Табиғатқа жасаған қиянатымыздан кейін, одан мейірім күтуге біздің


Төмендегі үлгілерді негізге алып, жоспар құрыңыз



Pdf көрінісі
бет44/57
Дата25.10.2022
өлшемі1.56 Mb.
#463355
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57
Ғылыми-стиль-кәсіптік-қаз-тілі

Төмендегі үлгілерді негізге алып, жоспар құрыңыз. 
1. … … … 1. … … … 
2. … … … а. 
3. … … … 2. … … …
а. 
ә. 
3. … … … 


80 
Тезис те жоспардың негізінде жасалады. Сондықтан тезисті жазбас 
бұрын еңбекті оқып, оның қажетті жерін бөліп, белгілеп алу керек, яғни
мәселені қысқа, нақты тұжырымдау үшін жоспар жасау керек. Сонан соң ғана 
жоспарда көрсетілген мәселенің қысқаша тұжырымы беріледі. Тезис 
дегеніміз ғылыми еңбекті барынша қысқартып көшіріп алу емес, ғылыми 
еңбектегі айтылмақ, дәлелденбек негізгі мәселені бөліп алып, қысқаша, нақты 
тұжырымдау. 
Тезис бөліктері еңбектің құрылымын бұзбайтын өзара логикалық 
байланыста болу керек. Мұның өзі еңбектегі мәліметтің жүйелі берілуін, 
автордың ой шашыраңқылығына бой алдырмауына игі ықпал етеді. 
Тезисте тұжырымдалған ой тезисті пайдалану барысында кеңейтуді
дамытуды, дәлелдеуді, тіпті қорғауды қажет етеді. Яғни мәселені ары қарай 
өрбітуге негіз болады. 
Берілген жоспарды негізге ала отырып, тезис түзіп, тақырыпты ары 
қарай өрбітіп әңгімелеңіз. 
 
1. Атмосфераның ластану жолдары 
- табиғи жолмен ластану 
- антропогендік жолмен ластану 
2. Атмосфера ластануының негізгі көздері 
- өндіріс орындары 
- радиациялық ластану 
3. Ластанған ауаның химиялық құрамы 
4. Ластанған ауаның қоршаған ортаға, адамға әсері 
Конспект - ақпараттың (информацияның) қысқартылып берілуі.
Конспекті де жоспарға негізделіп жасалады. Жүйелі, сауатты жазылған 
конспект автордың "жеке еңбегі" іспеттес. Яғни автор конспект жасау 


81 
барысында еңбекті өз түйсігі, түсінігі бойынша қабылдап, қорытады да сол 
ақпаратты есінде жақсы сақтайды. Конспект мәтіндегі негізгі мәселелерді 
қамтуы қажет. Конспектіні жазған кезде мәтін сөйлемдерін сол қалпында 
қалдырса да, ықшамдап қарапайым тілмен баяндаса да болады. Конспект 
жазудағы негізгі мақсат - сол арқылы барлық мәліметті қажет кезінде еске 
түсіру. 
Біз, әдетте, конспектіні жазу барысында еңбекті оқып отырып қысқартуға 
дағдыланғанбыз. Ол дұрыс емес. Мұндай әдіс еңбектегі қажетті ақпаратты 
сұрыптап алуға кері әсер етеді. Сондықтан, конспект жазуға арнайы 
дайындалу керек. Ол үшін:
- еңбекті бірнеше рет қайталап оқу арқылы оның мағынасына, 
мазмұнына талдау жасап, түсіну керек; 
- болашақ конспектінің жоспарын құру керек; 
- құрылған жоспарға негіздеп конспектіге кіретін мәліметтерді 
сұрыптау керек; 
- сұрыпталған мәліметтерді ықшам да нақты сөйлемдер арқылы жазу 
керек; 
- кейбір тіркестерді қысқартып жазуға болады (т.б.- тағы басқалар, 
т.с.с.- тағы сол сияқты, б.т.- болып табылады);
- қажет болған жағдайда әр түрлі сызба, кесте, диаграмма да енгізіледі; 
- мәтіндегі ерекше маңызды мәселені өзгеріссіз жеткізу мақсатында 
автордың ойын сөзбе-сөз, яғни цитата-дәйексөз ретінде енгізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет