Биологиялық факторларға төмендегілерді жатқызады:
1. Басынан зақым алу. Бас зақымы ағзалық психикалық ауытқушылықтың және бастағы мидың қалдықтық ағзалық жеткіліксіздігінің себептері болып табылады;
2. Балалар мен жасөспірімдердің соматикалық шағымдарының болуы;
3. Темекі өнімдерін, алкоголді сусындар мен есірткіні жүйелі түрде тұтыну;
4. Депрессияның, үрейдің және күйзелістің жоғары дәрежесі;
5. Эмоцияналдық тұрақсыздықтың жоғары дәрежесі;
6. Өз-өзіне қол жұмсаудың отбасылық тарихы және психикалық денсаулық ауытқушылығының таралуы;
7. Ойлаудың бұзылуы;
8. Зақым келтіретін уайымдар.
Жағымсыз психо-эмоционалдық жағдай және зақым келтіретін уайым девиантты мінез-құлыққа себепші болатын биологиялық фактор болып табылады, сондықтан ол мамандандырылған көмек пен алдын алу шаралары қосымшаларының негізгі мақсаттарының бірі болу керек.
Шешім етеді:
мектеп оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру бойынша;
ата-аналардың, педагогтардың психологиялық сауаттылығын арттыру;
әлеуметтік педагогтардың, педагог-психологтардың, ата-аналардың девианттық мінез-құлық табиғаты, түрлері мәселелері, аддиктивті, бейәлеуметтік, суицидалды мінез-құлық факторлары және белгілері жөнінде хабардар етілуін жоғарылату;
сынып ұжымдарында қолайлы психологиялық климат тудыру бойынша жұмыс;
қиын өмірлік жағдайға душар болған отбасылардың балаларын оқытуда және тәрбиелеуде көмек көрсету;
- отбасының және мектептің байланыстарын нығайту;
- оқушылардың сабақтан қалуын бақылау;
- оқушылардың қызығушылықтарын анықтау, кәсіби өз тағдырын шешуде, кейінгі білім алу жолын таңдауда көмек көрсету;
- Мектеп оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру және ата-аналардың психологиялық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндірме жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілсін.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыстың дендеп бара жатқанын айтқан мектеп инспекторы Ә. Есимова тиісті мемлекеттік органдардың кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактика бағытындағы жұмыстар жоспар бойынша жүргізіліп отырғанын айта отырып, бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз. Жыл сайын жаз маусымы басталып, оқушылар демалысқа шыққанда жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын құқық қорғау органдарының жұмысы екі есе көбейеді. Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Оқушылар демалысқа шығып, мектеп сабағы мен үй тапсырмасынан қолдары босағанда, жоғарыда айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтай бермейді. Әсіресе, жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстар мен құқықбұзушылықтар жаз мезгілінде көп тіркеледі.
«Жол ережесі» (оның ішінде жаяу жүргіншілер жолы, жолда жүру қауіпсіздігі, темір жол бойында жүру ережелері және темір жол қауіпсіздігі). «Жол көліктен жарақаттануды алдын-алу және олардың зардабын анағұрлым төмендету үшін ережені бұлжытпай орындау керек екенін сынып жетекшілер мен ата-аналардың күнделікті жауапкершілікпен қарауға шақырды. Жолда жүргенде тротуармен жүру, бағдаршамның жаяу жүргіншілер өтетін жерінен өту, әсіресе мектеп-гимназияда оқитын Азат шағын ауданы мен т.с.с. аудандардан келетін оқушылардың ата-аналары балаларыңыздың темір жолдан өту кезіндегі қауіпсіздігіне аса назар аударып, өздерінің мектепке келіп-кетуін қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар Ә.Есимова Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 124 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен қысқа таныстыра отырып, қазіргі уақытта экстремизм мен терроризм мемлекеттер мен қоғамдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ерекше қауіп төндіруде, олар дінді өздерінің саяси мақсаттарында қолданады. «Діни экстремизм» дегенімізде –діни өшпенділікті немесе алауыздықты,ал «терроризм» латын тілінен «қорқыныш үрей» дегенді білдіреді. Сондай-ақ деструктивтік діни ұйымына тартушы жетекшілері өз қатарына тарту ұшін олардың өмірлік маңызды мұқтаждықтарына назар аударады. Сол себепті көбіне жастарды өз қатарына тарту көп кездеседі. Оқушыларға қазіргі кездегі салт-дәстүрлердің ара қатынасы, сондай-ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында теолог мамандармен пікірталастар ұйымдастыру жөнінде ұсыныс жасады. Дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру ата-аналар тарапынан көбірек қадағалауды тапсырды.
Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, әр-бір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді.
Достарыңызбен бөлісу: |