1 Тақырып Мемлекеттік жер кадастры
Мақсаты: Қазақстанның жер ресурстарын, Жер кодексін және мемлекеттік жер кадастрын оқып білу.
Жоспар:
1. 1 Жер табиғи ресурс ретінде
1. 2 Қазақстанның жер ресурстары және олардың қазіргі жай-күйі
1. 3 ҚР жер кодексі
1. 4 Мемлекеттік жер кадастры. Жер ресурстарын мемлекеттік есепке алу
1.1 Қазіргі кезде қоғам жыл сайын артып келе жатқан ресурстардың жетіспеушілігіне тап болады. Энергетикалық ресурстар, азық-түлік, ормандар, мақтаның, терінің, жүннің натуралдық бұйымдары жетіспейді, кейбір жағдайларда судың жетіспеушілігі байқалады, кейде ауа жетіспейді. Әртүрлі елдерде ресурстардың жетіспеушілігі бірдей емес, бір жерді мұнай жетіспейді, ал бір жерде керісінше тағамдар және су жетіспейді немесе керісінше тағамдар бар, ал мұнай мен көмір жоқ.
Бұл мәселеде жер ресурс ретінде ерекше қаралады, үйткені ол ауыл шаруашылығының дамуына, қалалар салу, жолдарды жайғастыру және с.с. үшін қажет.
Жер ресурстары – бұл қоғамның өндіріс күштерінің қазіргі даму деңгейінде адамның бірнеше қызмет ету саласында (ауыл, орман, су шаруашылығы, елді мекендер, жолдар салу және б.) пайданылатын немесе пайдалануы мүмкін ауыл шаруашылығы жерлері мен басқа да жер алқаптары.
ҚР Жер кодексінің 12-бабында былай деп жазылған: жер ресурстары – қоғамның материалдық, мәдени және басқа да қажеттерін қанағаттандыру үшін шаруашылық және өзге де қызмет процесінде пайданылатын немесе пайдалануы мүмкін жер.
Қазіргі уақытта бір адамды азық-түлікпен толық қамтамасыз ету үшін шамамен 0,3-0,5 га жыртылатын жер қажет етіледі. Жер шарындағы қазіргі халық саны шамамен 6, 2 млрд, олай болса бір адамға келетін жыртылатын жер шамасы 0,2-03, га-дейін кемиді, ал жерді басқа ресурспен ауыстыруға болмайды.
Осыған орай соңғы уақытта барлық әлемде табиғи ресурстарға, оларды зерттеуге, пайдалануға, қалпына келтіруге және олардың оң қасиеттерін сақтауға ерекше көңіл бөлінеді.
Табиғи ресурстарға ең бірінші ауа бассейні, су ресурстары, флора мен фауна жатады. Әрине, олардың қатарына ең алдымен Жерді, оның кендерін, табиғаттың адамға тиымды пайдалануға берген барлық минералдық және шикі зат ресурстарын жатқызу керек.
Жер бетінің көп бөлігін Дүние жүзілік мұхит алып жатыр, оның ауданы 361,1 млн. км2, немесе планетаның 70,8%. Құрлық ауданы 149,1 млн. км2, немесе 29,2% және алты материктер пен аралдардан құрайды. Ол Дүние жүзілік мұхит деңгейінен 875 м-ге жоғары. Құрлықтың 1/3 бөлігінен артығын таулар алып жатыр, шөлдің ауданы шамамен 20%, ормандар шамамен 30%, мұздақтар 10%-дан артық. Құрлықтың тек 10% артығын ауыл шаруашылық алқаптары алып жатыр.
Жердің материя және табиғи ресурс ретіндегі қасиеттері табиғи кешеннің басқа құрауыштарымен – климат, су ресурстары, өсімдік епен жануарлар дүниесі өзара қатынаста ғана жүзеге асырылады. Жер – бұл кешеннің, биосфераның маңызды құрауышы, былайша айтқанда жер беті және оған жанасқан литосфера, гидросфера және атмосфера.
Жаратылыстану ғылымының негізінде Жердің биосферасы өте күрделі өзін-өзі реттейтін тірі заттар жүйесі ретінде қарастырылады. Ол энергияның орасан зор қорын жинайды және қайта бөледі, сонымен қатар жер бетінің, атмосфераның және гидросфераның құрамы мен динамикасын белгілейді.
Жер планета биосферасының негізгі бөлігі және табиғи кешен ретінде қызметін белгіленген заңдар арқылы атқарады. Адам мен табиғи кешеннің өзара әрекеттестігін анықтайтын заңдарға келесі заңдар жатады: минимум, төзімділік заңы, факторлардың жиынтық әсері, табиғаттық белдемділік.
Минимум заңы бойынша табиғи кешеннің өнімділігі қажетті жағдайлардың орташа көрсеткіштерімен емес, олардың имнималды көрсеткіштерімен анықталады. Табиғи факторлардың жиынтық әсер заңы бойынша өнім мөлшері жеке, тіпті шектейтін факторға емес, бір мезгілде экологиялық факторлардың барлық жиынтығына байланысты болады. Бұл заңды жерді пайдалануда есепке алу керек.
Шелфордтың төзімділік заңы экожүйенің тіршілік ету шекарасы бар екенін білдіреді, одан тыс ол өмір сүре алмайды.
Табиғи биоценоз табиғи белдемдерге байланысты өзгереді, бұл ауыл шаруашылығы өндірісінде маңызды мәселе.
Жер – қоғамның байлық көзі, ол еңбек, су және биоклиматтық ресурстармен бірге өндіріс құралы болып саналады.
Қазіргі кезде адам басына орташа есеппен барлығы 0,28 га егістік немесе жыртылатын жерлер келеді. Жекеленген әртүрлі елдердегі жағдай мынандай: ТМД – 0,81; АҚШ – 0,63; Қытай – 0,16; Германия – 0,15; Ұлыбритания – 0,13; Жапония – 0,04 га, ал Қазахстан Республикасында адам басына - 2,25 га келеді.
Дегенмен мәселе адам басына қанша жер келетіндігінен емес, ең маңыздысы қандай жерлер, қай аймақта, сапасы қандай және т. с. с. Жердің жалпы мөлшерін болжамдау үшін, оның қанша мөлшерін құрылысқа және қоғамның басқа да қажеттілігіне беру керек екенін білу керек.
Жалпы жер мөлшерінің кемуімен қатар, оны арттыру процестері де жүріп жатыр, олардың ішінде – жаңа жерлерді игеру, ауыл шаруашылық алқаптарын жақсарту және бұзылған жерлерді қалпына келтіру.
Сонымен жер ресурстарын пайдалану көп жоспарлы, көп жақты процестер, бірақ оларды басқаруға болады. Қоғам өнеркәсіпке, қала құрылысына жерлерді бөлуде белгілі деңгейде реттеуге болады, сонымен қатар ауыл шаруашылық алқаптарының сапасын арттыруға болады.
1.2 ҚР жер қоры 272 млн. 490 мың. гектар болып табылады және нысаналы мақсатына сәйкес келесі санаттарға бөлінеді. 2006 жылғы мемлекеттік есепке алу бойынша олардың аудандары мынандай:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер - 85,0 мың. га;
2) елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық мекендердің) жері - 21,2 мың. га;
3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығына арнлмаған жер - 2,5 млн. га;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсатындағы жер - 3,3 млн. га;
5) орман қорының жері - 23,4 млн. га;
6) су қорының жері - 3,7 млн. га;
7) босалқы жер - 122,0 млн. га.
Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы 222,6 млн. га немесе барлық жердің 81,7 %, оның ішінде: егістіктер - 23,2 млн. га; көп жылдық екпелер егілген жер - 115,5 мың. га; тыңайған жер - 5,4 млн. га; шабындықтар - 5,0 млн. га; жайылымдар - 189 млн. га.
Жер қорын табиғи-ауыл шаруашылығы аймақтары бойынша былай бөлінеді: орманды дала - 0,8 млн. га (0,3 %); дала аймағы - 26,5 млн.га (9,7 %); қуаң дала аймағы - 62,4 млн. га (22,9%); шөлейтті - 37,2 млн.га (13,7%); шөлді аймағы - 112,1 млн.га (41,1%); тау етегі-шөлді-далалық - 12,3 млн.га (4,5%); субтропикалық шөлді - 4,4 млн.га (1,6%); субтропикалық-тау етегі-шөлді - 3,5 млн.га (1,3%); орта азиялық таулы - 10,1 млн.га (3,7%); оңтүстік-сібір таулы аймақтар - 3,2 млн.га (1,2%).
Қостанай облысы жерінің аумағы 19600,1 мың. га, оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптары (01.11.2002 ж.) 7849,5 мың га., олардың ішінде егістік дерлер - 4944,8 мың. га; көп жылдық екпелер егілген жерлер - 9,8 мың. га; тыңайған жерлер - 3,9 мың. га; шабындықтар - 45,6 мың. га; жайылымдар - 2845,1 мың.га; бақшалар - 0,3 мың. га.
Қазақстанның жер ресурстары оларды тиымды пайдаланғанда және жақсартып отырғанда ауыл шаруашылығы өндірісі өнімдерімен ішкі және сыртқа шығару қажеттілік мөлшерлерін қамтамасыз ете алады. Бірақ, олардың құрамындағы ауыл шаруашылығы алқаптарының 121,8 млн. га топырақ эрозиясына душар, оның ішінде 27,8 млн.га егістіктер, 63 млн. га артығы кебірлер кешендері және олардың 6,9 млн.га ауыл шаруашылығы дақылдары себіледі. Осыған орай бұндай жерлер пайдалану кезінде ұқыпты болуды, оны қорғауды және олардың өнімділігін арттыруға үлкен мән беруді қажет етеді.
Топырақтық және геоботаникалық зерттеулер нәтижелері бойынша егіншілікке қажетті жерлердің сапалығы жағынан мелиоративтік шараларды талап етпейтін жерлер көлемі 21,8 млн. га (барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының 9,7 %), оның ішінде егістіктер 18 млн. га. Ауыл шаруашылығы алқаптарының қалған көлемі мелиоративтіктік шараларды қажет етеді. Оларға кебірлерді қалпына келтіру, тұзданған жерлердің мелиоративтік жай-күйін жақсарту, су және жер эрозиясының алдын алу жатады.
В.И. Крохмальдың мәліметтері бойынша, ауыл шаруашылығы алқаптарының құрамында тұзданған және кебірленген жерлер 93,5 млн.га (42%) алып жатыр, оның ішінде егістік жерлер 8,8 млн.га (жалпы егістіктер көлемінің 26,2 %).
Республикада эрозияға шалдыққан жерлер көлемі 26,7 млн. га (11,9 %), оның ішінде егістік жерлер 1,6 млн. га (4,8%) алып жатыр.
Жалпы ауыл шаруашылығы алқаптарының құрамындағы жайылымдардың ең көп үлестік салмағы Қазақстанда байқалады, ол шамамен 70% (ТМД елдерінің жалпы жайылымдар көлемінің 55%).
Ақырғы он жылда шабындықтар көлемі 0,7 млн. гектарға кеміді және қазіргі көлемі 5,1 млн. га.
Ақырғы он жылдықта шаруашылық қызметтерінен (ашық тәсілмен пайдалы қазбаларды шығару) бұзылған жерлер ауданы бір деңгейде қалуда және көлемі 182,1 мың. га болады.
Барлық өнеркәсіп аумағында экологиялық жағынан қауіпті әсер ететін аймақтар кездеседі. Олар: террикондар, үйінділер, карьерлер, бұрғылау скважиналары, тау-кен өндірісінің қалдықтары (60 мың. га), бұлар топырақты ластайды.
Техногендік ластаудың ерекше түрлері қорғаныс, ғарыштық және бұрынғы ядерлік полигондар аумағында байқалады (еліміздің жалпы аумағының 6%).
Шөлдену процесіне шалдыққан жерлер көлемі шамамен 179,9 млн. га, немесе еліміздің жалпы аумағының 60% артығы.
Республикамызда 20 млрд. т артық өндіріс және тұтыну қалдықтары жиналған. Қара және түсті металлургияның, алтын өндірісінің қалдықтары 14 млрд т құрайды және 50 мың. га алып жатады. Жыл сайын 14 млн. м3 тұрмыстық және 500-700 млн. т өнеркәсіптік қалдықтар пайда болады, оның ішінде улы қалдықтар көлемі 92 млн. т.
1.3 Қазақстанда жер реформасы 1991 ж. маусым айында «Жер реформасы туралы» Заңды қабылданған кейін жүзеге асырыла бастады.
Жер реформасының негізгі мақсаты – жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін, шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау және жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау.
Жер реформасының әрі қарай дамуы еліміздің ең негізгі байлығы жерді ұтымды пайдалану бағытында қажетті жағдайларды жасауға және қорғауға бағытталуы тиіс.
ҚР Жер Кодексі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2003 жылғы 20 маусымдағы №442-II Жарлығымен 2003 жылғы 6 шілдеде қолданысқа енгізілді, осыдан жер реформасының жаңа даму сатысы басталды.
Жер реформасы жүзеге асырылу жылдары республикамызда жаңа жер қатынастары пайда болды, шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасалды, жер ақылы пайдалану принциптеріне негізделді.
Жер реформасының әрі қарай дамуы еліміздің ең негізгі байлығы жерді ұтымды пайдалану бағытында қажетті жағдайларды жасауға және қорғауға бағытталуы тиіс.
ҚР Жер кодексінде былай деп жазылған: «Жерді қорғау қоршаған ортаның бір бөлігі ретінде жерді қорғауға, жерді ұтымды пайдалануға, жерді ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан негізсіз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа да іс-шаралар жүйесін қамтиды».
Жерді қорғаудың мақсаттары:
1) өндірістің экологиялық қауіпсіз технологияларын ынталандыру және орман мелиорациялық, мелиорациялық және басқада іс-шараларды жүргізу арқылы жердің тозуы мен бүлінуін, шаруашылық қызметтің басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау;
2) тозған немесе бүлінген жерді жақсарту мен қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
3) жерді оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативткрін тәжірибеге енгізу болып табылады.
Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік тұрғыдан бақылаудың маңызы өте зор. Мемлекеттік бақылаудың негізгі міндеттері органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың ҚР жер заңдарының сақталуын, ҚР заңдарының бұзылуын анықтауды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді, жер учаскелерін пайдалану ережелерін сақталуын, жер кадастры мен жерге орналастыру ісінің дұрыс жүргізілуін және жерді ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуден тұрады.
ҚР Жер кодексі 19-тарауында жерге орналастырудың мақсаты мен міндеттері заң түрінде бекітілген. Мысалы 149-бапта былай делінген: «жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған ҚР заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүйесі болып табылады».
Жер кодексінде келтірілгендей, жерге орналастыру процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
- жерге орналастыру ісін жүргізуді бастау;
- дайындық жұмыстары;
- жерге орналастыру болжамдарын, схемаларын, бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу;
- жерге орналастыру құжаттамасын қарау, келісу және бекіту;
- жерге орналастыру жобасын орындау.
1. 4 Мемлекеттік жер кадастры Казахстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналаскан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардык сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық кұны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады. Мемлекеттік жер кадастрына жер учаскелеріне құқықты субъектілер туралы ақпарат та енгізіледі.
Жер кадастры келесі құрамдас бөліктерден тұрады: жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларды мемлекеттік тіркеу – жер иелену мен жер пайдалану құқығын рәсімдеу; жер пайдалану және жер алқаптары бойынша мөлшерлік және сапалық есепке алу; топырақты бонитеттеу – топырақтар құнарлылығын салыстырмалы бағалау (салыстырмалы баллдармен); жерлерді экономикалық тұрғыдан бағалау – жердің өндіріс құралы ретінде салыстырмалы құндылығы.
ҚР Жер кодексі бойынша жер кадастрының кұрамдас бөлігі болып суармалы жердің мелиорациялык, кадастры саналады, ол суармалы жер учаскелерінің мелиорациялык жай-күйі, олардык табиғи және ирригациялық-шаруашылық жағдайлары бойынша сапалык сипаттамаларын бағалау туралы, оларды пайдаланудың ece6i туралы мәліметтер жүйесін құрайды.
Казахстан Республикасында жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыруды жер ресурстарын баскару жөніндегі орталык уәкілітті орган – ҚР жер ресурстарын басқару агентствосы мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
Мемлекеттік жер кадастры Казахстан Республикасынын мемлекеттік кадастрлар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және жер ресурстарын баскару жөніндегі орталык уәкілітті орган өздеріне катысты алғанда мемлекеттк басқару органы болып табылатын, мамандандырылған республикалык мемлекеттік кәсіпорындар Қазакстан Республикасының бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізіледі.
Мемлекеттік жер кадастрының. мәліметтері мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады.
Мемлекеттік жер кадастры аэрофототопографиялық, фо-тограмметриялык, кадастрлық, суретке түсіруді, жобалау-іздестіру, картографиялык және бағалау жұмыстарын, топырақты зерттеу, геоботаникалык және басқа да зерттеулер мен іздестірулер, жер мониторингін, жерді мөлшерлік және сапалық есепке алу және мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге байланысты басқа да жұмыстар аткару аркылы жүргізіледі.
Мемлекеттік жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қopғауды жоспарлау кезінде, жерге орналастыруды жүргізу, шаруашылық қызметті бағалау және жерді пайдалану мен қopғayғa байланысты баска да ic-шараларды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін калыптастыру, құқықтық және басқа да кадастрларды жүргізу, жер үшін төлем мөлшерін айкындау, жылжымайтын мүлік құрамындағы жер учаскелерінің кұнын және табиғи ресурстар құрамындағы жердін құнын есепке алу ушін негіз болып табылады.
Мемлекеттік жер кадастрының деректерін есепке алу мен оларды сақтау 6ipлiri тұйық шекарада бөліп шығарылған, белгіленген тәртіппен жер құқығы катынастары субъектілеріне бектілген жер учаскесі болып табылады.
Жерге меншік нысанына, жер учаскелерінің нысаналы мақсатына және оларды пайдаланудың рұксат етілген сипатына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелері мемлекеттік кадастрлық есепке алуға жатады.
Мемлекеттік жер кадастрының мазмұнына қарай мемлекеттік жер кадастры мынадай жұмыс түрлерін:
1) жер учаскесінің кадастрлық iciн калыптастыруды;
2) жердің мөлшері мен сапасын есепке алуды;
3) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ак жер құқығы катынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды;
4) мемлекеттік тіркеу мақсаты үшін жер учаскелерін есепке алуды;
5) жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау мен топырақты бағалауды;
6) жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ баска да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз бетінде және электрондық түрде жинақтауды, өңдеу мен жүргізуді;
7) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру мен жүргізуді;
8) жер-кадастр карталарын, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау мен жүргізуді;
9) жер-кадастр кітабы мен бірыңғай мемлекеттік жер тізілімін жүргізуді;
10) жер учаскесіне кұқықты куәландыратын кұжаттарды дайындауды қамтиды.
Жер учаскелерін тіркеу мақсаты үшін есепке алуда жер учаскелерін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті тіркеу мақсатында есепке алу меншік құқығын және баска да кұкыктарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке ауыртпалықты мемлекеттік тіркеуд1 кқмтамасыз ететін қажетт1 шарт болып табылады.
Жер учаскелерін тіркеу максаты үшін есепке алу жұмыстарын жүргізу тапсырыс берушілердің каражаты есебінен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлу жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беру мақсатында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлудің бірлігі есептік кварталдар болып табылады.
Орналасқан жерін анықтау (сәйкестендіру) мақсатында әp6ip жер учаскесіне кадастрлық нөмірлер беріледі.
Кейіннен құқық кадастрында пайдаланылатын есептік кварталдардың шекарасы мен кодтары сәулет және кала кұрылысы органдарымен, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу органдарымен келісім бойынша жер ресурстарын басқару жөніндегі аумактық органдар айқындайды және тиісті атқарушы органдар бекітеді.
Жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлерін түзу мақсатында облыстарға, республикалык манызы бар қалаларға, аудандарға және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларга берілетін кодтардың тізбесін Қазақстан Республикасынык Үкіметі белгілейді.
Жер-кадастр кұжаттамасы есепке алудың барлық деңгейлерінде: базалық, мезгіл-мезгіл жаңартылатын және жыл сайын жасалатын құжаттаманы қамтиды.
Базалык, жер-кадастр кұжаттамасына:
1) жер-кадастр icтері;
2) жер-кадастр кітабы;
3) жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімі;
4) жер-кадастр карталары жатады.
Жер-кадастр icтері – жаңа және қайта құрылған бұрынғы жер учаскесін рәсімдеу ісі, мұнда жер учаскесі жайында құжаттар болады.
Мемлекеттік жер-кадастр кітабы – есепке алынатын жер учаскелері жайындағы құжат, онда жердің кеңістіктегі, табиғи және шаруашылық жайы туралы анық мәліметтер болады.
Жер-кадастр карталары – жер учаскелерінің көлемі мен шекараларын көрнекті көрсету, олардың біріктіру мен бөлу кезінде өзгеруін есепке алу үшін құрылады және жүргізіледі.
Жер кадастр кұжаттамасынык құрылымын, құрамын, мазмұны мен нысандарын, сондай-ақ оны жүргізу тәртібін жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібіне сәйкесті мемлекеттік жер кадастры кағазға түсіріліп жүргізіледі және ақпаратты жинақтаудың, өндеу мен сақтаудың электрондық жүйелерін пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
Белгілі 6ip жер учаскесі туралы мемлекеттік жер кадастрының мәліметтері осы жер учаскесі есепке алынган орын бойынша үзінді түрінде беріледі.
Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін құжаттау қағазға түсіріліп және электрондық тасығыштарда жүзеге асырылады. Қағазға жазылған мәліметтер мен электрондық тасығыштарда жазылган мәліметтер арасында алшақтықтар болған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, қағазға түсірілген мәліметтер басымдыққа ие болады.
Жер учаскелері туралы кадастр мәліметтері жер-кадастр карталарымен (жоспарлармен) арақатынаста болады.
Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін түзу топографиялық-геодезиялык, аэроғарыштык, картографиялык, жерге орналастыру, түгендеу бойынша, топырақты зерттеу, геоботаникалык, бағалаушылық және өзге де зерттеулер мен іздестірулер жүргізумен камтамасыз етіледі.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік органдар, мемлекеттік кәсіпорындар мен лауазымды адамдар жер-кадастр құжаттамасына енгізілетін мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етуге міндетті.
Жер кадастрының мемлекеттік кұпия мен өзге де шектеулерді камтымайтын мәліметтері баршаға қолжетімді болып табылады және мүдделі жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде беріледі. Жер кадастрының мәліметтерін мемлекеттік органдарга беру ақысыз негізде осы мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |