Табиғатқа жасаған қиянатымыздан кейін, одан мейірім күтуге біздің


Ғылыми стильдің лексикалық белгілері



Pdf көрінісі
бет8/57
Дата25.10.2022
өлшемі1.56 Mb.
#463355
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57
Ғылыми-стиль-кәсіптік-қаз-тілі

Ғылыми стильдің лексикалық белгілері

 
лексикалық құрамы кітаби-жазба стиль негізінде қалыптасады; 

сөз нақты өз мағынасында қолданылады
 көп мағыналылы сөздер, образды сөздер аз кездеседі; 

ғылым саласының ерекшелігіне байланысты термин сөздер, 
интернациональдық терминдер мол қолданылады; 

 
нақты зат есімдер жалпылама мағынада қолданылады
 күрделі сөздер, қысқарған сөздер және символ-белгілер кездеседі; 
 неологизм сөздер жиі кездеседі. 
Мәтіндердің қандай стильде жазылғанын анықтаңыз. Басты 
белгілерін ажыратыңыз. 
1-мәтін 
 


15 
Қазіргі күнгі экологиялық проблемалардың бірі - қышқыл жаңбырлар. 
Жаңбыр суы ең таза су болуы керек, бірақ олай емес. Атмосфера құрамына 
енген өндіріс қалдықтары - күкірт диоксиді мен азот оксидтері атмосфераға 
еніп, ондағы ылғалмен әрекеттесіп, күкірт және азот қышқылдары түзіледі. 
Нәтижесінде жерге жауатын қар мен жаңбыр қышқылданады. Қышқыл жаңбыр 
деген түсінік осыдан 120 жылдан аса уақыт бұрын қолданыла бастаған, бұл 
сөзді ең алғаш рет Британ зерттеушісі Роберт Смит 1872 жылы ендіріпті. 
Өкінішке орай, біздің республикамызда жаңбыр құрамын зерттеуге бағытталған 
ғылыми жұмыстар жоқ. 
ХХ ғасырдың бас кезінен бастап көптеген елдерде ( Скандинавия, АҚШ, 
Солтүстік Европа, Жапония) жауған жаңбырладың құрамында көп мөлшерде 
қышқылдар бар екендігі байқалған. 
Адам баласы жылу алу үшін көмір мен мазутты жағу кезінде күкірт 
ангидриді ауада түзеді. Мәселен, 1 млн. тонна көмір жаққан кезде 25 мың тонна 
күкірт бөлінеді екен. Әрине, күкірт жеке элемент күйінде емес, күкірт тотығы 
ретінде ауаға шығарылады. Осы газ атмосфераға түсіп оттегімен тотығып, әрі 
су буымен қосылып одан күкірт қышқылы түзіледі. Құрамында қышқыл бар 
тұмандықтар жауын түрінде биосфераға түсіп, жер бетіндегі тіршілікке қауіпті 
зиян келтіре бастайды. 
Зиянды заттарға азот оксиді де жатады. Азоттың қосылыстары атмосфераға 
көбінесе ормандардағы өрттерден, ірі өнеркәсіп орындарынан бөлінетін заттар 
жинақталады. Атмосфераға азот қышқылының 95 пайызы көмір пайдаланғанда 
бөлінеді. Оның 40 пайызы - автокөлік, 30 пайызы - электростанциялар, 20 
пайызы өндіріс орындарындағы қазба отындардың үлесіне тиеді. Азот 
қышқылы табиғатта нитраттарға айналып, жауын құрамында жер бетіне түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет