен бірге таптар мен мемлекеттер, сондай-ақ таптар арасындағы қатынастардағы жан-жалдардың көзі ретінде де көрінеді.

"Заңды мемлекеттің" ерекше қызметі жасалған нормалар мен заңдардың негізінде қоғамдық қатынастардың бүкіл саналуандығы ауқымында мемлекеттік аппараттың, мемлекет пен қоғамның жұмысын реттеу ретінде қолданылады.

Кейбір әдебиеттерде принципінде жоғарыда аталған қызметтерді бейнелейтін мемлекеттің қызметтеріне неғұрлым нақты сипаттама беріледі.

1) Қызметтер сыртқы және ішкі қызметтерге бөлінеді. Мемлекеттің ішкі қызметтеріне мыналар жатады:

а) экономикалық — салық және несие саясатының, экономикалық өсуді көтермелеу немесе жазалау шараларын жүзеге асыру көмегімен экономикалық процестерді ұйымдастыруды, үйлестіру мен реттеуді білдіреді;

б) әлеуметтік — адамдардың жұмысу тұрғын үй, денсаулығын қорғау, әлеуметтік кепілдіктер беру сақтандыру және т.т. жөніндегі қажеттерін қанағаттандыруды білдіреді;

в) құқықтық — құқық тәртібін қамтамасыз етуге, құқықтық нормаларды орнықтыруға бағытгалған, олар азаматтардың қоғамдық қатынастары мен мінез-құлқын реттейді;

г) мәдени-тәрбие — халықтың мәдени қажеттерін қанағаттандыру үшін жағдайлар туғызуға бағытталған;

д) саяси — саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуді, билік өкілеттіктерін жүзеге асыруды, саяси бағытты талдап жасауды білдіреді;

е) экологиялық ішкі қызмет — табиғатты ұтымды пайдаланудың құқықтық режимін белгілеуді, өмір сүру ортасын қалыпты, салауатты қамтамасыз етуді білдіреді.

Сыртқы қызметтер ең алдымен басқа мемлекеттермен экономикалық әлеуметтік, технологиялық, ақпараттық мәдени, сауда салаларында өзара тиімді ынтымақтастық принциптеріне бағынады. Әсіресе қорғаныс және сыртқы жаулардан қорғау қызметі ерекше болады.

Сөйтіп мемлекетті саяси институт ретінде зерттеу саяси жүйедегі мемлекеттің белгілі бір рөлді атқаратынын көрсетеді, өйткені саяси жүйенің өзінің тиімділігі біршама дәрежеде соған байланысты болады. Сондықтан мемлекеттің нақ осы әлеуметтік-саяси болмысы, мемлекеттің органдардың құрылымы мен қызметтеріндегі саяси жүйенің айрықша ерекшеліктерін неғұрлым толық жүзеге асыру мемлекетті саяси жүйенің басым элементіне айналдырады.

Мемлекеттердің жіктелуі

Әдебиетте мемлекеттер жіктелуінің жалпы принциптері ажыратылады. Дәстүрлі түрде оларға үш негізгі принцип жатады:

а) таптық қарсыласу принципі. Мемлекеттердің — құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, социалистік дербес түрлері ретінде;

б) саяси өмірде демократизм мен либерализмнің дамуы принципі; Осы айқындамалар тұрғысынан мемлекеттер: авторитарлық, тоталитарлық, демократиялық мемлекеттерге бөлінеді;

в) мемлекеттің нормативтік, құқықтық негіздерінің дамуы принципі. Мемлекет осы көзқарас тұрғысынан құқықтық мәдениеті дамуының дәрежесіне қарай: құқықтық мемлекет, әлеуметтік мемлекет, әскери-полициялық мемлекет болып бөлінеді.

Басқару нысанына негізделген мемлекеттерді жіктеу мынадай мемлекеттерге: монархия (абсолютті, конституциялық); республика (президенттік, парламенттік) болып бөлінеді.

Монархияда биліктің ресми көзі бір (жеке) тұлға болып табылады. Мемлекет басшысы өзінің қызметін, сайлаушыларына және биліктің өкілдік органдарына қарамастан, мұрагерлік бойынша алады. Осы заманғы әлемде басқарудың монархиялық нысанының бірнеше түрлері бар. Мәселен, абсолютті монархия (Сауд Арабиясы, Катар, Оман) - мемлекет басшысының шексіз билігі. Осы нысанмен бірге, конституциялық монархия (Ұлыбритания, Швеция, Дания, Испания) бар - мұнда монархтың окілеттігі конституциямен шектелген.

Республика — басқарудың екінші негізгі нысаны. Әлемде республиканың үш негізгі түрі: парламенттік, президенттік және аралас түрі бар.

Парламенттік республиканың басты өзгешелік белгісі үкіметті парламенттік негізде құруы (әдетте парламенттік көпшілікпен) және оның парламент алдындағы ресми жауапкершілігі болып табылады. Ол үкіметке қатысты бірқатар міндеттерді жүзеге асырады: оны құрып, оған қолдау жасайды; заңдар шығарады; мемлекеттік бюджетті дауысқа салады (бекітеді); үкіметке бақылау жасауды жүзеге асырады және қажет болған жағдайда оған сенімсіздік білдіре алады және т.т.

Республикалық басқарудың екінші мейлінше кең тараған нысаны президенттік республика болып табылады. Президентті парламентке қарамастан, не таңдаушылар алқасы, не халық сайлайды және сонымен бір мезгілде мемлекет басшысы да, үкімет басшысы да болып табылады. Ол ішкі және сыртқы саясатты басқарады, жоғарғы басқолбасшы болып табылады. Парламент үкіметке сенімсіздік білдіре алмайды, ал президенттің парламентті таратып жіберуге құқығы жоқ.

Республиканың үшінші түрі — аралас республика. Ол Аустрияда, Ирландияда, Португалияда, Польшада, Финляндияда, Францияда бар. Басқарудың бұл нысаны жағдайында күшті президент билігі парламенттің үкімет қызметіне тиімді бақылау жасауынаұштасады. Оның басты сипатты белгісі — үкіметтің екі ұдай: президент алдындағы және парламент алдындағы жауапкершілігі. Аралас (жартылай президенттік) республиканың классикалық үлгісі Франция болып табылады. Онда президент пен парламент бір-біріне тәуелсіз сайланады. Парламент президентті орнынан кетіре алмайды, соңғысы өз кезегінде кезектен тыс парламент сайлауын жариялаудың міндетті шартымен парламентті таратып жіберуге құқылы болады. Президент мемлекет басшысы және жоғарғы басқолбасшы болып табылады, халықаралық аренада елдің өкілі болады, парламенттің шешімін кейінге қалдыруға тыйым салу құқығына ие болады.

Әкімшілік-аумақтық ұйым бойынша мемлекеттерді жіктеу: біртұтас мемлекет, федерация, конфедерация болып бөлінеді.

Біртұтас мемлекет аумағы бірыңғай, бөлінбейтін болады, әкімшілік-аумақтық бөліністерден тұрады, өзінің дербес билік құрылымдары бар, бірақ жеке өзіндік мемлекеттілігіне ие болмайды. Біртұтас мемлекет үшін жергілікті билік органдарының орталық органдарға қатаң түрде бағыныстылығы, күшті орталықпен тіке байланыс жасауы сипатты келеді, оның-бытыраңқылығы ең төменгі деңгейде болады. Барлық мемлекеттік, оның ішінде сот органдары бірыңғай құқықтық нормалар негізінде іс-қимыл жасайды.

Федеративтік мемлекет мемлекеттер мен орталық арасындағы бөлінген шектегі дербес құзыреттері бар, өздерінің заң шығарушылық, атқарушысының және сот органдары, әдеттегісіндей, конституциясы бар мемлекеттердің тұрақты одағы болып табылады.

Федерация ауқымында мемлекеттік: егемендіктің субъектілері ірі аумақтық құрылымдар (штаттар, жерлер, кантондар), сондай-ақ тең құқықты азаматтардан тұратын бүкіл халық болады.

Федеративтік мемлекеттік құрылыс үшін өзінің билік құрылымдары бар жергілікгі аумақтық құрылымдар дербестігінің белгілі бір деңгейі тән болады. Мемлекеттік құрылыстың федералдық принципі едәуір этикалық, тарихи-мәдени, діни, лингвистикалық және басқа да ерекшеліктері бар қауымдардың, еркін бірігуі мен тең құқықтық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуі тиіс.

Конфедеративтік мемлекет үшін жергілікті мемлекеттік-аумақтық құрылымдар мен олардың билік органдары еркіндігінің жоғары деңгейі тән болады. Конфедерация мүшелері мемлекеттік егемендігін толық сақтайды және одақтың қүзыретіне ең алдымен қорғанысқа, сыртқы саясатқа, ақша жүйесі саласына қатысты мәселелердің шектеулі санын ғана береді. Ғалымдардың пікірі бойынша, мемлекеттік құрылыстың бұл нысаны тиянақты емес және әдетте не федерацияға тарап кетеді, не ыдырап кетеді.

Қазіргі кезде бұрынғы КСРО аумағында Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) — өзінің қызметін әралуан салаларда үйлестіретін егемен мемлекеттер одағы құрылды. Бұл жаңа құрылымның қаншалықты тұрақты әрі тиімді болатынын уақыт көрсете жатар. Мұңдай одақтардың (Еуропа Кеңесі) тарихи тәжірибесі ұзақ мерзімдік бірігу мен жақындасу, экономикалық ықпалдасу және әлеуметтік-саяси саладағы тиісті өзгерістер, атап айтқанда, федеративтік принциптерді біртіндеп іске асыру негізінде мүмкін екенін дәлелдеп отыр.

Мемлекеттердің даму үрдісі. Мемлекеттер дамуының осы заманғы үлгісі белгілі бір үрдістерге бағынады, мұның өзі қазіргі заманның ғаламдық проблемасының көрінісі болып табылады. Ең алдымен, кейбір саясаттанушылардың пікірі бойынша, осы заманғы демократиялық мемлекеттер экологиялық кезеңге аяқ басып отыр. Ол үшін бірінші кезекке экологиялық қауіпсіздікті және жеке адамның өмір сүру құқықтарын қамтамасыз ету, бүкіл адамзаттың тірлігі проблемаларын алға қою сипатты болады. Жаңа жағдайда мемлекет азаматтық қоғаммен одақтаса отырып, ядролық және экологиялық апаттың алдын алуға, аштықтан, індеттен зардап шеккен дүниежүзілік аймақтарға материалдық-экономикалық, қаржы, мәдени көмекпен және т.т. қамтамасыз етуге тиіс.


2.Азаматтық қоғам ұғымы.

Саясаттануда азаматтық қоғамның проблемаларын зерттеген кезде дәстүрлі түрде "мемлекет — азаматтық қоғам" деген дуалистік формуланы қолданады және мұның өзі обден орынды, кез келген көзқарас жағдайында, азаматтық қоғам атқаратвн қызметтерінің нысаны жағынан да, сондай-ақ мазмұны жағынан да біршама дербес қоғамдық құрылып ретінде көрінеді. Бұл тұрғысында мына жәйт басым болады: азаматтық қоғам кезегінде қоғамның қалыпты өмірлік қызметін қамтамасыз ететін мемлекетті бақылауға тиіс.

Жалпы алғанда азаматтық қоғамның түсінігі — бұл жеке-дара адамдардың дербестігіне негізделген қоғамның мемлекеттік емес бөлігі. Бұл отбасы, мектеп, ерікті ұйымдар мен одақтар, олардың мүдделері қоғамдық ой-пікір арқылы беріледі.

Азаматтық қоғам саяси құрылымдардан тысқары қалыптасатын, алайда оларды қамтитын әлеуметтік-ұйымдық құрылым ретінде сипатталады, өйткені оларды азаматтар құрады.

Демократиялық заңнамалар, билікті бөлу, жария қарсыластардың, пікір саналуандығы мен саяси ұйымдардың және т.с.с. болуы азаматтық қоғамның саяси өмірге ықпалының азды-көпті елеулі нысандары болып табылады. Демократиялық мемлекет жекелеген азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сақтауға кепілдік бере тұрса да, сонымен бірге ол өзінің (билік жүргізу) қызметінде ресми құқықтық нормаларға сүйенеді, оларда белгілі бір адами өлшемнен айрылады. Осыған орай адамзат өркениетін өрістету процесінің өзі саяси мәдениеттің елеулі элементі ретінде азаматтық қоғамның құрылымын туғызып, дамытады.

Азаматтық қоғамның рухани негізі жалпы адамзаттық имандылық нормалары — ізгілік, адалдық, парасаттылық және т.т. болып табылады. Мұның өзі қоғамның барлық азаматтарының мүдделерін ескере отырып туындаған проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.

Мынаны ескеру керек: азаматтық қоғам өзінің әлеуметтік-саяси қызметінде заң жүзінде ресімделген пікір алуандығы болуынан ажырағысыз болады. Бұл орайда жеке өмір саласы кез келген саяси биліктің араласуына тыйым салу ретінде көрінеді. Бұл мінез-құлық бұйрығын жария өмірдің шындығында іске асыру деңгейі дегеніміз азаматтық қоғам мен оның маңыздылығы болуының бірінші көрсеткіші.

Азаматтық қоғам үшін билік демократизмінің қызмет атқаруында мыналар елеулі болып табылады:

а) оның заңдылығы, яғни билікке халықтан, сайлаушылардан мандат алуының шынайылығы, олардың еркін білдіруі шын мәнінде еркін болады (азаматтық-заңдық, саяси тұрғыда);

б) демократизмнің жалпыға бірдейлігі, толықтығы, яғни биліктің барлық нысандарындағы оның шынайылығы, әсіресе тиімді іс-қимыл үстіндегі биліктің заңға тәуелдігі мен оның бақылауында болуы;

в) тиімділігі, яғни билеп-төстеуші өкіметтің сайланғандар үшін халық өмірінің проблемаларын шешуді пұрсаттылықтар беру нысандарында емес, керісінше әрбір адам үшін өзінің шынайы күшін іске асыру мүмкіндігін әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету нысандарында қаншалықты нақты шешуі болып табылады.

Қазіргі жағдайларда азаматтық қоғамның орнығуы процесінде мемлекетке қатысты жеке адамның әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік аймағының пәрменділігін қалыптастыру мен қамтамасыз ету бірінші кезекке қойылады.

Азаматтық қоғам — бұл мемлекетке тәуелсіз, дамыған экономикалық, мәдени, құқықтық және саяси қатынастары мен оның мүшелері арасындағы қоғам, сонымен бірге олармен өзара әрекет ететін қоғам, жоғары әлеуметтік, экономикалық саяси, мәдени және жоғары ақлихаттық мәртебесі бар азаматтық қоғам, бұлар дамығын құқықтық қатынастарды туғызады.
3.Құқықтық мемлекет ұғымы және оның ерекше белгілері.

Құқықтық мемлекет — бұл мемлекеттің өзі барлық әлеуметтік қауымдар, жеке-дара адам құқықты құрметтейтін және ол жөнінде бірдей қатынаста болатын мемлекет түрі. Құқық — мемлекеттің, қоғам мен жеке-дара адамның өзара байланысы әдісі.

Құқықтық мемлекеттің жалпы белгілері:

а) дамыған азаматтық қоғамның болуы. Құқықтық мемлекеттің пайда болуының өзі қоғамның қойнауында азаматтық қоғамның пісіп-жетілуіне байланысты болады;

б) жеке адам құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық тәртіпті қорғауымен, шаруашылық қызметі үшін қолайлы жағдайлар туғызумен құқықтық мемлекет қызметінің саласының шектелуі;

в) дүниетанымдық жеке дарашылдық;

г) басқа адамның бостандығының бірден-бір шектеушісі ретінде әрбір адамның бостандығы мен құқығы. Құқықтық мемлекет жеке адамның бүтіндей бостандығын жасамайды, әрбір адамның бостандығы басқа адамдардың бостандықтары бұзылған жерде аяқталады.

Әлеуметтік мемлекет теориясы. "Әлеуметтік мемлекет" ұғымының өзі біршама тұрақты және дамыған экономика жағдайында осы заманғы демократиялық үлгідегі мемлекетті белгілеуге арналған саяси теорияда соғыстан кейінгі кезеңде туындады. Әлеуметтік мемлекет мемлекет қолданатын мақсаттар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы арқылы, қоғамның әрбір мүшесінің өмір сүруіне лайықты жағдайлармен қамтамасыз ету үшін бір мағынада түсіндіріледі.

Жоғарыда аталғандармен қатар, осы заманғы мемлекеттерді дамытуда дәстүрлі түрде екі негізгі үрдісті ажыратады. Біріншісі — де этатистік үрдіс. Бұл үрдістің мәні азаматтық қоғамды жандандыру, мемлекетке бақылау жасау, өзін-өзі басқару бастауларын ұлғайту болып табылады. Екінші үрдіс — статистік үрдіс. Оның көрінісінің негізгі бағыттары — мемлекет рөлін арттыру. Қазіргі заманғы мемлекет экономикалық, әлеуметтік, ақпаратгық процестерге белсенді түрде араласады, салықтардың, инвестициялық, несие саясатының көмегімен өндірісті дамытуды көтермелейді, тұтастай алғанда, шаруашылық қызметіндегі үйлесімсіздікті жояды, қоғамдық дамудың стратегиясын жасау проблемаларымен айналысады.
4.Қазақстандағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру проблемалары.

Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы өзгеше жағ-дайда өтіп отыр. Кеңестік кезеңце қоғам өмірі барынша мемлекеттендірілген болатын. Ол жүйе кұйрегеннен кейін аза-маттык қоғамға отуге "жоғарыдағы" мемлекеттің өзі ұйтқы бо-лып отыр. Халықтың сана-сезімі, жүріс-тұрысы әлі ондай дең-гейге көтеріле қойған жоқ. Сондықтан біраз уақытқа дейін, белгілі бір сапалық деңгейге қол жеткізгенше бұл процеске мемлекеттің елеулі ықпалы болмақ.

Еліміздің 1995 жылғы Конституциясы Қазақстанда әлеуметтік бағдарды нарық экономикасы мен жеке адамның авто-номиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті кұқықтық жағдайлардың негізін қалады. Оған тең дәрежеде танылатын және қоргалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті, адам және азамат құкықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенін; отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын; идеологиялық және саяси әр алуандықты және тағы бас-ка да жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.

Азаматтық қоғам материалдық, мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады. Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданган заң устемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның қщыгы жан-жақ-ты қамтамасыз етілетін мемлекеттік қүрылысты айтады. Заң үстемдігінің мызғымастығы елдің Конституциясында бекітіліп, басқа зандар мен ережелік актілерге таралады. Зандар халық-тың еркін білдіреді және оны барлық адамдар, мемлекеттік органдар мен мекемелер орындауға міндетті. Мұнда мемлекет пен азаматтар екі жақты езара жауаптылықта болады. Билік шын мөнінде бөлінеді, олардың міндеттері мен қызметтеріне шек қойылады, өзара бақылау қамтамасыз етіледі.

Мұнда бір таптың, партияның, топтың, идеологияның үстемдігіне жол берілмейді. Адам құкығы биік дәрежеде сақта-лады. Барлық азаматтар шын мәнінде мемлекеттік және қоғам-дық істерге қатыса алады. Атқарушы биліктің барлық жұмысы ашық атқарылады, оның жұмысы жұртшылықтың бақылауын-да болады. Пікір алуандығы кең өріс алады. Бұл мемлекетте адамның адамгершілік қасиеттері, борыш сезімі, жауапкершілігі биік дамиды.



Құкықтық мемлекет жоғары өкіметтің қаулы-қарарларымен кіргізілмейді. Ол үшін мемлекет жан-жақты дамып, пісіп жетілуі керек.

Мемлекеттердің жіктелуі

Әдебиетте мемлекеттер жіктелуінің жалпы принциптері ажыратылады. Дәстүрлі түрде оларға үш негізгі принцип жатады:

а) таптық қарсыласу принципі. Мемлекеттердің — құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, социалистік дербес түрлері ретінде;

б) саяси өмірде демократизм мен либерализмнің дамуы принципі; Осы айқындамалар тұрғысынан мемлекеттер: авторитарлық, тоталитарлық, демократиялық мемлекеттерге бөлінеді;

в) мемлекеттің нормативтік, құқықтық негіздерінің дамуы принципі. Мемлекет осы көзқарас тұрғысынан құқықтық мәдениеті дамуының дәрежесіне қарай: құқықтық мемлекет, әлеуметтік мемлекет, әскери-полициялық мемлекет болып бөлінеді.

Басқару нысанына негізделген мемлекеттерді жіктеу мынадай мемлекеттерге: монархия (абсолютті, конституциялық); республика (президенттік, парламенттік) болып бөлінеді.

Монархияда биліктің ресми көзі бір (жеке) тұлға болып табылады. Мемлекет басшысы өзінің қызметін, сайлаушыларына және биліктің өкілдік органдарына қарамастан, мұрагерлік бойынша алады. Осы заманғы әлемде басқарудың монархиялық нысанының бірнеше түрлері бар. Мәселен, абсолютті монархия (Сауд Арабиясы, Катар, Оман) - мемлекет басшысының шексіз билігі. Осы нысанмен бірге, конституциялық монархия (Ұлыбритания, Швеция, Дания, Испания) бар - мұнда монархтың окілеттігі конституциямен шектелген.

Республика — басқарудың екінші негізгі нысаны. Әлемде республиканың үш негізгі түрі: парламенттік, президенттік және аралас түрі бар.

Парламенттік республиканың басты өзгешелік белгісі үкіметті парламенттік негізде құруы (әдетте парламенттік көпшілікпен) және оның парламент алдындағы ресми жауапкершілігі болып табылады. Ол үкіметке қатысты бірқатар міндеттерді жүзеге асырады: оны құрып, оған қолдау жасайды; заңдар шығарады; мемлекеттік бюджетті дауысқа салады (бекітеді); үкіметке бақылау жасауды жүзеге асырады және қажет болған жағдайда оған сенімсіздік білдіре алады және т.т.

Республикалық басқарудың екінші мейлінше кең тараған нысаны президенттік республика болып табылады. Президентті парламентке қарамастан, не таңдаушылар алқасы, не халық сайлайды және сонымен бір мезгілде мемлекет басшысы да, үкімет басшысы да болып табылады. Ол ішкі және сыртқы саясатты басқарады, жоғарғы басқолбасшы болып табылады. Парламент үкіметке сенімсіздік білдіре алмайды, ал президенттің парламентті таратып жіберуге құқығы жоқ.

Республиканың үшінші түрі — аралас республика. Ол Аустрияда, Ирландияда, Португалияда, Польшада, Финляндияда, Францияда бар. Басқарудың бұл нысаны жағдайында күшті президент билігі парламенттің үкімет қызметіне тиімді бақылау жасауынаұштасады. Оның басты сипатты белгісі — үкіметтің екі ұдай: президент алдындағы және парламент алдындағы жауапкершілігі. Аралас (жартылай президенттік) республиканың классикалық үлгісі Франция болып табылады. Онда президент пен парламент бір-біріне тәуелсіз сайланады. Парламент президентті орнынан кетіре алмайды, соңғысы өз кезегінде кезектен тыс парламент сайлауын жариялаудың міндетті шартымен парламентті таратып жіберуге құқылы болады. Президент мемлекет басшысы және жоғарғы басқолбасшы болып табылады, халықаралық аренада елдің өкілі болады, парламенттің шешімін кейінге қалдыруға тыйым салу құқығына ие болады.

Әкімшілік-аумақтық ұйым бойынша мемлекеттерді жіктеу: біртұтас мемлекет, федерация, конфедерация болып бөлінеді.

Біртұтас мемлекет аумағы бірыңғай, бөлінбейтін болады, әкімшілік-аумақтық бөліністерден тұрады, өзінің дербес билік құрылымдары бар, бірақ жеке өзіндік мемлекеттілігіне ие болмайды. Біртұтас мемлекет үшін жергілікті билік органдарының орталық органдарға қатаң түрде бағыныстылығы, күшті орталықпен тіке байланыс жасауы сипатты келеді, оның-бытыраңқылығы ең төменгі деңгейде болады. Барлық мемлекеттік, оның ішінде сот органдары бірыңғай құқықтық нормалар негізінде іс-қимыл жасайды.

Федеративтік мемлекет мемлекеттер мен орталық арасындағы бөлінген шектегі дербес құзыреттері бар, өздерінің заң шығарушылық, атқарушысының және сот органдары, әдеттегісіндей, конституциясы бар мемлекеттердің тұрақты одағы болып табылады.

Федерация ауқымында мемлекеттік: егемендіктің субъектілері ірі аумақтық құрылымдар (штаттар, жерлер, кантондар), сондай-ақ тең құқықты азаматтардан тұратын бүкіл халық болады.

Федеративтік мемлекеттік құрылыс үшін өзінің билік құрылымдары бар жергілікгі аумақтық құрылымдар дербестігінің белгілі бір деңгейі тән болады. Мемлекеттік құрылыстың федералдық принципі едәуір этикалық, тарихи-мәдени, діни, лингвистикалық және басқа да ерекшеліктері бар қауымдардың, еркін бірігуі мен тең құқықтық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуі тиіс.

Конфедеративтік мемлекет үшін жергілікті мемлекеттік-аумақтық құрылымдар мен олардың билік органдары еркіндігінің жоғары деңгейі тән болады. Конфедерация мүшелері мемлекеттік егемендігін толық сақтайды және одақтың қүзыретіне ең алдымен қорғанысқа, сыртқы саясатқа, ақша жүйесі саласына қатысты мәселелердің шектеулі санын ғана береді. Ғалымдардың пікірі бойынша, мемлекеттік құрылыстың бұл нысаны тиянақты емес және әдетте не федерацияға тарап кетеді, не ыдырап кетеді.

Қазіргі кезде бұрынғы КСРО аумағында Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) — өзінің қызметін әралуан салаларда үйлестіретін егемен мемлекеттер одағы құрылды. Бұл жаңа құрылымның қаншалықты тұрақты әрі тиімді болатынын уақыт көрсете жатар. Мұңдай одақтардың (Еуропа Кеңесі) тарихи тәжірибесі ұзақ мерзімдік бірігу мен жақындасу, экономикалық ықпалдасу және әлеуметтік-саяси саладағы тиісті өзгерістер, атап айтқанда, федеративтік принциптерді біртіндеп іске асыру негізінде мүмкін екенін дәлелдеп отыр.

Мемлекеттердің даму үрдісі. Мемлекеттер дамуының осы заманғы үлгісі белгілі бір үрдістерге бағынады, мұның өзі қазіргі заманның ғаламдық проблемасының көрінісі болып табылады. Ең алдымен, кейбір саясаттанушылардың пікірі бойынша, осы заманғы демократиялық мемлекеттер экологиялық кезеңге аяқ басып отыр. Ол үшін бірінші кезекке экологиялық қауіпсіздікті және жеке адамның өмір сүру құқықтарын қамтамасыз ету, бүкіл адамзаттың тірлігі проблемаларын алға қою сипатты болады. Жаңа жағдайда мемлекет азаматтық қоғаммен одақтаса отырып, ядролық және экологиялық апаттың алдын алуға, аштықтан, індеттен зардап шеккен дүниежүзілік аймақтарға материалдық-экономикалық, қаржы, мәдени көмекпен және т.т. қамтамасыз етуге тиіс.


5.Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар

"Партия" термині латын тілінен шыққан және "бөлім", "бөлемін" дегенді білдіреді. Партия әлеуметтік жіктерге, таптар мен мемлекетке қатысты аралық буын болып табылады, бірақ қоғамдағы мүдделер мен басқа да бірлестіктерден өзгеше, Р.Доуздың анықтамасы бойынша, ол ең саяси буын болып табылады.

Партия қоғамның белгілі бір таптары мен әлеуметтік жіктерінің мүдделерін, қажеттері мен мақсаттарын білдіреді, саяси билік тетігінің қызметіне қатысады. Партия қызметінің принципі жақтарының бірі оның қоғамға идеологиялық ықпалы болып табылады, мұның өзі саяси сананы қальпттастырудан көрінеді.

Саяси партия - пікірлестердің ұйымдасқан, ерікті тобы болатын қоғамның белгілі бір жіктері мен топтарының мүдделері мен қажеттерін білдіретін, оларды мемлекеттік билікті жеңіп алу және оны жүзеге асыруға қатысу арқылы іске асыруды мақсат ететін қоғамдық өмір институты.

Саяси партияларды мыналардан айыра білген жөн: біріншіден, партия үшін сипатты ұйымдық құрылымы мен саяси бағдарламасы жоқ саяси қозғалыстардан, екіншіден, мемлекеттік билікті жеңіп алуға ұмтылыс жасамайтын, тек оны жүзеге асыратындарға ықпал жасауға ұмтылатын қысым көрсету топтарынан айыра білген жөн.

Қазіргі заманғы көпшілік партиялар Еуропада XIX ғасырдың екінші жартысында құрылады. Саясат ғылымында партиялардың "тарихи орнығу, процесі ұсынған схема бойынша қарастырылады:

а) ақсүйектер үйірмелері (котериялар);

б) саяси клубтар;

в) көшшлік партиялар.

Партиялар кәдімгі ішкі бірлестіктері бар, төменнен жоғарыға бағынышты тұрақты адамдар болып табылады. Партия құрылымы мыналарға бөлінеді:

а) партия көшбасшылары;

б) ақылдасу штабы, партия идеологтары;

г) төрешілдікке жатпайтын партия активі;

д) партияның самарқау мүшелері.

Партиялардың басқа қоғамдық институттардан айырмашылық өлшемдері:

а) ұйымның ұзақ мерзімділігі, оның өмір сүруінің одан әрі жүруі. Бұл өлшемдер партияны өздерінің негізін қалаушылармен бірге ғайып болатын әдеттегі сыбайластар тобынан, сұрқиялардан және аралас-құраластарынан ажыратуға мүмкіндік береді;

б) ұлттық орталықпен (басшылықпен) ұдайы байланыс жасайтын тұрақты жергілікті ұйымдардың болуы, мұның өзі партияның парламенттік топтан өзгешелігін көрсетеді;

в) орталық және жергілікті ұйымдар басшыларының билік жолындағы күресті мақсат етуі. Бұл партияның қиғандық ұйымдар мен, қозғалыстардан, (кәсіподақтардан, жастар және - басқа да ұйымдардан) өзгешелігін айқындайды;

г) қоғам тарапынан жаппай қолдау көрсетілуі. Бұл өлшемдері әдетте сайлауға және парламент өміріне қатыспайтын партиялар мен қысым жасау топтары арасындағы айырмашылықты білдіреді: олар партияға, үкімет пен қоғамдық пікірге елеусіз түрде әсер етеді.

Басқа ұйымдардан негізгі өзгешелік белгісі — мемлекеттік билік жолындағы ашық, айқын білінетін күреске бағдар ұстауы.

Саяси партияның міндеттері:

1) саяси міндетгері — мемлекеттік билікке ұмтылуы, саяси қатарын толықтыруы, таңдаушылық;

2) идеологиялық міндеттері — партиялық идеологияны жасауы, партиялық насихат;

3) әлеуметтік міндеттері — өкілдік етуі, бұқараны жұмылдыру, саяси әлеуметтендіру.

Бұл саяси партия міндеттерінің жинақталған сипаттамасы:

Қоғамның саяси институты ретінде саяси партияның негізгі міндеттеріне:

а) саяси міндеттерді белгілеу мен билікті жеңіп алу;

б) үлкен әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтау, қалыптастыру және қанағаттандыру;

в) саяси жүйенің барлық деңгейлері үшін саяси көшбасшылары мен бекзаттарын іріктеу және олардың қатарын толықтыру;

г) партия идеологиясын жасау, саяси бағдарлама жасау және іске асыру, насихат жүргізу және қоғамдық пікірді қалыптастыру;

д) саяси әлеуметтендіру, азаматтар бойында билікке қатысу қасиеттері мен дағдыларын қалыптастыру;

е) биліктің жоғары және жергілікті органдарын құру жөніндегі сайлау науқандарын әзірлеу мен еткізу жатады.

Саяси партияларды жіктеу.

Шығу тегінің өлшеміне қарай — электоралдық, парламенттік жолмен шыққан партиялар және "сырттан шыққан" партиялар;

Бастауыш ұйымдардың сипатына қарай — партия-комитеттер, партия-секциялар, партия-ұялар және партия-шабуылдаушы отрядтар болып жіктеледі.

"Кадрлық" және "бұқаралық" принципіне қарай - бұл арада әңгіме партиялардың сандық мөлшері туралы емес, керісінше құрылымдық құрылысы туралы болып отыр. Кадрлық партиялар электоралдық комитеттерден және парламенттік топтардан (XIX ғ. орта шенінде) пайда болған. Сан жағынан олар көп емес, кәсіби саясаткерлерге, партияға материалдық қолдау жасауды қамтамасыз етуге қабілетті қаржы бекзаттарына арқа сүйейді, еркін мүше болу принципін сақтанды.

Бұқаралық саяси партиялардың кадрлық партиялардан ең алдымен санының көптігінен және тұрақты мүше болуымен өзгешелігі бар. Тарихи жағынан олар кадрлық партиялардан кейінірек пайда болған, олардың пайда болуы жалпыға бірдей сайлау құқығының кеңінен тарауына, жұмысшы қозғалысының дамуына байланысты болды.

Басқару режиміне қатысына қарай — басқару және қарсылас, жария және жария емес партиялар, көшбасшы партиялар мен кейінгі-партиялар, монополиялық басқарушы немесе бірлестік құрамындағы басқарушы партиялар және т.б.

Әлеуметтік-таптық белгісіне қарай — жұмысшы, шаруалар, фермерлер партиялары, зиялы қауым партиялары.

Идеологиялық бағытына қарай - коммунистік, социал-демократиялық, буржуазиялық-демократиялық партиялар.

Қазіргі қоғамдық құрылысқа қатысына қарай — революциялық, реформистік, либералдық, консервативтік партиялар болып жіктеледі.

Партия жүйесі. Ол саяси партиялар жиынтығынан, олардың әрқайсысының басқа саяси партиялармен өзара іс-қимылы, олардың қоғамдық ұйымдарға қатысты саясаты сипатынан тұрады.

Партия жүйесі қоғамдық-саяси күштерді ұйымдастырады, әлеуметтік мүдделер мен саяси көзқарастарды саралайды және ықпалдастырады, олардың жергілікті және жалпы ұлттық деңгейде тарайуына мүмкіндік береді.

Дәстүрлі түрде партиялық жүйелер былайша бөлінеді:

а) бірпартиялық жүйелер, бұл ретте басқа партиялардың жоққа шығарылады. Мұндай жүйе (бәсекелестік емес) ауқымында партия мемлекеттік аппараттың бір бөлігі болып табылады, бүкіл қоғамдық өмір барынша идеологиялық сипат алады, басқарудың өміршілдік әдістері басым болады, халық пен билік арасындағы кері байланыстар бұзылады;

б) ресми көппартиялық (бәсекелестік, бәстестік) жүйелер, бұларда мемлекеттік билік басында бір-бірін дүркін-дүркін алмастыратын екі саясипартия шешуші айқындамаларды белгілейді; Мұндай партия жүйелері Ұлыбританияда, АҚШ-та бар. Олар өздерінің тұрақтылығымен сипатталады, өйткені билік басындағы партия парламенттік көпшілікке ие болған;

в) пікір алуандығына бағдарланған көппартиялық жүйелер. Мұндай жүйедегі партия үшін сайлау науқандарын ұйымдастыру мен өткізуде дербестік сипатты болады, сондай-ақ үкіметтік бірлестік науқан барысында өздерінің одақтастары қатарынан басым жеңіске жетушінің пайдасына кандидитураларын өзара қайтарып алуға, бірлескен бағдарламалық талаптарын және т.б. ұсынуға жол бермейтін бәсекелестікте әрбір партияның қол жеткізген нәтижелері бойынша қалыптасады.

Біздің мемлекетімізде саяси жүйе ауқымында сапалық ілгерілеулер болды, ең алдымен бұл әртүрлі партияларды құрудан қөрініс тапты, кейбір деректер бойынша олар бізде оннан астам болып отыр, мұның өзі стандарттар бойынша көппартиялық жүйе деп есептеледі.

Қазақстанда партиялар мен партия жүйелерінің қызмет атқару, ерекшелігі отандық партиялардың саяси шешімдер қабылдау процесіне ықпалының төменгі деңгейін көрсетеді. Көптеген ондаған жылдар бойы тоталитарлық мемлекеттің бір бөлігі ретінде дамыған Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін атқарушы билікке қарсы тұра алатын саясиинституттарсыз қалды. Сөйтіп, саяси салада батыс елдері демократиясының деңгейіне бірден қол жеткізуге (объективті және субъективті түрде) әлі де әзір бола қоймаған Қазақстан мен басқа да бұрынғы кеңес кеңістігіндегі мемлекеттер авторитарлық сатысын бастарынан кешіруде.

Біздің республикамыздағы партиялар мен партия мүшелері дамуының қазіргі кезеңі сипаттайды?

Қазақстанда екіблокты партия жүйесі қалыптасуда.

Егеменді даму жылдары ішінде Қазақстанның партия жүйесі бірпартиялық жүйеден көппартиялық жүйеге дамып, содан соң екі блокты партияға дамыды, мұнда біpблокта үкіметтік партия, екіншісі — қарсылас партиялар болды.

Қазақстанда үш қарсылас бағыттағы партия болып бөлінеді:

а) кертартпа-дәстүрлі партия ағымы, ол жаңғыртуға қарсы партия болып табылады соңдай-ақ ұлттық идеяны уағыздаушы партия, оның ұясы бұрынғы заманның дәстүрлерін тірілтуге шақырады.

б) солшыл радикалдық ағым

в) либералдық ағым, ол басқарудың авторитарлық-төрешілдік әдістеріне көңілдері көншімейтін орта буржуазияның, зиялы қауымның, ұсақ буржуазияның мүдделерін білдіреді.

Барлық партиялар ҚР "Саяси партиялар туралы" Заңына сәйкес белгіленген мүшелігін тәжірибеде қолданады.

ҚР саяси партияларын жіктеу:

а) шығу тегіне қарай — барлық партиялардың "сыртқы" шығу тегі болады, парламенттік партиялар жоқ;

б) ұйымдық кұрылымына қарай — кадрлар партиялары, бұқаралық партиялар, ұйымдардың тоталитарлық;

в) үкіметке бақылауды жүзеге асыру деңгейіне қарай — Қазақстанда жетекші партиялар жоқ сондықтан біз партияларды олардың билікке адалдығы немесе қарсылығы тұрғысынан қарастыра аламыз.;

г) идеологиялық айқындамасына қарай — солшыл саяси күштер, центристер, оңшыл саяси күштер.



Адамзат қоғамының демократиялық қайта өзгертулер жағына қарай дамуының тарихы мынаны айқый көрсетіп берді: кез келген қоғамдағы басты демократиялық институттар, ең алдымен., күшті саяси партиялар түріндегі азаматтардың бірлестігі болып табылады. Атап айтқанда, Қазақстанда партия жүйесі дамуының барлық аталған үрдістеріне қарай нақты әлеуметтік топтардың нақты экономикалық мүдделеріне сүйенетін партия құрылымдарын қалыптастыруда саяси қажеттілік пен қоғамдық қажеттілік пісіп жетілді. Ұрандарының сырттай көптігі мен тартымдылығына қарамастан, барлық бұрыңғы саяси құрылымдар, егер жаңа саяси шыңдыққа қайта бағдарлана алмаса, өзінің қызметіне іс жүзінде арқа сүйей алмаса, сөзсіз болашағынан айрылады.

Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, әзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады: қозғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы; үгіт-насихат, әрекет ету сатысы; дамыған жұмыс кезеңі; саяси қозғалыстың өшу сатысы.

Қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін біддіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады.

Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдар-дың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қазіргі заманда ондай ұйымдар мен қозғалыстар ете көп. Ол қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандығын біддіреді.

Қоғамдық ұиымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халық-аралық, жалпымемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлем-де ресми және бейресми сипаттағы одақтарға, халық-аралық ұйымдарға бірігуі мүмкін.

Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді. Оған: партиялар, көсіп-одақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығар-машылық (творчестволық) одақтар, әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми, ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту, спорттық, қор-ғаныс және т.б.) жатады. Қоғамдық ұйымдар арқылы миллион-даған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді.

Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. Қоғамдық-саяси мүдделеріне сай қүрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады.

  2. Экономикалық мүддесіне карай құрылған ұйымдар.

  3. Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы).

  4. Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми-техни-калық, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық, қорғаныс, діни, т.б.).

Көпшілік ұйымдардың ішінде айрықша көзге түсетіні — кәсіподақтар. Кәсіподақ — бір мамандықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін адамдарды біріктіретін қоғамдық үйым. Алғаш рет кәсіподақтар капитализмге тұңғыш аяқ бас-қан Англияда XVIII ғ. басында пайда болды. Кейінірек олар өнеркәсібі дамыған барлық елдерде қалыптасады. Себебі, капитализмнің әкелген аяусыз қанауына тотеп беру үшін жал-данушы жұмыскерлер бірігіп, ұйымдасқан түрде өз мүдделерін қорғауға мәжбүр болды. Кәсіподақтар олардың еңбегі мен тұрмысын жақсарту, жоғын жоқтау жолында өкілі, қорғаны болды. Кәсіподақтар өзіне мүше болса да, болмаса да еңбекшілердің экономикалық және әлеуметтік мүдделерін қорғайды. Олар жеке адамның өмір сүруіне қажет ілімдер, ере-желер мен айлықтар жүйесін меңгеруге, еңбекшілер мен олар-дың отбасы мүшелерінің мәдени деңгейін көтеруге көмектеседі.

Кәсіподақтар өз қызметінде жұмысшы табына сүйенген сая-си партиялармен тығыз ынтымақтастықта болып, солармен бірлесе жұмыс істеген елдерде ең үлкен рөл атқарады. Кәсіподақтар мен партиялар арасында мүндай келісе қимыл-дау, әсіресе, Үлыбритания, Германия, Скандинавия елдеріне тән. Бұл елдерде жұмысшы табының арасыңда социалдемократтардың ықпалы жоғары. Олар кәсіподақтарға айтарлықтай идеологиялық және саяси әсер етеді. Кәсіподақтар қамқоршы партияны күшейте түсуге және олардың окімет басында ұзағырақ болуына мүмкшдік жасауға тырысады. Бұл үшін олар жұмыс берушілермен ымыраға келіп, еңбек нарқында тыныштықты сақтауға күш салады. Осының нәтижесінде олар капиталистік жүйемен біршама экономикалық одаққа кіргендей болады. Мұндайларды "жауапты" кәсіпорындар деп атайды.

Сонымен қатар үкіметке қарсы күрес жүргізуші партиялармен сыбайласқан кәсіподақтар да болады. Олар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалықсаясатынатікелей әсеретпейді. (Мысалы, Италияда). Мемлекет тарапынан олардың күресіне көмек жасалмайды. Сондықтан олар өкіметке қаймықпай қарсы түрып, өз жақтастарын батыл шараларға шақыруы мүмкін. Мүндайларды "жауапсыз" кәсіподақтар дейді.

Біздің республикамызда кәсіподақтар мемлекеттік және қоғамдық істерді шешуге араласады. Еңбекшілердің еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту, олардың материалдық және мәдени дәрежесін арттыруға басты көңіл бөледі. Олар еңбек және демалыс жағдайларын жүйеге келтіретін зандар мен қаулыларды, ұжымдық шарттарды жасауға тікелей қатысады, әлеуметтік қамсыздандыру ісін басқарады, еңбек сақтау мен техника қауіпсіздігінің ережелері сақталуын қадағалауды іске асырады. Шаруашылық басшыларын тағайындау мен босату мәселелері кәсіподақтармен келісіп шешіледі.

Кәсіподақтар ез міндеттерін үш түрлі жолмен шешеді. Біріншісі — жүмысшылардың экономикалық, әлеуметтік тұрмыс жағдайын түзетуде өкіметтен жекелеген жеңілдіктерге жетуі. Бірақ бұл жоддан үлкен өзгерістер күтуге болмайды.



Екіншісі — үздіксіз ереуілге шығып, өкіметке күшпен қысым жасау. Бірақ бұдан экономикаға нұқсан келеді.

Үшіншісі — кәсіподақтардың ез көзқарасын өкіметтің сая-сатымен сәйкестендіріп, мемлекет, кәсіпкерлердің өкілдерімен бірлесе отырып, өзара тиімді шешім іздестіру.

Аталған үш жолдың ішінде қазіргі кезде пайдалысы үшінші жол деп жүр. Мұны, әсіресе, өкімет басында социал-демократ-тар отырған елдерде кеңінен қолданады.

Қоғамдық бірлестіктердің кепшілігі саяси емірде белсенділік танытканымен, тікелей саясатқа араласа қоймайды. Шет елдерде солардың ішінде белдісіне қысымшы топтар (группы давления) жатады. Іс жүзінде олар парламент пен үкіметке кеңес беру және оларды арнаулы нормативтік қызмет мәселелері бойынша тиісті ақпараттармен қамтамасыз ету үшін құрылады. Қысымшы топтар өз аттарынан сайлауға қатынаспайды. Олар мемлекеттік органдарға идеологиялық ықпал жасаудан бастап, сатып алуға дейінгі қысым көрсетудің алуан түрлерін пайдала-нады. АҚШ-та бұларды лоббистік ұйымдар, мүдделі топтар деп атайды. Ұлыбританияда оларды парламент агенттері дейді. Олар кебінесе мүдделерінің ортақтығы негізінде және бұл топ пен билік органдарының арасында байланыс болғанда пайда болады.

Қоғамдық қозғалыстардың ішінде кең тарағанының бірі — "Халық майдандары". Оларға жалпы қоғамға қатысы бар, әлеуметтік таптардың барлығының немесе кепшілігінің мүддесін қамтитын мәселелерді шешуге бағытталған бірлес-тіктер жатады. Олар жалпыдемократиялық принциптердің негізінде құралады және жұмыс істейді. Онда қатал айқындал-ған ұйымның түрі мен мүшелігі болмайды. Оның құрамына қалың бұқара халықтың мүддесін көздейтін саяси партиялар, кәсіпорындар, жастар жөне т.б. ұйымдар да кіруі мүмкін. Ха-лық майдандарының мынадай түрлері болады:

  1. Қоғамда терең батыл өзгерістер кезінде саяси күштер дүниеге келіп, калыптасады. Сол саяси күштерден пайда бол-ған халық майдандары. Бұған мысал ретінде Африка, Азия елдерінде ұлттық азаттық алу барысында пайда болған халық майдандарын келтіруге болады. Олардан кейін өлеуметтік топ-тардың бөлшектенуі және саяси партиялардың мақсатының езгеру барысында басқа қозғалыстар шығуы мүмкін.

  2. Өздерінің саяси ықпалы жетіспегенде маңызды мақсатқа жету, саяси билікті алу үшін саяси партиялардың немесе олар-дың көсемдерінің бастауымен құрылған халық майдандары. Мысалы, оған 80 жылдары КСРО-да пайда болған халық май-дандарын жатқызуға болады.

  3. Соғысқа, фашизмге қарсы, демократияны қорғау үшін интернационалдық негізде қалыптасқан халық майдандары. Олар осы ғасырдың 30 жылдарында капиталистік елдерде пай-да болып, соғыс алдындағы жылдары фашизмге қарсы күресті басқарады. Мысалы, Францияда халық майдандары 1936 жылдың көктемінде парламент сайлауында және оған сүйенген үкімет бұл елде фашизмнің дамуына жол бермеді. 1936—1939 жылдары Испанияда халық майдандары бұқара халықты топтастырып, оларды фашизм мен реакцияға қарсы күреске жұмыл-дырды. Жалпы екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында фашизм мен реакцияға қарсы күресте көптеген елдердің халық майдан-дары асқан зор рөл атқарды. Халық майдандарының ерлігі 1991 жылы тамыз айында Ресейде төңкеріс жасауға тырысқан бүлікшілерден демократияны қорғауда да айқын көрінді. Бейресми бірлестіктер жастардың, студенттердің арасында да кең орын алады. Олар алдына қойған мақсаты мен түрі, іс-әрекеті мен тұрақтылығы, оған қатысушылардың жасы мен жынысы жағынан әр алуан.

Олардың ішінде қоғамдық-саяси, экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, діни, спорттық т.б. мәселелермен айналысатындары да бар. Бірақ көбі мәденишығармашылық және бос уақыттарын қалай өткізуге арналады. Оған әуесқой ән шығарушылар, орындаушылар клубтары, өнер, театр, кино, би және т.с.с. төңірегіңдегі шығармашылық бірлестіктер, кейбір орын-даушылар мен спорт клубының жанкүйерлерінің бірлестігі жатады.

Белгілі жастар қозғалысына "металлистер", "фанаттар", "панкілер", "хиппилер", "рокерлер", "брейкерлер", "пацифистер" және т.с.с. жатады.

Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады:

  1. экологиялық бағыттағы ұйымдар. Оларға жататындар: "Невада-Семей" қозғалысы," Арал — Азия— Қазақстан" халық-аралық қоғамдық комитеті, "Табиғат" комитеті және т.б.;

  2. ұлт мәселелерін шешуге тырысқан топтар. Оларға: Қазақ-станның "Азат" азаматтық қозғалысы, славяңдардың респуб-ликалық қоғамдық "Лад" қозғалысы, "Русская община", "Един-ство" қоғамдық бірлестігі, республикадағы казактар қозғалы-сы, неміс, ұйғыр, грек, кәріс және т.б. мәдениет орталықтары;

  3. тарихи-ағартушылық қоғамдар: "Мемориал", "Әділет", "Ақиқат" және т.с.с;

  4. әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: "Атамекен", "Алтын бесік", "Жерұйық", "Шаңырақ" және т.б. Бұлардың көбі заман талабына сай пайда болып, өз мақсаттарын орындауына байланысты өмір сахнасынан кетті, бірталайы іс-әрекеттерін әлі де атқаруда.

Сонымен қатар республикада ардагерлер, әйелдер, жастар одақтары және т.б. көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыс-тар бар. Осылардың бәрі, сайып келгенде, әрқайсысының өз ерекшеліктері болуына қарамастан еңбекшілердің белсеңділігін арттырып, Қазакстанның гүлденіп өркендеуіне, тұрақты дамуы-на үлестерін қосқанда ғана мақсаттарына жетпек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет