Біріккен Араб Әмірлігі
1. Федерация құрылғанға дейінгі БАӘ.
2. БАӘ-нің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы.
3. ХХ ғасырдың соңындағы Біріккен Араб Әмірлігі.
Біріккен Араб Әмірлігі (араб. «تارا ملإا ةي برع لا ةدحت م لا» —
’"Аль-’Имарат ’аль-Арабийя ’аль-Муттахида"), (қысқ. — БАӘ) – жеті
әмірліктен (араб.
— имарат, жекеше -
- имара) тұратын
федеративті мемлекет, олардың әрқайсысы абсолюттік монархиялы
шағын мемлекеттер болып табылады: Абу-Даби, Аджман, Дубай, Рас-
эль-Хайма, Умм-эль-Кайвайн, Фуджейра және Шарджа. БАӘ Аравия
түбегінің шығыс бӛлігінде, оңтүстік-батыс Азияда орналасқан.
Батысында және оңтүстігінде Сауд Аравиясымен, оңтүстік-
шығысында және солтүстік-шығысында Оманмен шектеседі. Парсы
және Оман шығанағымен шайылып жатыр.
Ресми тілі – араб тілі
Астанасы – Абу-Даби
Басқару формасы – федеративті монархия
Территориясы - 83 600 км² (дүние жүзінде 116-шы)
Халқы - 5,0 млн. адам (2012 ж.), тығыздығы - 99 адам/км²
Ақша бірлігі – БАӘ дирхемы (AED, код 784)
172
БАӘ әкімшілік-территориялық қҧрылымы
Екінші дүниежүзілік соғыс Шартты Оманның экономикалық
және саяси ӛміріне үлкен ықпал етеді: шейхтар мен үстем топтың
жағдайын әлсіреткен натуральды шаруашылықтың құлдырау және
тауар-ақша қатынастарының нығаю процесі тездетілді.
Әмірліктегі 1940-1950 ж.ж. ішкі саяси жағдай ағылшын және
американ
мұнай
компанияларының
қарама-қайшылығына
байланысты шиеленісті. Бұл кезеңде Сауд Аравиясында ӛз
позициясын нығайтқан АРАМКО Шартты Оманды қоса британ
протектораттарында жаңа концессиялар алуға тырысты. 1950 ж.ж.
ортасына дейін АРАМКО, «Ирак Петролеум Компани» және «Ройял
Датч-Шелл» арасындағы неғұрлым таласты мәселе – Эль-Бурайманың
мұнайлы жерлері болды. Тек 1955 жылы қазан айында ғана Оман
және Абу-Дабаның қарулы күштері ағылшындықтардың қолдауымен
оазисті иеленеді.
Ӛзінің экономикалық және әскери-саяси позициясын нығайту
және жағдайды тұрақтандыру мақсатымен Лондон Оңтүстік
аравиялық княздықтардың федерациясын құру идеясын ұсынады.
Алайда бұл жоспарларды Сауд Аравиясы және АҚШ тарапынан
болған теріс бағалауларға байланысты жүзеге асыру мүмкін
болмайды. Алайда 1960 жылдардың соңында ағылшындықтардың
Аденнен кетуі және ЙХДР-ның құрылуынан кейін бірігу туралы
мәселе қайтадан кӛтеріледі. Ол ағылшын әскерлерінің «Суэцтен
шығысқа қарайғы» аудандардан шығарылу бағдарламасының
құрамдас бӛлігі болды. 1968 жылы 16 қаңтарда Ұлыбританияның
премьер-министрі Г.Вильсон сӛз сӛйлеп, Шартты Оман, Бахрейн және
Катар елдерін біріктіретін мемлекеттер федерациясын құруды
қарастырады.
173
Бұл бағыттағы алғашқы қадам Абу-Даби шейхы Заид бен
Султан мен Дубай шейхы Рашид бен Саидтің кездесуі болды, мұнда
осы әмірліктердің федерациясын құру туралы шешім қабылданады.
Екі билеуші де Шартты Оман, Бахрейн мен Катардың басқа да
шейхтарын аймақтық мәселелерді шешуде және біріккен қимылдарды
талдауда шақыруға міндеттенеді.
1968 жылы 25 ақпанда Дубайда жиналған Шартты Оманның,
Бахрейн мен Катардың жеті әмірлігінің билеушілері келісімге қол
қояды және Араб әмірліктерінің Федерациясының (ФАЭ - АЭФ)
құрылғандығын жариялайды. 1968 жылы 30 наурызда күшіне енген
келісімде Федерацияның жоғарғы органы – Жоғарғы кеңестің құрамы
анықталды. Оған барлық 9 әмірліктің билеушілері енді. Басқа
органдардың құрылуы келесі отырысқа қалдырылды.
1968 жылдан 1971 жылға дейін ӛздері құрған Федерациядағы ӛз
әмірліктерінің орны мен ролі туралы шейхтар арасындағы
қарсылықтарды айқындағын жоғары деңгейдегі бірнеше кездесулер
ӛткізіледі. Күрес барысында екі топ қалыптасады. Оның біреуіне Абу-
Даби, Эль-Фуджайра, Шарджа, Умм-эль-Кайвайн, Аджманн
әмірліктерінің билеушілері және оларды қолдаған Бахрейн әмірі кірді.
Оларға оппозицияны Катар, Дубай және Рас-эль-Хайма альянсының
билеушілері құрады. Сонымен қатар Шартты Оманның барлық
шейхтары федерация құрамына қуатты экономикасы және саны кӛп
тұрғындары бар Катар мен Бахрейннің қосылуынан қауіптенді. Бұл
келспеушіліктер нәтижесінде Бахрейн мен Катардың федерацияға
кіруінен бас тартуына және 1971 жылы тәуелсіздіктерінің
жариялауына алып келеді.
1971 жылы 2 желтоқсанда Дубайда ӛткен жеті әмірліктің
ӛкілдерінің конференциясында федеральдық мемлекет – Біріккен
Араб Әмірлігінің құрылғандығы туралы жарияланады. Оған Рас-эль-
Хаймадан басқа алты әмірлік кіреді. 1972 жылы 10 ақпанда Рас-эль-
Хайма жаңа мемлекеттің жетінші мүшесі болады.
Қазіргі кезге дейін күшін жоймаған 1971 жылғы уақытша
конституцияға сәйкес БАӘ ӛз кезегінде «бірыңғай діні, тілі, тарихы,
тағдырымен біріккен ұлы араб отанының құрамдас бӛлігі. БАӘ-нің
халқы – араб ұлтының құрамдас бӛлігі болып табылатын біртұтас
халық». Мемлекеттің жоғарғы билік органдары Әмірлердің жоғарғы
кеңесі, Президенттік кеңес, Министрлер кеңесі және Федеральдық
ұлттық консультативтік ассамблея (ФНКА). Заң шығарушылық
билікті құрамына жеті әмір кіретін Жоғарғы Кеңес және президент
пен вице-президенттен тұратын Президенттік Кеңес иеленеді.
174
БАӘ-нің президенті болып Абу-Даби билеушісі шейх Заид бен
Султан аль-Нахайян, вице-президент болып Дубай билеушісі шейх
Рашид бен Саид аль-Мактум сайланды. Жаңа президент Ұлыбритания
мен БАӘ арасындағы бұрынғы барлық келісімдердің күшін жойған
достық туралы келісімге қол қояды. Мемлекеттің уақытша астанасы
Абу-Даби қаласы болады. 1971 жылдың соңында БАӘ АЕЛ
қабылданады және БҰҰ мүшесі болады.
БАӘ Жоғарғы кеңесі барлық федералдық саясатты дайындауға,
декреттер мен халықаралық келісімдерді ратификациялауға жауапты,
президент,
вице-президент,
премьер-министр,
Жоғары
сот
мүшелерінің тағайындауын бекітеді және олардың әрқайсысының
отставкаға кетуін қабылдайды.
Президенттік кеңестің мерзімі – БАӘ-нің тәуелсіздігін
жариялағаннан бастап 5 жыл. Президент шейх Заид бен Султан аль-
Нахайян және вице-президент шейх Рашид бен Саид аль-Мактум ӛз
қызметерінде 1976, 1981 және 1986 ж.ж. қайта сайланады. Президент
Жоғарғы кеңестің отырыстарына жетекшілік етеді және оның кез-
келген шешіміне вето жариялауға құқылы. Ол Жоғары кеңеспен
қабылданған заңдарға, декреттерге және шешімдерге қол қояды,
премьер-министрді, оның орынбасарын және министрлер кеңесін
тағайындайды, олардың отставкасын қабылдайды.
Парламент қызметін Федеральдық ұлттық консультативтік
ассамблея (ФНКА) атқарады. Ол 40 орыннан: Абу-Даби мен
Дубайдан 8 депутаттан, Шарджа мен Рас-эль-Хаймадан - 6, Аджман,
Умм-эль-Кайвайн және Эль-Фуджайрадан 4 депутаттан тұратын
кеңесуші орган. Әдетте билеушілер уақытының басым кӛпшілігін ӛз
әмірліктерінде ӛткізеді және маңызды мәселелерді шешуге ғана
жиналады. 1973 жылы желтоқсан айының соңында Министрлер
Кеңесін қайта құру барысында премьер-министрдің орынбасары
болып Абу-Даби әмірінің ұлы Хамид бен Заид аль Нахайян
жарияланады.
Абу-Даби мен Дубай билеушілері арасындағы қарама-қарсылық
БАӘ-нің сыртқы саяси жағдайын сипаттайды. Ӛзінің құрылу
кезеңінен бастап БАӘ ресми түрде қосылмаушылар қатарына
қосылды. ОПЕК-те әмірлік самарқау позицияны иеленіп келеді. БАӘ
басшылығының пікірінше, Таяу Шығыс дағдарысын реттеу
мәселелері
израиль
әскерлері
1967
жылы
оккупациялаған
территориялардан шығарылу және палестиналықтарға ӛз тәуелсіз
мемлекеттерін құруға құқық беру жағдайында жүзеге асырылуы тиіс.
175
Аймақтағы ірі мұнай ӛндіруші мемлекеттердің бірі ретінде (1980
ж.ж. мұнай ӛндіру орташа деңгейде жылына 60 млн т. құрады, ал оны
ӛңдеуден түскен табыс жылына 13 млрд долларға жуық) БАӘ-нің
әлеуметтік-экономикалық жағдайы дәстүрлі түрде тұрақты деп
есептеледі. Алайда БАӘ 1987 жылы маусымда алғаш рет ішкі саяси
дағдарысқа тап болады: Шарджи әмірлігінің Сұлтан шейхтің үлкен
ұлы сарай тӛңкерісін жасауға әрекеттенеді. Ел президенті шейх Заид
бен Султан аль-Нахайян оның билікке ұмтылушылығын қолдайды, ал
вице-президент және премьер-министр Рашид бен Саид аль-Мактум
ӛзінің шейх Сұлтанды қолдайтындығын жариялайды. Шиеленіс
келісім жолымен шешіледі – бұрынғы билеуші ӛз құқықтарын
орындауға қайта кіріседі, ал үміткер мұрагер ханзада деп
жарияланады.
Елдің мұнай сатудан түскен ауқымды байлығы үкіметке кең
кӛлемді әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыруға
және федерация тұрғындарына дүниежүзінде жан басына шаққандағы
ең ірі табысты (1985 жылы 19 270 доллар) иеленуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттің даму қарқыны туралы 1990 жылы қазір «Таяу Шығыс
Гонконгы» атанып отырған тек бір ғана Дубай әмірлігінің сауда
кӛлемі 11 млрд.долларды құрағанынан кӛруге болады.
ХХ ғасырдың соңғы он жылдығы жалпы алғанда ішкі саяси
және экономикалық тұрақтылығымен ерекшеленді. Мұнайдан түскен
табыс және шетелге капитал салу денсаулық, білім, тұрғын үй
құрылысы саласына ауқымды қаржы бӛлуге мүмкіндік береді. Жан
басына шаққандағы ҰІӚ кӛрсеткіші бойынша БАӘ Парсы шығанағы
ауданында бірінші орын алады.
Ел экономикасы бұрынғысынша мұнай ӛңдеу ӛндірісіне
негізделген. Мұнай және мұнай ӛнімдерін экспорттау қарастырылып
отырған кезеңде жылына 15 млрд. долларға жуық табыс әкеліп
отырған. Ауыл шаруашылығы – ҰІӚ-нің тек 2-3 пайызын ғана береді.
Онда тұрғындардың еңбекке жарамды бӛлігінің 5 пайызы еңбек етеді.
Ӛнімдердің қажеттілігі импорт есебінен қанағаттандырылады.
1990 ж.ж. БАӘ Таяу Шығыстың ірі қаржы орталығына
айналады. Елде қызмет ететін 60-тан астам коммерциялық банктердің
жалпы депозиті 40 млрд.долларды құрады. БАӘ арқылы, және ең
алдымен Дубай княздығы арқылы, жыл сайын 170 тоннаға дейін
алтын ӛтеді.
1996 жылы Абу-Даби шейхы Заид бен Султан аль-Нахайян
алтыншы мерзімге президенттікке сайланады. Аль-Нахайян рулық
қауымы Абу-Даби әмірлігін 20 жылдан астам уақыт бойы басқарып
келеді.
176
Достарыңызбен бөлісу: |