Табиғатқа жасаған қиянатымыздан кейін, одан мейірім күтуге біздің


Реферат жазу барысында адам алдына түрлі мақсат қояды



Pdf көрінісі
бет48/57
Дата25.10.2022
өлшемі1.56 Mb.
#463355
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57
Ғылыми-стиль-кәсіптік-қаз-тілі

Реферат жазу барысында адам алдына түрлі мақсат қояды
а) рефератты жаза отырып, еңбекте баяндалатын мәселеге байланысты 
автор өз ойын дәлелдейді; 
ә) бұрыннан бар мәселелерді баяндай келіп, ғылымның жаңа 
жетістіктерімен, жаңа идеялармен толықтырады; 
б) еңбекте келтірілген пікірлерді дәлелдер келтіре отырып, теріске 
шығарады; 
в) тақырып бойынша бұрыннан бар ой-пікірлерге шолу жасай отырып, 
көпшілікке жеткізеді. 
Реферат жазылу мақсатына қарай әр түрлі қызмет атқарады: 
 
а) ақпараттық қызмет, яғни еңбекте қаралатын негізгі мәселеден 
хабардар ету; 
ә) индикативтік қызмет, яғни еңбекті сипаттау
б) іздену қызметі, яғни белгілі бір ғылым саласына қатысты нақты 
еңбектердің жарық көргендігінен хабар бере отырып, оларда баяндалатын 
мәселенің тезисін жасау; 
в) таныстыру қызметі - ғылыми еңбектен бұрын жарияланбаған, жоқ 
мәліметтерді іріктеп алу болып табылады. 
Реферат еңбек түпнұсқасының барынша қысқартылып алынған түрі 
болғандықтан, автор еңбектен ең қажетті, негізгі мәліметті, тезистер мен 
тұжырымдарды, сондай-ақ қосалқы, жанама мәліметтерді талғап, ажырата 
алуы қажет. Еңбектегі ең негізгі мәліметті іріктеп алған соң ғана, оның 
сөйлемдерін өзгертіп, қысқартып, қажет емес жерін мүлдем алып тастау 
керек. 


87 
Қорыта айтқанда, қысқаша айтқанда, яғни, сонымен, басқаша 
айтқанда сияқты сөздердің көмегімен қайталанып берілетін мәліметтер 
реферат мәтініне мүлдем енгізілмейді. 
Зерттеу 
тақырыбыңызға 
байланысты 
ғылыми 
еңбектерді 
пайдаланып реферат жазыңыз. Ол үшін: реферат жазу мақсатыңызды 
және рефератыңыздың қызметін нақтылап алыңыз. 
 
Аталған тарауды оқыңыз, аударыңыз, реферат жазыңыз. 
"Десять правил отбора организации и употребления языковых средств в 
научном стиле." 
Әдебиет: Троянская Е.С. Обучение чтению научной литературы. 
М: Наука,1989 г. сс.32-67. 
Ғылыми мақала - академиялық мәтін түрлерінің бірі. Кез келген 
ғылым саласына байланысты мақала жазу үшін автор өз зерттеу нысанасын 
жан-жақты, терең зерттей білуі керек. Ғылыми мақала жүйелі, сатылы 
зерттеудің немесе мақсатты түрде жасалған тәжірибелердің ғылыми негізі, 
қорытындысы.
Мақала жазу үшін автор сатылы түрде дайындалу керек: 
а) өзін ерекше қызықтыратын, толғантатын тақырыпты таңдау; 
ә) сол тақырыпты ашу үшін түрлі зерттеу әдістерін пайдалана отырып, 
тәжірибелер жасап, зерттеулер жүргізу;
б) жасалған тәжірибе нәтижесі мен зерттеу нәтижелерін ой елегінен 
өткізу, жүйелеу, негіздеу, тұжырымдау, нақты қорытындыға келу;
в) соны көпшілік назарына ұсыну, жазу, жариялау. 
Ғылыми мақала қай ғылым саласына қатысты жазылса, сол саланың 
терминдері, ұғымдары қатыстырылып жазылады. Әрине, ғылыми мақаланың 
барлығы бірдей ғылыми жаңалықтар туралы болуы мүмкін емес, бірақ жаңа 
пайымдаулар, жаңа көзқарастар, жаңаша ойлап қабылдау болуы шарт. 


88 
Ғылыми мақаланың екі түрі бар: ғылыми-көпшілік мақала және таза 
ғылыми мақала. Ғылыми-көпшілік мақала дүйім жұртшылыққа түсінікті, кез 
келген оқырман түсініп, пікір қоса алатындай болады және ғылыми 
қорытындыны автор емес, оқырманның өзі жасайды. Ал таза ғылыми мақала 
белгілі бір ғылымның нақты саласына байланысты жазылады және оны сол 
саланың ғалымдары ғана түсінеді. Онда салалық терминдер мен ұғымдар көп 
қолданылады да, ғылыми қорытындыны автор өзі жасайды. 
Ғылыми мақаланың соңында әдебиеттер тізімі және мақала түйіні
беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет