Т. Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясы Жалпы ата-аналар жиналысының



бет11/11
Дата30.05.2023
өлшемі55.14 Kb.
#474479
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
хаттама 1

Әртүрлі мәселелер бойынша бірінші болып сөз алған директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Айгерим Акпаева мектептің ішкі тәртіп ережесі, яғни Шымкент қалалық білім бөліміне қарасты «№25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ішкі тәртіп ережесіне төмендегідей өзгерістер барын жиналысқа қатысушылардың назарына ұсынды.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 
2. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі,
3. ҚР «Білім туралы», 
4. «Неке және отбасы туралы», 
5. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңдары мен басқа да заңдылықтары және «№25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесі жарғысы талаптарына сәйкес жасалынған.
Осы ереже жобасы «25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназия» КММ оқушыларының сыныптық жиналыстарында, сыныптық ата-аналар жиналыстарында, мектеп мұғалімдері жиналысында талқыланып, тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, мекеменің педагогикалық кеңесімен жалпы мектептік ата-аналар комитетінің және кәсіподақ комитетінің бірлескен отырысының шешімімен бекітілгендіктен, Ереже талаптары мектеп басшылығы мен мұғалімдері, мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары үшін орындалуға міндетті болып табылады. Мектеп басшылығы мен мұғалімдері, оқушылары мен ата-аналары тарапынан Ереженің қандай да болсын талаптарының бұзылуы жоғарыда келтірілген Қазақстан Республикасының Заңдары мен заңдылықтары талаптарын бұзу болып табылады және заң бұзушылық ретінде шара қолдану үшін тиісті құзырлы мемлекеттік органдар қарауына ұсынылатын болады.
Әртүрлі мәселе бойынша екінші мәселе өте өзекті мәселелердің бірі отпен мұқият болу туралы: Алдымызда жылыту кезеңі келе жатқандықтан өрт жағдайларының кең тараған оқиғаларына балалардың назарын аударыңыз, баланың отпен сотқарлығы, сөндірілмеген темекі қалдықтары, саяжай мен орман диегіндегі қоқыстарды өртеу, қысқа мерзімге тұйықталу, электротехникалық құрылғыларды, тұрмыстық құралдарды, пештерді дұрыс пайдалану туралы кеңінен тарқатып айтты.
 Сөз соңында ата-аналар мен мектеп бірігіп жұмыс жасаса, тәрбие жұмыстарымен қатар оқыту процесінің ілгерілейтіні анық деп атап өтті. 
Жиналыс төрағасы Ж.Омаров 
Хатшы М.Омиртаев

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет