Оман
1. Соғыстан кейінгі кезеңдегі Маскат және Оман (1945-1970 ж.ж.).
2. 1970-1980 ж.ж. Оманның саяси және экономикалық дамуы.
3. 1990 ж.ж. Оман.
Оман (араб.
) Аравия түбегінің оңтүстік-шығысындағы,
Оңтүстік-батыс Азиядағы мемлекет. Сауд Аравиясымен, БАӘ және
Йеменмен шектеседі. Аравия теңізі және Оман шығанағымен
шайылып жатыр.
Ресми тілі – араб тілі
Астанасы – Маскат
Басқару формасы – абсолюттік монархия (сұлтанат)
Территориясы - 309 500 км² (дүние жүзінде 70-ші)
Халқы - 2 409 000 адам (2008 ж.), тығыздығы - 12,3 адам/км²
Ақша бірлігі – омандық риал
Мемлекеттік діні – ибадизм
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қазіргі Оман мемлекетінің
территориясында екі мемлекет – тәуелсіз Оман имаматы және
Ұлыбритания билігіндегі Маскат сұлтандығы ӛмір сүруін
жалғастырды. Екі мемлекеттік құрылым арасындағы шиеленіс
үздіксіз жүріп отырды, тек екінші дүниежүзілік соғыс барысында
уақытша тоқтатылды. Соғыс барысында Маскат антигитлерлік
коалиция елдерін қолдады. Ағылшындықтарға соғыс жағдайында ӛз
территориясынан әскери-әуе базаларын бергені үшін сұлтанат
айтарлықтай кӛлемде материалдық-техникалық кӛмек алады.
Соғыс Оманның ішкі аудандарының жағдайына еш әсер етпейді.
Имам Мұхаммед аль-Халили тайпалар арасында беделге ие болды.
177
Алайда 1940 ж.ж. ортасында Оманның ішкі саяси жағдайы ӛзгереді:
тайпалық ақсүйектер мен улемдердің бір бӛлігі имаматты қолдаудан
бас тартады. 1945 жылы наурызда ӛткен хинави және гафири
конфедерациясы шейхтарының кездесуінде біртұтас оман мемле-
кетінің философиялық-саяси негізі ретінде ибадизмге ұстаным-
дылығы кӛрінді. Маскатта сұлтан Саидпен қабылданған «коллабор-
ционистер» оның бағыныштылары болуға ӛздерінің ниеттері туралы
жариялады.
Соғыстан кейінгі он жыл имамат пен сұлтанаттың үздіксіз
соғыстарымен ерекшеленді. 1954 жылы жазда британдық «Ирак
Петролеум Компани» имамның келісімінсіз Оманның ішкі
аудандарында барлау жұмыстарын бастайды. Бұл жағдайда
Мұхаммед аль-Халили ӛлімінен кейін (1954 ж, мамыр) имам болып
сайланған шейх Галеб бен Али олар тәуелсіз араб мемлекеті деп
жариялаған Оманның халықаралық деңгейде танылуын талап етті.
Алайда бұл шешімді АЕЛ-ның саяси комитеті де, Халықаралық
арбитраждық сот та қолдамайды.
Аймақта қалыптасқан жағдай имаматқа тікелей және жанама
кӛмек кӛрсету үшін Лондонда қолайлы жағдай деп танылды. 1950
ж.ж. екінші жартысында ағылшын-маскаттық әскерлер Оманға ену
үшін бірқатар шаралар жүргізеді. Ұзаққа созылған қарсылықтан кейін
имам Галеб бен Али күштері тауға барып тығылуға мәжбүр болады
және енді ұзақ қарсылық кӛрсету жағдайында болмады.
Сұлтандыққа және ағылшындарға қарсы оман тайпаларының
қозғалысын басқан Саид бен Теймур 1960 ж.ж. ортасында
оппозициялық қозғалыс орталығы орналасқан Маскаттың алыс Дофар
провинциясынан басқа барлық Ішкі Оман территориясына ӛз билігін
орнықтыра алды. 1965 жылы 9 маусымда Дофарда сұлтанатқа соғыс
жариялаған Дофар азаттық Майданының (1974 жылдың тамызынан
бастап – Оманды азат етудің Ұлттық майданы) құрылтай съезі
ӛткізіледі. 1970 ж.ж. ортасында кӛтерілісшілер Дофардың үлкен
бӛлігіне бақылау орнатады.
1970 жылы 23 шілдеде билеуші резиденциясында династиялық
тӛңкеріс жасалып, келесі күні жаңа сұлтан болып Саидтың ұлы Кабус
бен Саид тағайындалды. 1970 жылы 9 тамызда Маскатта Оман
Сұлтандығы деген атау алған жаңа біртұтас мемлекеттің
құрылғандығы туралы жарияланады.
Билікке келгеннен кейін сұлтан Кабус елдегі жағдайды
тұрақтандыруға бағытталған кейбір реформаларды ӛткізу бағытын
ұстанады. Ең алдымен әкімшілік органдар жемқорлық элементтерден
тазартылды, басында Тарик бен Теймур болған жаңа министрлер
кабинеті және ағылшын шенеуніктері мен әскерилерін қоса, сұлтанға
жақын тұлғалардан құралған Уақытша кеңес қалыптасады.
178
Тұрғындардың наразылығын басу мақсатымен кейбір әлеуметтік
қайта құрулар ӛткізіледі. Саид бен Теймур кезінде ел газет, журнал,
радио және теледидар, телефон, автомобильсіз ӛмір сүрді, оларды
импорттауға тиым салынды. Түрмеге қамау жолымен қорқыту
арқылы велосипедке, кӛзілдірік, европалық киім мен аяқ киімдерге
тиым салынды.
Сұлтан Кабус елді сыртқы саяси оқшауланудан алып шығуға
қабілетті маңызды қадамдар жасайды. 1971 жылы ол бірқатар кӛрші
араб мемлекеттеріне барады. Эр-Риядқа сапары барысында сұлтан
мен Сауд Аравиясының королі Фейсал тығыз ынтымақтастықты
реттеу туралы келісімге қол жеткізеді. Бұдан кейін Сауд Аравиясы
сұлтан Кабус жағына шығып, имам Галеб бен Али мен басқа да
имамат жақтастарына кӛмек кӛрсетуін тоқтатады.
Ӛзінің ресми мәлімдемелерінде сұлтан панисламизм және
панарабизм идеяларына ұстанымдылығын білдірді, онда Израильге
қарсы араб елдерінің күресімен, палестиналықтарға ұлттық
құқықтарының берілуі үшін ынтымақтастық кӛрініс тапты. 1971
жылы Оман Сұлтандығы АЕЛ мүшелігіне қабылданып, ал 7 қазанда
БҰҰ-ның толық құқылы мүшесіне айналады.
Оман мен ЙХДР-сы арасында шиеленісті қатынастар
қалыптасады. Сол кезеңде сұлтан Иран шахы М.Р.Пехлевимен тығыз
байланыстар орнатады. 1971 жылы қазан айында Тегерандағы кездесу
барысында екі жақ Парсы шығанағында «тұрақтылықты қамтамасыз
ету бойынша» күштерді бағыттау туралы жариялайды. Бұл бағыттың
маңызды шараларының бірі Иран десанттарының (1973/1975 ж.ж.
қыста) Дофардағы сұлтанға қарсы бас кӛтерулерді басуға қатысуы
болды.
1975 жылы қаңтар айында сұлтан Кабус алғаш рет ресми
сапарымен АҚШ-на барып, екі жақты байланыстарды кеңейту туралы
келісімге қол жеткізіледі. Маскат пен Вашингтон арасындағы
қатынастар Ирандағы шах режимі құлауынан кейін (1979 ж.)
интенсивті түрде дамиды.
Оманның таяушығыс дағдарысына қатысты позициясы қарама-
қайшылықты. Сұлтанат Кэмп-Дэвид келсімін және ЕАР мен Израиль
арасындағы бейбіт келісімді (1979 ж., наурыз) қолдайды және
А.Садат режиміне қатысты ұжымдық санкциялауға қатысудан бас
тартады. Оман жалпы алғанда Тель-Авивтің аймақтық саясатын және
Израильдің Ливанның оңтүстігін оккупациялауын айыптайды.
Сонымен қатар Х.Мубарактың АҚШ қолдауымен Израильмен тікелей
иордан-палестин келіссӛздерін ӛткізу туралы бастамасын қолдайды.
Оманның билеуші топтарының ішкі саясатының негізіне
монархиялық басқару формасын сақтауға тырысушылық жатады.
179
Мемлекеттік басқару органдарын орталықтандыру мақсатында сұлтан
1972 жылы премьер-министр Тарик бен Теймурды қызметінен
босатып, ӛзі бірмезгілде сыртқы істер, қорғаныс және қаржы
министрі болып, үкіметті басқарды.
Жоғарғы заң шығарушылық билік ӛз атынан декреттер мен
басқа актілер шығаратын Кабустың қолында болды. 1981 жылы қазан
айында сұлтан бұйрығымен кеңесушілік функцияларды иеленген
және парламент үлгісіндегі Консультативтік кеңесті бекітеді. Кеңес
мүшелерін сұлтан екі жыл мерзімге сайлады. Құрамына ел
провинцияларының 36 ӛкілі және сұлтанның сенімді 19 тұлғасы кірді.
Әкімшілік қызметтерге тайпалық элита орнына жергілікті буржуазия
ӛкілдері ұсыныла бастады.
Бюджеттік түсімдердің басты кӛзі күні (80 пайызға жуығы)
бүгінге дейін мұнай мен газды сатудан түскен табыс болып келеді.
Салыстырмалы түрде ірі мұнай ӛндіруші мемлекет бола тұра Оман
ОПЕК құрамына қосылуды қаламайды, себебі мұнайға бағаны орнату
мәселесінде дербестілігін сақтауға тырысады.
1975 жылдан бастап Оман экономикасы бес жылдық жоспар
негізінде дамып келеді. Ол кезде 5,2 млрд. баррельді құраған мұнай
қоры бағаланды. Ел экономикасында жетекші орынды мемлекеттік
сектор құрайды.
1991 жылы мамыр айында сұлтанатта ел тарихындағы тұңғыш
сайлауға дайындық басталады. Консультативтік кеңеске әрбір 59
әкімшілік ауданнан 1 депутаттан кірді. Кеңестің 60-шы мүшесі -
оның тӛрағасын - ӛз ӛкілі ретінде сұлтан ӛзі тағайындады. Кеңес
мүшелері бірмезгілде басқа да қызметтерді иеленуге құқысыз және
30-дан жас болмауы тиіс. 1991 жылы Мемлекеттік консультативтік
кеңес Шура Кеңесі болып қайта құрылады. Жаңа құрылым
әлеуметтік-экономикалық салаға қатысты заңдарды қайта қарауға
ұсыныс беру құқығына ие болды. 1996 жылы Оманның негізгі заңы
(Конституция) қабылданады, ол жаңа ӛкілдік орган – Оман Кеңесін
құруды қарастырды. Констиуцияға сәйкес, Жаңа Кеңес екі палатадан:
Шура Кеңесі және Мемлекеттік Кеңестен тұрады. Бірақ саяси
партиялар мен кәсіподақтарға әлі де тиым салынады.
Ел экономикасында бұрынғысынша мұнай ӛндіруші және мұнай
ӛңдеуші ӛнеркәсіп басты орын алады. 1990 ж.ж. екінші жартысында
мұнай және мұнай ӛнімдерін сатудан түскен табыс 4 және 5 млрд.
доллар деңгейінде болды. Бұл 70 пайыз ұлттық табыс және 90 пайыз
валюталық түсім. Бұл кезеңдегі ҰІӚ инфляцияның нӛлдік деңгейінде
11 млрд. доллар деп бағаланды.
Ауыл
шаруашылығы
мен
балық
шаруашылығында
тұрғындардың 50 пайызға жуығы еңбек етеді. Алайда бұл салалар ел
180
қажеттілігінің тек 44 пайызын ғана қанағаттандырады. Жыл сайын
300 млн. долларға жуық суммада азық-түлік енгізуге тура келеді.
Егіншілік үшін Оманның тек 7 пайыз территориясы ғана жарамды.
Негізінен тропикалық белдеудің жеміс-жидектері ӛсіріледі. Балық
аулау жыл сайын 100 мың т. жуық балық береді.
Мұнай және мұнай ӛнімдерінен басқа Оман кейбір жеміс-жидек
түрлерін, сондай-ақ қатырылған балықты экспорттайды, бұл елге
жылына 25 млн. доллар береді. Тұтыну тауарлары (барлық кӛлемнің
½), машина және құрылғылар, транспорт құралдары импортталады.
Сұлтанаттың алдыңғы қатарлы сауда серіктестері Ұлыбритания,
Жапония, АҚШ, Оңтүстік Корея, БАӘ, Кувейт және Сауд Аравиясы
болып табылады.
Экспорт 2008 жылы – 337,7 млрд. долл. – мұнай, түрлі
реэкспорт, сондай-ақ балық, металдар. Негізгі сатып алушылар –
Қытай 31,7%, Оңтүстік Корея 17%, БАӘ 11,7%, Жапония 11%,
Таиланд 7,1%.
Импорт 2008 жылы – 20,7 млрд. долл. – ӛнеркәсіп құралдары,
транспорт құралдары, тұтыну тауарлары, азық-түлік. Негізгі
тасымалдаушылар – БАӘ 27,2%, Жапония 15,6%, АҚШ 5,7%, Қытай
4,6%, Үндістан 4,5%, Оңтүстік Корея 4,2%.
Достарыңызбен бөлісу: |