Ливан
1. Соғыстан кейінгі Ливандағы оппозицияның қалыптасуы.
2. 1957 жылғы азамат соғысы.
3. 1968-1984 ж.ж. Ливан.
4. 1990 ж.ж. Ливан.
Басқару
формасы
мен
территориялық
қҧрылымы:
Парламенттік республика. 5 губернаторлықтан (мухафаз) тұратын
унитарлы мемлекет. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы
орган – Депутаттар палатасы. Астанасы: Бейрут (1,8 млн.адам).
Қазіргі Ливан территориясында б.э.д. ІҮ-ІІ мың жылдықта
финикиялық қала-мемлекеттер пайда болады. Қазіргі Ливан
тәуелсіздігін 1920 жылы 1 қыркүйекте алады, алайда 1941 жылға
дейін елді іс жүзінде Франция басқарды.
Географиялық жағдайы: Оңтүстік-Батыс Азия, Жерорта
теңізінің шығыс жағалаулары. Сириямен, Израильмен шектеседі.
Жер кӛлемі: 10,4 мың км
2
.
Халқы: 3,8 (4,9) млн. адам. Арабтар (95 %), армяндар (4 %),
гректер, түріктер, курдтар. Тығыздығы: 365 адам/км
2
.
Мемлекеттік тілі: араб тілі, ағылшын тілі де қолданылады.
Ақша бірлігі: фунт. 1 евроға 1855 фунт.
1946 жылдың аяғында Ливан территориясынан шетелдік
әскерлердің шығарылып, батыс державаларының саяси үстемдігінің
жойылуына қарамастан шетелдік монополиялар елде басшылық
позицияны иеленеді. Оларға барлық Ливан экономикасына салынған
147
90% капитал салымы тиесілі болды. Барлық жердің 3/4 бӛлігі
помещиктердің қолында болды. Билікте алдыңғы қатарлы
империалистік елдермен тығыз байланыста болған және шетелдік,
әсіресе американ, капиталына жеңілдіктер әкелген сауда-қаржы
буржуазиясы мен помещиктердің шағын тобы тұрды. 1948 жылы
Ливанды «еркін экономика» елі деп жариялаған үкімет валюталық
бақылауды жояды, транзиттік саудаға, шетелдік сауда және қаржы
компанияларына қолдау жасалды. Осылайша сауда және қаржы
капиталы үшін қолайлы жағдай қалыптасты; алайда бұл саясат
дағдарыс жағдайынан шықпаған ұлттық ӛнеркәсіп пен ауыл
шаруашылығын тӛмендетті, нәтижесінде халық тобының жағдайы
нашарлады.
Араб мемлекеттері Лигасының (ЛАГ) саясатына сәйкес Ливан
1948 жылы бірініші араб-израиль соғысына қатысады. 1949 жылы
басқа да мемлекеттер сияқты Израильмен достық туралы келісімге
қол қояды. Бұл соғыс нәтижесінде Ливанға 100 мың палестиналықтар
қашып келеді.
Палестинаны бӛлу туралы шешімге сәйкес Арабтық Шығыстағы
шиеленісті жағдайды пайдаланған Бешар аль-Хури үкіметі 1948
жылы қаңтарда компартия қызметіне тиым салып, Ливан кәсіподақтар
федерациясын таратады.
Кейбір прогрессивтік заңдарға қарамастан, жалпы үкімет
саясаты халыққа қарсы болды. Елде түрлі себептерге байланысты
президент саясатына қарсы шыққан оңшылдар мен солшылдарды
біріктірген оппозиция ӛседі.
1949 жылдың басында белгілі ұлт-азаттық қозғалыстың кӛрнекті
жетекшісі, друз қауымының кӛсемі Камал Джамбулат болған
Прогрессивті-социалистік
партия
(ПСП)
құрылады.
Оңшыл
христиандық оппозиция «Фаланга» партиясына бірігеді. Парламентте
президент саясатымен күрес жүргізу үшін Ұлттық социалистік
майдан қалыптасады.
1952 жылы 18 қыркүйекте Бешар аль-Хури отставкаға кеткеннен
кейін президент болып Камиль Шамун тағайындалады. 1952 жылдың
аяғында алғашқы кезде бірқатар прогрессивтік ережелерден (тікелей
сайлау, бастауыш білімі бар әйел адамдарға сайлау құқығын беру)
тұрған жаңа сайлау заңы шығарылады. Алайда 1953 жылы парламент
сайлауы кӛрсеткендей депутаттар санын 44-ке дейін қысқарту және
елді жаңа сайлау округтеріне бӛлу нәтижесінде Шамун жақтастары
парламентте кӛпшілік орынды иеленеді. Шамун жақтастарымен
мемлекеттік аппарат та толығады.
148
Президент Шамун батыстық бағыт ұстанған саясаткер болды.
Англия мен АҚШ-на толығымен арқа сүйей отырып, ол сол арқылы
Ұлттық пактіні бұзды. Суэц дағдарысынан кейін басқа Араб
елдерімен
салыстырғанда
ол
Англия
және
Франциямен
дипломатиялық қатынастарын үзуден бас тартады.
Президент Шамун саясатының қате тұстарының бірі – 1957
жылы наурызда «Эйзенхауэр доктринасына» қосылу туралы шешім
шығаруы болды. 1957 жылдың кӛктемінен бастап елде саяси дағдарыс
орын алады. Оппозиция Біріккен Ұлттық майдан, альянс құрады.
Оның құрамына бірқатар партиялар – Прогрессивтік-социалистік
партия, Аднан Хакимнің «Наджаду» партиясы, шииттер кӛсемі Али
Бизра партиясы, Мұхаммед Халидтің Ұлттық ұйымы кіреді.
Ұлттық майдан президенттің отставкаға кетуі, «Эйзенхауэр
доктринасынан» шығуы, Ливан тәуелсіздігінің сақталуы, Египет,
Сириямен ынтымақтастықтың орнатылуы, батыс державаларына
оның территориясында әскери базалар беруге бас тарту талаптарын
қойды.
1958 жылы мамырда елде 3 мың адамның ӛмірін алған азамат
соғысы басталады. Ӛз режимінің халық тобымен күрес жүргізуге әлсіз
екендігіне кӛз жеткізген Шамун АҚШ-нан кӛмек сұрайды. Ирактағы
революциядан кейінгі келесі күні, 15 шілдеде, Ливанға американ
әскерлері орналастырылады. Алайда интервенция Шамун режимін
сақтап қала алмайды. 1958 жылы қыркүйекте президент болып оның
қарсыласы генерал Фуад Шехаб, ал премьер-министр болып кӛтеріліс
жетекшілерінің бірі – Рашид Караме тағайындалады. 1958 жылы
қазанда американ әскерлері Ливаннан шығарылады.
Тәуелсіз бағыт ұстанған жаңа ливан үкіметі кең қолдауға ие
болады. 1961 жылы орын алған әскери тӛңкеріс әрекеті сәтсіз
аяқталады. Сонымен қатар 1964 жылғы президент қызметіне Шехаб
жақтастарының сайлануына жол бермеуге тырысқан батыстық
топтардың да әрекеті сәтсіз аяқталады. 1964 жылы Ливан республи-
касының жаңа президенті болып Шарль Хелу тағайындалады.
60 ж.ж. Ливан экономикасы негізінен құрамына сауда, банк бизнесі
және туризм енген қызмет кӛрсету секторына негізделді. Ливанның
сыртқы рынокқа қатты тәуелділігі ауыл шаруашылығының және
ӛнеркәсіптің баяу дамуына негізделеді. 1958 жылдан 1967 жылдың
маусымына
дейінгі
кезеңді
демократиялық
қозғалыстардың
белсенділігіне қарамастан салыстырмалы түрде тыныш кезең деп
сипаттауға болады. 1966 жылы әлеуметтік тұрақсыздықтың шиеле-
нісуінің басты себебі экономиканың банк секторының дағдарысы болды.
149
Қоғамдағы ішкі процестердің катализаторы болған израильдық
агрессия Ливанға тікелей әсер еткен жоқ, бірақ ол үшін үлкен
салдарлары болды. Енді Ливан ұзақ жылдар бойы Батыстың,
Израильдің, арабтық азаттық қозғалысының жергілікті реакциямен
қатаң саяси және әскери қарама-қайшылығының аренасына айналды.
Маусым соғысынан кейін Ливан Палестина қарсыласу
қозғалысының (ПҚҚ) қызметінің басты орталықтарының біріне
айналады. 1970 жылы Ливандағы палестиналық қашқындардың саны
400 мыңға жетті. Ливан Израильмен және оның батыстық
одақтастарымен жалпы арабтық шиеленіске тартылды. 1968 жылдан
бастап
Израильдің
тұрақты
провакациялары
және
қарулы
шабуылдары тек палестиналықтарға қарсы емес, сонымен қатар
бейбіт ливан халқына да қарсы бағытталды. Мұндай саясат ПҚҚ
әлсіретуді, ливандықтардың палестиналықтарға қарсы ӛшпенділік
отын тұтатуды, оңшыл христиандарды және үкіметті палести-
налықтарға қарсы шығуға итермелеуді ӛз алдына мақсат етіп қойды.
Осылайша, палестиналық мәселе және оның тӛңірегіндегі
қарулы күштер күресі ұзақ жылдар бойы ливандық саяси ӛмірдің
басты назарында болды. 1968 жылы үш неғұрлым ірі оңшыл
христиандық партиялар – фалангистер, Ұлттық-либеральдық партия
және Ұлттық блок Үштік блоктың («Хельф») құрылатындығы туралы
жариялайды.
1970 жылы тамызда парламент кӛпшіліктің дауысымен «Хельф»
және депутат-мұсылмандар тарапынан қолдау тапқан Сүлеймен
Франжьені Ливан президенті етіп сайлайды. Сонымен қатар елдегі
шиеленісті жағдай күшейе берді. 1972 жылы қыркүйекте израиль
әскерлері Оңтүстік Ливанға басып кіреді.
1973 жылы 2 мамырда оңшыл христиандық күштер
басқыншылық әрекеттеріне кӛшеді. Ливан армиясы Бейруттағы
палестиналық қашқындар лагерін қоршап, оларға оқ атады. Үкімет
елде тӛтенше жағдай жариялайды. Палестиналықтарды солшыл
күштер, мұсылмандық буржуазия қолдайды. Осындай жағдайда
президент Сүлеймен Франжье 8 мамыр күні кеште әскери
қимылдарды тоқтату туралы бұйрық шығарады. Осылайша, оңшыл
күштердің Палестина қарсыласу қозғалысына қарсы әрекеттері сәтсіз
аяқталады.
Алайда елдегі жағдай тұрақталмайды. 1975 жылы сәуір айында
палестиналықтар мен мұсылмандар арасында қарулы қақтығыстар
басталады. Елдің конфессиональдық белгілері бойынша бӛліну қаупі
пайда болады. 1975 жылы тамыз айының аяғында кезекті қақтығыстар
150
орын алады: кӛтерілістер Захле, Триполи, Бейрут қалаларын қамтиды.
Қарсыласушы жақтарды достастырудың келіссӛздер жолымен
жүргізілуі нәтижесіз болғандықтан, шетелдік араласу қаупі туады.
Нәтижесінде азамат соғысына 1976 жылы 1 маусымда Ливан
территориясына ӛз әскерлерін енгізген Сирия араласады. Ливан
деректері бойынша азамат соғысы басталғаннан кейін 1975 жылы
сәуірде Ливанда 35 мың адам ӛлген.
1976 жылы 23 қыркүйекте президент қызметіне Ильяс Саркис
тағайындалады. Сол күні Палестинаны Азат ету ұйымының
Атқарушы комитеті елде бейбітшілік жағдайды қалыптастыру үшін
қолайлы жағдай орнату мақсатында оқ атуды тоқтату туралы
жариялайды. 21 қарашада Ливандағы барлық шиеленіс аймақтарына
бақылау орнатылды.
Екі жылға жуық мерзімге жалғасқан соғыс елге орны толмас
шығын алып келді. Алайда шиеленіс толығымен шешілмейді. 1977
жылы Прогрессивтік және патриоттық партиялар майданының
кӛрнекті жетекшісі Камал Джамбулат ӛлімінен кейін партияның
жағдайы күрделенеді. Прогрессивті-социалистік партияның жаңа
президенті кӛсемнің ұлы Валид Джамбулат болады. 1978 жылы
наурызда Израиль Ливанның оңтүстігіндегі территорияларды
Литания ӛзеніне дейін оккупациялап, әскери қимылдарын жалғас-
тырады. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің араласуымен әскердің бір
бӛлігі тек 1978 жылы маусымда шығарылады. Ливан үкіметінің ӛз
билігін елдің оңтүстігіне орнатуға бағытталған барлық әрекеттері
нәтижесіз болды.
1982 жылы 6 маусымда израиль армиясы Оңтүстік Ливанда
израильдық шекарадан 40 шақырымда орналасқан ПАЕҰ отрядтарын
ығыстыру үшін Ливанға басып кіреді. Израиль оңшыл христиандық
құрылымдар кӛмегімен Батыс Бейрутты толықтай оқшаулады,
қоршауда сонымен қатар 200 сириялық солдат және 500 мың
тұрғындар қалды.
Нәтижесінде ПАЕҰ Бейруттан Палестиналық қарсыласу
қозғалысын шығару туралы израиль-американдық талаптарға келісті.
Құрама Штаттар НАТО әскери контингентінен «кӛпұлтты күштер»
құрды, ол 1982 жылы тамыз айында Бейрутқа енгізілді және
палестиналық құрылымдар эвакуациясын бақылап отырды.
18 қыркүйекте, 23 тамызда Ливан президенті болып тағайын-
далған, христиандық «Ливандық күштер» партиясының кӛсемі Башир
Жмайель ӛлімінен 4 күннен соң израильдық оккупанттар кӛзінше
христиандық милиция майоры Саад Хаддан Сабра және Шатила
лагерлерінде 1000-ға жуық босқындарды жойды.
151
21 қыркүйекте, іс жүзінде еш күрессіз, президент қызметіне
Башир Жмайель інісі, «Катаиб» партиясының саяси бюросының
мүшесі Амин Жмайель тағайындалды. Қыркүйек айының соңында
Израиль ӛз әскерлерін Бейруттан шығарды, және дәл сол күні
астанаға НАТО-ның «кӛпұлтты күштері» қайта оралды. Бірмезгілде
израильдықтар ел территориясының астанадан оңтүстікке қарайғы
территориясының үштен бір бӛлігін оккупациялауды жалғастырды.
Біртіндеп оккупацияланған территорияларда жаппай қарсы-
лықтар орын ала бастады. Онда жетекші орынды 1982 жылы
қыркүйекте құрылған Ливандық патриоттық қарсыласу Майданы
және жетекші ұйымдар алды. Егер елдің оңтүстігіне және Бейруттың
шииттік елді-мекендеріне негізінен жалпы демократиялық талаптар
қойған «Амаль» қозғалысы орнықса, ал бұрын ұлттық-патриоттық
күштермен бақыланып отырған басқа аудандарда экстремистік
мұсылмандар тобы жанданды. 1982 жылы Баальбектегі ирандық
еріктілер ықпалымен шииттік ұйымдар «Исламдық Амаль» және
«Хизбалла» құрылды. Триполиде 1983 жылы жазда елдің кӛлемі
бойынша екінші қаласына бақылау орнатқан сунниттік «исламдық
бірігу қозғалысы» құрылды.
1983 жылы 17 мамырда Ливан үкіметімен израильдық
әскерлерді шығару туралы келісімге қол жеткізіледі. Ливанның
ұлттық-патриоттық күштерінің бұл келісімге жауабы 1983 жылы 23
шілдеде ұлттық құтқару майданын (ҰҚМ) құру болды. Израильдің
1983 жылы қыркүйекте ӛз әскерлерін Таулы Ливандағы Шуф
ауданынан шығаруы оқиғаның даму барысындағы бетбұрысты кезең
болды. Ливандық армия бұл ауданға бақылау орнатуға тырысты,
бірақ ҰҚМ қарсылығына тап болып, оны тастап кетуге мәжбүр
болды, израильдық әскерлердің шығарылуынан кейін Оңтүстік
Ливанда да соққы берілді.
25 қыркүйекте Сирия және Сауд Аравиясының араласуымен
барлық ливандық қарсыласушы тараптар, Ливандық армияны, оңшыл
христиандық «Ливандық күштерді», «Амальды» қоса, оқ атуды
тоқтату туралы келісімге қол қойды. Ұлттық диалог бойынша
конференция шақыруға келісілді.
1983 жылы 31 қазан – 4 қараша аралығында Женевада
қарсыласушы тараптар жетекшілері – президент Амин Жмайель,
Валид Джамбулат, Рашид Караме, Сүлеймен Франжье және т.б.
қатысқан ұлттық мәселе бойынша конференцияның бірінші туры
ӛтеді.
Конференция
Ливанның
Араб
мемлекеті
статусын
мойындайды. Армия христиандық және мұсылмандық бӛліктерге
бӛлінеді. 1984 жылы 6 ақпанда олардың жағына кӛшкен «Амаль»
армиялық топтарының қолдауымен Батыс Бейрутты ӛз бақылау-
ларына алды, бұл кӛпұлтты күштердің алдымен Бейруттан, одан кейін
152
Ливаннан эвакуациялануына мәжбүрледі. 1984 жылы 5 наурызда
Ливан үкіметі Израильмен жасалған «бейбіт келісімнің» ресми түрде
күшін жойды. 1984 жылы 12-20 наурызда Лозаннда ұлттық диалог
бойынша ӛткен конференцияның екінші турында оқ атуды тоқтату
және жаңа конституция принциптерін жасау туралы келісімге келеді.
1985 жылы маусымда оңтүстік шекаралық аймақтан басқа жерлердегі
Израиль әскерлері шығарылады.
1990
жылы
арабтармен,
палестиналықтармен
және
израильдықтармен келіссӛз жүргізу процестері күрделі жағдайда
ӛтеді. Оған 1991 жылы қазан айында Таяу Шығыс мәселесі бойынша
ӛткен Мадрид конференциясы бастама болады. Бірқатар алға
басушылықтарға қарамастан, әсіресе 1993 жылы қыркүйекте
палестин-израиль келісіміне қол қойылу және 1994 жылы 26
қазандағы израиль-иордан бейбіт келісімі, Ливан оккупацияланған
оңтүстік территорияларды қайтара алмайды. Этноконфессиональдық
келіспеушілік, ислам фундаментализміне тӛнген қауіп, Сирияның
Ливанда әрекет етуі осының барлығы елдің ішкі жағдайының
тұрақсыздығын кӛрсетеді.
Экономикалық жағдайы да мәз емес. Ливанның ішкі қарызы 10-
нан 11,6 триллион ливан фунтіне ӛседі, инфляция деңгейі 25-30 %
жетеді. Үкімет экономикалық дағдарыстан шығу үшін бірқатар
шараларды жүзеге асырады. 1989 жылдың ӛзінде-ақ Ливанға кӛмек
кӛрсетудің Халықаралық қоры құрылады. 1992 жылдан бері үкімет
2007 жылға дейін есептелген және экономикаға жалпы суммасы 60
млрд. доллар капитал салымын талап ететін «Горизонт 2000» даму
бағдарламасын жүзеге асырумен айналысып келеді.
1997 жылы ҰІӚ 3,5%-ға негізінен құрылыс индустриясы
секторының ӛсуі есебінен қол жеткізіледі. Инфляция деңгейі 15%-ға
тӛмендеді. Соңғы жылдары Ливанның Орталық банк активтері 8
млрд. доллардан асып түседі, оның ішінде 4 млрд.доллар – алтын қор.
1998 жылы қазанда Ливан президенті болып ливан армиясының
бас қолбасшысы Э.Лахуд тағайындалады, премьер-министр болып
1998 жылы желтоқсанда мұсылман-суннит С.Хосс сайланады.
Ливан «таяушығыстық Швейцария» деп аталды. 2002 жылы
қаңтарда радикальдық-христиандық партия жетекшісі – Илие
Хобейки ӛлтіріледі. Ливан президенті мұны Израильдің ісі деп
есептейді. 2002 жылы 15 қыркүйекте Иордан ӛзені салаларының суы
үшін шиеленіс орын алады: Ливан суды басқа арнаға бұрғысы келсе,
Израиль соғыс қаупімен жауап береді. Таяу Шығысқа соғыстың
алдын-алу мақсатында АҚШ ӛкілі келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |