Дән мен ұнның сапасына қойылатын талаптар.
Органолептикалық зерттеу.
Түсін жарық күйде анықтайды. Ұнды және крахмалды анықтау үшін 3-5 г өнімді қара қағазға салып, ақырындап шыны пластинкамен басады.
Иісін анықтау үшін 20 г өнімді таза қағазға салып, деммен жылытады. Иісі көбеюі үшін өнімді стаканға салып, ыстық сумен ( 60°С) араластырады және бірнеше минутқа қояды. Кейін суын төгіп, иісін анықтайды.
Иісі мен қоспасының бар болуы- құмды 1г өнімге шайнау арқылы орнатады.
Ұстағанда ұн құрғақ түйіршіксіз (егер қолды қысып, қайта ашқанда ол үгітілу керек) болуы керек. Дәмі аздап тәтті, иісі- қалыпты, спецификалық болуына байланысты. Бидай ұны ақ, сары реңкті, қарабидайдікі- сұр ақ түсті болуы керек. Кебекті ұнның түсі қаралау түсті болады. Шіріген, көгерген, ермеді немесе тағыда басқа бөгде заттардың және ащы ұнға сәйкес келмейтін дәмнің, сонымен қатар құмның және минералды қоспалардың ( шайнағанда байқалатын) бар болуы жіберілмейі.
Дән сатылымға ұнтақталып, кептіргеннен кейін ғана жіберіледі. Ол алынған әнге сәйкес таз, біркелкі болуы керек. Сатылымға ластанған ( ластанған қоспа, сабанның қалдықтары, өсімдіктің улы тұқымы және т.б.) дән, өздігінен қыздырылған, көгерген, қышқыл және шіріген иісі мен дәмі болса жіберілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |