Т. Е. Тұмашбай «Әлеуметтану және саясаттану» пәні бойынша дәрістер жинағы Шымкент 2017ж


Студенттердің білімін тексеру сұрақтары



бет9/11
Дата24.01.2020
өлшемі407.19 Kb.
#447872
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Әлеуметтану ж саясаттану лекция


Студенттердің білімін тексеру сұрақтары.

1.Мемлекеттердің көпұлтты ынтымақтастарының қалыптасу және дамуының дүниежүзілік тәжірибесі .

2.Мемлекеттік саясат пен мәдениеттің арақатынасы.

3.Қазақстан Республикасы егеменді біртұтас мемлекет.

4.Құқытық мемлекеттің демократиялық маңызы мен ұйымдастыру принциптері.

5. Дүние жүзінің саяси ғылымындағы құқықты мемлекет туралы ой-пікірлер


Студенттердің өзіндік жұмыстарының сұрақтары.

1.ТМД елдеріндегі бір партиялы жүйеден көппартиялы жүйеге көшу тенденцясы.

2. Саяси паритялардың пайда болу себептері мен қалыптасу эволюциясы.

3. Қоғамның саяси жүйесіндегі саяси партиялардың орны мен ролі.

4. Қазақстандағы көппартиялық жүйенің қалыптасу ерекшеліктері мен кезеңдері.

5. Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың пайда болып, даму келешегі.



Негізгі әдебиеттер:

1.Калиев С. Саяси билік. Астана. 2013ж.

3.Әбсаттаров Р. Саясаттану. Оқу құралы. Алматы. 2013ж.
4.Өтемісов Б. Саяси білімдер теориясы, тарихы және Қазақстандық тәжірибе : оқулық / Б. Өтемісов, Қ. Қарабала. - Ақтөбе : "А- Полиграфия" ЖШС, 2010. - 280 с

5. Гаджиев К.С.Политология : учебник для студ. вузов, обучающихся по спец. "Политология"; Допущено МО РФ / К. С. Гаджиев. - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : "Логос", 2011. - 432 с. : ил. - (Новая студенческая библиотека)



Қосымша әдебиеттер:

1. Султанов С.А. Становление представительных институтов власти В РК после обретения независимости : Монография / С. А. Султанов. - Шымкент : ЮКГУ, 2010. - 235 с

2.Акопов Г.Л.Политология : учебное пособие для студ. вузов / Г. Л. Акопов, С. А. Кислицын. - Ростов н/Д : Феникс, 2009. - 350 с. - (Высшее образование)

3. Рахметов, Қ.Ж. Саясаттану : оқу құралы / Қ. Ж. Рахметов, А. Н. Болатова, З. Н. Исмағамбетова. - Алматы : Өлке, 2009. – 176

4. Конституционное право зарубежных стран : Учебник для студ. юридических вузов; Допущено МОН РФ / под общей ред. М.В. Баглая, Ю.И. Лейбо, Л.М. Энтина. - 3-е изд., перераб. и доп. - М. : НОРМА: ИНФРА-М, 2010. - 1088 с. - (Учебник для вузов)

5. Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» заңы. Астана. 2008ж.



13- тақырып.

Саясаттағы конфликтілік және дағдарыстық жағдайлар. Саяси мәдениет пен идеология.

1.Саясаттағы конфликтілік және дағдарыстық жағдайлар.

2. Саяси сананың мәні.

3. Саяси мәдениет ұғымы.Қазақстан саяси мәдениеттінің ерекшеліктері

4. Саяси идеология.
1.Саясаттағы конфликтілік және дағдарыстық жағдайлар.

Саяси жанжал — бұл қарсы іс-әрекеттер жағдайларындағы әртүрлі бағьптағы күштердің өздерінің мүдделерін іске асыру мақсатындағы екі немесе одан да көп сол күштердің қақтығысуы. Мұның өзі саясаттың бірегей құбылысы ретінде саяси жанжалдың барынша жинақталған сипаттамасы болады.

Соңғы жиырма жыл ішіндегі дүниежүзілік саяси процестің тәжірибесі жанжалдар жағдайларывда өзара пікірлесуінің басымдығын дәлелдейді. Әлем жұршылығы саяси жанжалдарды ғаламдық ракеталық-ядролық апатқа дейін асқындырудың мүмкін еместігін мойындап отыр және өткендегі егесулерден мұра болып қалған шамырқанулар мен жанжалдардан кейінгі белгілермен қиындаған, тіпті тұйыққа тірелген жағдайлардың өзінде мәмілелердің қажеттігі жөніндегі қорытындыға келді.

Жанжал саяси субъектілер іс-әрекетінің ықтимал нұсқаларының бірі болып табылады. Қоғамның біртектілігіне қарай адамдардың өз жағдайына деген ұдайы туындайтын қанағаттанбаушылығы, көзқарастарындағы айырмашылық пең айқындамаларының сәйкес келмеуінің өзге де нысандары жиі болатын нақ осы жаңжал топтар мен жеке-дара адамдардың мінез құлқының, билік құрылымдары таралуының, саяси процестер дамуының негізінде болып отыр.

Әлеуметтік жанжал тіршілікті қамтамасыз етудің саналуа ресурстары жөніндегі көптеген әлеуметтік топтардың егесуі ретінде көрінеді. Саяси жанжалды осы көптеген әлеуметтік топтардың ендігі жерде, әдетте, билік жолындағы күреспен байланысты саяси міндеттер, құндылықтар, талаптар, ұрандар түрінде білдіретін ықпалдас мүдделерінің қақтығысуы ретінде түсіндіруге болады.

Саяси жанжалдар субъектілері ресми түрде әлеуметтік бірлестіктерге ұйымдасқан, ресми емес негізде, белгілі бір мақсатты мойындайтын және кездейтін саяси сипаттағы қозғалыстар, қысым жасаудың экономикалық және саяси топтары, белгілі бір мақсаттарды ойлап, көздейтін қылмыстық топтар түрінде туған жеке-дара адамдар; олардың азды-көпті әлеуметтік топтары болады.

Саяси ғылым тарихында бірегей әлеуметтік құбылыс ретінде жанжал тұңғыш рет- Г.Зиммельдің, Г.Гегельдің, К.Маркстің, А.Смиттің, А.Токвильдің еңбектерінде зерттелген.

Жанжалдарды зерттеу әдістемелері мына көзқарастарға негізделген:

а) әлеуметтік-биологиялық көзқарас (С.Вильсон,А. Гелен). Авторлар табиғи сұрыпталу теориясына сүйене отырып, адамның табиғи қарақшылығы идеясын негізге алады. Қоғамдағы жан-жалдардың себебі адамдардың қарақшылық мінез-құлқының әралуан түрлерінде болып отыр және міндет осы қарақшылықты бейтараптау жолдарын іздестіруге келіп саяды;

б) психологиялық көзқарас (Т.Адорно, З.Фрейд. Э. Фромм). Жанжалдың психикалық-физиологиялық табиғаты болады, мұнда қауырттылық пен фрустрация маңызды рөл атқарады;

в) таптық көзқарас (К.Маркс, Г.Маркузе). Таптарға бөлінетін қоғамда жанжалдар ұдайы шығып тұрады, оның негізінде қарама-қайшы мүдделер болады;

г) қызметтік көзқарас (Т.Парсонс). Жанжал қоғамда қызметігі бұзу рөлін атқарады. Алайда мәселе жанжалды тек бұзу процесі ретінде ғана түсіндіру дұрыс емес;

д) диалектикалық көзқарас (Г.Зиммель, Р.Дарендорф, А.Дмитриев). Жанжал қалыпты әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады, оның оң қызметтік мақсаты болуы мүмкін.

Саяси жанжалдар табиғатында әлеуметтік факторлар басым рөл атқарады. Саяси егесу негізінде жатқан үш негізгі себептер:

Бірінші себепке қоғамдық қатынастардың әралуан нысандары мен мәнжайлары жатады, олар саясат субъектілері мәртебесінің,олардың билік басындағың рөлдік мақсаттары мен міндеттерінің, мүдделері мен қажеттерінің, ресурстарының жетіспеуін және т.т. (басқарушы және қарсы бекзат, қысым жасаудың әртүрлі таптары, билік жүйесінің барлықөзге десаяси субъектілері арасындағы) сәйкес келмеуін анықтайды:

Саяси жанжалдардың екінші көзіне саяси құбылыстар (тарихи оқиғалардың саяси мұраттары, құндылықтары, бағалануы) туралы адамдардың субъективті мәнді түсініктеріндегі алшақтықтарды жатқызады.

Жанжалдардың үшінші көзі ретінде азаматтарды ұқсастыру, олардың өздерінің әлеуметтік, этникалық, діни және басқа да қауымдарға және бірлестіктерге жататынын мойындау процестері қарастырылады, мұның өзі олардың әлеуметтік және саяси жүйеде өзінің орнын түсінуін анықтайды.

Саяси жанжалдардың түрлері:

а) әрекет ету уақытына қарай — ұзаққа созылатын және тез өтетін жанжалдар;

б) әрекет көлеміне қарай —жергілікті немесе аймақтық жанжалдар;

в) көріну нысандарына қарай — бейбіт және, бейбіт емес жанжалдар;

г) қатысушылардың санына қарай — көпсубъектілі, немесе көпжақты қарама-қарсы, сондай-ақ екіжақты, немесе екіұдай қарама-қарсы жанжалдар;

д) нормативтік реттеудің деңгейі мен сипатына қарай — жүйелі немесе жүйелі емес, институалданған немесе институалданбаған жанжалдар;

е) өзінің салдарына қарай — оң немесе теріс, сындарлы немесе іріткі салатын жанжалдар;

ж) басқару тәртібін ұйымдастыру бағыныстылығы сатысына қарай — тікелей бағыныс сатысындағы (биліктің әртүрлі деңгейіне жататын субъектілердің өзара қатынастарын сипаттайтын) және жанама бағыныс сатысындағы (биліктің бірқатарлы субъектілері мен иеленушілерінің байланысын ашатын) жанжалдар.

Саяси жанжалдарды басқару. Саяси жанжалдарды басқарудың қазіргі технологияларын талдау оларды реттеуге арналған бірнеше міндеттерді атап көрсетеді.

Біріншіден, жанжалдың туындауына жол бермеу керек, ал егер ал айқын көрінетін болса, онда мүмкіндігінше оны реттеу үшін бағытталған әлеуметтік бағаны арттыра түсетін кезеңді ұласуына жол бермеу қажет. Екіншіден, бағынбайтын процестер-аймағын азайту мақсатында барлық көлеңкелі, жасырын жанжалдарды ашық түріне көшіру керек. Үшіншіден, саяси жанжалдың ағымымен туындайтын әлеуметтік өршуді ең төменгі деңгейге жеткізу керек.

Саяси жанжалдарды шешу әдістері.

Мәселен, Е.Нордлинжер саяси жанжалдарды ойдағыдай реттеу үшін алты принцииті негіздеді:

а) тұрақты бірлік;

б)тепе-теңдік принципі;

в) саясатсыздандыру;

г) тыйым салу құқығының өзара ортақтығы;

д) ымыраға келу;

е) шарт, яғни үшінші тарапқа жанжалды реттеу құқығын беру. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі бірегей құбылыс ретіндежанжал көпқырлы құбылыс болып табылады және осыған орай оны шешудің көп нұсқалығы пайда болады. Осы жағдайда кейбір ғалымдар мына факторларды есепке алуды ұсынады:

а) институциалдық фактор – қоғам ауқымында жанжалдарды шешу үшін әлеуметтік институттар: келісу комиссиялары, конституциялық сот, төрелік сот және т.т. болуға тиіс;

б) күштердің тепе-теңдігі факторы — екі тараптың да жанжал жағдайын шешуге тең құқығы мен өкілеттігі болуға тиіс;

в) топтық фактор — жанжалға қатысушылар саны неғұрлым аз болса, оны біліммен реттеу мүмкіңдігі соғұрлым ықтимал болады;

г) психологиялық фактор — жанжалға қатысушылардың субъективті ерекшеліктерін есепке алу.

Саяси жанжалды шешу үшін мыналар қажет:

а) жанжалдың шекарасын айқын анықтау, яғни оны шектен шығармау және оған қосымша факторларды қоспауға — қатысушылардың, себептерінің, көлемдерінің артуына жәнет.т. жол бермеу керек.

б) жанжалдың негізіндегі проблемаларды оңайлатудан, оларды екіұдай түсіндіруден аулақ болған жөн;

в) сындарлы шешімдер қабылдауды кешеуілдетуге жол бермеу қажетөйткені жанжалды шешу уақыты — бұл жанжалдың өзінең де қауіптірек соғатын салдарды туғызуға себепші фактор;

г) ұлттық ерекшелік көзқарас арқылы жанжалды реттеудің әмбебап (жалпы адамзаттық) тәжірибесін пайдалану керек.

Саяси жанжалдың даму сатылары: бастапқы, жасырын нысаны ашық нысаны (қарсы тұру) жанжалдан кейінгі кезең. Жанжалдың бастапқы (жасырын) сатысы үшін туындаған жанжал жағдайын түсіну, өздерінің мүдделерін қанағаттандыру үшін басқа тараптың кедергілері мен ықтимал қарсы іс-әрекшеліктерін түсіну сипаты болады.

Екінші — ашық сатыда іс жүзіндегі шабуыл іс-әрекеттері: ұрандар, шақырулар, қоқан-лоққы жасаулар көрінеді, содан соңосылардың салдары ретінде кедергілер жасау, жанама зиян келтіру (БАҚ-та жария ету және т.с.с), Даулы заттарды басып алуға, ұстауға бағытталған әрекеттерге, күш қолдануға ұласады.

Жанжалдан кейінгі кезең аяқталған егесу объектісіне қатысты бағалаулар мен пікірлерінің одан әрі сәйкес келмейтін бұдан бұрын жанжалдасқан тараптарға қатысты қауыртылықпен сипатталады.

Жанжалдарды шешудің тәжірибесі саясатта жанжалдарды дамыту нысаны мен оларды шешу нұсқалары мейлінше көп ретте субъективті факторларға байланысты болады. Саяси ерік-жігер жанжалдың қарулы күреске өршуін болдырмауға, оныңәлеуметтік қауыртылығы мен шашпандығын төмендетуге, келісім мен мәмілеге келу негізінде оны бәсеңдету жолдарын табуға қабілетті болады.



2.Саяси сананың мәні.

Саяси сана деп өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды тусініп-сезінетін, адамдардың бүя саладагы іс-әрекеттеріне бағыт-багдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарас-тар жиынтығын айтады. Ол мемлекеттің, коғамның саяси жүйесінің пайда болуымен бірге дүниеге келеді. Әлеуметтік, ұлттық мүдцелерді, мемлекет алдындағы мақсатты жүзеге асы-румен байланысты болса, қоғамдық сана саяси мағынаға ие бо-лады. Саяси сананың негізгі мәселесі — мемлекеттік билік, оның қызметі. Мұнда топтардың, таптардың, партиялардың экономи-калықмүдделері мен мақсаттары, өкімет билігі үшін күресі және оны сақтап қалу міндеттері, бұл жолдағы әрекет, амал, ұмты-лыстары өз көріністерін тауып жатады.

Саяси сана әр түрлі қызметтерді атқарады. Олардың ішінде негізгілері мыналар:

  1. қоғамдық сананың саяси ғылым, саяси теория сияқты құрамдас бөліктері аркылы саяси шындықты бейнелеу;

  2. тұжырымдамалық түрде субъектінің мақсат-мүдделерін білдіру арқылы оның саясат әлеміндегі іс-әрекеттеріне бағдар беру. Бұл қызметті іс жүзінде идеология атқарады;

  3. саяси психологияның әр түрлі көріністері арқылы көңіл-күйді білдіру. Өйткені, әлбетте, адамдарды іс-әрекетке итермелейтін психологиялық себептер.

Саяси сана қарапайым саяси сана және теориялықсаяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады.

Қарапайым (күнделікті тұрмыстық) саяси сана қалыптасьш жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғұрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананың томенгі сатысына жа-тады.

Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анық-тап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық тұрғы-дан жинақтап бейнелейді. Сондықтан ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді.

Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір-біріне ықпал етеді. Ол қарапайым саяси сананы өндеп, мәдени өзгертіп отырады.

Теориялық саяси сана қарапайым саяси сана сияқты стихи-ялық түрде тумайды. Оны арнайы дайындығы, жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар ойлап шығарады.

Саяси психологияға саяси өмір жағдайының ортақтығы негізінде адамдар ұжымдарында, әлеуметтік топтар, таптарда, жеке адамдарда туындайтын сезімдердің, көңіл-күйдің, әдет-ғұрыптардың, мінездің ерекше белгілерінің жиынтығы жатады. Ол қарапайым саяси сана сияқты саяси өмірдің тікелей тәжірибесінен туады. Бірақ қарапайым саяси санада емірді та-нып-білуіне, хабардарлығына көңіл бөлінсе, мұнда сол жағдай-ларда адамның қатынасуына, өмірді бағалауына баса назар ауда-рылады. Қандай болсын саяси идея адамдардың белгілі бір сезімін тудырып, көңіл-күйіне әсер етпей қоймайды. Мұның бәрі саяси психологияға жатады. Қарапайым саяси сана мен саяси психология бір деңгейде. Сондықтан олар бір-біріне әсер етіп, байланысып, жымдасып жатады.

Саяси психология, жоғарыда көрсетілгендей, әр тұрлі іс-әре-кеттерге соған сәйкес сезімін оятып, қоғамдық қозғалыстарда маңызды рол атқарады. Сондықтан саяси бағытты жоспарлап, оны жүзеге асырарда халықтың саяси психологиясын ескерудің маңызы зор. Ол үшін адамдардың коңіл-күйін зерттеп, олар-дың қандай саяси әрекетке қалай жауап берерін болжай білген жөн. Себебі, бұл саладағы қателік қоғамда дау-дамай, шиеленістер, адамдар, ұлттар арасында қырғиқабақтық, тіпті егес тудыруы мүмкін. Мәселен, Гитлер екінші дүниежүзілік соғыс-ты ашарда неміс халқының санасына басқа халықтармен салыс-тырғанда олардың ерекшелігін, артықшылығын сіңіргісі келді. Кебі оған сенді де, соңына ерді де. Бұл халықтың психология-лық ерекшеліктерін қалай пайдалана білгенін байқатады.
3.Саяси мәдениет ұғымы.

"Саяси мәдениет" терминін тұңғыш рет ғылыми айналымға мәдениет пен саясаттың әзара әрекеті проблемасын (XVIII ғасырдың соңы) зерделеген неміс ағартушысы И. Гердер енгізді, ал саясат ғылымындағы саяси мәдениет теориясын XX таптрдың орта шенінде ғана — Алмонд, С.Верба, М.Дювержежәне басқалары ресімдей бастады.

Саяси мәдениет — бұл адамдардың бұдан бұрынғы ұрпақтары тәжірибесін жүзеге асыратын, саяси процесс субъектілерінің тікелей қызметіңде көрінетін, тұтастай алғанда олардың осы процеске, оның негізгі элементтеріне қатынасын белгілейтін және соларқылы қоғамның саяси өмірін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін нұсқауларының, бағдарларының және мінез-құлық үлгілерінің тарихи қалыптасқан, біршама тұрақты жүйесі.

Саяси мәдеииет көрінісінің негізгі мән-жайлары:

а) адам мен қоғамның саяси идеяларды, көзқарастарды, тұжырымдамаларды игеру деңгейі;

б)өткендегі және қазіргі саяси ойлау қажеттілігінің дәрежесі;

в)саяси құбылыстарды бағалаудың құзыреттілігі.

Саяси мәдениет өзінің, иеленушілерімен — әртүрлі әлеуметтік ортақтығымен бірге дамиды.

Саяси мәдениетте адамдардың (ұлттардың, таптардың, партиялардың, әралуан жіктердің, топтар мен жеке-дара адамдардың) өздерінің (түбегейлі мүдделері жөніндегі мемлекетке, саяси билік режиміне қатынасы айқындалады. Бұл тұрғысында саяси мәдениет саясат саласындағы, мәдениет, саяси өмір мен қызметтің белгілі бір жүйелі сапасы және тәсілі, саяси идеялардың, сенімдердің, нормалардың, институттардың және т.с.с. бірлігі мен өзара байланысында дамуын әрі сабақтастығын қамтамасыз ету нысаны ретінде түсіндіріледі.

Осы заманғы батыс саясаттануында саяси мәдениетті белгілі бір саяси жүйеге қатысушылардың жеке дара нұсқауларының әрі бағдарларының жиынтығы деп ұғынады, яғни әңгіме саяси іс-қимылдардың негізінде жатқан субъективтік сала туралы болып отыр. Жеке-дара бағдарлар өзіне бірнеше элементтерді біріктіреді:

а) саяси жүйе, оның рөлдері, осы рөлдерді иеленушілер мен оның қызмет атқаруы туралы білімдерді қамтитын танымдық бағдарды;

б) саяси жүйеге, оның міндеттеріне, оған қатысушыларға және олардың қызметіне қатысты сезімді бейнелейтін әсерлік бағдарды;

в) саяси жүйеге, оған қатысушыларға және олардың іс-қимылдарына тікелей қатысын білдіретін бағалау бағдарын біріктіреді.

Саяси мәдениет құрылымдық буын болып табылады. Оның құрылымы мынадай элементтерге бөлінеді:

а) саяси білімдердің, көзқарастардың жиынтығы (ақпараттық мән-жайы);

б) саяси сенімдер, мұраттар (бағалау мән-жайы);

в) саяси іс-қимылдар, актілер, қоғамдық саяси оқиғаларға қатысу (тәртіптік-іс-тәжірибелік мән-жайы);

г) саяси нормалар, дәстүрлер;

д) мемлекет пен қоғамның саяси институттары.

Қоғамның дамуы үшін, әсіресе құқықтық мемлекет құратын қоғамдар (атап айтқанда, Қазақстан) үшін оның мәдени құқығының зор маңызы бар. Құқықтық мәдениетті қоғамнның жиынтық құқықтық тәжірибесі, адамдардың құқықтық сана-сезімінің сипаты олардың құқықтық әлуетін пайдалану шеберлігі мен тәсілдері, құқықтық институттарының бүкіл жүйесі қызметінің сапасы және қоғамдық өмірге әсері деп ұғынады.

Саяси мәдениетке мынадай негізгі құрамдас бөліктер жатады:

а) құқықтық ойлаудың белгілі бір дәрежесі;

б) адамдардың заңдарды білуінің тиісті деңгейі;

в) құқық нормаларын, олардың беделін құрметтеудің жоғары деңгейі;

г) заң шығару және құқықтарды тапсыру процестерінің сапалық жай-күйі;

д) құқықтық қызметтің айрықша тәсілдері (құқық қорғау органдарының жұмысы, конституциялық бақылау және т.т.);

е) адамдар жасаған рухани және материяландырылған түрдегі құқықтық қызметтің нәтижелері (заңдар, заңнамалар жүйелері, сот тәжірибесі және басқалары).

Саяси мәдениет қоғамдық құбылыс ретінде қоғамда нақты міндеттер атқарады. Саяси мәдениеттің негізгі міндеттері:

а) танымдық міндеті - саяси білімдерді меңгеру негізінде саяси көзқарастар мен сенімдерді қалыптастыру;

б) ұқсастыру міндеті — жеке-дара адамның саяси мәртебесін анықтау, белгілі бір қауымның қатысуы мен мүдделерін білдірудің тиімді тәсілдерін жасау;

в) нормативтік-құндылық міндеті - қоғамда қажетті жалпы жұрт таныған саяси құндылықтарды, нұсқаулар мен нормаларды баянды ету;

г) ықпалдастық міндеті - қоғам таңдап алған саяси құрылыстың кеңінен мәлім әрі тұрақты әлеуметтік базасын қамтамасыз ету;

д) байланыс жасау міндеті — жалпы саяси мүдделер мен мақсаттардың үйлесуі негізінде биліктің барлық субъектілері мен институттарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

Саяси мәдениеттің жіктелуі

Саяси мәдениетті жіктеудің негізінде мейлінше әралуан өлшемдер болады:

Өлшемдер ретінде мыналарды ұсынады:

а) саяси жүйелердің ерекшелігін;

б) екіншілері — елдер мен аймақтарды;

в) үшіншілері - жаңалықтар үшін саяси мәдениеттің ашық немесе жабық болуын;

г) төртіншілері — идеологиялық айырмашьшықтарды және т.т. ұсынады.

Е.Вятр идеологиялық айырмашылықтарға негізделген саяси мәдениеттердің жіктелуін ұсынды. Ол дәстүрлі саяси мәдениетті, қоғамдық топтар демократиясының саяси мәдениетін, социалистік саяси мәдниетті қарастырад:

Дәстүрлі саяси мәдениеттің түрі принципінде құл иеленушілік және феодалдық құрылысқа сай келеді және үш түрде көрінеді:

а) дәстүрлі тайпалық саяси мәдениет;

б) дәстүрлі теократиялық саяси мәдениет;

в) дәстүрлі озбырлық саяси мәдениет.

Дәстүрлі саяси мәдениетпен қатар, буржуазияға дейінгі дәуір қоғамдық топтар демократиясының саяси мәдниеті секілді саяси мәдениет түрін бөліп көрсетеді, оның кезінде халықтың едәуір бөлігі саяси процестерге қатысудан толық шеттетіледі.

Тарихта бұл саяси мәдениеттің екі түрі болды: кейбір грек халқының, республикалық Римнің және ортағасырлық Италия қалаларының патрихиалдық мәдениеті, сондай-ақ дворяндық саяси мәдениет болды.

Буржуазиялық қоғам саяси мәдениеттің екі түрін: демократиялық және автократиялық мәдениет түрін біледі.

Бірінші түрі, өз кезегінде, кертартпа-либералдық және либералдық-демократиялык екі түрде болады.

Саяси мәдениеттің автократиялық түрі демократиялық түрді өзінше теріске шығару болып табылады және екі түрде авторитарлық әрі тоталитарлық мәдениет түрінде көрінеді.

Социалистік саяси мәдениет жұмысшы табының идеологиясы ретінде марксизмнің пайда болуына байланысты еді, ол іс жүзінде тоталитарлық саяси жүйенің көрінісіне айналды, саяси процестің субъектілері ретінде бұқараның бастамасын төркі етті.

Саяси мәдениеттердің қоғамда билік жүргізу сипатымен байланысына негізделген оның саяси жүйесеін келесі жікке бөлу демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық саяси мәдениет.

Демократиялық саяси мәдениет үшін шынайы демократиялық құндылықтар мен мұраттарға, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамға, саясатқа еркін қатысуға, қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы пікір алуандығына, адам құқықтарының басымдығына және т.с.с. бағдарлану сипатты болады.

Авторитарлық саяси мәдениет үшін мынадай басымдықтар: мемлекеттің айқындаушы рөлі, қоғамда бір саяси партияның болуы сипатты келеді, мемлекеттің мүдделері жеке адамның, әлеуметтік топтардың мүдделерінен үстем болады... "Бірыңғай идеология", "саяси тәртіп", "саяси бірлік" құндылықтар ретінде таңылады.

Тоталитарлық саяси мәдениет адамның санасына мінез-құлықтың қатаң идеологияландырылған таптаурын қағидаларын, азаматтардың саясатқа қатысуының мемлекет бағыттауындағы және бақылауындағы нысандарын мойындау мен саяси шынайылық деп дәлелдеуге ұмтылады. Ол үшін көпшіліктің саяси селқостығы мен әлеуметтік үрейге, оңды өзгерістер мүмкіндігіне сенбеушілікке негізделген пайдакүнемдік ырықшылдық сипатты болады.

60-жылдардың орта шенінде Г.Алмонд ден С.Верба әртүрлі елдердің (Англияның, Италияның, АҚШ-тың, Мексиканың) саяси жүйелерін зерттеу негізінде саяси мәдениетті үш "таза" түрге бөлді.

а) патриархалдық түр — тоталитарлық және авторитарлық саяси режимдер үстем болатын артта қалған елдерде пайда болады. Саяси мәдениеттің патриархалдық түрі үшін саяси,білімдердің, мамандандырылған саяси рөлдердің болмауы, бұқараның көпшілігінің сауатсыз болуы сипатты кедеді;

б) бостандық түрі — белгілі бір саяси білім сипатты болады, адамдардың қазіргі мамандандырылған институттары туралы түсінігі болады, оларға қатысты сезімдерін білдіреді, оларды бағалайды және бұлар жөнінде мінез-құлық нысандарын орнықтырады, алайда осылардың бәрін енжар білдіреді, яғни саясат пен қоғамдық өміріге аздап араласуы айқын аңғарылады;

в) партиципаторлық, азаматтық (белсенді) түрі — саяси институттардың, қоғамдық саясаттың бағыты мен мазмұнының заңдылығына келісумен, мүдделер әралуандығына төзімділігімен сипатталады. Саяси мәдениеттің азаматтық түрі үшін қоғамдағы саяси рөлдердің айқын шектелуі, азаматтардың үш негізгі принципіне — жеке адамның бостандығына, бұқараның әл-ауқаты мен елдің қауіпсіздігіне жаппай мүдделілік тән болады.

Саяси мәдениеттің батыстық және шығыстық түрлері

Саясат саласындағы Батыс пен Шығыс адамдарының құндылықтарға бағдарлануының елеулі айырмашылықтары негізінде қоғамдардың тіршілік қызметінің нысандары, діни дүниетанымының ерекшеліктері, өмірдің мәні, адамның мақсат-мүддесі туралы философиялық түсініктер бар.

Батыс пен Шығыс саяси мәдениеті үлгілерінің аса сипатты айырмашылықтары:

а) батыстық тұр үшін саяси процестерге азаматтардың саясатқа қатысуының көбінде "партиципаторлық" үлгісі, шығыстық тұр үшін — көбінде "бостандық-партиципаторлық" саяси мәдениет сипатты болады;

б) батыстық саяси мәдениетте саясаттың негізгі элементі ретінде жеке-дара адамдар, әртүрлі саяси бірлестіктер, ал шығыстық саяси мәдениетте тиісінше — рулық, этникалық, отбасылық қауым болады;

в) батыстық түрдегі саяси мәдениетте саяси бірегей, құбылыстар жаңғыртушылық пен дәстүрлер диалектикасы арқылы дамыды, саяси мәдениеттің шығыстық үлгісі дәстүрлердің негізгі атқаратын рөліне бағдарланған;

г) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара қатынастары тұрғысынан батыстық саяси мәдениетте олардың арасында белгілі бір "келісім" байқалады, өйткені батыс қоғамыңда аса көп орташа тап пен тұрмысының материалдық деңгейі жоғары болады. Саяси мәдениеттің шығыстық үлгісі мемлекеттің азаматтық қоғамды қалыптастыру процесінен басымдығын көрсетеді, онда бекзаттар мен бұқара арасындағы айтарлықтай "алшақтық" орын алған. Ал егер азаматтық қоғамды батыстық саяси мәдениеттің сипатты белгісі ретінде қарастыратын болсақ, онда Шығыста ол өзіндік дәстүрлік белгілерге ие бола отырып, енді ғана құрыла бастады.

Осы заманғы саяси тәжірибе саяси мәдениетгің батыстық және шығыстық үлгілері құндылықтарының жинақтау үрдісін дәлелдейді (Жапония, Гонконг-Қытай, Қазақстан-Ресей). Олардың саяси мәдениеттерінде құндылық бағдарларын, мінез-құлық стильдерін, азаматтардың саяси қатысу нысандарын, тәсілдерін жинақтау жүріп жатыр.

Адамдар туғанынан саяси сауатты, саяси өмірге бейімделія тумайды. Олар біртіндеп, өмір бойы саяси білімін кеңейтеді де толықтырады. Саяси мәдениеттің үлгілері бір дәуірден екінші дәуірге мұра ретінде кдлып, соңғы үрпақ алдыңғы ұрпақтың үлгі-онегесінен үйреніп отырады. Мүндай процесті ғылым тілінде саяси әлеуметтену дейді.

"Әлеуметтену" деген ұғымды XIX ғ. аяғында Америка әлеу-меттанушысы Ф. Гидденс және француз әлеуметтанушысы және психологі Г. Тар ғылыми айналымға енгізді. Олар әлеу-меттену деп түлғаның әлеуметтік ортаға байланысты қалыпта-суын айтты. XX ғасырдың 50-60 жылдарыңда осы ұғым негізінде Америка әлеуметтанушылары және саясаттанушылары "саяси әлеуметтену" деген ұғымда ойлап шығарды. Г. Алмонд, С. Верба, Д. Истон еңбектеріңде бұл ұғым кеңінен пайдаланылды. Олар бұл ұғымға жеке адамдардың осы қоғамдағы саяси құндылық-тарды, қалыптарды, ережелерді ез бойларына сіңіріп, іс-әрекетінде басшылыққа алуын жатқызды.

Ресей саясаттанушысы Е. Б. Шестопал саяси өлеуметтену деп тұлғаның саяси санасы мен іс-әрекетініңқалыптасу, саяси рөлдерді қабылдау және орындау, саяси белсенділік таныту процесінің барлық жиынтығын айтады.

Саяси әлеуметтену мәселесі XX ғасырдың 50-жылдары кеңінен көтерілді. Оған себеп болған Батыс саяси жүйесінің дәстүрлі институттарының дағдарысқа түсуі еді. Бұл кезде сы-байластық жемқорлық көбейді, нәсілдік кемсітушілік әлі жо-йыла қоймаған, саяси билік адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырмады. Сондықтан билік институттарына сенімсіздік көбейді, саяси абсинтеизм (саясатқа селқос қарау), билікке жаппай қарсы шығу және т.б. көбейді. XX ғасырдың 70— 80-жылдарында Батыс елдерін негрлер, соғысқа қарсы, экологиялық, феминистік қозғалыстар дүр сілкіндірді. Бұрынғы дәстүрлі материалдық кұндылықтарды (жеке табыс, байлыққа тырысу) қарсы шыққан субмөдениет пайда болды. Мысалға XX ғ. 60-жылдары дамыған хиппилер қозғалысын алайық. Оған ірі саясаткерлердің, бизнесмен, заңгерлер сияқты ауқатты отбасы-ларының балалары қатысты. Олар жеке адамның өзін-өзі то-лық көрсетуіне жағдай жасалмағандығы, адамдар арасында теңсіздіктің, алалаушылықтар бар екендігіне сол кездегі қоғам-дық тәртіпті кіналады. Сондықтан қоғамдағы әлеуметтік тәртіпке қарсы шықты. Мысалы, дәстүрлі мәдениетте адам өзін-өзі ұстауы, шектеуі керек, бүтін, таза киінуі, сақал-шашын алуы, мәдениетгі сейлеуі, нашақорлықпен айналыспауы керек болса, олар, керісінше, шаштарын жалбыратып өсіріп жіберді, жыр-тық-тесік киім киді, өз диалектілерінде сөйледі, нашакррлық-пен айналысты және т.б. қоғамда үстемдік еткен адамгершілік қалыптарына қарсы шықты. Мұның бәрі америка қоғамын қат-ты толғантты. Ғалымдар бұл құбылыстың себептері мен сырын ашу үшін зерттеулер жүргізді. Сөйтіп саяси әлеуметтену мәселесі бұл кезде кұн тәртібіне қатты қойыдды.



Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге ба-ғытталады:

  • қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және сая-си сананың негізгі элементтерін жеткізу;

  • қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау;

  • саяси мәдениеттің элементтерін өзгерту.

Адамның саяси әлеуметтенуі үздіксіз омір бойы жалғасады. Әлеуметтік-саяси тәжірибе жинақтауына қарай оның саяси белсенділігінің түрі әрқашан өзгеріп немесе бекіп отырады.

Сонымен саяси әлеуметтену деп адамның саяси ілімдерді, ережелерді, құндылықтарды бойына сіңіріп, оларды өзінің ру-хани ішкі дүниесіне айналдырып, сол арқылы өзінің саяси са-насы мен мәдениетін қалыптастыру, саяси іс-әрекетке дайын-далу процесін айтады. Саяси әлеуметтену барысында адам қоғамныңтолыққаңды мүшесі боларлықсаяси ережелерді, салт-дәстүрлерді, білімді меңгереді.

Саяси әлеуметтенудің институттары, кезеңдері мен қызметтері. Саяси әлеуметтену саяси тәжірибені ашық және қосалқы түрінде жүргізуі мүмкін. Ашық түріне мәліметтерді, сезімді, құндылықтарды тікелей беру жатады. Мысалы, қоғамдық пәндерді оқыту арқылы жастарды оқытып үйрету. Қосалқы түрінде саяси емес ережелерді саяси қатынастарға телу жата-ды. Мысалы, балалардың саяси билікке қатынасы жас кезінен (демократиялық тәсілмен, қатаң жазалау арқылы мәселені шешу әдісімен немесе саясатқа селқос қараушылық) қалыптасуы мүмкін. Саяси әлеуметтену институттарына мыналар жатады: жанұя, білім жүйесі, ақпарат құралдары, мемлекет, партия, діни ұйым-дар және жеке саяси оқиғалар.

Саяси әлеуметтену ең алғаш отбасынан басталады. Америка ғалымдары Д. Истон мен Дж. Деннис 12 мың америка бала-ларын сұрақ-жауап арқылы зерттеген. Соның нәтижесінде олар-дың саяси өлеуметтенуінің 4 кезеңін көрсетеді: 1) саясаттану, яғни балдырғанның ата-ана билігінен де жоғары саяси билік барын ұғынуы; 2) жекелеу. Мұнда бала саяси билікті президент, полицейский тұлғасы арқылы жекелеп сезінуі; 3) дәріптеу, яғни саяси қайраткерлерге тек жақсы қасиеттерді таңу; 4) институ-ционалдандыру, саяси билікті жеке тұлғалар арқылы емес, иесіз институттар арқылы (партия, сот, парламент, әскер және т.б.) қабылдау.

Сонымен, адам жас кезінен әлеуметтене бастайды. Бала биліктің не екенін түсінеді. Үйде ол өкесі немесе шешесі, бала бақшада тәрбиеші, мектепте мұғалім арқылы әлеуметтенеді. Ол дау-жанжалдың қалай шешілетінін байқайды, бағыну немесе бағынбауға үйренеді.

Қазақтар "ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің" деп тегін айтпаған, үйде қалыптасқан кезқарас көбіне өмір бойына жа-дында қалады.

Саяси әлеуметтенудің келесі сатысы — мектеп. Бұл кезде жалпыға бірдей негізгі саяси қазыналар мен көзқарастарды оқушылар оқып біледі, алғашқы әлеуметтік тәжірибелер ала-ды. Жастар ұйымдарына қатыса бастайды. Д. Истон мен Дж. Деннис зерттеген 12000оқушының95%-ы "Америка - әлемдегі ең тандаулы ел", "Америка жалауы — дүниедегі ең жақсы жалау" деген тұжырымдаманы мақұлдаған. Өйткені мұғалімдердің 99%-ы оқушыларға күнде америка жалауын көрсетсе, 91%-ы ол туға берілгендігін дәлелдеуді талап етіпті, 60%-ы "Тамаша Америка" деген отансүйгіш әнді орындатып отырған.

Саяси әлеуметтенудің келесі кезеңі 16—40 жастар аралығы. 16 жастан адам сайлауға қатыса бастайды, азамат атанады, іс-әрекетіне толық жауап береді. Кебісі жоғары оқу орнына түсіп, терең саяси білім алады. Саяси партияларға мүше болулары да мүмкін. Жастардың әлеуметтік мәртебесі өзгереді.

Саяси әлеуметтенудің келесі кезеңі 40—60 жастардағы ара-лық. Бұл — адамның есейген шағы. Адамдардың саяси іс-әрекетіне өмір тәжірибесі, балалары мен немерелері, тұрақты көзқарастары әсер етеді.

Ең соңында зейнеткерлердің саяси әлеуметтенуі. Олардың кейбіреулері қолдары босаған соң саяси мәселелермен белсеңді айналыса бастайды. Қайсы бірі қоғамдық емірге аз да болса қатысқанына риза болады, көңіліне медет табады.

Саяси әлеуметтену институттарына, жоғарьща атап көрсетіл-геңдей, отбасы, білім жүйесі, сонымен қатар мемлекет, партия, діни ұйымдар жатады. Кейде оған жеке саяси оқиғалар да қат-ты өсер етуі мүмкін. Мысалы, 1986 ж. Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының саяси санасына сілкініс жасап, көп нәрсеге көздерін ашып тастады.

Саяси әлеуметтенуге ақпарат құралдары кеп ықпал жасай-ды. Баспасез, радио, теледидар, кино адамға тікелей ықпал етеді және саяси құндылықтарға деген қатынасын қалыптастырады, бір идеадды негіздеп, қорғап, екіншісіне тойтарыс береді, адам-заттың ғасырлар бойы қалыптастырған қазыналары, алдыңғы ұрпақтың саяси тәжірибесін соңғы ұрпаққа жеткізіп, саяси тұлғаны тәрбиелейді.

Саяси әлеуметтенудің типтері. Адамдардың саясатқа араласуы мен оған етер әсері әр түрлі келеді. Сондықтан ғалымдар саяси әлеуметтенуді мынадай тип-терге беледі: үйлесімді, гегемонистік, плюралистік, дау-жанжал-дық.

Саяси әлеуметтенудің үйлесімді түрі адам мен билік инсти-туттарының арасында адам сияқты қолайлы психологиялык қатынастар қалыптасқанда пайда болады. Мұнда кұқықтық тәртіп орындарына, мемлекетке, өзінің азаматтық міңдеттеріне құрметпен қарайды. Жеке адам мен билік органдары арасында сыйластық, туындаған саяси мәселелерді езара келісім арқылы шешетін жағдай қалыптасады. Бұл үшін әдетте мәдени біртектес орта, дамыған демократиялық дәстүр, азаматтық қоғам болуы керек. Мысалы, мұндайға АҚШ, ¥лыбритания елдерін жаткы-зуға болады.

Саяси әлеуметтенудің гегемонистік түрі езінің саяси және әлеуметтік жүйесінен басқа жүйелерге жат көзбен қарап, оларды жақтырмайды. Мұнда саяси әлеуметтену бір таптық, діннің немесе идеологияның негізінде қалыптасады. Саяси әлеу-меттенудің бұл түрі жабық саяси жүйеге тән. Мысалы, оған бұрынғы КСРО-ны, казіргі Солтүстік Кореяны жатқызуға бо-лады.

Саяси әлеуметтенудің плюралистік түрінде адам басқа азаматтардың, олардың құқығы мен еркіңдігін, теңдігін мойындай-ды, құрметтейді. Мұнда өзінің бұрынғы саяси көзқарасын өзгертіп, басқа саяси құңдылықтарды басшылыққа алуы әбден мүмкін. Оған Еуропа Одағы елдері мысал бола алады.

Саяси әлеуметтенудің дау-жанжалды түрі топаралық күрес, қарама-қайшы мүдделер негізінде қаланады. Мысалы, Ауғанстан елін алсақ, онда пұштындар, өзбектер, тәжіктер және т.б. әрқайыссы өз салт-дәстүрлерін, өз үлтының құндылықтарын жоғары қойып, әртүрлі тайпалардың бастары бірікпеуде. Со-ның негізінде әлсін әлі дау-жанжал туып, ел ішінде кикілжің көбеюде. Саяси әлеуметтенудің типтерін қарастырғаннан кейін біздің қазіргі Қазақстан Республикасының азаматтарының са-яси әлеуметтенуін қай типке жатқызуға болады деген занды сұрақтууы мүмкін. Оның басын ашып айту әзір қиын. Өйткені біз әтпелі кезеңде тұрмыз. Бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегі гегемонистік саяси өлеуметтенудің түрінен бас тарттық. Ал дәстүрлі либералдық құндылықтарды игергеніміз жоқ, олар бойымызға сіңген жоқ. Оған кеше қою да оңай шаруа емес. Себебі көптеген отбасылар жұмыссыздыктың көбеюіне байла-нысты күнделікті күн керістің қамымен жүр. Балаларды саяси әлеуметтендіру тұрсын, жалпыға бірдей оқу орнына беру кейбір отбасына оңайға түспеуде. Бұрынғы жастар ұйымы (октябряттар, пионерлер, комсомол) өз жұмыстарын тоқтатты. Олардың орнын басарлық ұйымдар әлі туа қойған жоқ. Кеппартиялық-тың аты бар да, заты шамалы. Сайлау кезінде болмаса, саяси әлеуметтендірумен жүйелі шұғылданып жатқан олар жоқ. На-рықтық экономика кезінде ақпарат құралдары қаржының тап-шылығынан жарнамаларды жариялауға кебірек кеңіл бөлуде.

Сайып келгенде, казіргі саяси әлеуметтену процесінде 2 түрлі үрдісті байқаймыз. Біріншіден қоғамның демократиялануы, халықтың саяси іске араласуына мүмкіндіктің молаюы. Екінші жағынан көпшілік халықтың тұрмысы төмендеп, жүмыссыздық кебейіп, саясатқа селқос қараушылықтың өрістеуі.
Қазақстан саяси мәдениеттінің ерекшеліктері

Қазақстан қоғамының саяси мәдениеті адамдардың санасы мен мінез-құлқында қоғамдық болмыстың мейлінше ала-құла, елесті көрінісі болып табылады.

Осы заманғы Қазақстанның саяси мәдениетін саяси мәдениетін қандай түріне жатқызуға болады?

Қазақстанның саяси мәдениетінің өткендегі үлгісі тоталитарлық мәдениет түрінде болды, онда халықтың негізгі бұқарасы билік пен билік жүргізуші институттар жететіне көр-соқырлықпен ерген бодандар рөлін атқарды және осы рөлін өзгертуге ұмтылмады. Қазақстан демократиялық өзгерістер процесіне енгеннен кейін, яғни өтпелі кезеңде, нарықтық экономиканы, қоғамдық өмірді барлық жағынан, демократияландыруды жариялаған кезде саяси мәдениеттің тоталитарлық үлгісінен демократиялық үлгісіне таралуын күтуге тура келді. Бірақ бұл күту сәтті болмады, мұның өзін нағыз саяси шындық дәлелдеп берді. Қазақстан саясаткерлері әділ атап көрсеткеніндей, Қазақстан демократия мұраттарына өзінің бейіл екенін мәлімдей тұрса да, шынайы демократия біздің мемлекетіміздің өтпелі кезеңінің алыстағы мақсаты болып табылады.

Егемендік алып, құрылымдық өзгерістерді жүргізе отырып, Қазақстан қоғамы жуықтағы өткен кеңестік кезең дәстүрлерінің ауыртпалығынан қазірге дейін құтыла қойған жоқ. Мәселен, саяси сана-сезім саласында дәстүршілдік күшті болып қалып отыр, ол саясат мәселелеріне бейілсіздіктен, билікке табынушылықтан, әсіре төзімділігінен және ырықшылдығынан, әлеуметтік даму мешеулігінен көрінеді.

Қазақстан қоғамының саяси медениетінде патриархалдану үрдісінің күшеюі байқалып отыр, және де мұның өзі Қазақстанға ғана сипатты болып отырған жоқ. "Халық саясаттан сарсылып болды" деген тезис қарапайым адамдардың жеке тұрмысқа бет алуы туралы сұраққа жақсы жауап болып табылады. Саясаттан шеккен запылық адамдардың әлеуметтік-саяси белсенділігі нәтижелерінен өздерінің материалдық әл-ауқатын жаксарту жөніндегі үміттері мен күткендерінің ақталмағандығының салдары болды. Жаңа жағдайларда (экономикадағы, әлеуметтік саладағы, саясаттағы реформалар) қазақстандықтардың негізгі бұқарасы бұрынғыға қарағанда нашар өмір сүруде, олар жарияланған реформалардан игілік ала алмады, халық саясаттан сырт айналып кетті.

Қазақстан қоғамының саяси мәдениетіне мынадай белгілер тән болады:

а) ұжымдық немесе қауымдық ақлиқаттың нормаларына бағдарлану;

б) саяси және өзге мәселелерде идеологияланушылық (бәрінен де бұл еткеннің салдары болса керек);

в) билікке саяси адалдық пен бодандық көзқарас;

г) құқықтық көрсоқырлық пен құқықтық сана-сезім деңгейінің жоғары болмауы;

д) саяси ырықшылдыққа бейімділігі (нақты саяси режимнің ыңғайына көну);

е) саяси білімдер мен тәжірибенің жетіспеуі.

Сонымен, Қазақстанның саяси мәдениеті тоталитарлық саяси мәдениет пен авторитарлық мәдениет арасындағы аралық тұр болып табылады.

Қазақстанның қоғамның сапалық жаңа жағдайына жетуі үшін азамат пен мемлекеттің демократиялық үлгідегі құқықтық нормалар мен қатынастардың құндылықтары негізінде саяси мәдениетті қайта өзгертуі қажет.

Біздің қоғамымыздың саяси мәдениетін ең алдымен жеке адамның (керісінше заң жүзінде ғана емес) азаматтық мәртебесін нақты өзгерту, заңды түрде сайланған және соның бекем бақылауында болатын халық өкілдері шешімдер қабылдаған кезде билік өкілеттіктерін беретін билік тетіктерін жасау арқылы демократияландыруға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет