Т. Я. Эрназаров 201 ж


банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін бір мезгілде кері қайтарып ала отырып



бет3/7
Дата03.07.2016
өлшемі0.89 Mb.
#175851
1   2   3   4   5   6   7

е) банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін бір мезгілде кері қайтарып ала отырып, «Банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңның 20-бабында көрсетiлген адамдарды банктiң аталған басшы қызметкерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекетiнiң қолданылып жүрген заң талаптарына сай келмейтiнiн тануға жеткiлiктi мәлiметтер негiзiнде лауазымды мiндеттерiн атқарудан шеттету.


з) банктің және (немесе) банк конгломератының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерінің мәндері уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарымен белгіленген нормативтерден елу проценттен аз деңгейге дейін төмендеген жағдайда, банк «Банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңның 60-бабы және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен кредиттік серіктестік болып қайта құрылуға міндетті.

Банк осы тармақшаның бірінші абзацында айтылған құқықтан бас тартқан немесе «Банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңның 61-бабында көрсетілген негіздер бойынша банктің кредиттік серіктестік болып қайта құрылуына рұқсат беруден бас тартылған жағдайда, уәкiлеттi орган банк акцияларын «Банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңның 47-1-бабының 3-тармағына сәйкес, ол (олар) осы Заң талаптарын сақтаған жағдайда, кейіннен жаңа инвесторға (инвесторларға) иеліктен шығарып беру үшін банк акцияларын уәкiлеттi органның сенімгерлікпен басқаруына беру жөнінде банк акционерлерімен шарт жасасу туралы шешім қабылдауға құқылы.

Акционерлер акцияларын сенімгерлікпен басқаруға беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.

3. Уәкiлеттi орган осы баптың 2-тармағының e) тармақшасында көзделген санкцияны қолданған жағдайда, қызметiнен шеттетiлген қызметкерлердi жұмыстан босату туралы шешiмдi оларды тиiстi қызметтерге тағайындаған немесе сайлаған органдар қабылдайды.



2 Банкiлердiң құқықтық мәртебесiн өзгерту және қызметiн тоқтату

Банкiлердi ерiктi түрде қайта құрудың жалпы шарттары «Банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңның 60-бап қарастырылған.



Коммерциялық банктін қызметiн тоқтатуы қайта құру немесе тарату жолдары арқылы жүзуге асады.

Банкiлердi ерiктi түрде қайта құру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) уәкiлеттi органның рұқсатымен акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн. Осы банк акционерлерiнiң жалпы жиналысы шешiмiнiң болуы банкiнi ерiктi түрде қайта құруды жүргiзуге рұқсат алу үшiн уәкiлеттi органға өтiнiш беруге негiз болып табылады.



Қосу – қызметері тоқтатылған екі немесе бірнеше несие ұйымдардың құқықттар мен міндеттерің табыстау арқылы жаңа несие ұйымды құрастыру.

Бiрiктiру – екі немесе бірнеше несие ұйымдардың қызметін тоқтату, олардың құқықттар мен міндеттерің басқа әрекеттегі несие ұйымға табыстау.

Бөлу – қайтадан құрастырылған несие ұйымға құқықттар мен міндеттерің табыстау арқылы несие ұйымның қызметін тоқтату.

Бөлiп шығару - қызметін тоқтатпай қайта құрулған несие ұйымның құқықттар мен міндеттерің бір бөлімін табыстау арқылы басқа немесе бірнеше несие ұйымдарды құрастыру.

Қайта құру (преобразование) – несие ұйымның ұйымдастыру-құқық нысанын өзгерту.

При реорганизации банка права и обязанности переходят к правопреемником. В этом случае в устав банка и в книгу государственной регистрации кредитных организаций вносятся необходимые уточнения. Все документы, сроки которых не истекли, передаются в установленном порядке правопремнику.

Ходатайство о получении разрешения на проведение добровольной реорганизации банка должно быть расмотрено уполномоченным органом в течении двух месяцев со дня его приема.

Реорганизуемый банк в течение двух недель со дня получения разрешения уполномоченного органа на проведение реорганизации обязан проинформировать о предстоящих изменениях всех своих депозиторов, клиентов, корреспондентов и заемщиков путем непосредственного уведомления и публикации соответствующего объявления не менее чем в двух республиканских газетах.

Банкiнi консервациялау уәкiлеттi органның шешiмi бойынша банкiнiң қаржы жағдайын сауықтыру және оның жұмыс сапасын жақсарту мақсатында банкiге қатысты әкiмшiлiк, заңдық, қаржылық, ұйымдық-техникалық және басқа да шаралар мен рәсiмдер кешенiн мәжбүрлi түрде жүргiзудi бiлдiредi.

Әрдайым (үш айы бойы) өз капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің және (немесе) өтімділік коэффициентінің орындалмауы негізінде банк консервацияға алынады

Консервациялау режимiн белгiлеу уәкiлеттi органның шектеулi (бiр жылға дейiн) мерзiмге банкiнi басқару жөнiндегi уақытша әкiмшiлiктi немесе уақытша банк басқарушысын тағайындауын бiлдiредi. Банкiнi консервациялау банкiнiң өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Уәкiлеттi органның консервациялауды жүргiзу туралы шешiмiне банк акционерлерi он күн мерзiмде сот тәртiбiмен шағым жасай алады. Аталған шешiмге шағым беру банкiнi консервациялауды тоқтатпайды

2.2 Банктердi тарату және ерiксiз қайта құру (68-бап)

Банктердi тарату түрлерi мен негiздерi:

а) уәкiлеттi органның рұқсаты болған жағдайда (ерiктi тарату), оның акционерлерiнiң шешiмi бойынша;

б) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген реттерде (ерiксiз тарату) соттың шешiмi бойынша;

Ерiктi тарату (69-бап)

Банк акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін банк жеке тұлғалардың депозиттерін оларды тікелей төлеу жолымен қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.

Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, сондай-ақ оларды басқа банкке аудару тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;

Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтаруды жүзеге асырғаннан кейін банк уәкілетті органға өзін ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен жүгінуге құқылы.

Өтінішхатқа акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген банктің өз қызметін тоқтатуға дайындалу мерзімдері мен кезеңдері туралы іс-шаралар тізбесі, банктің өз міндеттемелері бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін қа­ражатының жеткілікті екендігі туралы куәландыратын баланстық есеп, тарату комиссиясының мүшелеріне кандидаттардың, оның ішінде филиалдарында не өкілдіктерінде құрылатын бөлімшелерінің тізімі және басқа да қажетті мәліметтер қоса берілуге тиіс. Қажетті мәліметтер тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

Банктiң ерiктi түрде тарауына рұқсат алу туралы өтiнiшiн уәкiлеттi орган тиiстi түрде ресiмделген құжаттарды қабылдаған күннен бастап екi ай iшiнде қарауға тиiс.

Банктiң ерiктi түрде тарауына рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган бұл туралы дәлелдi шешiм қабылдап, банкке хабарлайды.

4. Ерiктi түрде тарауға рұқсат алған жағдайда банк тарату комиссиясын банктiң филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып құрады, оған банктiң мүлкi мен iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк ауысады.

Ерiктi түрде таратылатын банктердiң тарату комиссиялары қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

Ерікті таратылатын банктің тарату комиссиясының қызметіне бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

Ерiктi түрде тарауға рұқсат алғаннан кейiн банк бұл туралы ақпаратты әдiлет орталық органының ресми басылымдарында жариялауға тиiс.

6. Тарату комиссиясы банктi тарату туралы баланс пен есептi бекiткеннен кейiн жетi күн мерзiмде оны Әдiлет министрлiгi мен уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi.

Банктi тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.

Барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға қаржысы жеткiлiксiз болған жағдайда, банк банкроттық негіздер бойынша ерiксiз түрде таратылуы тиiс.

Ерiктi түрде таратылу процесiн аяқтаудың мүмкiн еместiгiне байланысты уәкiлеттi орган банктiң жұмысын ерiксiз тоқтату (тарату) туралы сотқа жүгiнуге құқылы.

Банктердi ерiксiз тарату түрлерi( 70-бап.)

Банктердi ерiксiз таратуды сот:

а) банк банкроттығына;

б) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген негiздер бойынша банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензиялардан айыруға;

в) банк заңдарында көздеген басқа негiздер бойынша банк қызметiн тоқтату туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың, заңды немесе жеке тұлғалардың өтiнiшiне (қуынымына) байланысты жүргiзедi.

Банктi банкрот деп тану (71-бап).

Банктiң төлем төлеуге қабiлетсiздiгi мен дәрменсiздiгi уәкiлеттi органның сотқа берген банк капиталының мөлшерiн, пруденциалдық нормативтердiң (және мiндеттi сақталуға тиiстi өзге нормалар мен лимиттердiң) есеп айырысу әдiстемелерiн ескере отырып жасаған қорытындысында анықталады.

Банктiң белгiленген тәртiп бойынша сот шешiмiмен ғана банкрот деп танылуы мүмкiн. Дәрменсiз банктi оның кредиторлары мен банктiң өз шешiмi бойынша таратудың соттан тыс рәсiмiне жол берiлмейдi.

Тараптардың банктiң банкроттығы туралы iс бойынша тату келiсiм жасауларына мүмкiндiк берiлмейдi.

Сот банктi банкрот деп тану және оны мәжбүрлеп тарату туралы шешiмдi уәкiлеттi органға жiбередi.



2. 4. Банктi ерiксiз қайта құру. Оңалту рәсiмдерi (74-3-бап)

1. Банктi ерiксiз қайта құру қолданылып жүрген заңдарға сәйкес соттың шешiмiмен, осы Заңда көзделген ерекшелiктердi ескере отырып жүргiзiледi.

Банкке қатысты оңалту рәсiмi соттың шешiмi бойынша банктi мәжбүрлеп тарату жөнiндегi шаралар шеңберiнде, оның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шарттар мен талаптарды орындау мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.

2. Сот банктi ерiксiз қайта құру не банкке қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзу туралы мәселенi уәкiлеттi органның тиiстi қорытындысы негiзiнде ғана шешуге құқылы.

Банктi ерiксiз қайта құруды жүргiзудiң, оңалту рәсiмдерiнiң мiндеттi шарты банктiң өзiнде бар барлық депозиттердi мүдделi адамдарға ерiксiз қайта құру туралы шешiм қабылдаған күннен бастап бiр жылдың iшiнде қайтаруы болып табылады.

Осы шартты орындамау банктi ерiксiз таратуға әкеп соғады.

Банк өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және (немесе) анықталған кемшiлiктердi жою мүмкiндiгi болған кезде оның банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы мәселенi қарауына байланысты оған қатысты оңалту рәсiмдерiн қолдану туралы сотқа өтiнiш мәлiмдеуге құқылы. Банктi оңалту жоспары банктiң өтiнiшiмен қоса берiлуге тиiс.

Банк өтiнiшiнiң бiр данасы қоса берiлетiн құжаттармен бiрге уәкiлеттi органға ұсынылады.

Банктiң оңалту жоспары уәкiлеттi органмен алдын ала келiсiлуi тиiс және оны ұсынылған күннен бастап он күн iшiнде сот бекiтедi.

Банктiң оңалту жоспарын өзгертуге сот шешiмi бойынша уәкiлеттi органның келiсiмiмен жол берiледi.

Банкке қатысты оңалту рәсiмдерiн жүзеге асыру кезеңiнiң ұзақтығы алты айдан аспауға тиiс. Оңалту рәсiмдерiнiң басталу және аяқталу мерзiмдерiн сот айқындайды. Банктiң сот бекiткен оңалту жоспары банк пен оның лауазымды тұлғалары үшiн орындалуы мiндеттi құжат болып табылады.

Банк оңалту рәсiмiн уәкiлеттi органның бақылауымен жүргiзедi. Оңалту рәсiмi кезеңiндегi банк қызметi осы баптың талаптары ескерiле отырып, әдеттегiдей тәртiппен жүзеге асырылады.

Сот банктi ерiксiз тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда (iс қозғау негiзiне қарамастан), оны жүргiзу, осы баптың 2-1, 2-4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, банктiң сот бекiткен арнайы басқарушысына (басқару жөнiнде уәкiлеттiк берiлген адамдарға) тапсырылады.

Банктiң арнайы басқарушысы (басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген адамдар) сот пен банк кредиторларына өз қызметi туралы ай сайын хабарлап тұруға мiндеттi.

Банктi ерiксiз қайта құру сот белгiлеген тәртiппен және ол бекiткен кесте мен шаралар жоспарына сәйкес жүргiзiледi.

Банктiң арнайы басқарушысының (басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген адамдардың) банктi ерiксiз қайта құрудың аяқталғаны туралы есебiн сот бекiтедi.

Аталған сот рәсiмдерi шеңберiнде банктi қайта құру жүргiзiлгенiн растайтын ресми құжат күшiне енгеннен кейiн 5 күн мерзiм iшiнде банктiң құқықтық мұрагерi болып табылатын ұйым екi республикалық газетте қажеттi ақпараттың жариялануын қамтамасыз етуге мiндеттi.

Банктi ерiксiз таратуды жүзеге асырумен байланысты шығыстар оның қаржысы есебiнен жүргiзiледi.


74-2-бап. Таратылатын банк кредиторларының талаптарын

қанағаттандырудың кезектілігі

1. Таратылатын банк кредиторларының, оның ішінде оның банкроттығымен байланысты талаптары осы бапта белгіленген тәртіппен қанағаттандырылады.

2. Тарату ісін жүргізумен байланысты шығыстар, оның ішінде банктің тарату комиссиясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шығыстар кезектен тыс жүргізіледі.

3. Кредиторлардың белгіленген тәртіппен танылған талаптары мынадай кезектілікпен қанағаттандырылуға тиіс:

1) бірінші кезекте жеке тұлғалардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін жауап бере отырып, таратылатын банк олардың талаптарын тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру жолымен қанағаттандырады;

2) екінші кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың еңбекақысы мен өтемақысын төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударым бойынша берешекті, жалақыдан ұсталған алиментті және міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу бойынша есеп айырысулар жүргізіледі;

3) үшінші кезекте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымдардың мәжбүрлеп таратылатын банкке ұсынылатын есеп айырысуға сәйкес кепілдік берілген депозиттер бойынша төленген (төленетін) өтемақы сомалары бойынша талаптары қанағаттандырылады;

4) төртінші кезекте депозиттер, оның ішінде таратылатын ислам банкінде орналастырылған талап етуге дейінгі процентсіз депозиттер және ақша аударымдары бойынша жеке тұлғалардың талаптары, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылған депозиттер бойынша талаптары, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылған сақтандыру ұйымдарының депозиттері бойынша талаптары қанағаттандырылады;

5) бесінші кезекте тек қана қайырымдылық қызметімен айналысатын коммерциялық емес ұйымдармен, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұйымдарымен және оған теңестірілген адамдардың ұйымдарымен, Қазақстан Республикасы Мүгедектерінің ерікті қоғамымен, Қазақ зағиптар қоғамымен, Қазақ саңыраулар қоғамымен және осы заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын және олардың қаржысы есебінен құрылған өндірістік ұйымдармен, олардың банктік шоттарында бар және депозитке орналастырылған қаржысы бойынша басқа да мүгедектер ұйымдарымен есеп айырысулар жүзеге асырылады;

6) алтыншы кезекте таратылатын банктің мүлкін кепілге алумен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша заңды тұлғалардың талаптары қанағаттандырылады;

7) жетінші кезекте салық, алым және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ республикалық бюджеттен берілген кредиттерді қайтару жөніндегі берешектер өтеледі;

8) сегізінші кезекте басқа кредиторлармен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес есеп айырысулар жүргізіледі.

4. Әр кезектің талабы алдыңғы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін орындалады.


3.4 тақырып Коммерциялық банктердің активті, пассивті және комиссиондық делдалдык операциялары

Банктердің активті және пассивті операцияларының сипаттамасы. Пассивті операциялар. Банктердің өз қаражатын құру әдістері. Банктердің меншікті капиталы мен тартылған қаражатгарының құрылымы. Депозиттер, түсінігі және оның түрлері.

Банктердің активті операциялары. Несиелік операциялар. «Несиелік желі» түсінігі, козғалмайтын мүліктерді кепілдікке ала отырып, берілетін ссудалар. Вексель және басқа бағалы қағаздармен жасалатын операциялар. Инвестициялық, факторингтік, лизингтік, консорциялдық операциялар. Банктердің комиссиондық- делдалдық және сенім (траст) операциялары.

Банктердің табысы. Банк табысының пайда болу көздері, оның құрылымы және қалыптасу тәсілдері. Коммерциялық банктің табыс және шығын деңгейіне ықпал тігізетін факторлар. Банктердің өтімділігі және оны анықтайтын факторлар.

Банкттер интерактивті кәсіпкерлікте. Банктік тәуекелдер түсінігі және түрлері.
Ком.банк-ң балансы.

Активтер Міндеттемелер (пассив)

ақша қаражаттары,ҰБ-гі депозиттер, депозиттер,банк-ң несиелері,

Мемлекеттік бағалы қағаздар,сату үшін клиенттер арасындағы міндет-

бағалы қағаздар,банктерге талаптар, темелер,айналымға шығарыл-

клиенттерге талаптар,өзге бағалы қағаз- ған б.қ,ҰБ-ң ломбардтық нес-

дар,жалпы резервтер,капиталға инвести- елері,субардинарлық борыш-

циялар,материалдық және материалдық тар,есептелген шығыс-р,өзге

емес актив,есептелген кірістер,өзге актив- міндеттемелер

тер


Капитал

Жарғылық капитал,

акциялар бойынша сыйақылар,

банк-ң қорлары,бөлінбеген пайда



Банк ресурстары – бұл банк-ң пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан,және барлық активтік операциялар бойынша банк-ң тиімділігін қамтамасыз ету үшін,және пайда табуға байланысты орналастырылған банк-ң меншікті және тартылған қара-ң жиынтығы.

Банктің пассивтік операциялары – қаржы ресурстарын тарту бойынша банк операцияларын,оларға жатады:

1.банктің меншік қаражаттарын қалыптастыру

2.қарыз қаражаттарды қалыптастыру

3.тартылған қаражат-ды қалыптастыру

Банк-ң меншік қаражаттарын қалыптастыру операцияларына жатады;жарғылық,резервтік капиталдары, бөлінбеген пайда қалыптастыру.

Коммерциялық банктің жарғылық капиталы-акционерлік капитал түрінде қалыптасады.Заңға сәйкес оның мөлшері 5 млр теңге болуы тиіс.Әдетте АҚ құрылтайшылары компания активі-ң құнынан асып түскен көлемдегі акция шығарады. Артық түскен сана құрылтай-ң пайдасы болып есептеледі.



Резервтік капитал – ықтимал залалды мақсатымен облигацияларды өтеу және есепті кезеңде табысты кем алған жағдайда артықшылығы бар акциялар бойынша дивидедтерді төлеу үшін құрастырылады.Осы қордың мөлшері жарғы капиталының көлемі-ң 12 % кем болмауы тиіс.

Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидендтерді төлегеннен кейін және резервтік қорға сомаларды аударғаннан кейін қалған пайда.

Қарыз қаражаттарды қалыптастыру-осыған ҰБ және басқа ком.банктен алынған несиелер жатады.

Тартылған қаражаттарды қалыптастыру ресурстар тартудың негізгі нысаны бұл депозиттік операциялар.

Депозит түрлері:

1.Экономикалық мазмұнына қарай:

- талап етуге дейінгі – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әртүрлі төлем құжаттары арқылы қолма-қол ақшаларын ком.банктердің шоттарында орналастырады. Артықшылығы: жоғары өтімділік,кемшілігі: пайыз мөлшері төленбейді немесе төмен болады.

- мерзімді – бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттер-ң уақытша бос қаражаты.

- жинақ салымдары – арнайы бір мақсатпен белгілі мерзімге клиент-ң уақытша бос қаражатын орналастыру.

Активтік операциялар – бұл операциялар, банктер өтімділікті қолдау және пайда табу үшін олардың билігінде бар ресурстарды қаржы бойынша орналастырады.

Коммерциялық банктің активтік операциялары экономикалық мазмұны бойынша келесіге бөлінеді:

- ссудалық (есепті-ссудалық);

- есеп айырылысу;

- кассалық;

- инвестициялық және қорлық;

- комиссиондық.

Ссудалық операциялар – бұл мерзімділік, қайтарымдылық және төлемділік (ақылылық) жағдайында қарыз алушыларға қаражат беру бойынша операциялар.

Ссудалық операциялар, вексельді сатып (есепке алу) алуға немесе вексельді кепілдікке алуға байланысты, ол есептік (есепті-ссудалық операциялар) болып саналады.

Бұл операция банктік қызметтің маңызды облысына, әсіресе активтік операциялар бөлігіне жатады. Осының арқасында банктер несиелік институттарға жатады.



Есеп айырысу операциялары – бұл клиенттердің есеп шотынан қаражаттарды есептен шығару және есепке қосу бойынша операциялар. Коммерциялық банктер орталық банктің бекітілген стандартары мен формалары, ережелері бойынша есеп айырысуды жүргізеді.

Халықаралық есеп айырысуды орындау кезінде – олар халықаралық банктік тәжірибеде қабылданған, тәртібінде бекітілген федералдық заңдар мен ережелер арқылы жүргізіледі.



Кассалық операциялар – бұл қолма қол ақша қаражатын қабылдау және беру бойынша операциялар.

Инвестициялық және қорлық – бұл құнды қағаздармен операциялар.

Комиссиондық немесе оларды бейдәстүрлік операциялар деп атайды, оларға жататындар:

- лизингілік операциялар;

- факторингілік операциялар;

- сенімгерлік (трасталық) операциялар

Лизинг дегеніміз ол бұйымдарды ұзақ мерзімге жалға беру (ғимараттарды, көліктерді, самолеттерді, компьютерлерді және т.б.).

Факторингтік операциялар. Факторингтік операция – клиентпен төленбеген қарыздық талаптар (шот-фактуралар, вексельдер) бойынша төлемді талап ету құқын басқара (банкіге) беру. Факторингтің мәні – банктер өз клиенттерінен төлем құжаттарды (олардың дебиторлық қарызын) пайыздық ақы үшін сатып алу.

Сенімгерлік (трасталық) операциялар. Коммерциялық банктер өздеріне сенімді тұлғаның қызметтерін қабылдап, өздерінің жеке және корпоративті клиенттері үшін әр түрлі қызметтер орындайды
IV бөлім. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары, құрылымы мен құралдары

4.1 тақырып Бағалы кағаздар нарығы

Бағалы қағаздар жалған капиталдың бір формасы ретінде және олардың түрлері: акциялар, облигациялар, мемлекеітік қазыналық міндеттемелері, жинақ сертификаттары. Бағалы қағаздарды шығару және олардың айналысын тіркеу тәртібі.

Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдесіндегі Заңы.

Бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздарға сұраным мен ұсыным және оларға баға анықталатын экономикалық қатынастар жүйесі.

Нарықтық экономикада бағалы қағаздар нарығы ақша жинақтарын қайта таратудың негізгі механизмі болып табылады.

Кез келген қор нарығы келесі компоненттерден тұрады:



  1. нарық субъектілері

  2. нарық

  3. мемлекеттің реттеу органдары

БҚН субъектілері:

  1. Эмитенттер – бағалы қағаздар шығарушы және оларды шығару негізінде керекті ақша қаражаттары мен өз аттарынан бағалы қағаздарды,қарастырылған міндеттемелерді орындаушы заңды тұлғалар,мемлекет.

  2. Инвесторлар – бағалы қағаздармен куәландырылған мүліктік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында толық шаруашылық иеліктері мен оперативті басқаруларына, меншіктеріне бағалы қағаздарды алған жеке және заңды тұлғалар.

  3. БҚН инвестициялық делдалдары – эмитенттерден инвесторларға бағалы қағаздардың жылжуын қамтамасыз ететін арнайы ұйымдар – инвестициялық қорлар, коммерциялық қор биржалары, брокерлік-дилерлік кеңселер.

Қор нарығының әлемдік даму тарихы БҚН-ң үш негізгіүлгісін көрсетті.

  1. банктік үлгі – БҚН механизмі арқылы қаржылық ресурстарды қайта тарату бойынша оператор банк болып табылатын үлгі.

  2. банктік емес үлгі – БҚН механизмі арқылы қаржылық ресурстарды қайта тарату бойынша негізгі оператор банктік емес мекемелер болып табылатын үлгі.

  3. аралас үлгі – делдар ретінде банктер де, банктік емес компаниялар да болады.

Қор нарығы алғашқы және екінші ретті болады.

Алғашқы нарық – бағалы қағаздардың жаңа шығарылуы кезеңін және олардың алғашқы құрылуын біріктіреді.

Екінші ретті нарық – алғашқы нарықта эмитирленген бағалы қағаздар айналатын нарық.Екінші ретті қор нарығы ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған болады.

Бағалы қағаздар – олардың иелерінен мүліктің құқықтарын және займ қатынастарын білдіретін ақша құжаттары.

Акция – акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар, ұйымдар, ком.банктер айналымының бекітілген, мерзімсіз шығаратын, қаражаттардың олардың дамуына енгізілгендігін куәландыратын және оның иесіне дивиденд түрінде кәсіпорын табысының бөлігін алуға құқық беретін бағалы қағаз. Акция сатылатын баға және қор биржаларында және банктерде сатып алынатын баға акция бағалы (курсы) деп аталады.


  • атаулы акциялар – компаниялардың акционерлік кітабына жазылған тұлғалар ғана оларды ұстаушылар болып табылады, сатылған кезде олар міндетті түрде тіркеледі.

  • ұсынымды акциялар – неғұрлым ыңғайлы және сауда әрекеттерінде қарапайым. Бірақ компания ұсынушының атын білмейді, ал ол кездейсоқ салдарға әкеледі. Акция дивиденд төлеу және мөлшерін анықтау бойынша:

  • жай – АҚ табысына сай ұстаушысына дивиденд алуға, басқаруға қатысуға және кәсіпорын жойылса мүлікті алуға құқық беретін акция.

  • Артықшылығы бар (префакциялар) – акционерге АҚ табысынан тәуелсіз қатаң бекітілген пайыз мөлшерінде дивиденд алуға құқық береді.

«Алтын акция» оның ұстаушысына АҚ қызметі барысында маңызды сұрақтарды шешуге қатысады.

Облигациялар – ұстаушылары ақша қаражаттарын қосуды куәландыратын және олармен облигацияның номиналды құның қалпына келтіруге міндеттемені растайтын болады.

Облигацилар мынадай элементтерден тұрады


  • облигация деген жазу;

  • облигацияны шығарушы фирма аты, орналасқан жері;

  • сатып алушының аты;

  • номиналдық құны;

  • пайыз мөлшері;

  • шығарылған жері, уақыты;

  • облигация сериясы, нөмірі.

Облигациялар қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген болады.

Облигациялар акцияларға қарағанда бағамы бойынша номиналды бағадан төмен сатылады. Облигация бағасының мұндай мөлшерде төмендеуін дизанио деп аталады. Ал облигациялардың өтелуі келісім бойынша номиналдық құннан жоғары бағада сатылуын анио деп атайды.

Мемлекеттік б.қ:


  • қарызшылық міндеттемелер;

  • қазынашылық брондары;

  • қазынашылық вексельдер;

  • ҰБ – ң қысқа мерзімді ноталары.

Банк сертификаттары – тек банктер шығаратын бағалы қағаздар,бекітілген мерзімі өткеннен кейін ұстаушыға осы банктің кез келген мекемесінде салым сомасын және ол бойынша пайыз алуға құқық беруді куәландыратын банктердің ақша қаражаттарына салу туралы жазбаша куәлігі.

Банк сертификаттарының түрлері:



  1. депозиттік сертификаттар – банкте орналасқан депозиттерді төлеу бойынша банк міндеттемесі болып табылатын бір тұлғадан екінші тұлғаға жол берілетін талап құқығы,құжаттар.

  2. жинақ сертификаты – банкте орналасқан жинақ салымдарын төлеу бойынша банк міндеттемесі болып табылатын бір тұлғадан екіншісіне жол берілетін талап құқығы, құжаттар.


4.2 тақырып Қор биржалары

Қор биржасының пайда болуы және дамуы. Қор биржасын ұйымдастыру ерекшеліктері және экономикасы дамыған елдерде қор биржасымен басқару. Қазакстан Республикасының қор биржасы, максаттары мен қызмет түрлері. Қор биржасы мүшелерінің міндеттері мен құқықтары. Биржалық мәмілелер.

ҚР-да бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының өзін-өзі реттеуші ұйымдары, кәсіби қызметтері. Брокерлік және диллерлік қызмет. Бағалы қағаздар нарығының институционалды инвесторлары.

Қаржылық қолдануды қосқанда ресурстардың бөлінісі жаңа экономикалық шарттардың формасына сәйкес экономикада қайта құруды міндет етіп қойып отыр. Нарық қатынасы дамыған елдерде қаржы ресурстарын тиімді түрде қайта бөлу қор биржалары арқылы жүзеге асады.

Қор биржасы – бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы, олардың нарықтық бағаларын анықтау және олар туралы ақпараттар тарату үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының барынша толық мәні экономикада төмендегідей қызметтерді орындау кезінде көрінеді:

- қор нарығында биржалық делдалдармен бағалы қағаздарды сату жолымен уақытша жинақталған және қорланған еркін ақшаларды жұмылдыру және шоғырландыру;

- ел үкіметінің шығыстар мен өндірісті қаржыландыру және несиелендіру;

- жалған капиталдың қалыптасуы және ұсыныс пен сұраныстың деңгейіндегі көрінетін бағаларды белгілеу, құнды қағаздармен болатын операцияларды шоғырландыру.

Қаржылық ресурстарды қайта бөлу мен жұмылдыру, шоғырландыру, процесінде қызмет етуші қор биржасы экономиканың маңызды буындарының бірі болып табылады. Ол қаржылық және өндірістік капиталдың арасындағы делдалы ретінде алған шығып және экономикалық дамудың қозғаушы бірден бір күші болып табылатын инвестициялық процеске ықпал жасайды.

Қор биржасы өзінің қызметін келесі принциптерге сай құрады:

- брокер және клиентпен арадағы жеке сенімділік, өйткені биржадағы мәміле ауызша жасалып, кейін заңды түрде рәсімделеді;

- биржада жасалатын барлық мәмілелер туралы жариялылық пен ашықтық;

- сауда мен есепке алу дәрежесін белгілеу жолымен қаржылық делдалдар қызметін аудиторлар мен қор биржасы әкімшілігі тарапынан қатаң реттеулер.

Осы принциптерді қамтамасыз ету нәтижесінде, бағалы қағаздарды қор биржасында сату мен сатып алу ықыласына түрткі болатын орта қалыптасады. Бұл осындай басымдылыққа жол ашады: осы қағаздың аяқ алысы үшін несиеге қол жеткізетін жақсы мүмкіндік, бағалы қағаздар нарығы жағдайына өте жақсы шолу мен сол мүмкіндіктің барынша дәлме-дәл немесе басқадай бағалы қағаздардың бағалануы және т.б. Сонымен бағалы қағазадар нарығында қор биржасы өзіндік борометр мен туралап дәлдеуінің рөлін атқарады десе болады. Соның арқасында әрбір инвестор іздегенін табады, болашағы зор акционерлік қоғамға өзінің ақшалай қаражатын салады.

Қор биржасының механизмін жіберу үшін, алдын ала мыналар қажет: біріншіден, болашақ клиентуралардың желісін құру бойынша және ең алдымен барлық акционерлерге күш-жігерді жұмсау керек. Яғни, қор биржасындағы бағалы қағаздардың қажетті көлемінің бастауы үшін қалай қалыптастырылуын және кіммен жұмыс жасау мәселесін шешкен жөн; екіншіден, қор операцияларын жүргізетін делдалдар жүйесі – брокерлер мен дилерді қалыптастыру қажет; үшіншіден, алдымен қор биржасын жіберуді шешпестен бұрын, биржалық механизмнің орталық блогының жұмысын реттеу керек (бағалы қағаздардың биржаға рұқсат етуінің жүйесі, сарапшы баға белгіленімінің комиссиясы және т.б.) яғни, алдымен қор биржасының функционалды және ұйымдастырушылық құрылымының негізгі тірегін қалыптастыру керек.

Қор нарығы сауданың өсуі салдары мен мерзімдік мәміле жасау санының артуынан тұтыну тауарларының нарық қойнауында қалыптасты.

Қор биржасының көп орталықтандырылған жүйелері Германияда, Австрияда, Канада мен Швейцарияда жұмыс істейді. Аймақтық биржалардың қызметі ереже бойынша жергілікті компаниялардың құнды қағаздарына қызмет көрсетуге бағытталған және белгіленген ауданның шеңберінен шықпайды. Дегенмен, провинциалдық биржалардың бірігу беталысын атап өткен жөн. Құнды қағаздардың ұйымдасқан нарығындағы көп орталықтандырылған құрылымына Ресейлік биржалық жүйенің тартылуы, аймақтық құрылымдар санының елеулі болуын ұсынумен байқалады.

Биржалардың өзін-өзі реттеудің пәрменді (әрекеті) әдісі – листинг болып табылады. Биржа ісіндегі листинг – бұл құнды қағаздардың эмитент қатарын биржа тізіміне кіргізу деген сөз. Биржаны ұйымдастыру шарты бойынша бағалы қағаздар тізіміне, бағаны белгілеуге рұқсат етуге тек барынша ірі және пайдалы акционерлік қоғамдар кіруі керек. Биржа листингіне енуі компания-эмитентінің сенімділігі туралы куәландырылады. Себебі тауар айналымы санының жоғары екендігін биржа дәлелдейді.

Листинг тәртібінің құрамдас бөлігін белгілеп қоялық. Мұқият талдағаннан кейін эмитент-компанияның бағалы қағаздары бағалы қағаздар тізіміне кіргізіледі және биржадағы бағаны белгілеуге рұқсат етіледі. Белгіленген тәртіпте тіркелген эмиссия анықтамалығы, компания активінің жай-күйі туралы компанияның бухгалтерлік есептемесі; пайда мен залалдар туралы тәуелсіз аудитор мен куәландырған есептемесін эмитентпен ұсынылған мәлімет негізінде талдау жүзеге асырылады. Сонан соң эмитент жайлы басқадай ақпараттар жиналып іске асырылады. Өзіне кіргізілген барлық кешенді ақпаратты аналитикалық жағынан өңдеу, сонымен қатар жалпы экономикалық және әлеументтік-саяси болжамдар, жаңа заңдар мен заң күшіндегі нормативті актілерді оқып-үйрену, компанияның қаржылық жағдайына олардың ықпалының мүмкіндігі. Биржалық мәміленің нәтижесінде салынып қойылған бағамдар (баға) негізінде бағалы қағаздардың баға белгілеуін биржа қамтамасыз етеді.

Қор биржасы бағалы қағаздарды екінші ретті ұйымдастырушы болып келеді.

Классикалық қор биржасы белгілері:

- тіркелген сауда орны бар орталықтандырылған нарық;

- бұл нарықта белгілі талаптарға жауап беретін бағалы қағаздарды таңдау процедурасы бар (эмитенттің қаржылық тұрақтылығы және ірі мөлшерлері, бағалы қағаздар жалпылығы, сұраным жалпылығы);

- биржа мүшелері ретінде ең жақсы операторларды таңдау процедурасы болуы;

- сауданың уақытша регламентінің бағалы қағаздары мен стандартты сауда процедуралары болуы;

- мәмілелерді тіркеу орталығы және олар бойынша есеп айырысу;

- ресми катировкаларды бекіту;

- биржа мүшелеріне қадағалау.

Қор биржасы акционерлік қоғам нысанында құрылады және ҚР заңдылығына сәйкес 10 мүшеден кем емес мүшесі болуы керек, олар тек акционерлер. Ол коммерциялық емес ұйым болып табылады, пайда табу мақсатында көздемейді. Өзін-өзі жабу қағидасына негізделген және өз қызметінен өз мүшелеріне табыс төлемейді. Қор биржасы инвестициялық институт ретінде қызметпен айналыспайды, бірақ оған мүше болуға құқық беретін меншік акцияларын сата алады.

Қор биржалары Қазақстан заңдылықтарына сәйкес тіркеледі және бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссиядан бағалы қағаздармен биржалық қызмет жүргізуге лицензия алады.

Қор биржасы мүшелерінің негізгі міндеттеріне бағалы қағаздар мен әрекеттерді жүзеге асыру болып табылатын инвестициялық институттар мен мемлекеттік атқару органдары кіреді. Қор биржасында әрекеттер тек оның мүшелерімен ғана жүзеге асырылады. Олардың тапсырысы бойынша бағалы қағаздарды сатып алу-сату брокерлермен және дилерлермен жүзеге асырылады.

Брокерлер – мәміле жасаудағы делдалдар – тапсырма бойынша және осы үшін белгілі төлем (куртаж) ала отырып клиенттері есебінен әрекет етеді.

Дилерлер   өз аттарынан және өз есептеріне бағалы қағаздарды сатып алу-сатумен айналысады: жеке фирмалар, банктер, жеке тұлғалар – қор биржасының мүшелері.

Қор биржасының қаржылық қызметі:

- оның мүшелігіне кіруге құқық беретін қор биржасы акцияларын сату;

- қор биржасы мүшелерінің мүшелік жарналары;

- биржада жүзеге асырылатын әрбір мәміледен биржалық алымдар;

- биржа мүлкін пайдаланғаны үшін қаражаттар;

- ақпараттық, кеңес беру және т.б. қызметтер үшін қаражаттар.

Биржа табыстары оның қызметтерін жүзеге асырумен, оның қызметін кеңейтумен және жетілдірумен байланысты шығындарды жабуға бағытталады.

Қор биржасы Ұлттық комиссияның келісімі бойынша, бағалы қағаздар бойынша оларды саудаға – листингке босату, сонымен қатар саудадан шығару – делистинг тәртібін бекітеді.

Қор биржасының негізгі қызметтері:

1) бағалы қағаздардың нарыққа дейінгі тұрақтылықтарын анықтау үшін экспертизасы;

2) бағалы қағаздармен әрекеттер шоғырландырылуы, сұраныс пен ұсынысты салыстыру арқылы нарықтық бағаларын анықтау (котировка);

3) бағалы қағаздар арқылы мәмілелер жасау, эмитенттер бойынша ақпараттар;

4) капиталдарды тиімді салаларға орналастыру жолымен нарықтық конъюнктураны реттеу, ол экономиканың тұрақтылығы мен динамикалық тепе-теңдігін қамтамасыз етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет