85
Ғылыми стиль жанрларының ендігі бір түрі - академиялық мәтіндер.
Академиялық мәтіндерге диссертация түрлері (магистрлік,
кандидаттық,
докторлық), реферат, ғылыми мақала, ғылыми баяндама т.б. жатады. Бұл
ғылыми еңбек түрлерінің әрқайсысының жазылу мақсаты, өзіндік
құрылымы, әрқайсысына қойылатын талаптары болады.
Реферат ғылыми стиль жанрларының күрделі түрі болып табылады.
Жалпы, реферат - латын сөзі, баяндау, мазмұндау дегенді білдіреді. Реферат -
ғылыми еңбек (мақала,
диссертация, монография т.б.) түпнұсқасының
қысқаша мазмұны. Оның көлемі түпнұсқадан әлдеқайда шағын, мазмұны мен
мағынасы жағынан түпнұсқаға тең, құрылымы тұрақты жеке ғылыми еңбек
болып табылады. Рефераттың құрылымын сақтап, сауатты жазу арқылы
шағын мәтінмен мол ақпарат алуға болады.
Рефераттың құрылымы
тұрақты үш бөлімнен тұрады:
а) кіріспе бөлім;
ә) негізгі бөлім;
б) анықтамалық немесе қорытынды бөлім.
1. Кіріспе бөлімде еңбек туралы мәліметтер беріледі: еңбектің атауы,
автордың
аты-жөні, басылымы, көлемі, қандай мәселені баяндайтыны
немесе қарастыратыны, неге я қандай
мәселеге ғылыми талдау
жасалатыны, еңбектің құрылымы (қанша бөлім, тарау, атауы т.б.).
2. Негізгі бөлімде, яғни рефераттың өзінде азат жол (абзац) белгіленбейді.
Мұның өзі осы бөлімде қаралатын мәселені, көтерілетін проблеманы
логикалық өзара жүйелі байланыста берілген бір бүтін дүние деп
есептеуге мүмкіндік береді. Мұнда еңбекте қаралатын мәселенің негізгі
мазмұны,
яғни мақсаты мен міндеті, негізгі қарастырылатын мәселе,
оның сипатталуы, оның шешімі,
ғылыми негізделуі, тұжырымы,
автордың сол мәселеге байланысты келісім-көзқарасы, дәлелі
қарастырылады. Қажет болған жағдайда әр түрлі салыстырмалы сандық
көрсеткіштер, сызба-суреттер, кесте-формулалар т.б. келтіріледі.
3. Анықтамалық бөлімге ғылыми еңбекке
қатысты басқа да ақпараттар,
мысалы, еңбектің библиографиясына енгізілген әдебиеттердің саны,
референттің жеке ойлары мен ескертулері т.б. енгізіледі. Референт
автордың қорытындысын келтіре отырып, өз ойын тұжырымдайды.
Бірақ бұл ақпараттар рефератқа көбіне енгізілмейді.
86
Реферат жазуға дайындық тақырыпты таңдап алудан басталады.
Содан кейін тақырыпқа байланысты
әдебиеттерді іріктеп, танысып,
рефераттың жазылу мақсатын анықтау қажет әр.
Достарыңызбен бөлісу: