Тақырыбы: Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы


Астанасы – Пномпень Ақша бірлігі



Pdf көрінісі
бет15/66
Дата31.01.2023
өлшемі2.21 Mb.
#468971
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66
Myrzabaeva, B. M. Aziia jane Afrika elderinin qazirgi zaman tarihy. 2013

Астанасы – Пномпень
Ақша бірлігі – риель, АҚШ доллары 
Мемлекеттік діні – буддизм
Ірі қалалары – Пномпень: 2 234 566 адам, Баттамбанг: 250 000 
адам, Сиемреап: 171 800 адам, Сиануквиль: 132 000 адам, Пойпет: 89 
549 адам.
Камбоджаның әкімшілік бӛлінуі 
1945 жылдың қазанында-ақ Франция Камбоджада король 
Н.Сианук 1945 жылы наурызда жапондықтардың келуінен кейін 
жойған бұрынғы протекторат режимін қалпына келтірді. 
1946 жылы қаңтарда Франция мен Камбоджа үкіметтері 
уақытша келісімге қол қойды, ол бойынша король үкіметінің ішкі 
істердегі ӛкілеттілігінің кеңеюін білдірген Француз одағының 
шеңберінде Камбоджа автономия алды. 
1946 жылы Камбоджада алғашқы саяси партиялар құрылды: 
Демократиялық және Либералдық. Алғашқысы европалық тип 
бойынша тәуелсіздік және шектелген монархия үшін күрескен жас 
интеллегенция мүддесінен тұрды. Екіншісі ірі жериеленушілердің, 
аристократияның, шенеуніктердің және буржуазияның кӛзқарасын 
білдірді. Либералдар француздық позицияны ұстанды және саяси 
тәуелсіздікке қол жеткізу міндетін қозғаған жоқ. 


99 
1947 жылы мамырда конституция жасалды, ол бойынша 
Камбоджа шектелген монархия болды. Мемлекеттің ендігі ӛмірінде 
басты рольді парламент – Ұлттық жиналыс ала бастады, онда 
демократтарға кӛпшілік орын тиесілі болды. 
1949 жылы екі ел арасында тағы бір келісімге қол қойылды, ол 
бойынша метрополия Камбоджаны формальды түрде Француз Одағы 
шеңберінде «тәуелсіз мемлекет» ретінде мойындады. 
40-шы жылдардың соңында ресми оппозициядан басқа 
тәуелсіздік үшін қарулы күрес жанданды, оны Кхмер Иссарак (Азат 
Кхмер) қозғалысының мүшелері басқарды. Екінші дүниежүзілік 
соғыс жылдарында құрылған ол ӛз кезегінде алуан түрлі құрылымды 
білдірді. Оның отрядтарының кӛпшілігі ӛз командирлерінің жеке 
жоспарымен әрекет етті. «Кхмер Иссарактың» сол қанаты Вьетнам 
мен Лаостағы жақтастарымен тығыз байланыста болды. 
1951 жылы кӛктемде Камбоджа территориясына камбоджалық 
солшылдарға кӛмектесу үшін Вьетнам Демократиялық Республи-
касының әскери құрылымдары аяқ басты. 
Үнді-Қытай коммунистік партиясының екінші съезінің 
шешіміне сәйкес 1951 жылдың қыркүйек айының соңында Камбодеки 
халықтық-революциялық партиясы (КХРП) құрылды. Вьетнам 
Еңбекші партиясы сол кезеңде шешуші түрде ықпал етті, ал 
этникалық вьетнамдықтар онда маңызды қызметтерді иеленді.
1952 жылы 1 маусымда король Камбоджаның шынайы 
тәуелсіздікке кӛшуінің одан арғы жолдары туралы мәселесінде 
радикалды қадамдар жасауға бел буды. Ол Ұлттық жиналыстың 
таратылуы туралы жариялады және елде саяси партиялар қызметіне 
тиым салды. «Тәуелсіздік үшін корольдік крест жорығының» 
басталуы туралы жарияланды. Нәтижесінде, 1953 жылы 9 қазанда 
Камбоджадағы француз әкімшілігі ӛз қызметін тоқтатты. 
Камбоджаның 
тәуелсіздігін 
мойындау 
туралы 
мәселе 
халықаралық кӛлемде 1954 жылы жазда Үндіқытай бойынша Женева 
отырысында түпкілікті шешімін тапты. 
1954 жылы бұрынғы саяси партиялар ӛз қызметтерін қайта 
жандандырды, сондай-ақ бұрынғы француздарға қарулы қарсылық 
кӛрсеткен қатысушылармен «Прачеачун» (Халық) тобы құрылды. Бір 
жағынан, олардың арасында, және екінші жағынан корольмен арада 
елдегі саяси жағдайды тұрақсыздандырған үнемі даулы мәселелер 
пайда болды. 
Туындаған дағдарысты жою үшін король Н.Сианук бірқатар 
радикалды қадамдарға барды. 1955 жылы 2 наурызда ол ӛз әкесінің 
пайдасына тақтан бас тартты, ал ӛзі премьер-министр қызметін 
иеленді. Одан басқа, ол ӛз жеке билігінің режиміне жаппай тірек – 
Халықтық-социалистік қауымдастық (Сангкум) – Демократиялық 


100 
партия мен Прачеачун тобынан басқа, барлық тобын және саяси 
қозғалыстарды біріктірген кең кӛлемді қоғамдық-саяси ұйым құру 
туралы жариялады. Сангкумның мақсаты камбоджалық ұлт бірлігін 
нығайту, Камбоджаны мықты және тұрақты мемлекетке айналдыру, 
халықтың ӛмірін жақсарту болды. 
Сангкумның идеялық доктринасының негізіне Н.Сианук «кхмер 
буддалық корольдік социализмнің» теорясын алды, оны ол 60-
жылдардың басына қарай аяқтап бітірді. Ол капитализмді 
«әлеуметтендіру», монархияны «демократияландыру», экономиканы 
модернизациялау, халықаралық аренада бейтараптылық саясатын 
жүзеге асыру сияқты әр түрлі доктриналарды біріктірді. 
Сангкумның жетістігі белгілі бір деңгейде Н.Сиануктың жеке 
беделіне байланысты болды, ол тәуелсіз Камбоджаның пайда 
болғанынан бастап әр түрі саяси топтардың ешқайсысына да елде 
үлкен ықпал етуіне жол бермеді. 50-жылдардың соңына таман 
Сангкумның қатарында миллионға жуық камбоджалықтар болды. 
1970 жылдың наурызына дейін Сангкум Камбоджаның саяси 
аренасында жетекші роль атқарды. Оған сонымен қатар Демокра-
тиялық партиялар мен Прачеачун тобының кӛптеген мүшелері кірді. 
Осы жылдары Прачеачун жартылай ресми жағдайда болды. 60-
жылдардың басында оның жетекшілерін үкіметке қарсы қастандық 
ұйымдастырды деп айыптап, оларды репрессияға ұшыратты. 
50-жылдардағы кхмер мемлекеттілігінің қалыптасуы Үндіқытай 
тӛңірегіндегі күрделі жағдайда жүзеге асырылды, ол АҚШ тарапынан 
Камбоджаға оның СЕАТО болгына қосылу мақсатымен тұрақты 
қысымымен сипатталды. Ол Камбоджаны бейтараптылық саясатынан 
бас тартуға мәжбүрлеуге тырысқан АҚШ одақтастарымен – кӛрші 
мемлекеттермен – Оңтүстік Вьетнаммен және Таиландпен шекарада 
қарулы оқиғалармен жалғасты. 
1959 жылы АҚШ-тың қолдауымен Таиланд территориясында 
дайындық жүргізілген үкіметке қарсы бүлік ұйымдастырылды. Ол 
Н.Сианукке адал қарулы күштермен басылды. 
1960 жылы сәуірде корольдің қайтыс болуына байланысты 
Ұлттық жиналыс Н.Сианукке жоғарғы билікті ӛз қолына алу және 
кең ӛкілеттіліктермен мемлекет басшысы болу ұсынысымен шықты. 
Бірақ Сианук одан бас тартты. Монархия институты формальды түрде 
сақталды. Оның нышаны болып ана-патшайым жарияланды. 
60 ж.ж. басында Камбоджада Н.Сианук жеке билігінің одан әрі 
күшеюі жүрді. Саяси күштердің поляризациялануы, режимге солдан 
да, оңнан да оппозицияның одан әрі рәсімделуі жүрді. 
Солшыл қозғалыста оның қатарында Пол Пот (Салот Сар) және 
оның жақтастарының пайда болуымен айтарлықтай жандануы жүрді. 
Олардың кӛбі 40-50 ж.ж. Францияда оқып келген, ал кейін елге 


101 
қайтқан соң коммунистік кӛзқарастардың белсенді жетекшілеріне 
айналды. 1963 жылы қаңтарда (басқа мәліметтер бойынша 1960 ж.) 
ҚХРП Коммунистік (ККП) болып аты ӛзгертілді, ал бас хатшы болып 
бұрынғы неғұрлым солшыл кӛсем Тусамутты ығыстырған Пол Пот 
сайланды. 
60-жылдардың екінші жартысында Камбоджаның компартия 
қатарында қытайлық «мәдени революция» идеяларының ықпалы 
күшейді. 1967 жылы Пол Поттың талап етуі бойынша Н.Сианук 
режиміне қарсы қарулы күресті күшейту туралы шешім қабылданды, 
нәтижесінде Камбоджаның кейбір аудандарында кӛтерілістер бұрқ 
етті. Олардың барлығы биліктегілермен қатаң жанышталды. 
60-жылдардың екінші жартысындағы Камбоджаның саяси 
ӛміріндегі маңызды фактор саяси аренаға оңшыл оппозиция ретінде 
қорғаныс министрі Лон Нолмен және ханзада Сирик Матакпен 
басқарылған әскери басшылықтың келуі болды. 
1963 жылы қарашада АҚШ-ның Камбоджаның ішкі істеріне 
араласуына қарсылық ретінде Н.Сианук американдық кӛмектен бас 
тартатындығы, ал біраз уақыт ӛткеннен кейін дипломатиялық 
қатынастарын үзетіндігі туралы жариялады. 60-жылдардың соңында 
Лон Нолдың премьер-министр болып тағайындалуынан кейін олар 
қайта қалпына келтірілді. 
Н.Сианук әрдайым ҚХР-на және Мао Цзэдунның жеке басына 
қатысты достық пейілін атап кӛрсетті. «Мәдени революция» 
кезеңінде Қытайдың Камбоджа ішкі істеріне араласу әрекетіне және 
Сангкум мен компартия ішінде пекиндік бағыттағы солшыл 
топтардың жандануына байланысты жағдай біршама күрделенді. 
1970 жылы 18 наурызда елде Н.Сиануктың жоқтығын 
пайдаланып, АҚШ-ның қолдауымен оңшыл күштер мемлекеттік 
тӛңкеріс жасайды. Билікке генерал Лон Нол келді. 
1970 жылы сәуірде американдық және оңтүстік вьетнамдық 
әскерлер Камбоджа териториясына аяқ басты, бұл әлемдік 
қауымдастықтың қарсылығын туғызды және олардың бір айдан кейін 
ол жерден кетуіне мәжбүрледі. 
1970 жылы мамырда Лон Нол оппозициялық күштері ҚХР-ның 
қолдауымен Пекинде Камбодекидің Біртұтас ұлттық майданын 
(КБҰМ), ӛз қарулы күштерін және үкіметін құрды. КБҰМ-ның 
құрамына Н.Сиануктің жақтастары және олардың таяудағы «жауы» 
коммунистер кірді. Н.Сианук КБҰМ-да шынайы билікке ие болған 
жоқ, билік сол кезде «қызыл кхмерлер» қозғалысымен танымал 
коммунистердің қолына шоғырланды. 
1970 жылы 9 қазанда Камбоджа ресми түрде Кхмер 
Республикасы болып жарияланды. Билік басына келген Лон Нол 


102 
режимі АҚШ және оның одақтастарына бағытталған нарықтық 
экономиканы дамыту бағытын жариялады. Бірақ жаңа режим ӛзінің 
ӛмір сүруінің бастапқы кезінен-ақ тиімсіз жағдайда болды. Әлемдік 
қоғамдық пікір КБҰМ-на жанашырлықпен қарады, ал Н.Сианукті 
кӛптеген мемлекеттер камбоджалық халықтың жалғыз заңды ӛкілі 
деп санады. Бұл мәселеге қатысты пікірталастар БҰҰ-да ӛтті. 
1970 жылдың соңынан бастап астана ауылшаруашылық 
аудандарынан тыс қалды. Ӛз режимінің әлеуметтік базасын кеңейтуді 
мақсат еткен Лон Пол демократияландыруды кӛрсеткісі келді, бірақ 
әлемдік қауымдастықтың кӛзін бұған жеткізе алмады. 
Қарулы партизандық күрестің бес жылы ішінде ККП-сы 
мүшелерінің саны артты және ол Камбоджаның жетекші саяси күшіне 
айналды. 
1973 жыл азаматтық соғыс барысының шешуші кезеңі болды. 
Лоннолдық режимнің күйреуін тек американдық авиация ғана 
құтқарып қалды. 
1975 жылдың басына қарай «қызыл кхмерлер» мен вьетнамдық 
бӛлімдердің қарулы күштері Камбоджа территориясының 90%-ын 
бақылап отырды. 1975 жылы сәуір айының басында Пномпеньді Лон 
Нол мен оның жақын жақтастары тастап кетті. КБҰМ ұранымен 
билікті «қызыл кхмерлердің» басып алуына жол ашылды. 
1975 жылы 17 сәуірде «қызыл кхмерлер» Пномпеньге кірді. 
Билік басына сол кезде компартия билігін толығымен бақылап 
отырған және қытайлық «мәдени революцияның» радикалды-
жақтастарының идеяларына бағытталған Пол Пот тобы келді. 
Билікке келгеннен кейін полпоттық топ «революциялық 
тәжірибенің» басталғандығы туралы жариялады, ол ең қысқа мерзім 
ішінде Камбоджада «жүз пайыздық коммунистік қоғам» құруға алып 
келуі тиіс болды. 
Алғашқы кезеңде қала тұрғындарын ауылдық жерлерге кӛшіру, 
тауар-ақша қатынастарын жою, будда монахтарын қудалау және кез-
келген қандай да бір дінге тиым салу, барлық деңгейдегі бұрынғы 
режимнің шенеуніктері мен әскери қызметкерлерін физикалық 
тұрғыда жою басталды. 
Бүкіл ел бойынша кооперативтердің жоғарғы формасы құрылды, 
онда қалалардан қуылған адамдар ауыр жағдайларда квалификациясы 
аз физикалық еңбекпен айналысты. 
Камбоджа жағдайында Пол Поттың «жарқын болашақ» құрылысы 
үшін «бір миллион сенімді адамдар» қажет деген идеяларына 
негізделген «казармалық коммунизмнің» нашар формасы қалыптасты. 
Осылайша, қалған алты миллионнан астам тұрғындар қайта тәрбиелуге 
«қабілетсіз» ретінде физикалық жойылуға ұшырады. 


103 
Полпоттықтар билікке келген кезінен бастап ӛз диктатурасын 
заңдастыруға тырысты. 1976 жылдың басына дейін формальды түрде 
Н.Сианук басқарған КБҰМ әлі де болса ӛмір сүруін жалғастырды. Ол 
Камбоджаға 1975 жылы күзде қайта оралды және үй қамауына 
алынды. Полпоттықтар оның кӛптеген туыстарын және жақтастарын 
ӛлтіреді. Жаңа конституция ӛз күшіне 1976 жылы қаңтарда енді. 
Мемлекет ресми түрде билік етудің республикалық формасын 
ала бастады және Демократиялық Кампучия деп аталды, премьер-
министр болып Пол Пот жарияланды. Оның сыртқы істер бойынша 
орынбасары болып Иенг Сари тағайындалды. Дәл осы екі есіммен кӛп 
ұзамай камбоджалық режим бейнелене бастады. 
1976 жылы наурызда қатаң диктатура жағдайында жоғарғы 
ӛкілдік орган – Халық ӛкілдерінің Жиналысына сайлау ӛтті. 1976 
жылы сәуірде алғашқы және бірмезгілде оның соңғы отырысында 
Н.Сиануктің формальды түрде отставкаға кетуі қабылданды. 
Әкімшілік-территориялық құрылымның негізі селолардағы 
коммуналар болды. Камбоджа Пол Поттың жақын жақтастарымен 
бақылауға алынған 6 әскери аймаққа бӛлінді. Әр аймақтың 
орналасқан жеріне және оның жетекшілерінің Пол Потқа жеке 
жақындығына байланысты ӛзіндік басқару ерекшелігі болды. 
Сыртқы саясатта сыртқы әлемнен толық оқшаулану бағыты 
жүргізілді. Режимнің басты одақтастары ҚХР мен Солтүстік Корея 
болды (Солтүстіккореялық кӛсем Ким Ир Сен Пол Потқа 1977 жылы 
КХДР-ң Батыры атағын берді). Вьетнам басты жау болып 
жарияланды, ал 1976 жылдан бастап шекаралық арандатушылық 
басталды. 
1978 жылға қарай елде, оның ішінде жекелеген «қызыл 
кхмерлер» кӛсемдерімен басқарылған, халық кӛтерілістері бұрқ етті. 
Олардың кейбіреулері Вьетнаммен байланыс орнатты. 
1978 ж. желтоқсан айының басында, ВСР-ның қолдауымен, Пол 
Пот режимін құлатуды ӛзіне мақсат етіп қойған Кампучияны 
құтқарудың 
ұлттық 
Майданы 
(КҚҰМ) 
құрылды. 
Оның 
кӛшбасшылары мемлекетке вьетнам әскерлерін енгізу ұсынысымен 
формальды үндеу жариялады, ол 1978 жылы желтоқсан айының 
соңында жүзеге асты. 
1979 жылы 7 қаңтарда вьетнамдық әскерилер Пномпеньді басып 
алды. Билік вьетнамдықтардың қолдауымен құрылған Кампучия 
халықтық-революциялық кеңесінің (КХРК) қолына кӛшті, Хенг Самрин 
оның жетекшісі болды. 10 қаңтарда Кампучия Халық Республикасының 
құрылғандығын жариялаған манифест қабылданды. 
Жаңа режим бұрынғы биліктің барлық заңдарын жойды және 
елдегі қалыпты ӛмірді қалпына келтіруге әрекеттер жасады. Алайда 


104 
Камбоджаның шалғай аудандарына орналасқан Пол Пот жақтастары 
қарсыласуларын жалғастырды, оны басуға вьетнамдық әскерлер 
жіберілді. 1979 жылы кӛктемде олар Пол Поттың негізгі базаларын 
жояды, бірақ Пол Пот Таиландпен шекарада тірек пункттерін 
бақылауын жалғастырды. 
1979 жылы жазда Пномпеньде арнайы құрылған трибунал Пол 
Пот пен Иенг Сариді ӛз халқының қасапшысы ретінде айыптап ӛлім 
жазасына (сырттай) кеседі. 
1981 жылы мамырда Коммунистік партияның съезді ӛтеді, оның 
делегаттары бұрынғы «қызыл кхмерлер» болды. Партия қайтадан 
КХРП деп аталды. Съезд Кампучийде біртіндеп социализм құры-
лысына кӛшу үшін алғышарт қалыптастырды. Пол Пот жақтастары 
сол жылы ӛздерінің коммунистік партиясының таратылатындығы 
туралы жариялады. 
1981 жылы маусымда КХР-ның жаңа конституциясы күшіне 
енді. Ұлттық жиналыстың тұрақты қызмет етуші органы Мемлекеттік 
Кеңес болды, оның тӛрағасы болып Хенг Самрин сайланды. 
Халықтық-революциялық Кеңес ӛз ӛкілеттіліктерін КХР министрлер 
Кеңесіне берді. 
Билікке жаңа вьетнамдық бағыттағы режимді алып келген 
Камбоджадағы оқиғалар қоғамдық пікірде түрлі қарама-қайшылықтар 
тудырды. АҚШ, ҚХР және БҰҰ-ға мүше кӛптеген мемлекеттер Пол 
Пот режимін, сондай-ақ Н.Сианук жақтастарын және бұрынғы 
премьер-министр Сон Саннды ресми мойындауын жалғастырды. 
КХР халықаралық аренада социалистік қауымдастық елдерімен 
(Румыниядан басқа) және «үшінші әлемнің» кей мемлекеттерінің 
арасында мойындалды. 
Вьетнам әскерлері Камбоджада 1989 жылға дейін болды. Бұл 
кезеңде билеуші режимге ӛзінің саяси қарсыластарының позиция-
ларын әлсірету мүмкін болмады. Оған қоса, камбоджалықтардың 
арасында Н.Сиануктің беделі артты. Пол Потқа келетін болсақ, ол 
«қызыл кхмерлердің» қарулы күштерін формальды басқаруын тастап, 
жетекшілікті полпоттық диктатура кезінде мемлекетте жоғары 
қызметтердің бірін иеленген Кхиеу Самфанға тапсырды. 
Халықаралық аренада бұл жылдары КХР кӛсемдері ӛз 
режимінің дипломатиялық блокадасын жоя алмады.
1989 жылы монархияны қалпына келтіруге және Камбоджаның 
социалисттік таңдаудан бас тартуына бағытталған Конституцияға 
түзетулер енгізу туралы шешім қабылданды. 1990 жылы КХРП 
Камбоджа Халықтық партиясы (КХП) болып аты ӛзгертілді, ал КХР – 
Камбоджа мемлекеті. 


105 
1993 жылы кӛктемде Құрылтай жиналысы ӛтті, оған «қызыл 
кхмерлерден» басқа барлық саяси күштер қатысты. Н.Сиануктың 
баласы ханзада Ранарит бастаған Н.Сианук жақтастарының партиясы 
ФУНСИНПЕК аз ғана басымдықпен бұрынғы сыртқы істер министрі 
және КХР министрлер Кеңесінің тӛрағасы Хун Сен басқарған 
Камбоджа Халықтық партиясынан асып түсіп, жеңіске жетеді. 
Сон Санн Құрылтай жиналысы тӛрағасы қызметін иеленді, ол 
коалициялық үкіметті бекітті. Әлсіз саяси күштер балансын сақтап 
қалу үшін үкіметтік екі тӛраға енгізу қажеттілігі мойындалды: 
біріншісі ханзада Ранарит, ал екіншісі Хун Сен болды. 
Сол жылы күзде монархияның қалпына келтірілуін түпкілікті 
бекіткен Камбоджаның жаңа конституциясы ӛз күшіне енді. 
Н.Сианук, 1955 жылы ӛз отандастарына салтанатты түрде ӛз ӛмірінде 
«ешқашан» патша тағына қайтып оралмайтындығына уәде 
бергенімен, «ұлт бірлігі» үшін бұл қадамға баруға мәжбүр болады. 
Енді мемлекеттің атауы Камбоджа Корольдігі болды. 
90 ж.ж. екінші жартысы бойында КХР мен ФУНСИНПЕК 
арасындағы күрес ӛрши түсті, ол 1997 жылы шілдеде ашық қарулы 
қақтығысқа ұласты. Ханзада Ранарит Камбоджаны тастап кетуге 
мәжбүр болды, ал шынайы билік Хун Сеннің қолына кӛшеді. Әлемдік 
қауымдастық бұл оқиғаларды біржақты қабылдамады, бұл елдің 
халықаралық беделіне ӛз әсерін тигізді: оның АСЕАН-ға кіруі кейінге 
қалдырылды, Камбоджа БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының кезекті 
сессиясындағы орнынан айырылды. 
1998 жылы жазда халықаралық бақылаумен ӛткен еркін 
жалпыхалықтық сайлау ішкі саяси жағдайды біршама тұрақтандырды, 
және 
Камбоджа 
ӛзінің 
демократияландыру 
мен 
қоғамды 
тұрақтандыру жолы бойынша ӛз қозғалысын жалғастырып келеді. 
2004 жылы 7 қазанда король Нородом Сианук тақтан бас тартты, 
ал 2004 жылы 14 қазанда, оның үлкен ағасы, ханзада Ранариддх 
ұсынысы бойынша, Камбоджаның Король кеңесі жаңа король – 
Нородом Сиамониді жариялады. Алайда іс жүзінде елдегі билік 
премьер-министр Хун Сенге тиесілі. 
Камбоджа ӛнеркәсібінде киімге және туризмге арқа сүйейді. 
Камбоджа АҚШ-да киім экспортында кепілдендірілген квота алды. 
Киім ӛндірісі саласында 350 мыңнан астам жұмысшы қызмет етеді, ел 
экспортында киім 85%-ды береді.Одан басқа, Камбоджа орман 
ӛнімдерін, каучук, күріш, балық, темекі, аяқ киім (2008 жылы 4,3 
млрд.доллар) экспорттайды. 
Экспорт бойынша басты серіктестері (2008 ж.) — АҚШ 54%, 
Германия 8%, Канада 6%. 


106 
Камбоджа мұнай ӛнімдерін, алтын, құрылыс материалдарын, 
станоктарды, автомобиль, медикаменттер (2008 ж. 6,4 млрд.доллар) 
импорттайды. 
Басты серіктестері (2008 ж.) — Таиланд 28%, Қытай 16%, 
Вьетнам 15%. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет