Қазаншұңқыр дегеніміз жер бетінің тұйықты конус тәрізді ойыс жері болып табылады. Ең төменгі нүктесі – түбі (дно), бүйірі – беткей (склон) деп аталады. Кішкентай қазаншұңқырды ойыс, ор деп атайды. Картада тұйық горизонтальдармен бейнеледі, бергштизтері ішіне қаралған.
Жота (хребет) – бұл әр бағытта созыла орналасқан рельеф элементтерінің көтеріңкі түрі, негізінде екі жақты болып келеді, яғни екі беткейден тұрады. Үстіңгі немесе ең биігінде суайрығы (водораздел) болып қосылады. Бұл сызықтардан су және атмосфералық жауын-шашындар төмен қарай екі сырғымамен сырғиды. Картада жоталар созылған горизонтальдармен бейнеленеді.
Өзек дегеніміз бір бағытта созылған, түбі ылғыйына төмендейтін ойыс болып табылады. Өзектің сырғымаларын бүйірлер, ал ең төменгі нүктесі түп деп аталады. Өзек түбінің ең төменгі нүктесі арқылы өтетін кесінді өзектің осі немесе тальвег деп аталады.
Кең, немесе енді өзектерді аңғар деп атайды, олардың беткейлері жайылымды келеді, ал құраламы болғанда шатқал (ущелье) деп аталады. Құрамалы беткейлі енсіз өзекті жыра немесе сай деп атайды. Өзектер, жоталар сияқты созылған горизонтальдармен бейнеленеді, бергштрихтері төмендеу жақтарына бағытталған болады.
Ер – бұл ерге ұқсас, екі биіктіктің (жотаның) ортасындағы ойыс жер учаскесі. Ерден екі өзек, қарама-қарсы тарайды. Таулы жерлерде ерді асу деп атайды.
Жалпы айтқанда рельефтің оң және теріс түрлері болады. Рельефтің оң түрлері (таулар, төбелер, төмпешіктер, қорғандар, тау жоталары, үстірттер) көкжиек жазықтығында көтеріңкі, ал теріс түрлері (қазаншұңқырлар, көлдеулер, ерлер, өзектер, жыралар, сайлар, шатқалдар, өзен жайылымдары) оған қарағанда төмен орналасқан болады. Рельефтің оң түрі болсын, теріс түрінің болсын негізгі элементі болып беткейлер саналады. Оларды сипаттағанда экспозициясын (күн жарығы мен басым желдердің бағытына қатысты орналасуы) және тіктігін анықтайды. Тіктігін градуспен топографиялық карталарда жергілікті жерле эклиметрмен анықтайды. Бұл шаманы беткейдің биіктігі мен оның жатысын салыстыру арқылы да анықтауға болады.
Жергілікті жер бедерін топографиялық карталар мен жоспарларда горизонтальдармен бейнеленеді.
Горизонтальдар деп жер бетінде биіктіктері бірдей нүктелерден өтетін сызықтарды атайды.
Көрші горизонталдар арасындағы вертикалды қашықтықты рельефтің қима биіктігі деп атайды, ал горизонтальдар арасындағы горизонталды қашықтықты жатысы деп атайды.
Карталарда ылди (скат) бағытын анықтау үшін ылдидың төмендеу бағытына қарай (су ағынына) горизонтальдарға перпендикулярлы шртихтер қояды, ал горизонтальдар үзілу жерінде олардың белгісін жазады. Горизонтальдар келесі қасиеттермен сипатталады:
1) бір горизонтальда орналсқан барлық нүктелердің биіктіктері бірдей болады:
2) жоспардағы горизонтальдардың қашықтығы олардың беткейлерінің ылди құлдилығын сипаттайды немесе құламалығын белгілейді және неғұрлым арақашықтығы жақын болса соғұрлым құламалығы немесе ылдилығы тік болады;
3) горизонтальдар арасындағы ең қысқа қашықтықғы оның ең тікті құламалығын білдіреді.
Горизонтальдардың жарты және төртті түрлері болады, олар жарты немесе төртті горизонтальдар деп аталады, бірінші ұзын пунктирлі, ал екіншісі қысқа және жіңішке пунктирлі сызықтармен белгіленеді.
Горизонталь әдісіне өте жақын, бірақ биіктік санымен көрсетілмейтін бергштрихтер бар, олар су ағу жолын көрсетеді. Мысалы, қазаншұңқырлар – ішкі жағында, жоталар сыртқы жағына сызады.
Жер бедері немесе рельефтің ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастыруда өте маңызы бар, себебі рельефтен топырақ суларының таралуы, топырақ түзілу процестері, микроклимат және тағы басқалар байланысты болады. Сондықтан ауыл шаруашылық кәсіпорындарын жерге орналастыруда құрылысқа жерді таңдауда, алаңдарды бау-бақша, көкөністер мен далалық дақылдарға бөлуде міндетті түрде жер бедері ескеріледі. Сонымен қатар жер бедері суландыру және құрғату жұмыстары, су шаруашылығына аумақты орналастыру, гидротехникалық ғимараттар, жолдарды және тағы басқа жұмыстарды жүргізуде де маңызы бар. Рельеф ауыл шаруашылық машиналарының өнімділігіне үлкен әсер етеді.
Тіктілігіне немесе ылдилығына қарай беткейлердің жіктелуі
Беткей түрі
|
Ылдилығы, градус
|
Өте көлбеу немесе еңісті
|
0 – 1
|
Көлбеулі
|
1 – 3
|
Ылдилы
|
3 – 5
|
Өте ылдилы
|
5 – 10
|
Құламалы
|
10 – 20
|
Өте құламалы
|
20 – 45
|
Құлама немесе тік жар
|
> 45
|
6. 3 Суды сіңіру дәрежесі, өсімдіктердің қоректену жағдайы, су және жер эрозиясына шалдығуы топырақтың химиялық, физикалық, геологиялық және морфологиялық қасиеттеріне байланысты болады.
Далалық зерттеулердің материалдары бойынша және оларды камералық талдаудан кейін топырақ карталары мен картограммалар жасалады.
Шаруашылық ішкі жерге орналастыруды жүргізуде топырақ карталары мен картограммалар негізінде келесі жер массивтері бөлінеді:
1. Суармалы және суармасыз егіншілік жағдайларында егістікке ең жарамды учаскелер.
2. Жыртылатын жер алқаптарын онан әрі көбейтуге жарамды массивтер.
3. Екпелі немесе себілмелі шалғындар мен жайылымдар жасауға жарамды учаскелер.
4. Табиғи шабындықтар мен жайылымдарға қалдыруы дұрыс болатын массивтер.
5. Бау-бақшаларға жарамды аумақтар.
Топырақ құнарлылығын арттыру, топырақты мәдениеттендіру шаралар жүйесін дайындауда топырақ зерттеу материалдарын пайдалана отырып мыналарды ескеру керек:
1. Картограммалар мәліметтері бойынша топырақтарға қажетті тыңайтқыштар мөлшерін;
2. Қышқылды және сортаң топырақтардың әктеу мен гипстеу қажеттілігін анықтау;
3. Су режимін реттеу жұмыстарына қажетті шараларды жоспарлау және ол үшін топырақ-мелиоративтік карталарды, топырақ очерктерін дайындау. Суармалы егіншілік жағдайында топырақтың қайта тұздану және батпақтануын ескеру. Сонымен қатар тұзды топырақтар мен сортаңдар суаруға жарамсыз.
4. Сонымен қатар су және жел эрозиясымен күресу және топырақты қалпына келтіру шаралары да жасалады.
6.4 Табиғи-климат аймағының табиғи өсімдік жамылғысын сипаттау үшін жерге орналастыру аумағында арнаулы орманды-мелиоративтік және геоботаникалық зерттеулер жүргізіледі. Мал азығы алқаптарының сапалық жағдайы туралы мәліметтер қаралады. Зерттеулер материалдары жерге орналастыру жобасында қолданылады. Сонымен қатар табиғи мал азығы алқаптарын түбегейлі жақсарту жұмыстары да жерге орналастыру жобасында ескеріледі. Жер пайдаланудың өсімдік жамылғысын сипаттау жерге орналастыру жобасын дайындаудың құрамдас бөлігі болып саналады.
Ағашты және шөпті өсімдіктер су және жел эрозиясымен күресуде ең маңызды рөлді атқарады.
Жалпы жел эрозиясына шалдығуына байланысты топырақтар бөлінеді: шамалы желге ұшқан– гумус горизонты эталонмен (эрозияға шалықпаған) салыстырғанда 5 см-ге ғана кеміген; орташа желге ұшқан немесе шалдыққан– гумус горизонты 5-10 см-ге кеміген; күшті шалдыққан - гумус горизонты 10 см-ден артық кеміген.
Бірінші жағдайда топырақты аудармай өңдесе және орман жолақтары болса жеткілікті, екінші де топырақты аудармай өңдеу және ықпалар егумен қатар егістерді жолақтап орналастыру керек (көп жылдық шөптер мен бір жылдық дақылдарды). Жел эрозиясына күшті шалдыққан егістіктерде шалғындандыру жұмыстарын жүргізу керек.
Су эрозиясына шамалы шалдыққан егістіктік жерлерде топырақты жыртуды және себуді беткейлерге көлденең жүргізу және орман жолақтарын жасау керек.
Су эрозиясына орташа шалдыққан топырақтарда егістікке көп жылдық шөптері бар топырақты қорғау ауыспалы егістерін енгізу қажет болады.
Су эрозиясына күшті шалдыққан топырақтарда беткейлерді көп жылдық шөптермен шалғындандыру талап етіледі.
Жалпы өсімдік жамылғысы бар жерде эрозия өсімдікпен жамылмаған топырақтарға қарағанда 2-6 және одан да артық есе кем болады. Әртүрлі ауыл шаруашылық дақылдары топырақтың эрозияға қарсы тұру қабілетіне бірдей әсер етпейді. Шамалы дәрежеде отамалы дақылдар әсер етеді, ал көп жылдық шөптердің әсері жоғары дәрежеде.
6.5 Жергілікті жердің гидрографиялық ерекшеліктеріне зерттелетін аумақта өзендер, көлдер және басқа да су қоймаларының болуы, олардың ұзындығы және конфигурациясы, өзендердің жылдық ағыны жатады. Көлдерді сипаттағанда олардың тұштылығы немесе тұздылығы және олардың мелиорацияландыруға жарамдылығы көрсетіледі.
Гидрогеологиялық ерекшеліктеріне грунттық сулардың тереңдігі, грунттық сулардың минерализациялану деңгейі жатады. Бұл мәліметтерді тұрғын үйлер мен шаруашылық орталығы орындарын таңдағанда міндетті түрде ескеру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |