Т. М. Блисов Жерге орналастыру



бет7/15
Дата17.02.2024
өлшемі356.5 Kb.
#492278
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
mu po zemleustroistvu dly prakt rabot na gos 201415gg

Суретке түсіру түрлері. Суретке түсірулер мына түрлерге: жердегі, аэрофототүсіріс, аэрокосмостық болып бөлінеді. Жердегі түсіріс онша үлкен емес аудандарда далалық жағдайларда қолданылады, ал аэрофототүсіріс пен аэрокосмостық үлкен аумақтарды самолеттен немесе спутниктердін арнаулы аспаптар арқылы түсіруде қолданылады. Жердегі геодезиялық түсірулер горизонталдық, вертикалдық (нивелирлеу) және топографиялық немесе бірлескен болып бөлінеді.
Тек қана учаскенің шекарасы мен жергілікті жердің ситуациясын суретке түсіру горизонталды деп аталады. Бұл суретке түсіру контурлық карталарды құрастыруға далалық материал береді.
Вертикалды суретке түсіру немесе нивелирлеу деп нүктелердің биіктігін (белгісін) анықтай отырып кейіннен қимасын немесе бейнеленген жер бедерінің жоспарын құруды айтады.
Топографиялық суретке түсіру деп далалық жұмыстар кезінде ситуацияны да және жер бедерін де қатар жүргізуді айтады, былайша айтқанда қатар деудің себебі ол алдыңғы екі түсірудің жиынтығы. Топографиялық суретке түсірудің мәліметтері арқылы топографиялық жоспар немесе карта құрайды.
Соңғы материалды алу тәсіліне қарай – жергілікті жердің графикалық бейнесі – жердегі геодезиялық суретке түсіру келесі түрлерге бөлінеді:
1) аналитикалық суретке түсірулер - қажетті материалдар далада жиналады, онан арғы талдау жұмыстары тіпті жоспардың картасын немесе қимасын жасауға дейін камералық жағдайда жүргізіледі;
2) графикалық суретке түсіру – жоспар мен карта тікелей далада жасалады.
Қолданылған арнаулы құрал-саймандар дәрежелеріне байланысты суретке түсіру түрлері мыналар: құрал-сайманды, жартылай құрал-сайманды және көзбен шамалау.
Ең көп таралған болып құрал-сайманды суретке түсірулер саналады, олар құрал-саймандардың атауларына қарай жіктеледі: теодолиттік түсіру, нивелирлеу, буссолмен түсіру, тахеометрлік және т.б.
Суретке түсірулер жоспарлар мен карталар қандай мақсатпен құрастырылғанына қарай келесі түрлерге бөлінеді: ауыл шаруашылық, топырақтық, ормандық, құрылыстық, әскери және т.б. Мысалы, карталар мен жоспардың мазмұнына қарай ауыл шаруашылықтық суретке түсірудің объектілері болып әкімшілік және шаруашылық шекаралары, елді мекендер, жеке тұрған құрылыстар, жолдар, гидрография, ауыл шаруашылық алқаптары, құмдар, сортаңдар, электро және телефон жүйелері, жер бедері және б. саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет