71
Бұл еңбектің басты құндылығы - автор әр түрлі өсімдіктерге тәжірибе
жасау арқылы көптеген құнды мәлімет-деректер алып, салыстырмалы түрде
ғылыми тұжырым жасай білген. Автордың келтірген деректері мен
ғылыми
пайымдаулары осы салада жұмыс жасағысы келген мамандар үшін аса
пайдалы болатыны сөзсіз. Жұмыстың тілі жатық, салалық және сала аралық
терминдер орынды қолданылған. Аталған кемшіліктерді толықтырып,
түзегеннен кейін жұмысты қорғауға жіберуге болады.
Сыни-пікір иесі:
Сыни-пікір
Биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған «In vitro» жағдайында морфогендік ерекшелігі бар бидай
микроспоралары гендерінің экспрессиясы және глутаматты ыдырататын
ферменттердің активтілігі» атты диссертациялық жұмыстың авторефератына
жазылған.
Ж.С.Есбергенованың диссертациялық жұмысы жасанды қоректік
ортадағы бидай микроспораларының морфогенез процесін зерттеуге арналған.
Аталық тозаңдарды «In vitro» жағдайында өсіріп, гаплоидты өсімдіктер алу
жолы жұмысқа негіз болған. Гаплоидты өсімдіктердің селекцияда маңызы өте
жоғары екені белгілі. Бағалы құнды белгілердің
рецессивті гендер арқылы
тұқым қуалайтынын ескерсек, гаплоидты организмдерде осы белгілердің
барлығының айқын көрінетіндігі айтпаса да түсінікті. Өсіп-даму барысында
іске қосылатын әр түрлі күрделі процестерді зерттеуде соңғы жылдары
көптеген ғалымдар еңбек етуде. Жұмыстың авторы да осы мәселеге кеңінен
тоқталған, бидай микроспораларынан өсірілген каллустарға цитокинин
медиаторының әсерін бақылаған, морфогенез процесін молекулалық деңгейде
зерттеген.
Диссертацияның зерттеу нәтижелері жаңа болып табылады. Себебі,
цитокинин медиаторының морфогенді емес
каллустарға әсері алғаш рет
анықталып, әр түрлі типті морфогенді каллустар алған. Осы каллустардың
даму процесіне биохимияық тұрғыдан түсінік берген. Басты назар аударатын
жағдай – тұңғыш рет бидайдың бір ядролы микроспорасына тән
72
спецификалық гендер зерттеліп, олардың нуклеотидтік құрамы анықталды.
Яғни, бидай микроспораларының бір ядролы даму сатысында MADS-бокс
және B-экспансин белок гендерінің активті формалары кездесетіндігі осы
жұмыста бірінші рет баяндалып отыр. Аталған
деректер осы жұмыста
жүргізілген зерттеулердің маңыздылығын көрсетеді.
Автордың жүргізген зерттеулері сатылы, жүйелі баяндалып, аяқталған
және ғылыми негізделген жұмыс. Ал алынған нәтижелері өсімдіктің дамуы
барысында морфогенез, дифференциация, детерминация процестерін түсінуге
және клеткалық инженерияның, соның ішінде
гаплоидты технологияның
қарқынды дамуына қосар үлесі зор. Автор молекулалы биологиялық,
биотехнологиялық
әдістерді
биохимиялық
зерттеулермен
шебер
байланыстыра білген. Әр түрлі типті каллустарда жүріп жатқан
физиологиялық процестерді анықтау мақсатында орынды пайдаланған.
Ж.С.Есбергенованың диссертациялық жұмысы өзектілігі, маңыздылығы,
мазмұны, көлемі, ғылыми жаңалығы жағынан кандидаттық диссертацияға
қойылатын талаптарға сай келеді және автор 03.00.04- биохимия мамандығы
бойынша биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға
лайық.
Сыни-пікір иесі:
Пікір әдетте аяқталған еңбекке (монография, диссертация, ғылыми
мақала) жолдама, баға ретінде жазылады. Пікірде еңбектің жазылу мақсаты,
ғылым саласында алатын орны, практикалық-өндірістік қолданыс қажеттілігі
түсіндіре пайымдау арқылы баяндалады. Зерттеу еңбегінің нәтижесі бойынша
автордың жетістігі нақты негізделіп түсіндіріледі. Пікірдің қорытынды
бөлімінде еңбектің кімге арналғандығы, практикалық қолданылу аясы
ескертіледі. Пікір жазушы сол саланың білікті маманы болуы тиіс. Ол пікірді
жазу барысында ғылым саласына байланысты терминдерді дұрыс қолдана
отырып,
ойын анық, қисынды, түсінікті жеткізе білуі тиіс. Сөйлем
шұбалаңқылығына, ой көмескілігіне жол бермей, еңбек туралы оң пікірін, оң
бағасын берген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: