Студенттердің білімін тексеру сұрақтары.
1. Әлеуметтану түсінігінің негізгі анықтамасы.
2. Саясаттың негігі бағыттары мен деңгейлері.
3. Қоғам өміріндегі саяси саланың мәртебесі.
4. Саясаттану пән ретінде :әдіс –тәсілдері мен қызметтері.
Студенттің өзіндік жұмыстарының сұрақтары.
1. Саясаттанудың заңдары мен принциптері, категориялары мен тәсілдері.
2. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы. Макро және микро әлеуметтану.
3. Теориялық және қолданбалы әлеуметтану.
Негізгі әдебиеттер:
1.Биекенов, К.Ү. Әлеуметтану. Ұғымдар мен баламалар : оқулық / К. Ү. Биекенов, М. С. Садырова. - Алматы : "Эверо", 2014. - 400 с.
2.Калиев С. Саяси билік. Астана. 2013ж.
3.Әбсаттаров Р. Саясаттану. Оқу құралы. Алматы. 2013ж.
4.Әбсаттаров Р. М. Дәкенов. Әлеуметтану. Оқулық. Алматы. 2007., 2011ж.
5.Алимов С.В. История правовых и политических учений : учебное пособие / С. В. Алимов. - Алматы : Бастау, 2010. - 296 с
Қосымша әдебиеттер:
1.Әлемдік саясаттану антологиясы: 10 томдық ҚР мәдениет және ақпарат мин.; Ақпарат және мұрағат комитеті. – Алматы: ЖШС «Қазақстан»баспа үйі.-2006. 3-ші том. – 480 бет. «Мәдени мұра»
2.Қарабаев Ш. Әлеуметтану негіздері. Алматы. 2008ж.
3.Смелзер Н. Социология. М., 2000. Гл. 9.
4.Антология мировой политической мысли : Учеб.пособие:В 5т. - М. : Мысль. - 1997
Т.1 : Зарубежная политическая мысль:истоки и эволюция. - 832 с
2 -тақырып.
Әлеуметтанулық ғылымының қалыптасу және даму тарихы. Қазіргі әлеуметтанулық теориялар.
1.Әлеуметтанулық ғылымының қалыптасу және даму тарихы.
Әлеуметтанудың ғылым ретінде қалыптасуын француз философы Огюст Конттың (1798-1857) есімімен байланыстырады, ол ғылыми айналысқа алғаш рет «әлеуметтану» деген терминді енгізді. Конт нақты ғылым мен білімді үгіттеуші болды және әлеуметтанушыларды қоғамды қатаң ғылыми негізінде зерттеуге шақырады. Алайда, бәрі бірдей оған бір ауыздан үн қата алмады. Сондықтан да кейінірек қоғамтануда екі бәсекелестік бағыт қалыптасты, ол: позитивизм және антипозитивизм.
«Конттың 1830 жылдары «Позитивті философияның негізгі курстары» атты еңбегі жарық көрді. Міне, осы еңбегінде негізгі ойлары айтылады. Конт негізін қалаған позитивзмнің (Латын тілінде positivus-жағымды) негізгі мәні мынада, әлеуметтану субъективті пікір мен абстрактілі дәлелсіз философиялыққа салынбауы керек. Ол қоғамды зерттейді, қоғам тірі табиғат сияқты «организм». Табиғат заңдары сияқты, оның дамуын объективті заңдар басқарады. Сондықтан да ол әлеуметтану, биология, анатомия және т.б. жаратылыстану ғылымдары үлгісіндегі нақты ғылымдар жүйесіне кіреді, ол нәтижесін тексеріп білуге болатын дәлелді ғылым. Мұндай «түсіндіруші әлеуметтану», олардың ойынша, қандай да болсын идеология мен жеке адамдардың пікіріне тәуелді болмауы керек.
Антипозитивизм мен «ұғындырушы әлеуметтану» қоғам туралы ғылымда басқаша көзқарас қалыптастырады. Бұл бағыттың негізгі өкілі әлеуметтанушы, философ, және тарихшы М. Вебер (1864-1920) болды. Ол және оның ізбасарлары әлеуметтік өмірді зерттеудің негізі ретінде оны ұғынуды алды және оған субъективті баға берудің мүмкіндігін айтты.
Олар ғылымды унификациялауға қарсы шықты, яғни жаратылыстану ғылымы мен қоғам туралы ғылымды ортақ жүйеге келтіруге болмайды деді. Әлеуметтану ерекше таным теориясын жасап, қолдануы керек. Табиғат құбылыстары объективті, ол адамның санасы мен еркінен тыс өмір сүреді. Оларды ғылыми тәсілдер арқылы дәл өлшеп, оны тәжірибе жүзінде қайталауға болады. Қоғам-адам әрекетінің нәтижесінде мәдениет желісі бойынша оны өзгертіп, және жетілдіріп отырады. Қоғам қайталанбас тұлғалардан тұрады, сондықтан индивидуализациялық тәсілмен шын ықыласпен ұғынуды талап етеді. Сонымен бірге, осы ұғыну арқылы алынған нәтижелерді тәжірибе жүзінде тексеруге болады. Мысалы, суретшінің салған кенептігі суретінің бояуын табиғи-ғылыми тәсіл арқылы, оған физикалық-химиялық талдау жасауға болады. Алайда, бұл тәсіл суретшінің бейнелеген суретінің мәдени мәні мен идеясы туралы ештеңе айта алмайды. Тағы бір мысал, жолаушы және бомбалаушы ұшақ ғылыми көзқарас тұрғысынан құрылымы бірдей, алайда әлеуметтік қызметі әр түрлі. Мұны тек «ұғынушы әлеуметтану» ғана анықтайды. Конт пен Веберден басқа әлеуметтанудың ғылым ретінде қалыптасып дамуына неміс ойшылы К.Маркс (1818-1883), ағылшын философы әрі әлеуметтанушысы Г.Спенсер (1820-1903) және француз әлеуметтанушысы Э.Дюргейм (1859-1917) үлкен үлес қосты. Бұл ойшылдар қоғамтанулық мәселелерге жауап іздеді, ол: қоғам дамуының жолдары қандай; ондағы қатынастарды қалай реттеу керек, адамның әлеуметтік мінез - құлқын не анықтайды және т.б. Олардың әрқайсысының зерттеу тәсілі мен теориялық тұжырымы болды.
Э. Дюргейм әлеуметтік таным жеке индивиттердің мінез-құлқы мен санасына емес, қоғамның әрбір мүшесінен жоғары тұратын әлеуметтік фактіні зерттеуге бағытталуы керек деп түсіндіреді.
Әлеуметтік фактілер – адамдардың біріккен әрекеті мен ұжымдық санасынан қалыптасқан ерекше қоғамдық құбылыс. Бұл қоғамда әрекет ететін моральдық және құқықтық нормалардың белгілі салт-дәстүрлер мен әдеттерге, дінге, ғылымға, ағарту ісіне т.б құндылықтарға қатынасы. Осы әлеуметтік фактілер бір қоғамды екінші қоғамнан ажыратады. Олар индивидтің көпшілік адамдар арасындағы мінез-құлқын айқындайды. К.Маркстің ерекшелігі, оның дүниені танып, білу ғана емес оны өзгертуге үндеуі. Өзгерістің негізгі тәсілі революция-қоғам өміріне күшпен өзгеріс енгізу. Тек бір таптық (пролетариаттық), екінші тапты (бұржуазияны) жоюуы, қоғамдағы қарама-қайшылықты шешеді. Бұған қарама - қарсы Г.Спенсердің қоғамды өзгертуге негізгі идеясы-эволюция. Ол табиғаттың тірі организмдердің мыңдаған жылдар бойына қалыптасқаны сияқты, адамзат қоғамында биологиялық организм сияқты, қоғам жәй формадан күрделі формаға қарай дамитынын айтады. М.Вебердің негізгі ойы-жалпыны қамтитын рационалдық (латын тілінде rationalis- ақыл-парасаттық) идеясы, яғни ақыл парасатқа бағытталып, мақсаттандырылып ұйымдастырылған өмір.
Бұлар:
1. рационалды тиімді шаруашылық;
2. рационалды бюрократия, яғни пісіп-жетілген қоғамды басқару жүйесі;
3. рационалды құқық – адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттейтін нақты және іс-әрекеттегі нормалар мен тәртіптер;
4. рационалды дін, адамдар бойында еңбексүйгіштік, қарапайымдылық, адалдық пен әделеттілік қалыптастырды.
ХХ ғасырда әлеуметтану ғылымы АҚШ-да жемісті дамыды. Егер Еуропада әлеуметтану жеке ғылымдардың ынта жігері арқылы дамыса, америкада басынан жақсы ұйымдастырылып, қаржы бөлініп, университеттік білімнің ажырамас бөліміне айналды. Математика, статистика, модельдеу тәсілдері мен экспериментті кең қолдану әлеуметтануды нақты ғылым ретінде қалыптастырды.
Америка ғалымдарының негізгі күші практикалық мәселелерді шешуге бағытталған, яғни, адамдар мінез - құлқының себептері қандай, әлеуметтік бақылау мен басқаруды қалай жетілдіруге болады, өндірісті адамдардың ынтымақтастық рухын, еңбек өнімділігін арттыруды, халықтың әл-ауқатын көтеруді қалай қамтамасыз ету керек деген секілді мәселелер. Тейлор системасы немесе тейлоризм бағытын американ инженері және зерттеушісі Фредерик Тейлор (1856-1915) қалыптастырды. Өндірісті терең талдай отырып, Тейлор мынадай қорытындыға келді. Өндіріс жеткілікті өнімді емес, себебі жұмысшылар енжарлық танытып, жұмысқа салқын қарайды. Жағдайды түзету үшін зерттеуші алғаш рет еңбекті ғылыми ұйымдастыру мен өндірісті рационалды басқаруды зерттеп енгізді. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру еңбек операцияларын жан-жақты талдауды, артық және ыңғайсыз әрекеттерді жоюды, еңбекке қабылдаудың қолайлы түрін анықтау мен олардың іс-әрекетін автоматтандыру, еңбек уақытын қатаң реттеп, жұмыс пен демалысты үйлестіру т.б. Рационалды басқару өз кезегінде: а) өндірісте қатаң тәртіп және бақылауды; б) мамандарды дұрыс таңдап өз орнына қоюды; в) мамандықты жетілдіру жүйесі мен жұмысшылардың қызмет бабын көтеру; г) өндірісте материялдық ынталандыру принципін еңбек нәтижесі мен басқа да өлшемдерді алға тартып еңбек ақыны диференциалау (әртүрлі дәрежеде қалыптастыру). Өндірісті ұйымдастыру жүйесінде, Тейлордың айтуынша, филонтропияға (грек сөзі phileo-сүю, anthopos-адам, адамгершілік) жол берілмеуі керек. Әр адам өз жетістігіне өзі жауап береді. Еңбек процесі жоғары рационалдандырылып, өнім өндіру жоғары болуы қажет. Кім өнімді аз өндірсе, басқалардан жалақыны төмен алады. Жалақы жұмысшының өндіріске сіңірген жеке үлесіне сай келуі тиіс. XIX ғасырдың соңы мен XX ғ. басындағы Америка әлеуметтануының негізгі бағыттарының бірі бихевиоризм, қалыптасты. «Бихевиоризм» ағылшынның «behavior» - мінез-құлық туралы ғылым деген мағынаны берді. Бұл бағыттың негізін қалаған американ психологы Эдуард Торндаик (1874-1949) пен Джордж Уотсон (1878-1858) және олардың шәкірттері шын мәнінде адамның «мінез-құлық технологиясын» жасауға ұмтылды.
Мұнда мінез-құлықты «Стимул-реакция» қарапайым формуласы арқылы анықтады. Стимул – адамдарды әрекет етуге итермелейтін әсер, ал реакция – оған қарсы әрекет. Мысалы, жаңбырдың басталуы (стимул), қолшатырды қолдануымыз (реакция). Бірқатар «мінез-құлық схемалары» адамға туа біткен (дем алу, тамақ ішу, жөтелу т.б.), ал басқа реакцияларды тыңғылықты үйрету арқылы автоматтандырып, адам мінез-құлқын реттеп, қоғамда үйлесімділік орнатуға болады деп тұжырымдайды.
Ғалым есімі
|
Туған елі
|
Негізгі идеялары
|
Огюст Конт (1798-1857)
|
Франция
|
Әлеуметтану мен позитивизмнің негізін қалаушы, оның ойынша әлеуметтану дәл ғылым болуы керек
|
Карл Маркс (1818-1883)
|
Германия
|
Ғалымдар дүниені түсіндірумен шектелді, негізінде оны өзгерту керек – революция жолымен
|
Герберт Спенсер (1820-1903)
|
Англия
|
Қоғамның даму жолы – эволюция
|
Эмиль Дюргейм (1858-1917)
|
Франция
|
Әлеуметтанудың міндеті - әлеуметтік фактілерді қатаң және объективті зерттеу
|
Марс Вебер (1864-1920)
|
Германия
|
Ұғынушы әлеуметтанудың негізін қалаушы, тұтастай рационалдылық идеясының жақтаушысы
|
Студенттердің білімін тексеру сұрақтары.
1.Әлеуметтік статика және динамика теориясының мағынасы.
2.М.Вебердің «Түсіну әлеуметтануы» қарастырыңыз.
Студенттердің өзіндік жұмыстарының сұрақтары.
1.О.Конт әлеуметтану пәнінің негізін қалаушы ретінде.
2. Э.Дюркгеймнің анаомия теориясының мәні мен қолданылуы.
Негізгі әдебиеттер:
1.Биекенов, К.Ү. Әлеуметтану. Ұғымдар мен баламалар : оқулық / К. Ү. Биекенов, М. С. Садырова. - Алматы : "Эверо", 2014. - 400 с.
2.Забирова, А.Т. Практикалық әлеуметтану : оқулық / А. Т. Забирова. - Алматы : "Эверо", 2014. - 206 с.
3.Смағамбет, Б.Ж. Шетелдік әлеуметтану тарихы : "Әлеуметтану" маман. студ. арналған оқулық /
Б. Ж. Смағамбет. - Алматы : "Эверо", 2014. - 376 с.
4.Әбсаттаров Р. М. Дәкенов. Әлеуметтану. Оқулық. Алматы. 2007., 2011ж.
Қосымша әдебиеттер.
1.Әлемдік әлеуметтану антологиясы: 10 томдық ҚР мәдениет және ақпарат мин.; Ақпарат және мұрағат комитеті. – Алматы: ЖШС «Қазақстан»баспа үйі.-2006. 3-ші том. – 480 бет. «Мәдени мұра»
3.Қарабаев Ш. Әлеуметтану негіздері. Алматы. 2008ж.
4.Смелзер Н. Социология. М., 2000. Гл. 9.
3- тақырып.
Әлеуметтанулық зерттеулер әдіснамасы. Әлеуметтік ақпараттарды жинау әдістері.
1. Әлеуметтік зерттеулер ұғымы және оның қолданылуы.
2.Әлеуметтанулық зерттеудегі іріктеу
1. Әлеуметтік зерттеулер ұғымы және оның қолданылуы.
Әлеуметтік зерттеулер дегеніміз - бұл қысқаша алғанда белгілі бір қоғамдағы халықтың әлеуметтік көңіл күйін, пікірін зерттейтін әдіс түрі. Әлеуметтанулық зерттеулердің басты объектісі бұл қоғамдық пікір жан жақтылығы мен әлеуметтік деректер. Сондықтан да әлеуметтік зерттеулер нәтижелері қоғамдық дамуды анықтаушы өлшем ретінде қабылдана отырып, мемлекеттік бағдарламаларды қабылдауда, жоспарлауда басшылыққа алынады. Тек мұндағы басты мақсат, ол әлеуметтік деректердің шынайылығына қол жеткізу. Өйткені, әлеуметтік деректер эмпирикалық сипатқа ие. Эмпирикалық деректер дегеніміз бұл ақпараттардың зерттеу өлшемі ретінде нақты тәжірбие жүргізу арқылы алынуын білдіреді. Мысалы, «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қорының қаржылық қоры статистикалық мәлімет ретінде 1 млрд. теңгені құрауы мүмкін, ал эмпирикалық мәлімет дегеніміз сол қаржының нақты кәсіпкерлік жобаларда көрініс табуын, қолданысын білдіреді.
Зерттеуді жүргізу барысында деректерді жинау, топтастыру:
1.Құжаттарды талдау арқылы: әдісі иконографиялық, бейне, жазба, аудио құжатарды контент талдау;
2.Әлеуметтік оқиғалар мен құбылыстарды саралау арқылы: әдісі ивент талдау;
3.Нақты әлеуметтік зерттеу өткізу: әдісі анкеталық сұрау, сұқбаттасу арқылы іске асырылады.
Әлеуметтік зерттеулер бағдарламасы-әлеуметтік объектінің методологиялық және процедуралық негіздерінен құралатын ғылыми құжат. Бағдарламада философияның жалпы теориялық және методологиялық принциптері зерттеудің жалпы әлеуметтану теориялары мен арнайы теориялар ретінде жүзеге асады. Әлеуметтік таным үрдісінің маңызды құрамды бөлімі нақты әлеуметтік зерттеулер болып табылады, яғни нақты теориялық және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін зерттелінуші обьект туралы жаңа білім алуға ықпал етуші теориялық және империкалық процедуралар жүйесі. Нақты әлеуметтік зерттеу (кез келген) басқа ғылыми зерттеу сияқты кез келген ғылыми қызметке тән кейбір элементтерді құрамына алады. Бұл, біріншіден—обьект. Екіншіден, субьект-әлеуметтанушы-зерттеуші немесе әлеуметтанушылар тобы. Үшіншіден, кез келген ғылыми зерттеу сияқты әлеуметтік зерттеу белгілі бір мақсатқөа жету және нақты міндетті шешуге бағытталған. Төртіншіден, құралдар-қазіргі әлеуметтік зерттеулерде ғылыми, техникалық және ұйымдық құралдарқолданылады. Бесіншіден, әлеуметтік зерттеу нәтижесі-зерттеу обьектісі туралы жаңа білім я болмаса белгілі білімді дәлелдеу. Бұдан басқа, зерттеу нәтижесі – іс жүзінде обьект туралы білімді қолдану тәсілі.
Әлеуметтік зерттеу үрдісінің мәнін нақты әрі айқын түсіну үшін жүйе мен методология, әдістеме, әдіс, техника, процедура сияқты әлеуметтік зерттеу үрдісінде жиі қолданылатын ұғымдар мен терминдердің мәнін түсініп алу керек.
Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы-әлеуметтік обьектінің методологиялық, әдістемелік және процедуралық негіздерінен құралатын ғылыми құжат. Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы-бұл эмпирикалық обьект немесе құбылысты зерттеудің нақты теориясы мен методолгиясы бағдарламада іс жүзінде жалпы әлеуметтану теориясындағы, зерттеудің арнайы теорияларының жалпы теориялық және методолгогиялық принциптері жүзеге асырылады.
Әлеуметтік зерттеу бағдарлмасының құрылымы мынадай екі тараудан құралады: әдістемелік және әдістемелік-процедуралық.
Нақты әлеуметтік зерттеудің мақсаты-бұл зерттеудің жалпы бағытталуы, әрекет жобасы, олар түрлі актілер мен операциялардың жүйелі реттелуін және сипатын анықтайды. Әлеуметтік зерттеудің мақсаты зерттеудің бағдарын анықтайды. Олар-теориялық және қолданбалы бағдарлар. Осы бағдарға зерттеу жүргізудің қисындылығы тәуелді болады.
Нақты әлеуметтік зерттеудің бағдарламасының маңызды методологиялық бөлімі зерттеу міндеттерін анықтау болып табылады.
Нақты әлеуметтік зерттеудің міндеті - мәселені талдау мен шешуге бағытталған нақты мақсатты қондырғылардың жиынтығы. Зерттеу міндеті мәселенің талдауына арналған негізгі және негізгі емес талаптарды құрамына алады.
Мәселені реттеп, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтап, әлеуметтанушы өз зерттеу обьектісін таңдайды.
Әлеуметтік зерттеу обьектісі-әлеуметтік зерттеу бағытталатын құбылыс немесе үрдіс.
Мәселені анықтау, әлеуметтік зерттеу обьектісі мен пәнін бөліп көрсетумен қатар гипотезарларды түрлендіру формаластыру зерттеудің процедуралық кезеңі болып табылады. Әлеуметтік зерттеудегі гипотеза-әлеуметтік обьектілер туралы әлеуметтік құбылыстар арасындағы байланыстардың сипаты мен мәні туралы ғылыми болжам.
Эмперикалық зерттеудің аса маңызды ерекшелігі қоғамдық топтар жағдайы, адамдардың қоғамдық, топтық саналарын ескере отырып, әлеуметтік мәселелерге сапалы талдау жасауға мүмкіндік беретін, ақпарат жинаудың өзіне тән әдістер қолданылуынан көрінеді. Эмперикалық әлеуметтік зерттеудің төрт негізгі әдісі көрсетіледі: құжаттарды талдау, бақылау, сауалнама жүргізу және әлеуметтік тәжирибе.
Әлеуметтануда құжат деп ақпарат беру немесе сақтауға арналған, адам арнайы жасаған затты айтады. Ақпаратты реттеу тәсілі бойынша былай бөлінеді: қолжазба және баспа құжаттар, киноға және фотопленкаға, магнит таспаға жазу.
Құжаттарды талдау әдісінің екі тобы бар: дәстүрлі және дәстүрлі емес. Дәстүрлі талдау деп зерттеушінің белгілі бір көзқарасы бойынша құжат құрамындағы мәліметтерді интерпретациялауға бағытталған барлық алуан түрлі ақыл-ой операцияларын айтады. Мұндай әдіс барлық жерде қолданылады, оның мәні қандай да бір зерттеушінің белгілі бір жағдайға қажетті мәліметті алуынан көрінеді.
Әдістің басты кемшіліктері – тенденциалық, субьектевизм. Қолданбалы әлеуметтануда дәстүрлі емес әдіс белсенді түрде қолданылуда. Әдістің мәні тестілік ақпаратты сандық көрсетікшке аударуда, ол құжат мәтінінде оның мазмұнының маңызды жақтарын қажетті түрде көрсететін жеңіл оқылатын белгілерді, қасиеттерді табу арқылы жүзеге асырылады.
Эмперикалық зерттеудің маңызды әдісі-бақылау. Адамдар бақылауға мақсат көзқарастарына қарай, обьект және оның маңыздылығы туралы барлық фактілерді тікелей қабылдайтын және тікелей тіркеп отыратын әлеуметтік ақпараттың маңызды қайнар көзі ретінде қарады. Бақылауға тән қасиеттер: жүйелілік, жоспарлылық және мақсатқа бағытталғандық.
Сауатты жоспарланған таңдауға негізделген сауал жүргізу әдісі біршама сауал қойылған адамдар арқылы әлеуметтік үрдістердің жағдайы мен даму тенденциялары туралы қорытындылауға мүмкіндік береді.
Сауал жүргізу әдісі негізі сауал қойылушыға ұсынылған сауалдардың жиынтығында, оның жауаптары зерттеушіге қажетті ақпаратты береді. Сауал жүргізу әдісінің екі әдісі бар: интервью және анкеталық әдіс.
Интервью-интервьюердің респондентпен тікелей байланыс орнатуды ұсынатын белгілі бір жоспар бойынша жүргізілетін сұхбат, мұнда жауаптарды интервьюер жазып алады немесе пленкаға жазылады.
Сауал жүргізудің екінші әдісі-анкеталық. Анкеталық сауал жүргізуде, сауал қойылушы адам өз жауабын өзі тіркеп отыруы керек. Анкеталық сауал жүргізудің бірнеше түрі бар: пошталық, баспасөздік, телефондық сауал жүргізу, тарату (анкета респонденттерге жеке беріледі).
Анкеталық сауал жүргізу - әлеуметтік сауал жүргізудің бір түрі, оның ерекшелігі- респондент толтыратын анкетаны пайдалану. Интервьюден оның айырмашылығы – респондент анкетаны өзі оқып, жауабын өзі белгілейді. Оның күндізгі (кәдімгі) және сырттай (пошталық) түрі бар. Күндізгі сауал жүргізуде зерттеуші респонденттерге анкета тарата алады, оны толтыру кезінде қатыспай-ақ, кейіннен оны жинап алады. Сауал жүргізудің мұндай түрі тарату тікелей деп аталады.
Анкета деген не? Анкета-сауал қойылушының өз бетімен сауал парағын толтыруы. Анкеталық сауалдар зерттелінуші нақты жағдай қандай екендігі туралы ақпарат алу үшін қолданылады. Респонденттердің ол обьект туралы бағасы, пікірі, көзқарасы пайдаланылады.
Телефон арқылы сауал жүргізу. Әлеуметтік зерттеуде қолданылатын сауал жүргізу әдістерінің бірі телефон арқылы сауал жүргізу тікелей интервьюерлеу мен пошталық және баспасөз сауалдары аралығында аралық орынды иеленеді.
Баспасөз арқылы сауал жүргізу – анкеталық сауал жүргізудің бір түрі. Мұнда анкета газетте, журналда жарияланады. Оның толтырылуы мен зерттеушіге қайтарылуы тек қана мерзімді басылым оқырмандары жиынтығымен шектеледі.
Баспасөз сауалының респонденттері – зерттеушінің кейбір мәселе бойынша өз пікірін білдіруге үн қатушылар. Баспасөз сауалының жетістігі-нақты бір мәселе бойынша тұрғындардың белгілі бір бөлімінің қоғамдық пікірін жедел жинау мүмкіндігі. Әлеуметтік зерттеуде «әлеуметтік эксперимент» деген ұғым бар. Әлеуметтік эксперимент деген не? Әлеуметтік эксперимент басқарылушы және бақылаушы факторлардың әсер етуінен әлеуметтік обьектінің қызметі мен әрекетінің сандық және сапалық өзгерісі туралы ақпарат алу тәсілі. Эксперименттік тәсілдің (тәжірибе) бақылаудан айырмашылығы сонда, мұнда жасанды ғылыми тәжірибе жасалады, зерттелетін құбылыс қолдан ұйымдастырылып, жағдай қадағалауда болады. Айталық, ұзақ экспедициядағы адамдардың мінез-құлқын зерттеу үшін, оңашаланған кеңістікте ұзақ уақыт болуға келіскен өз еркімен жиналған топта эксперимент жасауға болады. Әлеуметтік зерттеу қорытындылары есеп беру кезінде көрсетіледі. Әлеуметтік зерттеу туралы есеп беру-зерттеу нәтижелері жүйелі және көрнекі түрде баяндалатын жазба құжат. Есеп беру құрылымы үш бөлімнен құралады: зерттеу нәтижелері, қорытындылау және жұмыс жоспарынаң құрамды бөлімі- зерттеудің желілік кестесі.
Зерттеу бағдарламасын түзуді практикалық тұрғыда қарастырып көрсек.
Мысал.
Жалпы, әлеуметтік зерттеулерді қоғамның түрлі жүйелерін зерттеуде қолдануға болады. Мысалы, әлеуметтік зерттеулер қоғамның экономикалық қатынас субъектілерінің мінез құлқын зерттеуде яғни тұтынушы мен тауар өндіруші арасындағы байланысты зерттеуде, тауар маркасын жетілдіруге қатысты көзқарастарды анықтауда, нарықты сегменттеуде жиі қолданылады. Сондықтанда жобаның тақырыбын қоғамдық маңызы бар кез келген тақырыпқа құруға және оны студенттің өз таңдауына қалдыруға мүмкіндік берілсе. Бір ескеретін жағдай ол жобаны құру өте күрделі іс болғандықтан студент бұл тапсырманы теориялық тұрғыда орындауына болады.
Мысалы, Әлеуметтік зерттеуді жүргізу бойынша жоба тақырыптары: «Оңтүстік Қазақстан обылысындағы бала құқығының қорғалу деңгейлерін зерттеу», «Алинекс маркалы құрғақ құрылыс қоспаларының нарықтағы өтімділігі», «Банк тауарлары мен қызмет түрлеріне клиенттердің пікірін, ұсынысын анықтау». Студентке жоба түрі нақтырақ, түсінікті болу үшін «Банк тауарлары мен қызмет түрлеріне клиенттердің пікірін, ұсынысын анықтау» тақырыбын таңдап алсақ.
Студент жобаны құру барысында ең алдымен зерттеу бағдарламасын құруы қажет. Зерттеу бағдарламасы бірнеше кезеңдерден тұрады.
Зерттеу объектісін проблемалық тұрғыда негіздеу.
Бұл бөлімде студент өзі таңдап алған зерттеу тақырыбын, зерттеу қажеттіліктерімен, күтілімдермен байланыстыра қарастырып өтуі тиіс. Яғни зерттеу тақырыбының өзектілігі, қоғамдық маңыздылығы жан жақты талқылануы тиіс.
Зерттеу мақсатын айқындау.
Мысалы, біздің жағдайымызда зерттеу мақсаты, ол банк өндіріп, ұсынып отырған тауар неме қызмет түрлерін клиенттерді қатыстыра отырып жетілдіру, жаңа ұсыныстар жасау.
Зерттеу міндеттерін айқындау.
Зерттеуді ұтымды ұйымдастыру;
Шынайы әлеуметтік ақпараттарға қол жеткізу;
Нақты нәтижелерге қол жеткізу;
Зерттеу қортытындысы бойынша ұсыныстар даярлау. т.б
Зерттеуге қатысушыларды іріктеу. Жалпы, қоғамдық пікірді толық зерттеп шығу техникалық, қаржылық тұрғыдан мүмкін емес. Сондықтанда барлық әлеуметтік зерттеулер белгілі бір мақсатта іріктеліні алынған топтармен ғана жүргізіледі. Ғылымда зерттеуге қатысушы топтарды іріктеу арқылы жүргізу методикасын алғаш ұсынған америкалық зерттеуші Дж. Гэллоп. Зерттеу барысындағы іріктеу әдісі мына формуламен жүргізіледі: K=N/n. Іріктеудің мақсаты басты жиынтықпен іріктелген жиынтық арасындағы репрезентативтілікке қол жеткізу. Іріктеу түрлері: механикалық, статистикалық, квоталық, ұялатып іріктеу, массивті іріктеу, т.б. Біздің жағдайымызда банк клиенттерінен шағын топты іріктеп аламыз. Іріктеу банк клиенттерінің әлеуметтік жағдайына, жасына, жынысына қарай жүргізілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |