Т. Я. Эрназаров 201 ж



бет5/7
Дата03.07.2016
өлшемі0.89 Mb.
#175851
1   2   3   4   5   6   7

5.3 тақырып ҚР-дағы халықаралық каржылық институттардың қызметі


Азиялық даму банкі (АзДБ-АзБР), оның міндеті мен қыз меттері.

Халықаралық есеп айырысу банкі және оның операциялары.

Қазақстан Республикасындағы халықаралық қаржылық институттардың қызметі.

Азия Даму Банкі - Халықаралық қаржы мекемесі. Біріккен Ұлттар Ұйымының экономикалық және әлеуметтік комиссиясының шешімімен Азия және Тынық мұхит елдері үшін 1966 ж. желтоқсанда құрылды. Ол өз қызметін 1968 ж. бастады. Қазір оған 56 мемлекет мүше, оның 39-ы Азия — Тынық мұхит аймағының (АТА) өкілі, ал қалған 16-сы бұл аймақтан тысқары елдер. Банкінің саясатын айқындайтын жоғары органы — Басқарушылар кеңесі. Банк операцияларының бағыттарына 12 директордан құрылған Директорлар кеңесі жауап береді. Әр директордың орынбасары бар. Директорлардың 8-і Азия — Тынық мұхит аймағының (АТА) елдерінің өкіддері (1998). Банк президентін Басқарушылар кеңесі 5 жылға сайлайды. Ол Директорлар кеңесінің төрағасы болып есептеледі және банк қызметін басқарады. Азия даму банкінің президенті Жапония өкілінен сайланады. Штаб-пәтері Манилада (Филиппин) орналасқан. Банк Бангладеште, Индонезияда, Үндістанда, Непалда, Пәкістанда, Америка Құрама Штатта өзінің тұрақты өкілдерін ұстайды.

АДБ-ның бас кеңсесі.Банктің уставтық капиталы - 55 млрд долл. шамасы.Бас кеңсесі - Манилада (Филлиппин) Банкті Президенті 28 сәуір 2013 жылдан жапон Такэхико Накао басқарады.

Басқару органы - мүше елдердің өкілдер советі ме басқармасы (директорат). Мәселенің қайсысы болса да 20 %-і мүше елдерге тепе-тең бөлінеді, ал қалған 80 %-і банктің уставтық капиталына әр елдің қатысу үлесіне қарай теңестіріледі.

Дамушы елдердің экономикалық даму бағдарламаларын қаржыландыру, олардың сыртқы саудасына жәрдем беру, қаржылай, техникалық және экономикалық көмек көрсету. Банк бұл елдердің қажетін өтеу мақсатында жеңілдікпен берілетін несиелік операциялар жүргізу ісіне Азия, Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Америка мемлекеттерінің ресурстарын жұмылдыруда маңызды рөл атқарады. Банкінің негізгі қызметі — Азия-Тынық мұхит аумағының(АТА) елдеріне экономикалық өсу мен ынтымақтастық қарым-қатынасты жеделдету мақсатына көмек беру. Банк қарыз берудің екі түрін қолданады: бүкіл несие қорының 68,8 пайызы әдеттегі қарыз, ал қалғаны Азия даму қорынан дамушы кедей елдерге үлкен жеңілдікпен беріледі.


Қазақстан банкке мүшелікке 1994 ж. 19-қаңтарда қабылданды. Қазақстандағы зейнеткерлік реформаны қолдауға және ауыл шаруышылығын дамытуға қомақты несие бөлінді (1998).
7. Тәжірибелік (семинарлық, зертаналық, жеке, студиялық) сабақтардың мазмұны, сағаттағы олардың көлемі
1.1 тақырып Ақшаның мәні және оның атқаратын қызметтері - 2 сағат.

Тапсырма:

Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:

1 Ақша құн өлшемі ретінде және баға масштабы.

2 Құн заңы және оның жүзеге асуы

3 Төлемдер айналымы және оны ұйымдастырудың негізгі зандылықтары

4 Ақша кор жинау және қазына жасау құралы ретінде

5 Қоғамдағы қор және қазына жасаудың негізгі формалары және олардың перспективалары.


Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар: Аталмыш тақырыпты зерделеу барысында құн заңының параметрлерін қарастырыңыз.
1.2 тақырып Ақша айналымы, ақша айналысы және ақша жүйесі -1сағат.

Тапсырмалар:

Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:

    1. Ақша базасы, ақша массасы және ақша агрегаттары

    2. Ақша айналысы заңы.

    3. Ақша жүйесі, оның элементтері мен негізгі типтері.


Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар аталмыш тақырыпты зерделеу барысында ақша базасы, ақша массасы және ақша агрегаттары арасындағы айырмашылықтарға назар аударыңыз.
1.3 тақырып Ақша реформалары және валютаны тұрақтандыру әдістері - 1 сағат

Тапсырмалар:

Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:

1 Ақшалай дағдарыстар



  1. Ақша реформаларының тарихи маңызы

  2. КСРО-дағы 1922-1924 жылдардағы ақша реформасы және оның кезеңдері.

  3. КСРО-дағы 1947 жылғы ақша реформасы және оның экономиканы дамытудағы маңызы.

  4. 1961 жылы КСРО-да баға масштабының өзгеруі.


Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар: Аталмыш тақырыпты зерделеу барысында ақша реформаларының және валютаны тұрақтандыру әдістерімен байланыстарын қарастырыңыз.
2.1 тақырып Қарыз капиталы, пайыз және несие -1 сағат

Тапсырмалар:

Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:

    1. Несиенің атқаратын қызметтері

2 Несиенің қайта бөлу қызметі

3 Уақытша бос ақша құралдарын қайта бөлу механизмі

4 Құрделі пайызды есептеуі әдістемесі.
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар құрделі пайызды есептеу әдістемесін қарастырғанда қарапайым пайызды есептеу әдістемесімен салыстырыңыз.
2.2 Тақырып Несие жүйесі. Несиелік мекемелердің түрлері - 1 сағат

Тапсырмалар:

Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:

1 Екі деңгейлі банк жүйесінің құрылымы мен қызмет ету ме­ханизмі

2 Бірінші және екінші деңгейдегі банктердің қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері.

Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар тақырыпты қарастырғанда Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесін құру және даму ерекшеліктерін атаңыз.
2.3 Тақырып Банктік емес несиелік мекемелердің мәні және түрлері -1 сағат

Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:

1 Зейнетақы қорлары, сақтандыру компанияларының ұйымдастырылу және қызмет ету ерекшеліктері

2 Факторингтік, лизингтік, пошталық-жинақтау компаниялары, ломбардтар, клирингтік палаталардың ұйымдастырылу және қызметтері.

Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар Біріккен мемлекеттік зейнетақы қордың қалыптасуын қарастырыңыз.
3.1 Тақырып Мемлекеттің Орталық банкі, оның құрылуы және дамуы - 2сағат

Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:

1 «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 ж. 30 наурыздағы Заңы.

2 ҚР Ұлтгық Банкі, оның құрылымы, заңды статусы және есеп беруі.
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар. тақырыпты қарастырғанда www.nationalbank.kz сайтпен пайдалана отырып ҚҰБ-нің басқару органдарын, ҚҰБ-нің стратегиялық жоспарын, ҚРҰБ-нің орталық аппаратының құрылымын қарастырыңыз.
3.2 тақырып Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің атқаратын қызметтері мен жүргізетін операциялары - 1 сағат

Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:

1 Қазақстанның Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты дамудың үшінші сценариді жүзеге асырудағы рөлі.

2. Қазақстанның Ұлттық Банкінің валюталық саясатының ерекшеліктері

Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар Қазақстанның Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты дамуына ықпал тиігізетін факторларды зерттеу.


    1. тақырып Коммерциялық банктер атқаратын қызметтері және олардың қызметін ұйымдастыру

Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:

1 Банктердің негізгі атқаратын қызметтері



    1. Банк қызметін ұйымдастыру принциптері. Банк қызметін құру, қайта ұйымдастыру және оны тоқтату тәртібі.

    2. Банкроттқа ұшырау жағдайда банктің шаралары.

Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар Банкроттқа ұшырау жағдайда банкті сауықтыру шараларын қарастырыңыз.
3.4 тақырып Коммерциялық банктердің активті, пассивті және комиссиондық делдалдык операциялары

Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:

1 Банктердің активті және пассивті операцияларының сипаттамасы



    1. Банктердің меншікті капиталы мен тартылған қаражатгарының құрылымы. Депозиттер, түсінігі және оның түрлері.

3Банктердің активті операциялары.

    1. Вексель және басқа бағалы қағаздармен жасалатын операциялар.

Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар активті операцияларды ұлғайту шараларын қарастырыңыз.


    1. тақырып Бағалы кағаздар нарығы – 1 сағат

1Бағалы қағаздар жалған капиталдың бір формасы ретінде және олардың түрлері: акциялар, облигациялар, мемлекеітік қазыналық міндеттемелері, жинақ сертификаттары.
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар мемлекеітік қазыналық міндеттемелерінің жіктелуін тияңақты қарастырыңыз.


    1. тақырып Қор биржалары– 1 сағат

1 Қазакстан Республикасының қор биржасы, максаттары мен қызмет түрлері.

2 Қор биржасы мүшелерінің міндеттері мен құқықтары. Биржалық мәмілелер.



    1. Брокерлік және диллерлік қызмет

    2. Бағалы қағаздар нарығының институционалды инвесторлары.


Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар ҚР заңамасына сәйкес құнды қағаздарды тіркеу тәртібіне назар аударыңыз.


    1. тақырып Валюта жүйесі және валюталық катынастар – 1 сағат

    1. Төлем балансы және оның құрылымы.

    2. Есеп айырысу балан­сы және оның төлем балансынан айырмашылығы.

    3. Валюта курсының экономикалық категория ретіндегі түсінігі. Шетел валютасымен несиелеу жэне есеп айырысу, оларды ұйымдастырудың ерекшеліктері.

    4. Валюталық саясат және банктің валюталық-қаржылық портфелін басқару.

Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар төлем балансына әсер етуші факторларына: инфляция, халықаралық саудадағы өзгерістер назар аударыңыз.


    1. тақырып Халықаралық валюталық-несиелік институттар– 1 сағат

1 ӘлемдікБанкТобы,оның құрылымдық бөлімдері: ХҚК-МФК, ХДА-МАР, КЖКА-МАГИ, ХҚКДБ-МБРР

Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар Қазақстандағы халықаралық валюталық-несиелік институттарының қызметіне назар аударыңыз.
5.3 тақырып ҚР-дағы халықаралық каржылық институттардың қызметі

1 Азиялық даму банкі (АзДБ-АзБР), оның міндеті мен қыз меттері.

2 Халықаралық есеп айырысу банкі және оның операциялары.

3 Қазақстан Республикасындағы халықаралық қаржылық институттардың қызметі.



Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар Қазақстандағы қаржылық институттардың қызметіне назар аударыңыз.
8. Өзіндік жұмыс тапсырмалары

1.1 тақырып Ақшаның мәні және оның атқаратын қызметтері - 4 сағат.

Эссе, рефераттар немесе баяндама тақырыптары:

1 Ұлттық валютаны және халықаралық есептесу бірліктерін әлемдік акшалар ретінде қолдану

2 Алтынның демонетизациялану процесі
1.2 тақырып Ақша айналымы, ақша айналысы және ақша жүйесі - 4 сағат.

Эссе, рефераттар немесе баяндама тақырыптары:

1 Инфляцияның түрлері және оның пайда болу себептері

2 Инфляцияиың әлеуметгік-экономикалық салдарлары және мемлекет тарапынан оған қарсы күресу әдістері.
1.3 тақырып Ақша реформалары және валютаны тұрақтандыру әдістері - 4 сағат

Эссе, рефераттар немесе баяндама тақырыптары:

1 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы, оның өткізу қажеттілігі және ерекшеліктері


2.1 тақырып Қарыз капиталы, пайыз және несие - 6 сағат

Эссе, рефераттар немесе баяндама тақырыптары:

1 Тұтыну несиесі, оның түрлері және оның әртүрлі елдердегі даму ерекшеліктері. Мемлекеттік несие. Халықаралық несие.


2.2 Тақырып Несие жүйесі. Несиелік мекемелердің түрлері - 1 сағат

Эссе, рефераттар немесе баяндама тақырыптары:

1 Экономикасы дамыған елдердің банк жүйесі және қызмет ету ерекшеліктері.



2.3 Тақырып Банктік емес несиелік мекемелердің мәні және түрлері -1 сағат

Эссе, рефераттар немесе баяндама тақырыптары:

1 Экономикасы дамыған елдердегі арнайы несиелік-қаржылық мекемелердің түрлері.


3.1 Тақырып Мемлекеттің Орталық банкі, оның құрылуы және дамуы - 2сағат

Эссе, рефераттар немесе баяндама тақырыптары:

1 Ұлттық банкпен баскаруды ұйымдастыру. Ұлттық банктің жоғары басқару органдарын құру тәртібі және олардың өкілеттілігі.


3.2 тақырып Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің атқаратын қызметтері мен жүргізетін операциялары - 1 сағат

Эссе, рефераттар немесе баяндама тақырыптары:

1 Валюталық интервенциялар жүрғізу. Депозиттік саясат.




    1. тақырып Коммерциялық банктер атқаратын қызметтері және олардың қызметін ұйымдастыру

Эссе, рефераттар немесе баяндама тақырыптары:

1 Банкті лицензиялау түсінігі


3.4 тақырып Коммерциялық банктердің активті, пассивті және комиссиондық делдалдык операциялары

Эссе, рефераттар немесе баяндама тақырыптары:

1 Коммерциялық банктің табыс және шығын деңгейіне ықпал тігізетін факторлар. Банктердің өтімділігі және оны анықтайтын факторлар.



    1. тақырып Бағалы кағаздар нарығы – 1 сағат

Эссе, рефераттар немесе баяндама тақырыптары:

1 Бағалы қағаздар нарығы



    1. тақырып Қор биржалары– 1 сағат

Эссе, рефераттар немесе баяндама тақырыптары:

1 ҚР-да бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының ұйымдары, кәсіби қызметтері.




    1. тақырып Валюта жүйесі және валюталық катынастар – 1 сағат

Эссе, рефераттар немесе баяндама тақырыптары:

1 Халықаралық валюталық қордың, ӘлемдікБанкТобының қазіргі заман қызметтері.




    1. тақырып Халықаралық валюталық-несиелік институттар– 1 сағат

Эссе, рефераттар немесе баяндама тақырыптары:

1 Валютамен халықаралық есеп айырысуды жүргізудің тәртібі.

2 Валюталық саясат және банктің валюталық-қаржылық портфелін басқару.
5.3 тақырып ҚР-дағы халықаралық каржылық институттардың қызметі

Эссе, рефераттар немесе баяндама тақырыптары:

1Қазақстан Республикасындағы халықаралық қаржылық институттардың қызметі.


Курстық жұмыстардын тақырыптары

    1. Ақша теориялары

    2. Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері: олардың ерекшеліктері мен модификациясы

    3. Ақша жүйесі: түсінігі және элементтері

    4. Ақша жүйесі түсінігі және оның негізгі типтері

    5. Ақшаның түрлері және оның даму эволюциясы

    6. Металл ақша айналысы, олардың даму тарихи мен қағаз ақшаларға көшу себептері

    7. Қағаз ақшалар және олардың айналу заңдылықтары

    8. Несиелік ақшалардың сипаттамасы

    9. Ақшаның атқаратын қызметтерін сипаттау

    10. Электрондық ақшалардың сипаттамасы

    11. Вексель және оның айналысы

    12. Коммерциялық банктердің вексельдік операцияларының түрлері

    13. Чек: түсінігі, атқаратын қызметтері, түрлері және олардың Қазақстан банктерінде қолданылыу

    14. Несиелік ақшалар: түсінігі, түрлері және оларды банк жүйесінде қолдану

    15. Несие жүйесі, оның тетіктерін сипаттау

    16. Несие жүйесі несиелік қатнастар мен несиелік мекемелер жиынтығы ретінде

    17. Несие жүйесі және оны мемлекеттік реттеу

    18. Несие жүйесінің қазіргі таңдағы проблемалары

    19. Ақша реформалары ұлттық валютаны тұрақтандырудың әдісі ретінде

    20. 1922-1924 жылдардағы ақша реформалары

    21. 1993 жылғы Қазақстандағы ақша реформасы

    22. Ақша айналысының сипаттамасы және оның даму эволюциясы

    23. Несиенің мәні, қажеттілігі және оның формалары

    24. Несиелік ресурстар және оның құрылу көздері

    25. 1930-1932 жылдардағы несиелік реформа

    26. Нарықтың даму шарттарындағы несиенің ролі

    27. Несиелік процент және оның экономикалық мазмұны

    28. ҚР коммерциялық банктері, олардың атқаратын қызметтері мен жүргізетін операциялары

    29. Ақшаның мәні мен қажеттілігінің қазіргі таңдағы анықтамасы

    30. Нарықтық экономикадағы ақшаның қажеттілігі

    31. Несие теориялары

    32. ҚР банк жүйесінің дамуы

    33. ҚР несие жүйесінің дамуы

    34. 1987-1988 жылдардағы банк жүйесіндегі реформалар және банктер қызметін нарықтық негізгі көшіру қажеттілігі

    35. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның атқаратын қызметтері

    36. Қазақстандағы вексель айналысының дамуындағы коммерциялық банктердің ролі

    37. Арнайы банктер: түсінігі, олардың түрлерін сипаттау

    38. Орталық банктер, олардың түрлері мен атқаратын қызметтері

    39. Қазақстан Республикасының банк жүйесі

    40. Проценттің экономикалық мәні және Қазақстан пайыз саясаты

    41. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жүргізетін операциялары

    42. Коммерциялық банктер: мәні, түрлерінің сыныптамасы мен қызметтері

    43. Инфляция: мәні, көріну формалары, түрлері

    44. Инфляция және ақша

    45. Инфляция және банктік процент

    46. Батыс елдерінің Орталық банктері және ақша-несиелік саясатының әдістері

    47. Қазіргі таңдағы ҚР-ң ақша-несиелік сферасындағы ағымдық тенденциялар

    48. Банктердегі кассалық айналымды болжамдау ақша айналысынын реттеу ретінде

    49. Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы банк жүйесі

    50. Қазақстан Республикасының банк жүйесіне әлемдік дағдарыстың әсері

    51. Банк жүйесі: түсінігі, түрлері және құрылымы

    52. Қазақстан Республикасында несиелік мекемелердің дамуы

    53. Несиелік бюро: мәні және оны Қазақстанда құрудың қажеттілігі

    54. АҚШ банк жүйесі

    55. Жапонияның банк жүйесі

    56. Англия банк жүйесі

    57. Бреттон-Вуд жүйесінің дағдырысы, қазіргі әлемдік ақшалар

    58. Ұлттық Банктің Ақша-несие саясатының жаңа бағыттары

    59. Несиелік серіктестіктер және оның несие жүйесінің дамуындағы ролі

    60. ҚР-да несиелік институттардың дамуы

    61. ҚР төлем жүйесі және оның даму тенденциялары

    62. Ломбардтар, олардың мәні және маңызы

    63. Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлары

    64. Банк жүйесінің даму перспективалары

    65. Қазіргі таңдағы зейнетақы қорлары

    66. Қазақстан Республикасының зейнетақы реформасы

    67. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ

    68. ҚР сақтандыру нарығының даму перспективасы

    69. Жеке тұлғалардың салымдарын міндетті коллективті кепілдеу (сақтандыру) жүйесінің дамуы

    70. Несиелік капитал: мәні, көздері мен ерекшеліктері

    71. Коммерциялық банктің активті операциялары

    72. Коммерциялық банктің пассивті операциялары

    73. Коммерциялық банктің операциялары

    74. Экономикасы дамыған елдердің қазіргі таңдағы ақша жүйесінің даму ерекшеліктері

    75. ҚР-дағы қолма-қолсыз есеп айырысу формалары

    76. Банктік карталар: түсінігі, атқаратын қызметтері, түрлері

    77. Банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операциялары

    78. Пластикалық карточкалармен есеп айрысудың түрлері

    79. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктер

    80. Ресей Федерацияның банк жүйесі

    81. Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеудің дамуы

    82. Төлем тапсырмалары және чектермен есеп айырысу

    83. Нарық шарттарындағы несие ролінің жоғарылауы

    84. Ипотекалық несиелеу (шетелдік тәжірибе)

    85. Төлем карточкаларының дамуы және қазіргі проблемалары

    86. Қазақстанда ақша айналымын тұрақтандыру проблемалары

    87. Жаңа евровалюта, оның даму перспективалары

    88. Ақша массасы және ақша агрегаттары: қазақстандық тәжірибе, проблемалары мен перспективалары

    89. ҚР банк жүйесінің сенімділігін жоғарлату және тұрақтандыру проблемалары

    90. Ақша нарығының дамуындағы банктердің ролі

    91. Коммерциялық банктердің қазіргі таңдағы сипаттамасы

    92. Қазақстан банктердің эмиссиялық сипаттамасы

    93. Банктік тәукелдер және олардың түрлері

    94. Жаңа Евровалюта



10. кеңес беру кестесі СӨЖМ (СӨЖМ СӨЖ-дің 25% құрайды)




Оқу түрлері

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс бойынша кеңес







12.35

13.25











2.

Семинар бойынша кеңес беру

15.50

16.40

















3.

СӨЖ бойынша кеңес беру

11.30

12.20

















4.

Тест тапсырмалары бойынша кеңес беру










12.35

13.25










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет