Еңбек – адамның пайдалы ой және физикалық іс-әрекеті, бұл процесте материалды және мәдени құндылықтар құрылады. Еңбек процесі болып жұмыс үстөлінде белгілі бір нәтижелерді алу үшін жұмсалған адам қимылдарының жиынтығы болып саналады. Адамдардың еңбек етуге қабілеті бар жиынтығын еңбек ресурстары немсе еңбек күші деп атайды. Еңбек күшінің бірлігі болып орташа жылдық қызметкер немесе жұмысшы саналады. Адамдардың өндірістік іс-әрекеті өнімділігін еңбек өнімділігі деп атайды. Материалдық өндіріс сферасындағы еңбек өнімділігі қызметкердің жұмыс уақытының бірлік өлшемінде жасалған өнім мөлшерімен анықталады (немесе өндірісте өнім бірлігін жасауға кеткен уақытпен).
Еңбек өнімділігі көптеген субъективтік және объективтік факторларға байланысты болады. Ақырғыларға материалды-техникалық жабдықтау жатады, онда өндірістік процестерді механикаландыру, ауыл шаруашылық өндірісінің технологиясын және жалпы ауыл шаруашылығын жүргізу деңгейін арттыру.
Инвестиция – бұл пайда алу мақсатында материалдық (машиналар, ғимараттар, қорлар), материалдық емес (патенттер, лицензиялар) және қаржы жабдықтарын салу.
Жер қорының сапалы көрсеткіштері (аумақтың ауыл шаруашылығымен игерілуі, алқаптардың контурлығы, топырақ құнарлығы және т.б.) инвестицияның нәтижесі болып саналады және өндірістің материалды-техникалық жабдықтау деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткіштер жер алаңының бірлігінен шығатын ауыл шаруашылық өнімінің артуымен (экономикалық құнарлығының артуына байланысты) немесе тікелей жерді өңдеуге, көліктік және басқа да операцияларға (жер пайдаланудың аумақтық жағдайлары, учаскелердің конфигурациясы, жол торабы және б.).
Олай болса, үш негізгі факторлардың (еңбек, жер және капитал) тепе-теңдікте болуы динамикалы болып саналады және олардың әрекеттестігіне негізделген.
Жерге орналастырудың негізгі міндеті болып жерді ұтымды пайдалану мен оның аумағының ішкі ұйымдастыруын қалыптастыру арқылы еңбек және материалды-техникалық ресурстар шығындарын азайтуды қамтамасыз ету саналады.
Жер пайдалану алаңы немесе ауданы көптеген факторлардың фукциясы: шаруашылықты мамандандыру (с), жалпы алаңдағы ауылшаруашылық алқаптары мен егістіктің үлесі (у); жердің өнімділігі (Б); еңбекке қамтамасыз етілуі (Т); қормен қамтамасыз етілуі (Ф). Жалпы түрде оны былай жазуға болады:
Пз = f(c, y, Б, Т, М, Ф).
Аумаққа, жазықтыққа қарасты нақтылы жер пайдаланудың ұтымды алаңы жоғарғы және төменгі шегімен шектелген болуы мүмкін. Жоғарғы шегі – бұл қашықтықты жеңіп алуға байланысты рұқсат берілетін шығындары бар және басқаруы сақталған алаң, ал төменгі шегі салалардың үйлесуі, мөлшерлері және олардың жермен оңтайлы қамтамасыз етілуімен анықталады.
Сонымен, өндіріс мөлшерлері мен ауыл шаруашылығындағы аумақтың өзара байланысы екі аспекте байқалады: технологиялық және аумақтық.
Технологиялық жағынан жер пайдалануды қалыптастыру ауыл шаруашылық өндірісінің міндеттеріне және нақтылы жағдайларға байланысты жүргізіледі. Былайша айтқанда, жалпы алаң мен алқаптар құрамы азық-түлік, техникалық және жемшөптік дақылдардың жоспарланған көлеміне сәйкесті болуы керек.
Аумақтық жағынан негізгі міндеті: жер пайдалануды шаруашылық объектісі ретінде ұйымдастыру, әкімшіліктік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан әртүрлі кедергілерді болдырмау және сонымен қатар өнімдерді ұтымсыз тасымалдауды, техниканын орнын ауыстыруды және аумаққа қызмет ету жұмыстарына байланысты шығындарды қысқарту болып саналады.
Сондықтан жер пайдаланудың аумақтық жағдайлары ауыл шаруашылық өндірісінің нәтижесіне ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар олар кей жағдайда кәсіпорынның мамандандыруын, олардың салаларының құрамын және шығарылатын өнімдердің көлемін реттейді.
4.3 Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жер иелену мен жер пайдалануды қалыптастыру аспектінде «Жер пайдаланудағы кемшіліктер» деген ұғым өндірісті ұйымдастыруға және оның нәтижесіне теріс әсер ететін қолайсыз жағдайларды жасайтын аумақты ұйымдастыруды айтады.
Белгілі бір себептерге байланысты қазіргі ауыл шаруашылық кәсіпорындарында жер пайдалануда аумақтық және экономикалық тұрғыдан кемшіліктер кездеседі, олар шаруашылықты жүргізуге және оның тиімділігіне теріс әсер етеді.
Кеңістіктегі жағдайлар өндірістік және тұрмыстық, су ғимараттары, жолдар және басқа да объектер құрылыстарындағы жылдағы өндіріс шығындарын азайту үшін қосымша салымдарды талап етеді.
Экономикалық тұрғыдағы кемшіліктер ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлеміне, сапасына, өзіндік құнына және ауыл щаруашылық кәсіпорындардың әртүрлі салаларының рентабелдігіне теріс әсер етеді.
Жер пайдалануды жақсартуға бағытталған жерге орналастырулық қимылдар (мөлшерлерін, шекарасын және орналастыруын өзгерту, өндірістің тиімділігін арттыру және т.б.) жетілдіру немесе реттеу деп аталады. Бұл жер пайдаланудағы аумақтық және экономикалық кемшіліктерді жою арқылы жетіледі.
Жер пайдаланудағы кемшіліктер былай жіктеледі:
1 Экономикалық кемшіліктер: шаруашылықтың алаңы ұтымсыз (оның мамандандыруына және аймағына сәйкес емес), алқаптарының құрылысы ұтымсыз (шаруашылықтың мамандандыруына, салаларының құрамына және мөлшеріне сәйкесті емес).
2 Кеңістіктік (аумақтық) кемшіліктер: алыстағы жерлер (жер пайдаланудың кейбір бөліктерінің орталықтан қашықтықта болуы), алқаптардан кейін орналасу (жер пайдаланудың бірнеше ерекшеленген жер учаскелеріне бөлшектенуі), сеппелену-вкрапливание (басқа жер пайдаланудың шекарасында, жер учаскесінің массивтерінде орналасуы), сыналанып кіру-вклинивание (жер пайдаланудың жекеленген учаскелерінің басқа жер пайдалану аумағының ішіне тереңге кіру), топографиялық алқаптардан кейін (егістіктің және басқа да алқаптардың жекеленген бөліктерінің қоныстардан – орман, өзен, сай және б., сонымен қатар темір жолдар, автожолдар, каналдар дан кейін орналасуы), шекаралардың эрозия қауіпі туатындай орналасуы (орналасуы жер бедерімен келістірілмеген), шекаралардың үзілуі (орналасуы жер алқаптарының конфигурациясын нашарлатады).
Кемшіліктерді анықтаудың және оларды жоюдың критерийлері болып олардың сыртқы белгілері емес шаруашылықтың іс-әрекетіне әсер ететін теріс мағыналар саналады.
Кемшіліктерді жою тәсілдері:
1. Жер пайдалану шекарасын шаруашылықтың ыңғайына қарай ауыстыру.
2. Шаруашылықтар арасында алаңдары және құнарлығы бірдей жер учаскелерімен алмасу.
3. Шаруашылықтар арасында алаңдары және құнарлығы бірдей емес жер учаскелерімен өтемақы (ақшалай) арқылы алмасу.
4. Бір шаруашылықтың екінші шаруашылыққа екі жақтың келісімі болған жағдайда өтемақы (ақшалай) төлеу арқылы жерді беру.
5. Жер пайдалануды қайта ұйымдастыру.
6. Ауыл шаруашылық кәсіпорынының мамандандыруын жетілдіру (анықтау).
Аумағы бойынша өзара байланысты шаруашылықтар топтарында жер пайдалану кемшіліктерін жоюды бір мезгілде жүргізеді.
Жер пайдалануды реттеудің мақсаты мынандай нәтижелерді алу:
1 Жер пайдаланушыларға ұтымды мөлшерлер мен құрылым беру.
2 Оларды жинақылықты қылу.
3 Тасымалдау және көшу қашықтарын қысқарту.
4 Аумақты шаруашылық ішкі ұйымдастыру жұмыстарына теріс әсер ететін, жерді қорғауды және қоршаған табиғи ортаны нашарлататын, жердің құнарлығын төмендететін себептерді жою.
Болып тұрған жер пайдалануларға өзгеріс енгізгенде келесі ережелерді сақтай отыру керек:
1 Аумақты және өндірісті ұйымдастырудағы кемшіліктер аз болуы керек.
2 Бір жер пайдалануды жақсарту басқанын нашарлауын болдырмау керек.
3 Жер пайдалануды қайта ұйымдастыруда бір шаруашылықтан басқа шаруашылыққа ұйымдастырулы-аумақтық бірлік (танаптар, ауыспалы егіс массивтері, бөлімшелер) толық берілуі тиіс.
4 Өтемақысыз жердің бөліктерін бергеннен кейін жер пайдалануды және өндірісті ұйымдастыру жағдайлары нашарламауы керек.
Жер пайдаланудағы кемшіліктерді жою олардың өндіріс нәтижесіне деген әсерін азайтуы немесе толық тоқтауы тиіс. Бұндай нәтижеге жер пайдалануды реттеумен қатар аумақты ішкі ұйымдастыру жұмыстарын жақсарту (өндіріс бөлімшелерін, алқаптарды және ауыспалы егістерді үйлесті орналастыру) арқылы да жетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |