Шешім етті:
1.1 2019-2020 оқу жылына дайындық жұмыстары қанағаттанарлық болып табылсын.
1.2 2019-2020 оқу жылына ата-аналар комитеті сайлансын.
1.3 2019-2020 оқу жылына мектепке ата-аналар комитетінің сайлау туралы бұйрық жасалынсын.
1.4 Ата-аналар комиетінің 2019-2020 оқу жылына арналған жылдық жоспары жасалынсын.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша тарих пәнінің мұғалімі А.Байдосова сөз алды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ел халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын ұсынды. Бүгінгі Жолдау осы жылдың маусым айында сайланған Президенттің тұңғыш Жолдауы болғандықтан, ерекше қызығушылық тудырады. Жолдаудың міндеттері Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелерімен сәйкес келеді. Жолдау негізгі көлемді бес бөліктен тұрады. Олар:
1. Заман талабына сай тиімді мемлекет
2. Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
3. Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика
4. Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі
5. Қуатты өңірлер - Қуатты ел.
Баяндамашы А.Байдосова Президент өз Жолдауында сот пен құқық қорғау жүйесін жетілдіруге, бизнесті дамытуға, қаржы ресурстарын дұрыс бөлуге, халыққа әлеуметтік қолдау көрсетуге, ел аймақтар арасындағы теңсіздікті жоюға және басқа да халықты толғантып жүрген мәселелерге ерекше көңіл бөледі. Алдағы саяси реформалар сияқты бұл жұмыс Қазақстанның әрбір азаматы мемлекет тарапынан қамқорлықты сезінуіне және өзінің конституциялық құқықтарын қорғауға сенімді болуына бағытталуы тиіс деді.
Білім беруге бұрынғыдай мемлекеттің дамуындағы стратегиялық роль беріледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында республика ауылдарындағы мектептердегі білім беруді жетілдіру, жоғары оқу орындары жұмысының сапасын және ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру мәселесі де көтерілді.
Бір айта кетерлігі 2020 жылдан мұғалімдер жалақысы 25 пайызға өсетіндігін айтып өтті. Президент өз Жолдауында қоғам мен биліктің өзара ықпалдасқан іс-қимылының осы түрін неғұрлым сындарлы деп есептей келе, азаматтарды ашық диалогқа шақырады. Президент өзекті, шешімін күтіп тұрған мәселелердің бар екенін ашық айта келе, сонымен бірге оларды шешудің ұтымды жолдарын ұсынады, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді прагматикалық тұрғыдан бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |