Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы


Заңымен  7-1-баппен толықтырылды; 2011.20.07. № 462-ІV ҚР Заңымен



бет3/5
Дата23.02.2016
өлшемі373 Kb.
#5346
1   2   3   4   5
Заңымен  7-1-баппен толықтырылды; 2011.20.07. № 462-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 533-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 7-1-бап өзгертілді

7-1-бап. Реттелетін нарықтардағы бағаларды мемлекеттік реттеу

1. Бағаларды мемлекеттік реттеу темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдерін өндіру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порттық қызмет, телекоммуникациялар және почта байланысы, сондай-ақ «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, газ саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) қолданылады.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі монополияға қарсы және уәкілетті органдардың ұсынысы бойынша осы баптың 1-тармағында көзделмеген тауар нарықтарында мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын өнімдердің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын белгілейді.

 

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 7-2-баппен толықтырылды; 2010.15.03. № 255-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-2-бап өзгертілді



7-2-бап. Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібі

1. Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

2. Уәкілетті орган осы Заңның 7-3-бабы 1) тармақшасының екінші абзацында және 2) тармақшасында көзделген жағдайларда реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібіне сәйкес бағаға сараптама жүргізеді.



Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау мақсатында, сондай-ақ осы Заңның 7-3-бабы 1) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарында көзделген жағдайларда уәкілетті орган реттелетін нарық субъектілері бағаларының мониторингін жүзеге асырады.

Бағаларға мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша және (немесе) негізсіз баға белгіленгенін көрсететін шағымдардың, ақпараттың, мәліметтердің негізінде уәкілетті орган реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібіне сәйкес бағаға сараптама жүргізеді.

2-1. Уәкілетті орган шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы тоқсан сайынғы ақпаратты қарайды және ол жыл қорытындысы бойынша орындалмаған жағдайда реттелетін нарық субъектісіне алынған және шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға пайдаланылмаған табысты қайтару туралы нұсқама енгізеді. Осы тармақта көрсетілген, реттелетін нарық субъектісіне енгізілген нұсқама туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

3. Сараптама нәтижелері бойынша уәкілетті орган босатылатын бағалар туралы хабарламаны немесе ақпаратты немесе реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау шеңберінде берілген ақпаратты алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, реттелетін нарық субъектісіне:

1) бағаны көтеруге тыйым салу;

2) қолданыстағы немесе жобаланған бағаны реттелетін нарықтардағы баға белгілеу тәртібіне сәйкес негізделген баға деңгейіне дейін төмендету туралы дәлелді қорытынды жібереді.

Уәкілетті орган дәлелді қорытынды шығару үшін негіздер болмаған жағдайда бұл туралы реттелетін нарық субъектісін осы тармақта белгіленген мерзімде хабардар етеді.

Дәлелді қорытынды реттелетін нарық субъектісіне почта арқылы хабарламамен жіберіледі немесе оның өкіліне апарып беріп, қолын қойғызып табыс етіледі.

Реттелетін нарық субъектісі алған дәлелді қорытындының негізінде уәкілетті органға жіберілген хабарламада көрсетілген күннен не реттелетін нарық субъектісі осы Заңның 7-3-бабы 1-тармағының екінші абзацына сәйкес ақпаратты не реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау шеңберінде берілген ақпаратты табыс еткен жағдайда, уәкілетті орган белгілеген күннен бастап тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) тиісті бағаны белгілейді.

4. Реттелетін нарық субъектісі шекті бағаны көтерместен, уәкілетті органға бағаның төмендеу немесе көтерілу себептерін көрсететін ақпаратты баға төмендеген немесе көтерілген күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бере отырып, өндірілетін (өткізілетін) тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды дербес төмендетуге және көтеруге құқылы.

 

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  7-3-баппен толықтырылды; 2010.15.03. № 255-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-3-бап өзгертілді



7-3 бап. Реттелетін нарық субъектілерінің міндеттері

1. Реттелетін нарық субъектілері:

1) уәкілетті органға:

бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген немесе өнімдердің, тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің номенклатураға енгізілген күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, баға деңгейін растайтын негіздемелік материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты;

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті;

уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылу бағалары туралы ай сайынғы ақпаратты;

оның талап етуімен бағаға сараптама жүргізу үшін қажетті ақпаратты уәкілетті орган белгілеген, реттелетін нарық субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде;

осы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұсынатын реттелетін нарық субъектілерін қоспағанда, шекті бағада ескерілген, кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы не орындалмауы туралы тоқсан сайынғы ақпаратты уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей беруге;

2) алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың шекті бағадан жоғары өсетіні және өсу себебін растайтын (реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялы жағдайға ие емес бөлшек сауда нарығы субъектілерін қоспағанда) негіздемелік материалдарды табыс ете отырып, өсу себептері туралы кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша түрде уәкілетті органға хабарлауға;

3) реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібін сақтауға;

3-1) реттелетін нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындауға;

3-2) алынған және шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған табысты тікелей тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, реттелетін нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету арқылы қайтаруға;

4) шекті бағаны негізсіз көтеру нәтижесінде алынған табысты тікелей тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда реттелетін нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету жолымен қайтаруға міндетті.

 

2010.15.03. № 255-IV ҚР Заңымен 7-4-баппен толықтырылды

7-4-бап. Табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар субъектілерінің қаржылық есептілігін, есептерін, хабарламалары мен ақпаратын қабылдау

1. Табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар субъектілерінің қаржылық есептілігі, есептері, хабарламалары мен ақпараты уәкілетті органға осы Заңда белгіленген мерзімдерде беріледі.

2. Қаржылық есептілікті, есептерді, хабарламалар мен ақпаратты уәкілетті органға берген күн олардың берілу тәсіліне қарай:

1) келу тәртібімен - уәкілетті органның қабылдау туралы белгі қойған күні;

2) почта арқылы хабарламасы бар тапсырысты хатпен - почта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгі қойған күні;

3) электрондық түрде - қабылдау туралы электрондық хабарламада көрсетілген уәкілетті органның қабылдау жүйесінің орталық торабы қабылдаған күн болып табылады.

3. Почта ұйымына немесе өзге де байланыс ұйымына осы Заңда белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін тапсырылған қағаз жеткізгіштегі қаржылық есептілік, есептер, хабарламалар мен ақпарат почта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау уақыты мен күнінің белгісі болған кезде мерзімінде берілді деп есептеледі.

Уәкілетті органға осы Заңда белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін электрондық байланыс арналары арқылы берілген қаржылық есептілік, есептер, хабарламалар мен ақпарат мерзімінде берілді деп есептеледі.

4. Қаржылық есептілік, есептер, хабарламалар мен ақпарат электрондық түрде берілген кезде уәкілетті орган электрондық жүйенің орталық торабы қабылдаған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей табиғи монополия, реттелетін нарық субъектісіне қабылданғаны туралы электрондық хабарлама жіберуге міндетті.



 

8-бап. ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

9-бап. ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)



 

26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 10-бап өзгертілді



10-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының құқықтары

Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы:

1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша сатып алуға, есепке алу аспаптарын орнатуды талап етуге не оларды өздерi сатып алуға және орнатуға;

2) шешiмдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, жаңа шешiмдер қабылдау немесе қолданылып жүрген шешiмдердiң күшiн жою туралы уәкiлеттi органға өтiнiш беруге;

3) уәкiлеттi органның әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ ол қабылдаған шешiмдерге сот тәртібімен шағымдануға;

4) уәкiлеттi органға және (немесе) сот тәртібімен табиғи монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн әрекеттерiне шағымдануға;

4-1) жария тыңдауларға қатысуға;

4-2) табиғи монополия субъектісінің қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыруы жөніндегі тендерлерге қатысуға;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарының болуына хақылы.



 

26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 11-бап өзгертілді; 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен   (бұр.ред.қара) 11-бап жаңа редакцияда; 2010.15.03. № 255-IV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



11-бап. Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының міндеттері

Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы:

1) табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алым ставкалары) бойынша уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;

2) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарын сатып алу мен орнатуға уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар субъектілері белгілейтін техникалық талаптарды орындауға;

4) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарының болуы міндетті.

 

ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен (бұр. ред. қара) 12-бап жаңа редакцияда; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен 12-бап жаңа редакцияда



12-бап. Уәкiлеттi орган

Уәкілетті органның ережесін, құрылымы мен жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.

 

ҚР 26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 13-бап өзгертілді; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңымен 13-бап жаңа редакцияда; 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара); 2010.15.03. № 255-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 13-бап өзгертілді; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді



13-бап. Уәкiлеттi органның функциялары

1. Уәкілетті орган:



1) табиғи монополиялар субъектілерін бақылау мен олардың қызметін реттеуді жүзеге асырады;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  1-1) тармақшамен толықтырылды



1-1) реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеуіне мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асырады;

2) табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастырады және жүргiзедi;

3) мемлекеттік органдар және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3-1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

4) табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) есептеудiң кемсiтпейтiн әдiстемелерiн немесе олардың шектi деңгейлерiн әзiрлейдi, бекiтедi және қолданады;



4-1) су шаруашылығы жүйелері салаларындағы реттеліп көрсетілген қызметтерді жекетұлғалардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындайды;

2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды



4-2) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бекітеді;

4-3) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың) орындалуы туралы ақпаратына талдау жүргізеді;

5) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын қолдану практикасын қорытады, осы негiзде әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлейдi.



5-1) олар белгілеген тәртіппен:

табиғи монополия субъектісінің нормативтік техникалық ысыраптарын;

өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің шикізатты, материалдарды, отынды, энергияны жұмсауының техникалық және технологиялық нормаларын;

өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда, табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтік санын;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  5-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.р ед.қара)



5-2) өздері белгілеген тәртіппен:

жарғылық капиталға мемлекеттің қатысуымен;

жарғылық капиталға мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалармен аффилиирленген табиғи монополия субъектілерінің штаттық кестелерін келіседі;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен  5-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.р ед.қара)

5-3) өздері белгілеген тәртіппен:

жарғылық капиталға мемлекеттің қатысуымен;

жарғылық капиталға мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалармен аффилиирленген табиғи монополиялар субъектілері әкімшілік персоналының басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудің шекті деңгейін келіседі;

5-4) өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдары құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулер және басқа да жөндеу - қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын келіседі;

5-5) 2008.29.12. № 116-IV ҚР

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет