Зертханалық сабақ №11 (1 сағат)
Тақырыбы: Спирт технологиясын оқу.
Жүмыстың мақсаты: Спирт технологиясын зерттеу.
Тапсырма:
Спирт өндірісінің технологиясын зерттеу.
Спирттің органолептикалық қасиеттерін зерттеуді жүргізу: иісін, мөлдірлігін сыртқы түрін дәмін.
Ашытудан алынған спирттік ерітінді құрамында жою керек көптеген заттары бар, олар қауіпті және сұйықтықтың сапасын төмендетеді.
Негізгі спирттік қосынды
Қоспа атауы
(негізгі)
|
Қайнау температурасы,°С
|
Қоспа атауы (қосымша)
|
Қайнау температурасы,°С
|
Сірке альдегиді
|
20,8
|
Қүмырсқа қышқылы
|
100,7
|
Құмырсқа этил эфирі
|
54,3
|
Сірке қышқылы
|
118,1
|
Сірке метил эфирі
|
57,1
|
Майлы этил эфирі
|
121,3
|
Метил спирті
|
64,7
|
Амил спирті
|
138,0
|
Сірке этил эфирі
|
77,8
|
Валериан этил эфирі
|
146,0
|
Фурфурол
|
|
Күкіртқышқыл
|
338,0
|
Қоспаның құрамы мен қайнау температурасы кестеде келтірілген. Қышқылды рефтикациялағанда нейтрализация жолымен сілті көмегімен немесе тұзбен жояды, олар жылытуда оңай бөлінеді немесе тұнбаға түседі.
Ректификация(тазалау) шикі спиртке: бірінші химиялық тазалау.
Бірінші химиялық тазалау. Ең бірінші шикі спирттегі алкоголь құрамы мен қышқылдығын тексереді. Қышқыл реакция бар болса спиртке сілті немесе соданы қышқылдылықта нейтрализдеу үшін (1-2г КОН сілті немесе 5-8г сода Іл-ге) қосады. Кейін спиртті марганец қышқылды калий ерітіндісімен өңдейді, оны дистилденген судың аздаған мөлшерін қосады. 1 литр шикі спиртке 2г марганцовка алады (алдын ала 50мл дистилденген суда ерітілген). Спирт қоспасы марганцовка ерітіндісін жақсылап араластырады және химиялық реакцияны аяқтау үшін 15-20 минутқа қалдырады. Кейін оған тағыда сілті немесе соданы сондай мөлшерде қосады да араластырып ашық болу үшін 8-12 сағатқа қалдырады. Кейін спиртті бұлдан сүзіп, ректификацияның 2-ші операциясын - бөліп айдауды жүргізеді.
Бөліп айдау. Спирттің ректификациясын бөліп аудау үшін ректификациялық құралды жинау қажет, ол үшін тамшы ұсактағышы бар айдау кубын қолдануға болады.
Бөліп айдау үшін шикі спиртті 45-50°С концентрациядағы жұмсақ су мен қосады. Қажетті су мөлшерін (кесте №10 бойынша) шикі спирті бар ыдысқа құйып, спиртометр мен (ариометр мен) концентрациясын өлшейді Т-20°С-гі сулы спирт қоспасының тығыздығы.
Кесте№10.
Достарыңызбен бөлісу: |