Шешім етті:
7.1 Құқықбұзушылықтың алдын-алу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп отырылсын.
7.2 Оқушылардың сабақтан тыс уақытта, сабаққа келер және қайтар кезіндегі жолда жүру жол ережесі (оның ішінде жаяу жүргіншілер жолы, жолда жүру қауіпсіздігі, темір жол бойында жүру ережелері және темір жол қауіпсіздігі) ата-аналарға жүктелсін.
9.3 «Жол көліктен жарақаттануды алдын-алу және олардың зардабын анағұрлым төмендету» жөнінде ескертулер жасалынып отырылсын.
9.4 Діни экстремистік терроризмнің алдын алу жұмыстары жүргізіліп, теолог мамандармен кездесулер ұйымдастырылсын.
Күн тәртібіндегі сегізінші мәселе ерте жүктіліктің алдын алу бойынша баяндамашы мектеп медбикесі Тойлықыз Укубаева сөз алды.
Ерте жүктілік қауіпті ме? Жүктілік кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді, жүрек қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме түседі. Бұның қиындығы — жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені. Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, таксикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес! Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы — жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен, жоспарланған жүктіліктің 90 пайызы отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала «әдейі» бәрін кері істейді. Ерте жүктіліктің қалай алдын алуға болады? Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі — сақтану. Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы ата-ана баласымен жиі әңгімелесу керек. Жыныстық тәрбие туралы кітаптарды оқу. Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ерте түссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба?! Баланы көтеріп, өмірге әкеле ала ма?! Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудың жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек. Ерте жүктіліктің нәтижесі Бұл мәселеге әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, қыз бала білім алу, жұмысқа орналдасу және карьера құру мүмкіндігінен айырылады. Ал жас жігіт әке атанып, жауапкершілікті көтеруге асықпайды, көп жағдайда қыздар өздері жалғыз қалады да (егер ата-анасы көмектесетін болса, жақсы), жас ана тығырыққа тіреледі; білімі жоқ, жұмысы жоқ, баланы күтіп-бағуға ақшасы болмайды. Осының бәрі жалғыз бір жас анаға ауыр болатындықтан, көп жағдайда аналар баласын балалар үйіне өткізіп жатады. Ал бұл өкінішке орай, ерте жүктіліктің салдарынан болатын жиі кездесетін оқиға.
Сондықтан, ауруын жасырған өледі – деп қазақ атамыз айтқандай жасөспірімдердің басқан әрбір қадамын ата-ана және мектеп тарапынан жіті қадағалау керектігін қадап айтты.Құрметті ата-аналар балдарыңызды қадағалап бақылап жүріңіздер деп сөзін аяқтады.
Шешім етті:
8.1 Ерте жүктіліктің алдын-алу бойынша жұмыстар жоспар бойынша жүйелі түрде жүргізіліп отырылсын.
8.2 Қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары уақытылы жүргізіліп, мамандармен кездестіріп ұйымдастырылсын.
Достарыңызбен бөлісу: |