Лаос
1. Лаостың тәуелсіздігіне қол жеткізуі
2. Тәуелсіз даму жолындағы алғашқы кезең (1954-1975 ж.ж.)
3. Лаос халықтық-демократиялық республикасының дамуы
Лаос (лаос. ປະເທດລາວ Патхет Лао немесе Патхет Лау), толық
атауы – Лаос Халықтық-Демократиялық Республикасы (лаос.
Сатхаланалат
Пасатхипатай Пасасон Лао) – астанасы Вьянтян болған Оңтүстік-
Шығыс Азиядағы мемлекет. Батысында Таиландпен, шығысында –
Вьетнаммен, оңтүстігінде – Камбоджамен, солтүстігінде – Қытайдың
Юньнань провинциясымен, солтүстік-батысында – Мьянмамен
92
шектеседі. Лаос 16 провинцияға (кхвэнг), астаналық префектураға
және астаналық муниципалитетке бӛлінген.
Ресми тілі – лаос тілі
Астанасы – Вьентьян
Ірі қалалары – Вьентьян, Паксе, Саваннакхет, Луангпхабанг
Басқару формасы – социалистік республика
Президент - Тюммали Сайнясон
Вице-президент - Боун-Гнанг Ворачит
Премьер-министр - Тхонгсинг Тхаммавонг
Мемлекеттік діні – буддизм
Территориясы - 236 800 км² (дүние жүзінде 81-ші).
Халқы - 6 500 000 адам (2012 ж.), тығыздығы - 25 адам/км²
Ақша бірлігі – лаостық кип (=100 атам) (LAK, код 418)
1945 жылы 12 қазанда Лаос тәуелсіз мемлекет деп жарияланды.
Бұл оқиға қарсаңында тәуелсіздікті жақтаушылар протекторат туралы
келісімнің күшін жойды және барлық Лаос жерлерінің бірігуін
жариялады. Корольдік билікке қарсы құрылған Халықтық комитетке
Лао Итсала майданының қайраткерлері кірді. Король Луангпробанга
биліктен түсірілді. Кӛп ұзамай ел, Патет-лао конституциялық
монархия болып жарияланды.
Үндіқытайда ӛз билігін қалпына келтіруді бастаған Францияға
тез арада осы режимді жойып жіберу мүмкін болды, ал оның
белсенділері басқа жаққа жер аударылды, немесе партизандық
отрядтарға кетті. 1946 жылы тамыз айында Франция және қалпына
келтірілген корольдік режим келісімге қол қойды, ол бойынша Лаос
автономия және конституция алды (1947 жылы мамыр айында күшіне
енді). 1947 жылы тамыз айында Ұлттық жиналысқа сайлау ӛтті, онда
потенциалдық сайлаушылардың шектеулі тобы ғана қатысты. Ол
кезге қарай Лаоста алғашқы саяси париялар пайда болды.
1949 жылдың жазында, Үндіқытай соғысының қызған шағында,
Франция Лаоспен оған Үндіқытай және Француздық Одақ
құрамындағы мемлекет статусын сақтап, тәуелсіздік беру туралы
келісімге қол қоя отырып, отарлық басқаруды реформалауда келесі
қадамын жасады. Бұл қадам басшысы Лаосқа қайта оралып,
мемлекеттік құрылымда жоғары қызметті алған Лао Итсала
майданының іс жүзінде күйреуіне алып келді. Басында ханзада
Суфановонг тұрған солшыл радикалдық қанат ғана ерекшеленді.
Оның басшылары ӛз әрекеттерін вьетнамдық коммунистермен
үйлестіре отырып, толық тәуелсіздік үшін күресті жалғастырды. 1949
жылы наурыз айында тағы бір коммунистік кӛсем – К.Фомвихан
басшылығымен партизандық соғыс басталды. Біртіндеп Лаостың
93
шығысында, вьетнамдық шекара маңынан азат етілген аудандар пайда
болды.
1950 жылы Азат Лаос Майданы – АЛМ (Нео Лао Итсала) және
басында Суфанувонг тұрған Қарсыласушы үкімет құрылды. 1951
жылы АЛМ Үндіқытай халқының Біріккен майданына кірді, бұл оның
ықпалының одан әрі кеңеюіне ықпал етті. 1954 жылға қарай АЛМ
Лаос территориясының жартысына жуық бӛлігін бақылап отырды.
Бұл кезге қарай бірінші Үндіқытай соғысы аяқтала келді.
Женева
отырысында
батыс
елдері
Лаос
территориясынан
«вьетнамдық еріктілердің» шығарылуын және АЛМ күштерінің
капитуляциялануын талап етті. Нәтижесінде Лаостағы әскери
әрекеттерді тоқтату және француздық және вьетнамдық әскерлердің
кейіннен шығарылуы туралы келісімге қол жеткізілді. АЛМ қарулы
күштері саяси реттеу аяқталғанға дейін екі ауданға шоғырланды.
Олардың мүшелеріне қол сұғылмаушылық және азаматтық құқық
кепілдендірілді. Келісімнің сақталуын бақылау үшін арнайы
халықаралық комиссия құрылды.
Женевада Лаостың корольдік үкіметі халықаралық істерде
бейтараптылық саясатын жүгізуге және ұлт-азаттық қозғалысқа
қатысушылардың ізіне түспеу міндеткерлігін ӛз мойнына алды.
Тәуелсіз Лаос конституциялық монархия болып қалды. 1947
жылғы Конституцияға сәйкес мемлекет басында король тұрды.
Тәуелсіздік алу кезінде және 1959 жылға дейін ол Сисаванг Вонг
болды. Жоғары заң шығарушы орган 4 жылға сайланған Ұлттық
Жиналыс болды. Жалпыхалықтық сайлау құқығы енгізілді, король
құзыреттілігіне премьер-министрді тағайындау және Ұлттық
Жиналысты тарату кірді.
Сол кездегі саяси париялардан неғұрлым ықпалдысы
Прогрессивтік (ҰЖ сайлауда 1955 жылы желтоқсанда ол 39 орынның
21-ін иеленді), Тәуелсіздер партиясы, Демократиялық, Ұлттық одақ,
сондай-ақ коммунистермен ӛз қызметін заңсыз бүркемелеу ретінде
құрылған Лаостың патриоттық майданы (Нео Лао Хак Сат) болды.
Лаостық комунисттердің ӛзі 1955 жылы Лаостың Халық партиясы
(ЛХП) атауымен ӛз партияларын рәсімдеді. ЛХП басында
К.Фомвихан тұрды. Оның орынбасары ЛПМ Тӛрағасы ханзада
Суфанувонг болды (1975 жылға дейін партия қызметі заңсыз
жағдайда ӛтті және оның ӛмір сүруі туралы ресми жарияланбады).
1956 жылы король қайтадан Лаостың премьер-мнистрі етіп
бейтараптылық позициясын ұстанған ханзада Суванна Фуманы
тағайындады. Оның белсенді қатысуымен, 1956 жылдың соңынан
94
бастап, король үкіметі мен ЛПМ арасында коалициалық үкімет құру
туралы келісімге қол қойылды. Бірақ бұл кабинеттің қызметінің
тиімділігі лаостық саяси элита ішіндегі үздіксіз қарама-қарсылықтар
жағдайында тӛмен болды.
1960 жылдың жазында елде әскери тӛңеріс болды. Шиеленісті
реттеу үшін 1961 жылы кӛктем-жазда Лаос бойынша Халықаралық
конференция шақыру талап етілді. Коалициялық үкімет қалыптастыру
мәселесі қайтадан туындады. Негізгі пікірталас болашақ үкіметтегі
министрлік портфельдерді бӛлу бойынша орын алды. Нәтижесінде,
1962 жылы кӛктемде, ол Суванна Фумамен жасақталды және
министрлік портфельдердің кӛпшілігі бейтарапшыларға тиді. Бұл елге
бейтараптылық статусын бекіткен Женевадағы Лаос бойынша
Халықаралық конференцияның сәтті аяқталуына мүмкіндік берді.
1962 жылдан кейін Лаоста батыс тарихнамасында трипартизм атауын
алған жағдай қалыптасты. Жоғарыда айтылған үш саяси күш
арасындағы үстемділік үшін күрес 1975 жылға дейін елдің саяси
дамуының негізгі ерекшелігін құрады. Бұл кезеңде Лаос үндіқытай
жанжалына тартылған болатын, бұл әрине оның ішкі саяси жағдайына
да әсер етпей қоймады.
АҚШ елді Оңтүстік Вьетнамдағы ӛз саясатын қолдауға
мойынсұндыруға тырыса отырып, оңшылдарға сенім артты. ЛПМ
Лаосты ӛздерінің басым одақтастарының қатарынан кӛрген КСРО,
ҚХР және ВДР-нан қолдау тапты. Лаостағы ӛз билігінің сақталуына
қызығушылық танытқан Франция Суванна Фума мен оның
жақтастарына кӛмектесті.
1963-1966
ж.ж. әртүрлі саяси топтар арасында ӛткір
қақтығыстар орын алды, нәтижесінде бейтарапшылдар ішінде ЛПМ-
мен ынтымақтастық болашағы туралы мәселе бойынша ыдырау
болды және үкіметте оңшылдардың позициясы нығайды. Нақ осы
кезде ЛПМ бақылауымен «азат етілген аудандарға» және
«вьентьяндық
аймаққа»
территориялық
бӛлінуі
бекітіледі.
Соңғысында Ұлттық жиналысқа тұрақты сайлаулар ӛткізілетін.
Суванна Фума парламенттегі кӛшілікке арқа сүйей отырып,
«вьентьяндық аймақта» ӛз беделін нығайтты.
60 ж.ж. соңына қарай ішкі күштер қатысқан екі аймақ арасында
әскери шиеленіс артты. Бұл кезеңде ЛПМ радикализациясы күшейді.
1968 жылы қабылданған оның бағдарламасында («12 пункт») «ұлттық
сатқындармен» күрес талаптары қаралды.
1972 жылдың қысында ӛткен ЛПМ-ның заңсыз ӛткен съездінде
капитализмді елемей елдегі билікті басып алуды тез аяқтау және
социализм жолына кӛшу міндеті қозғалды. Партия Халықтық-
95
Революциялық болып аты ӛзгертілді. Оның кӛсемі формальды түрде
ЛПМ-да Суфанувонг орынбасары болып жүрген, сол кезге қарай
неғұрлым маңызды роль атқарған К.Фомвихан болды.
1973 жылы қаңтар айында Вьетнамдағы әскери қимылдарды
тоқтату туралы Парижде келісімге қол қойылғаннан кейін Лаоста
түбірімен жаңа саяси жағдай қалыптасты. Суванна Фума
басшылығындағы бейтарапшылдар қайтадан ЛПМ қызығушы-
лықтарымен жақындастыратын нүктелерді іздей бастады. Бірақ енді
бастама 1975 жылы ақпанда Вьентьянда қол қойған келісімде кӛрініс
тапқан соңғылардың жағында болды. Ол бойынша Лаоста Уақытша
үкімет және бірқатар басқа органдар құрылуы тиіс болды. Уақытша
үкіметтің премьер-министрі Суванна Фума болды. Суфанувонг кӛп
ұзамай үкіметтен де неғұрлым ықпалды орган болған Ұлттық саяси
коалициялық Кеңесті (ҰСКК) басқарды. Олардың екеуі де 1968
жылғы ЛПМ-ның саяси бағдарламасы негізінде әрекет етті. Алайда,
тактикалық мақсаттарда, монархия институтын және ескі мемлекеттік
басқару жүйесін тез арада жою міндетін ҰСКК жақтастары
қарастырған жоқ.
1975 жылы сәуірде оңшылдар кӛпшілікті құраған Ұлттық
жиналыс таратылды. Сол кезге қарай коммунисттер Шығыс Вьетнам
мен Кабоджада жеңіске жеткен болатын. Олар біртіндеп саяси
аренаға ресми күш ретінде шыға бастайды, ал олардың кӛсемдері
Лаос басшылығында үлкен рӛл атқара бастады.
1975 жылы күзде жергілікті билік органдарына сайлау ӛтеді,
және ел әкімшілік-саяси қатынас тұрғысынан қайтадан қосылды.
Заңды түрде биліктің ауысуы 1975 жылы желтоқсан айының басында
Вьентьяндағы Халық ӛкілдерінің Ұлттық Конгресінде рәсімделді.
Ресми түрде монархия жойылды және Лаос Халық-Демократиялық
Республикасының құрылуы жарияланды. Уақытша үкімет пен ҰСКК
орнына Жоғарғы Ұлттық жиналыс (ЖҰЖ) пайда болды. Оның
тӛрағасы және бірмезгілде ел президенті Суфанувонг болды. Жаңа
үкіметтің премьер-министрі болып қолына Лаостағы шынайы саяси
билік шоғырланған К.Фомвихан тағайындалды.
Ӛз тархында тұңғыш рет 1975 жылдың желтоқсанынан бастап
Лаос республикалық басқару формасындағы мемелекет болды.
Билікке социалисттік модель бойынша елді дамытуға бағытталған
күштер келді. Конституцияны қабылдау ұзаққа созылып, оны халық
ӛкілдерінің Ұлттық Конгресінің Декларациясы және 1975 жылы
желтоқсанда қабылданған ЛХДР үкіметінің әрекет ету Бағдарламасы
алмастырды. Барлық саяси билік 1979 жылдан бастап Лаостың ұлттық
құрылысының Майданы (ЛҰҚМ) деп аталған ЛХРП қолына кӛшті.
96
Әлеуметтік-экономикалық дамудың тӛмен деңгейінде болған
елде басқарудың әкімшілік-командалық жүйесі құрылды. Мұндай
тәжірибе камбоджалық нұсқаға қарағанда либералдық болды, бірақ ол
маңызды салдарларға, әсіресе эмиграцияның ӛсуіне алып келді. 70
жылдардың соңына қарай Лаос үкіметі Францияны, оның
экономикада маңызды бастамаларына қарсылық жасауға айыпты деп
есептеп, онымен қатынасын үзеді.
80 жылдардың басында жағдайды жақсартуға бағытталған
әрекеттер жасалды, әсіресе шаруаларды күштеп бірлестіруді жойды,
бірақ бұл қолжетімді нәтижелер бермеді. 1985 жылдап бастап екінші
әрекет жүзеге асырыла бастайды, ол ӛмірге нарықтық механизмдерді
ендіруді және АСЕАН елдерімен ынтымақтастық бағытын білдірді.
80 жылдардың соңында Лаоста саяси ӛмірді либерализациялау
басталады, бірақ билік басында бұрынғысынша К.Фомвихан болған
ЛХРП қолында болуын жалғастырды. Оның ӛлімінен кейін 1992
жылы үкімет басшысы мен билеуші партия тӛрағасы Кхамтай
Сипхандон болды. 1991 жылы тамыз айында К.Фомвиханның тірі
кезінде Лаоста елдің саяси және экономикалық жүйесін демократия-
ландырған конституция қабылданды. ЛХРП, конституцияға сәйкес,
«саяси жүйенің жетекші ядросы» жалғыз саяси партия болып кала
береді. Жүзеге асырылып жатқан нарықтық реформалар халықтың
ӛмір сүру деңгейін арттырды, ол 1996 жылы ақшалай есептеуде 350-
ге жуық американдық долларын құрады (бұл Вьетнамдағы осындай
кӛрсеткіштен бір жарым есеге жоғары болатын). Экономикалық
саясаттың негізіне лаос үкіметі тең құқылы жеке меншіктің түрлі
формаларын,
шетелдік
инвесторларды
тарту
және
аралас
компаниялар және концессиялар құру принципін қалады. Алайда
экономика біркелкі дамымайды және ел негізінен аграрлық сипаты
басым нашар дамыған елдер категориясына жатқызылуын
жалғастыруда. Сыртқы саяси басымдылық ретінде ең алдымен
қатарына Лаос жетекшілігі кӛрші Вьетнам, ҚХР, Солтүстік Кореяны,
сондай-ақ Кубаны жатқызатын «стратегиялық достармен» достық
және ынтымақтастық бағыты жарияланды. Соған қарамастан, Лаос
басқа елдермен де, АҚШ, Жапония, Франция және Ресеймен, тең
құқылы ӛзара тиімді ынтымақтастығын кеңейтуге ӛзінің мүдделілігін
жоққа шығармайды.
Достарыңызбен бөлісу: |