Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру жөніндегі;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 1-тармақ 5-2) тармақшасымен толықтырылады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) магистральдық темір жол желiлерiнiң;
6-1) концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдар қызметтерінің;
7) кiрме жолдардың;
8) әуе навигациясының;
9) порттардың, әуежайлардың;
10) телекоммуникациялар көрсететiн әмбебап қызметтердi қоспағанда, қызметтiң осы түрлерiн көрсетудiң технологиялық мүмкiн болмауы не экономикалық тиiмсiздiгi себебiнен бәсекелес байланыс операторы болмаған кезде телекоммуникациялар қызметi;
11) телекоммуникациялар желiлерiн ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желiлерiне қосуға технологиялық жағынан байланысты кәбiлдiк кәрiздер мен өзге де негiзгi құралдарды мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі;
12) су шаруашылығы және (немесе) кәрiз жүйелерiнiң;
13) почта байланысының жалпыға бірдей қолжетiмдi қызмет көрсету жатады.
2. Уәкiлеттi орган осы баптың 1-тармағында тiзiп көрсетiлген табиғи монополиялар аясының табиғи монополия субъектiлерi осы сала шеңберiнде көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) реттелiп көрсетiлетiн қызметтер қатарына жатқызу мәнiне талдау жасауды жүзеге асырады.
Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тiзбесiн уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
3. Табиғи монополиялар субъектiлерi республикалық және жергiлiктi бөлiмдерден тұратын Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттік тiркелiмiне, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) нақты түрлерiн көрсете отырып енгiзiлуге жатады.
Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттік тiркелiмге енгізу және одан шығару тәртібін уәкілетті орган белгiлейдi.
ҚР 13.07.99 ж. № 413-I Заңымен 5-бап толықытырылды ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 127-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізіледі); 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.15.03. № 255-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді
5-бап. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн шектеу
1. Табиғи монополия субъектiсiне:
1) қызметтер көрсетуге және:
реттелiп көрсетiлетiн қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты;
Қазақстан Республикасының почта туралы заңдарында белгiленген;
табиғи монополия аясына жатқызылған реттелiп көрсетiлетiн қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) түскен кiрiстер рынок субъектiсiнiң барлық қызметiнен күнтiзбелiк бір жыл iшiнде түскен кiрiстердiң бір процентiнен аспаған жағдайдағы;
күнтiзбелiк бір жыл iшiнде өзге қызметтiң кiрiстерi табиғи монополия субъектiсiнiң барлық қызметiнiң бес процентiнен аспаған жағдайдағы;
табиғи монополия аясында қызметтер көрсететiн (тауарлар, жұмыстар) құрылымдық бөлiмшенiң ұйымдастырушылық және аумақтық оқшаулануы мүмкiн болмаған жағдайдағы қызметтердi қоспағанда, табиғи монополиялар аясына жатпайтын өзге қызметтi жүзеге асыруға;
2) табиғи монополия субъектiсiнiң өндiрiспен және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынумен, сондай-ақ осы Заңға сәйкес табиғи монополия субъектiсi үшiн рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асырумен байланысы жоқ мүлiкке меншiк және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығына ие болуға;
3) мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан, арнайы қаржы компанияларынан, сондай-ақ табиғи монополия субъектісі үшін осы Заңда рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан басқа, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (қатысу үлестерін) иеленуге немесе олардың қызметіне өзге жолмен қатысуға;
4) уәкілетті орган белгілеген мөлшерден асатын реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы алуға;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) осы Заңда көзделмеген қосымша ақы алуға немесе өзінің мазмұны бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің мәніне қатысы жоқ (қаржылық қаражаттарды және өзге де мүлікті, мүліктік құқықтарды және басқаны беру) қосымша міндеттемелерді өзге түрде таңуға;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды
4-2) өңірлік электр желісі компаниясын, пайдаланылатын стратегиялық тауарларға арналған шығыстар ұлғайтылатын, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметаның баптарында көзделген қаражатты бес проценттен астам көтеруге жол беруге;
5) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қол жеткізу шарттарын күштеп таңуға немесе тұтынушыларды кемсiтуге әкеп соғатын өзге де iс-әрекеттер жасауға;
5-1) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiрген және (немесе) ұсынған кезде технологиялық циклда пайдаланылатын жеке меншiк құқығымен немесе заңды негiзде өзгеше тиесiлi мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға, лизингтi қоса алғанда, мүлiктiк жалдауға (жалға беруге);
6) табиғи монополия субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) жоғарылауына әкеп соқтырмаған жағдайда, арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы мәмілелері бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді қоспағанда, ұсынылатын реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты талап ету құқығын басқаға беруге;
7) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемiн жосықсыз тұтынушылардың төлемеуiне байланысты адал тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан бас тартуға;
8) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты емес шығындарды олардың тарифтерiне (бағаларға, алымдар ставкаларына) немесе олардың шектi деңгейiн енгізуге;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) көзделген қаражатты мақсатсыз пайдалануға жол беруге;
9) мемлекеттік органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде белгiлеген, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы талап етуге;
10) мыналар:
тарифтік сметада қамтылатын;
реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату шығындары және ақы алу тетігі, реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің есептеу аспаптарын сатып алу және орнату туралы;
ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) туралы ақпаратты коммерциялық құпия деп тануға тыйым салынады.
1-1. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген шектеулер қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағының 5-1) тармақшасында көзделген шектеулер осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынатын табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.
26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілді
6-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң құқықтары
Табиғи монополия субъектiсiнiң:
1) заңдарға сәйкес тұтынушылар сақтауға мiндеттi техникалық талаптар белгiлеуге;
1-1) барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылуы кезеңiнде уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендетуге;
1-2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен техникалық қызмет көрсетудi жүргiзуге және есептеу аспаптарын тексерудi ұйымдастыруға;
1-3) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн бекітуге арналған өтiнiмдi уәкiлеттi органның қарауына ұсынуға;
1-4) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату үшін тұтынушылардан уәкілетті органмен келісілген ақы алуға;
2) уәкiлеттi орган шешiмдер қабылдаған кезде өзiнiң iс-әрекетi мен құқықтық мәртебесi мәселелерiн қозғайтын ұсыныстар енгізуге;
3) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн әрекетiне (әрекетсiздiгiне) сотқа шағымдануға;
4) басқа субъектiлердiң өз iс-әрекетiне, табысына, меншiгiне немесе құқықтық мәртебесiне әсер ететiн әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) уәкiлеттi органға немесе сотқа шағымдануға;
5) заң белгiленген тәртiппен өзiн Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттік тiркелiмiнен шығару туралы уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға;
5-1) Қазақстан Республикасының салық заңдары тиiсiнше өзгертiлiп, нәтижесiнде табиғи монополия субъектiсi шығынының құны көбейтiлсе, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен өсiруге;
5-2) шығындарды оңтайландыру немесе реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын қолдану нәтижесінен туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың түбегейлі пайдаланылмаған бөлігін жаңа өндірістік активтерді жасауға, кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және қайта жарақтандыруға бағыттауға;
6) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де құқықтарының болуына хақылы.
26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV (бұр.ред.қара); 2009.08.06. № 163-IV (бұр. ред. қара); 2010.15.03. № 255-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді
7-бап. Табиғи монополия субъектiлерiнiң мiндеттерi
Табиғи монополия субъектiсi:
1) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн шешiмдерiн орындауға;
2) реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша ұсынуға;
2-1) тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) жасағаны үшiн олардан өз кассалары, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлемдер қабылдауды қамтамасыз етуге мiндеттi. Бұл талап осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетiлген табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды;
2-2) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тұтынушыларына реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын, мемлекеттік органдар өздерінің құзыреті шегінде белгілеген талаптарға сәйкес жалпыға бірдей қызмет көрсетілуін қамтамасыз етуге;
3) тәртібі «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін өнімді магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтерге қол жеткізуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескеріле отырып, реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларынан басқа, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға тең жағдайларды, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тәртiппен реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуға;
3-1) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi бекітілген жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiнен аспайтын бірыңғай тарифтер (бағалар, алым ставкалары) деңгейлерi бойынша ұсынуға;
4) өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгiленген тәртiппен шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды бекіту кезiнде ескерiлетiн қызметтердi (тaуapлapды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыруға;
5) уәкiлеттi органның талап етуi бойынша қаржы есептiлiгi мен өзге де қажеттi ақпаратты уәкiлеттi орган белгілеген, табиғи монополия субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде қағазға түсiрiлген және (немесе) электрондық жеткiзгiштер түрiнде беруге;
6) қоғамдық, экологиялық қауiпсiздiк және азаматтар денсаулығы үшiн қауiпсiздiк принциптерiн сақтай отырып, табиғи монополияның қызметтер өндiруi мен ұсынуының неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын таңдап алуға;
7) осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетiлген, үш жылда бір рет мiндеттi аудит жүргiзетiн табиғи монополиялар субъектiлерiн қоспағанда, аудиторлық ұйымдардың жыл сайынғы мiндеттi аудит жүргiзуге. Аудиторлық есеп және жылдық қаржы есептiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аудиторлық есеп бекітілген кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешiктiрмей, табиғи монополия субъектiсi өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын әкiмшiлiк-аумақтық бірлiктiң тиiстi аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялануға тиiс;
7-1) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрi бойынша және тұтас алғанда уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзуге;
7-2) өңірлік электр желісі компаниясын, сондай-ақ осы Заңның 6-бабының 5-2) тармағында көзделген, жағдайды қоспағанда, тарифтiк сметаны орындауға;
7-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі жұмысы туралы жыл сайын есеп беруге;
7-4) тариф салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып бекітілген жағдайда тоқсан (жыл) қорытындылары бойынша қызмет туралы ақпаратты есепті тоқсаннан (жылдан) кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша беруге;
7-5) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпарат беруге және осы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға;
8) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен үлгi шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрiне, сондай-ақ реттелiп көрсетiлетiн өзге де қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрiне және (немесе) жиынтығына тұтынушылармен жеке шарттар жасасуға;
8-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ынтымақтастықтың үлгі шарттарына сәйкес кондоминиум объектісін басқару органымен оларға реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түріне ынтымақтастық шарттарын жасасуға;
9) тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алуға және оларды тұтынушыларға орнатуға;
9-1) есептеу аспабы iстен шыққан жағдайда, есептеу аспаптарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен ақы өндiрiп алуға;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен негiзгi құралдарға қайта бағалау жүргiзудi уәкiлеттi органмен келiсуге;
11) өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда, тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей табыс етуге;
12) реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға шарттар жасасу кезiнде тұтынушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеуге;
13) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) төмендету туралы оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн он күннен кешiктiрмей уәкiлеттi орган мен тұтынушыларды хабардар етуге;
14) 2006.14.01 № 120-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
14-1) тарифті, оның шекті деңгейін және инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту үшін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қаржылық және техникалық сараптама қорытындыларын беруге;
15) Қазақстан Республикасының салық заңдары тиiсiнше өзгертiлiп, соның нәтижесiнде табиғи монополия субъектiсi шығындарының құны азайған жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн аталған өзгерістер қолданысқа енгiзiлген күннен бастап уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендетуге;
16) мүлiктi мемлекет меншiгiне беру жағдайларын қоспағанда, өндiрiске және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға арналған мүлiктi тендер нысанындағы сауда-саттықта иелiктен айыруға;
17) уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызмет түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алу әдiстемесiн әзiрлеуге әрi келісуге;
18) белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындауға;
19) көрсетілетін қызметтердің көлемі ұлғайған кезде және еңсерілмейтін күштің, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және технологиялық бұзушылықтардың алдын алуға немесе мемлекеттік органдардың нұсқамаларын орындауға бағытталған жұмыстардың салдарынан шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормалары ұлғайтылатын жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган бекіткен, реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін тікелей пайдаланатын шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бес проценттен астам көтеруге жол бермеуге;
20) нормативтен тыс ысыраптар болған жағдайда оларды жою жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және іске асыруға міндетті, бұл ретте іс-шаралар жоспарын іске асыру нәтижесіндегі нормативтен тыс ысыраптарды жою мерзімі бес жылдан аспауға тиіс;
21) нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейін уәкілетті орган белгілеген шамаға және мерзімге төмендетуге;
22) нормативтен тыс ысырап болған кезде оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы есепті жыл сайын 1 желтоқсанға қарай уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
Осы баптың бірінші бөлігінің 4), 7-1), 10), 14-1), 17) және 18) тармақшаларында көзделген міндеттер қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.
2008.29.12. № 116-IV ҚР
Достарыңызбен бөлісу: |