Т. Я. Эрназаров 201 ж



бет1/7
Дата03.07.2016
өлшемі0.89 Mb.
#175851
  1   2   3   4   5   6   7

Пәннің бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19





Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қаржы кафедрасы

(кафедраның атауы)













ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Ақша, несие, банктер

(пәннің коды мен атауы)

Павлодар, 2013 ж.




Пәннің бағдарламасының

бекіту парағы (Syllabus)







Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19








БЕКІТЕМІН




Қаржы - экономика факультетінің деканы




___________Т.Я. Эрназаров

«____»_____________201__ ж





Құрастырушы: доцент Д.З. Айгужинова __________

5В050900 «Қаржы» мамандығының

студенттеріне арналған

«Ақша, несие, банктер» пәні бойынша



ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Бағдарлама «___» _________201_ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.


20__ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі _______ Д. З. Айгужинова 201__ ж. «____» _______

(қолы) (А.Ж.Т.)


Қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған__________________ 201_ ж. «_____»____________№____ хаттама

ОӘК төрағасы ___________ А. Б. Темиргалиева 201_ ж. «_____»__________



1 Оқу пәннің паспорты
Пәннің атауы «Ақша, несие, банктер»

Таңдау бойынша компонент



Кредиттер саны және оқу мерзімі:

Барлығы – 3 кредиттер

Курс: 2

Семестр: 4



Аудиторлық сабақтардың барлығы: 45

Дәрістер – 30;

Практикалық/ семинарлық сабақтар-15 сағат;

СӨЖ – 90 сағат, оның ішінде СӨЖМ - 22,5 сағат;

Жалпы жұмсалған еңбек -135 сағат.
Оқу нысаны

Курстық жұмыс – 4 семестр

Емтихан - 4 семестр

Пререквизиттер

Аталмыш пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді оқудан алынған білімі, машықтары қажет: «Микроэкономика», «Макроэкономика», «Экономикалық теориянын негіздері».



Постреквизиттер

Пәнді оқу барысында алынған білімі, машықтары келесі пәндерді меңгеруге қажет: Банк ісі, «Қаржы»



2. Оқытушылар туралы мәлімет және байланыс ақпараты

А.Т.Ә. _Айгужинова Д.З.

Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: э.ғ.к., доцент____________

Кафедра «___Қаржы________», аудитория _519___, __________________________________

телефон: ___67-36-43________________________,

Е-mail: ____________________________.


3. Пәнді оқу негізі, мақсаттары және міндеттері

Пәннің бас мақсаты – қаржы және несиелік катынастар, банктік және ақша жүйелердің қызмет ету негіздері, халықаралық несие есеп және валюттік қатнастар саласында жинақы білімді кешенді түрде көрсетуге бағытталған.

Соңымен қатар, осы пән келесідей мақсаттарды көздейді:



  • студенттерге ақшаның, несиенің және банктердің теориялық аспектілері бойынша, ақша және несие жүйелерінін, қызмет істеу негіздері бойынша, халықаралық несиелік-есеп айырысу және валюталық қатынастар, бағалы қағаздар нарығының не гіздері бойынша біртұтас білім жүйесін қалыптастыру;

  • пәннің мәні мен мазмұнын сипаттайтын терминологиялық-ұғымдық аппарат беру;

барлық үғымдардың өзара байланысы мен олардын ішкі логикасын ашу.

Пәнді меңгерудің міндеттері:

  • студенттерге ақша, несие, банктердің теориясы бойынша қажетті теориялық білімнің белгілі бір минимумын беру;

  • оларға банк сферасында қызмет істеу үшін қажетті практикалық машыктарды (навыки) дарыту;

  • банк қызметінің болашақ профессионалдарына алдағы уақытта болуы мүмкін, ықтимал банктік жаңашыл қызметтер, интернет-технологиялар және тағы басқа өзгерістерге бағыт беріп қою.

4. 3. Білімге, икемділікке, машықтарға және құзіреттерге талап:

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттарға түсінік болу:



икемді болу:

  • ақша айналым саласында нормативті-құқық базаны, экономикадағы ақшаның мәнін, функцияларын, рөлін, ақша айналымның заңдарын, ақша есептерді ұйымдастыру қағидаларын, инфляция мәнін, оның көрініс нысандарын, ақша реформалардын түрлерін, ақша жүйенін элементтерін, ақша жүйелердін түрлерін және оның ҚР ерекшеліктері;

  • несиенің қажеттілігі, несие қозғалысының кезендері, несие жабу кестесін құрастыру, заемшының несиеқабилеттін талдау, несие пайыздын мөлшерін еспетеу, несие модульмен жұмыс істеу дағдылар алу;

  • банктердін мәні және олардың экономикадағы рөлі, орталық банктің ұйымдастыру және жұмыс істеу ерекшеліктері, Ұлттық Банк ақша-несие саясатының әдістері, банктің пассивтік және активтік операциялардын түрлері, банк қызметтер түрлері бойынша операцияларды іске асыру: несиелеу, есеп-кассалық қызмет көрсету, лизинг, факторинг, траст, бағалы қағаздармен және т.б.;

– Қазақстан Республика аумағында банк қызметтің реттейтін негізгі заң актілерді және нормативтік ережелерді.

практикалық машықтарды иемдену қажет:

  • ақша айналым саласында негізгі даму тенденцияларды анықтау, ақша айналымда пайда болатын жағымсыз жағдайларды зерттеу, ақша айналымды оңтайландыру, мемлекеттік экономиканы тұрақтандырумен байланысты нақты міндеттерді шешу;

  • банктің пассивтік және активтік операциялардын құрылымын талдау, коммерциялық банктердін қызметтін реттейтін экономикалық нормативтерді есептеуі, заемшының несиеқабилеттін анықтау;

  • заемшының несиеқабилеттін сраптайтын жеке қаржы көрсеткіштерін есептеу, несие шарттын құрастыру, сенімділік, өтімділік, төлемқабилетті, табыс көрсеткіштері бойынша коммерциялық банктін қызметтін талдау.

- ақша қарым-қатынастардың түрлері мен қалыптарын ажырату;

- несиелік механизмын қолдану;

- практикада несиелендіру, ақша жоспарлау, уйымдастыру саласында теориялық білімді колдану.

5 Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу

р/р


Тақырыптар атауы



Сабақ түрлері бойынша аудиторлық сағаттар саны

СӨЖ

Дәріс

Практикалық (семинарлық)

Барлығы

оның ішінде

СӨЖМ





І бөлім

Ақша, нссие, банктер туралы негізгі түсініктер

6

3

14

3

1

    1. тақырып Ақшаның мәні және оның атқаратын қызметтері

1

1

4

1

2

1.2 тақырып Ақша айналымы, ақша айналысы және ақша жүйесі

3

1

4

1

3

1.3 тақырып Ақша реформалары және валютаны тұрақтандыру әдістері

2

1

6

1




ІІ бөлім. Несие және несие жүйесі

6

3

18

6

4

    1. тақырып Қарыз капиталы, пайыз және несие

2

1

6

2

5

    1. тақырып Несие жүйесі. Несиелік мекемелердің түрлері

2

1

6

2

6

2.3 тақырып Банктік емес несиелік мекемелердің мәні және түрлері

2

1

6

2




ІІІ бөлім. Банктер және банк жүйесі

8

4

26

7,5

7

    1. тақырып Мемлекеттің Орталық банкі, оның құрылуы және дамуы

1

1

4

1,5

8

3.2 тақырып Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің атқаратын қызметтері мен жүргізетін операциялары

2

1

6

2

9

3.3 тақырып Коммерциялық банктер атқаратын қызметтері және олардың қызметін ұйымдастыру

2

1

6

2

10

3.4 тақырып Коммерциялық банктердің активті, пассивті және комиссиондық делдалдык операциялары

3

1

10

2




IV бөлім. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары, құрылымы мен құралдары

4

2

12

2

11

4.1 тақырып Бағалы кағаздар нарығы

2

1

6

1

12

4.2. тақырып Қор биржалары

2

1

6

1




V бөлім. Халықаралық валюталық-несиелік қатынастар

6

3

20

5

13

5.1 тақырып Валюта жүйесі және валюталық катынастар

2

1

6

2

14

5.2 тақырып Халықаралық валюталық-несиелік институттар

2

1

7

2

15

5.3 тақырып ҚР-дағы халықаралық каржылық институттардың қызметі

2

1

7

1

БАРЛЫҒЫ:

30

15

90





6. Дәріс сабақтарының мазмұны

І бөлім Ақша, нссие, банктер туралы негізгі түсініктер

1.1 тақырып Ақшаның мәні және оның атқаратын қызметтері

Ақша түсінігі және оның пайда болуының қажеттілігі. Ақша жалпылама құн эквиваленті ретінде. Ақша формалары. Ақшаның атқаратын қызметтері және олардың ерекшеліктері. Ақша құн өлшемі ретінде және баға масштабы. Баға - құнның ақшалай көрінісі. Құн заңы және оның жүзеге асуы. Шаруашылык айналымының ақшаға деген қажеттілігі.Төлемдер айналымы және оны ұйымдастырудың негізгі зандылықтары. Ақша кор жинау және қазына жасау құралы ретінде. Қоғамдағы қор және қазына жасаудың негізгі формалары және олардың перспективалары.

Ақшаның дүниежүзілік қызметі. Әлемдік ақшаның құрылымдық формаларының эволюциясы.

Әлемдік ақшаның құн өлшемі, айырбас құралы және жалпы байлықтың қоғамдық заттануы ретіндегі атқаратын кызметтері. Ұлттық валютаны және халықаралық есептесу бірліктерін әлемдік акшалар ретінде қолдану. Алтынның демонетизациялану процесі. Қазіргі тандагы алтынның рөлі.
Тауар – бұл адам еңбегінің кез келген өнімі, бірақ өндірісшінің өзінің тікелей қолдануына емес, сатуға немесе айырбастауға арналған зат.

Заттардың адамдардың еңбегін материалдық түрде көрсету қабілеттілігі құн деп аталады.

Әлдебір тауар ақша аталу үшін айырбастауда жалпыға танымал болады.

Ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі және тауар айналымының дамуынан туындайды.

Ақша пайда болу жөнінде 2 тұжырымдама бар: рационалистік және эволюциялық.

Рационалистік – ақшаның туындауын мемлекеттің немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітуінің нәтижесі ретінде түсіндіреді, яғни ақшаның пайда болуының тауарлық өндіріспен байланыстырмайды.

Эволюциялық – тауардың айырбастық құның эволюциялық даму нәтижесінде пайда болғаның түсіндіреді, ақша адамдардың еркіне тәуелсіз түрде пайда болады.

2. Құнның нысандары.

Тауар айырбасының даму кезеңінде тауарлардың құны әртүрлі нысандарда болған.


  1. Кездейсоқ немесе қарапайым құн – тауарының бір түрі тауардың басқа түріне қарапайым түрде айырбасталған.

  2. Толық немесе жайылыңқы нысан-көптеген айырбасталатын тауар ішінде бір немесе бірнеше өтімді тауарлар айқындалды. Әр алуан тауарлардың құны бір немесе бірнеше балама тауардың құнымен өрнектелді.

  3. Құнның жалпы формасы – тауарлық әлемнен жалпы балама ретінде бір тауар анықталды, барлық тауарлар осы тауарларға теңестіріледі.

  4. Ақшалай формасы – айырбас нәтижесінде жалпы балама орнына ақшалай тауарды қоюмен сипатталды.

3. Ақшаның қызметтері:

1. құн өлшемі

2. айналыс құрамы

3. төлем құрамы

4. жинақтау немесе қорману құралы

5. әлемдік ақша

1. Тауарларды салыстырмалы ететін ақша емес, тауарды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті адам еңбегі саналады. Барлық тауарлар қажетті еңбек өнімі болып табылады. Сондықтан олардың өзіндік құны ақшалар арқылы есептеледі. Ақша тауарының құнын өлшеу үшін қолданылады.

2. Айналыс құралы ретінде Т-А-Т-ақша тауар айналымдағы делдал рөлін атқарады. Тауарлық формуладағы тауардың айналым 2 актіден тұрады: сату және сатып алу. Осы қызметті орындау үшін ақша үнемі қолда болуы тиіс.

3. Т-А, - А-Т – арасында үзіліс. Тауар өндіріс дамыған сайын несиелік қатынастар пайда болады, яғни ақша айналысында уақыт үзілістері пайда болады, сату және сатып алу кезеңдерінде бір-біріне сәйкес келмеді. Сондықтан тауарлар несиеге сатыла бастады. Тұтынушы тауар үшін ақша емес, міндеттемелер ұсына бастады.

4. Жинақтау және қорлану қоры.



1.2 тақырып Ақша айналымы, ақша айналысы және ақша жүйесі

Ақша айналымы және ақша айналысы туралы түсінік. Қызмет етуші акшаның формалары: толық құнды, толық құнсыз - қағаз және несиелік ақшалар. Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша ай­налысы. Акшалай және төлем құралдарының түрлері. Ақша айналысының эволюциясы. Металл ақшалар айналысы. Несиелік айналыс құралдары. Қағаз акшалар айналысы. Электронды төлем құралдары. Ақша базасы, ақша массасы және ақша агрегаттары. Ақша айналысы заңы. Ақша жүйесі, оның элементтері мен негізгі типтері. Қолма-қолсыз есеп айырысу формалары. Ин­фляция. Инфляцияның түрлері және оның пайда болу себептері. Инфляцияиың әлеуметгік-экономикалық салдарлары және мемлекет тарапынан оған қарсы күресу әдістері.
Ақша айналымы- бұл айналыс қаражаты мен төлем қаражаты міндетін атқаратын ақшаның үздіксіз қозғалысы. Ақша айналымы 3 түрге бөлінеді:

1.ақшаның есеп айырысудағы айналымы – бұл айналым тауар немесе қызметтерді пайдалану кезінде есеп айырысуға көмектеседі.

2.ақшаның несиелік айналымы-бұл айналым несие беру және оны қайтару процесіне қызмет көрсетеді.

3.ақшаның қаржылық айналымы – бұл айналым шаруашылықтың қаржылық қатынастарға қызмет көрсетеді.

Ақша массасы – мемлекеттің заңды және жеке тұлғаларының иелігіндегі шаруашылық айналымды қамтамасыз ететін сатып алушылық және төлем қаражаттарын жиынтық көлемі болып табылады.

Экономикада ақша массасын өлшеу келесі себептермен байланысты:

1.ақша көлемінің өзгеруі маңызды экономикалық параметрлерге әсер тигізеді. (жұмыссыздық)

2.ұлттық экономика шеңберінде ақша қажеттілігін артып кеткен оның көлемі инфляцияға әкеледі.

3.ұлттық банк ақша параметрлері арқылы жалпы экономикаға әсер тигізеді.

4.ақша несиелік реттеу кезінде ақша ұғымын ақшаның теориялық және тәжірибелік анықтауында сәйкестік болады.

Экономикалық әдебиетте ақша массасын өлшеуде 2 тәсіл бар:

1.трансакциялық

2.өтімділік

Трансакциялық көзқарас-ақша массасын өлшеуде келесі ұстанымға сүйенеді; ақшаның басқа активтерінен айырмашылығы келесіден тұрады: олар сату және сатып алу келісімдерін жүзеге асыратын айналыс және төлем қаражаты болады, сондықтан орталық банк сату және сатып алу келісімдерді жүзеге асыруға қолданылатын ақша массасын реттеу қажет деп есептеледі.

Ақша келсімдер үшін – ақша массасының белсенді бөлімі, оларға шаруашылық айналымда нақты қызмет көрсететін ақша қаражаттар жатады.

Өтімділік көзқарасы – ақша өтімді актив функциясын орындайды, сондықтан ақша массасы бұл ақша функциясын орындайтын өтімді активтің жиынтығы. Ақша массасын есептегенде оларды да есептеу қажет.

Ақша массасының құрылымы

Ақша агрегаты - өтімді активтің топтасуына сәйкес келетін ақша жиының көлемі мен құрылымының көрсеткіші. ҚР-да келесі агрегаттар қолданылады: Мо – айналыстағы қолма-қол ақша, М1= Мо+кәсіпорындарының есеп ағымдағы арнайы шотындағы қаражаттар, банктердегі халықтық салымдары, сақтандыру компаниясының ақшалары, зейнетақы қорының қаражаттары, М2=М1+банктердегі мерзімдік салымның көлемі, М3=М2+депозиттік және жиынтық сертификаттары +мемлекеттің облигациялары.

Ақша базасы – Мо+ұлттық банкінің кассадағы ақша қаражаттары+ұлттық банкінәң резервтер + 7б коршоттағы коммерциялық банкының қаржыларыі

Ақша мультипликаторы - ақша жиыны бір өлшемге өзгергенде, ақша жиынының көлемі қандай шамаға өзгеретінін көрсететін коэффициент.


Ам = 1/Смр,
мұнда Ам – ақша мультипликаторы;

Смр – міндетті резервтердің ставкасы.


Осы көрсеткіш ұлттық шаруашылық айналыстағы ақша массасын арттыруға мүмкіндігін анықтайды.

Ақша айналысы заңы. Бұл заңды анықтаған Карл Маркс.

Ақша айналысының заңы

PQ+QK+MT-ӨТ

mақ= V

мұнда, m – ақша массасы;

Q – тауар массасы;

Р – тауарлардың орташа бағасы;

QК – төлем мерзімі келмеген несиеге сатылған тауарлардың сомасы;

МТ – міндеттемелер бойынша төлемдердің сомасы;

ӨТ – өзара есепке алынатын төлемдердің сомасы;

V –ақша айналымның орташа мөлшері (айналыстың жылдамдығы).
Айналыс құралының және төлем құралының қызметтерін орындауға қажетті ақша мөлшері ақшалай бірлік айналымдарының санына (айналыстың жылдамдығы) бөлінген сатылған тауарлардың баға сомасына тең болуы керек.

Ақша көлеміне келесі факторлар әсер тигізеді: нарықта сатылған тауарлар көлемі, бағаның деңгейі, несиенің дамуы, өзара өтелетін міндеттемелер, қолма-қолсыз төлемдер, ақша айналымының жылдамдығы.

3. Толыққұнды – номиналды құны нақты құнымен сәйкес келетін ақша, яғни дайындау кезінде көрсетілген олардың құрамында металдық құнына сәйкес келеді.

Толыққұнды емес – нақты құны номиналды құнына сәйкес келмейді, оларға жататын билонды монеталар, қағаз және несие ақшалары.

Қағаз ақшалары-бұл толыққұнды ақшаның өкімдері. Тарихи тұрғыдан қағаз ақшалар толық құнды ақшаларға еркін айырбасталған. Қағаз ақшаның айырмашылығы:

1.олар бюджет тапшылығын жабу үшін шығарылады

2.олардың эмитенті қаржы министрлігі

Несиелік ақша – бұл айналымдағы толық бағалы ақша орнына қолданылатын және несие белгісі ретінде білінетін қағаз ақша белгілері, олардың өзіндік құны болмайды.

Айырмашылығы:

1.олар экономиканы несиелеуге шығарылады

2.олардың эмитенті банк жүйесі
Ақшаның түрлері.


толыққұнды толыққұнды емес




қағаздық несиелік




металдық металдық құн

белгілері

вексель банкнота чек эл.ақша төлем карточкалары


Вексель-бекітілген мерзім ішінде онда көрсетілген соманы сөзсіз төлеу жөніндегі міндеттеме.

Банкнота-орталық банкының міндеттемесі.

Айырмашылықтары:

1.мерзімсіз міндеттеме

2.оның мемлекеттік кепілдемесі бар

Ақша жүйесі. Сипаттамасы.Элементтері.

Ақша жүйесі-мемлекеттің заңдармен ұйымдастырылатын, реттелетін халықтың ақша айналысы.

Ақша жүйесінің негізгі элементтері:

1.Ақша бірлігі

2.баға масштабы

3.ақша түрлері

4.эмиссиялық жүйесі

5.ақша айналысын реттеу тәртіптері

Қолма қолсыз есеп айырысудың нысандары.

1.төлем тапсырмалық нысаны

2.аккредивтік нысаны

3.төлем - талап тапсырмалық нысаны

4.чекпен есеп айырысу

5.инкассо төлем – талап нысаны
Төлеуші төлем

Төлеушінің банкі төлем алушы-

ның банкі
Төлем тапсырмасы-төлеушінің өзіне қызмет көрсететін банкіге өз есеп шотынан тиісті соманы ақша алушының есеп шотына аударуға беретін бұйрығы.

1.Төлеуші өз банкіне төлем тапсырманы жібереді

2.төлем тапсырмасының негізінде банк төлеушісіз шотына қаражаттарды шешеді және төлем алушының банкіне аударады

3.төлем алушының банкі осы қаражаттарды төлем алушының есеп шотына аударады

4.төлем алушы өз шотынан көшірме алады

5.төлеуші өз шотынан ақша




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет