Тақырыбы «Алтын қол»



бет5/9
Дата28.08.2024
өлшемі0.99 Mb.
#503241
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Авторлық бағдарлама 6 смыныпқа арналған

Практика – 8 сағат



  • Қамыспен жұмыс жасау технологиясымен таныстыру. (1сағ)

  • Бұйымның эскизін А3 форматында салу (1сағ)

  • Дайын эскизге қамысты жабыстырып бұйымды дайындау. (2сағ)

  • Дайын суретті картинаға жабыстыру. (1сағ)

  • Кепкен жапырақтардан гербарий жасау(1сағ)

  • Қарағай бүршігі немесе шырша бүршігінен жануарлардың мүсінін жасау(1сағ)

  • Мозаика «Аквариумдағы балықтар» (ұсақ тастарды, дәндерді, жапырақтарды қолданып) (1сағ)

5. Қорытынды сабақ (4 сағат).
Практика – 4 сағат

  • Шығармашылық жұмыстар көрмесі



«Алтын қол»
6-сынып(аптасына 1 сағаттан 34 сағат)

р/с

р/с

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі







1. Кіріспе (1 сағат)







1

1

Оқушылардың сабақ кезіндегі әрекеттеріне талап қою.Техникалық қауыпсіздік ережесін сақтау

1










2. Қағаз сүлгісімен картина жасау  (14 сағат).







2

1

Қағаз сүлгісінің түрлерімен,шығару жолдарымен, керекті құрал жабдықтармен таныстыру

1




3

2

Картинаның жасалу техникасымен таныстыру

1




4

3

Картинаға сурет салу

1




5

4

«Қазақтың қара домбырасы» картина жасау

1




6

5

Дайын картинамызды акрил бояуымен бояу, рамкіге салып бетін лактеу.

1




7

6

Квиллинг жасау техникасымен таныстыру

1




8

7

«Квилленг» күзгі бақ

1




9

8

«Күз» аппликациясын жасау

1




10

9

Аппликация арқылы ашық хаттар жасау

1




11

10

Оригами .Көгершін,раушан гүлін жасау

1




12

11

Кусудами. Гүлдер жасау

1




13

12

Кусудами. Гүлдер жасау

1




14

13

Папье-маше жасау техникасы

1




15

14

Папье-маше арқылы ыдыс жасау

1










3.Матамен жұмыс (6 сағат)







16

1

Мата түрлерімен таныстыру. Техникалық қауыпсіздік ережесімен таныстыру(инемен, қайшымен)жұмыс жасау

1




17

2

Көктеп тігу. Жаттығу, машықтану

1




18

3

«Жастықша» жұмсақ ине қадағыш тігу және дайындау технологиясы

1




19

4

«Жастықша» жұмсақ ине қадағыш тігу және дайындау технологиясы

1




20

5

«Ою-өрнек» құрақ бастармасы

1




21

6

«Ою-өрнек» құрақ бастармасы

1










4. Табиғи материалдармен жұмыс (9 сағат)







22

1

Табиғи материалдардың сан түрлерімен таныстыру. Техникалық қауіпсіздің ережемен таныстыру.

1




23

2

Қамыспен жұмыс жасау технологиясымен таныстыру.

1




24

3

Бұйымның эскизін А3 форматында салу

1




25

4

Дайын эскизге қамысты жабыстырып бұйымды дайындау.

1




26

5

Дайын эскизге қамысты жабыстырып бұйымды дайындау.

1




27

6

Дайын суретті картинаға жабыстыру.

1




28

7

Кепкен жапырақтардан гербарий жасау

1




29

8

Қарағай бүршігі немесе шырша бүршігінен
жануарлардың мүсінін жасау

1




30

9

Мозаика «Аквариумдағы балықтар» (ұсақ тастарды, дәндерді, жапырақтарды қолданып)

1










7. Қорытынды сабақ (3 сағат).







31

1

Шығармашылық жұмыстар көрмесі

1




32

2

Шығармашылық жұмыстар көрмесі

1




33

3

Шығармашылық жұмыстар көрмесі

1




34

4

Шығармашылық жұмыстар көрмесі

1










Барлығы

34







1 Кусудаманың жасау технологиясы
Кусудама (жапон тілінен аударғанда- «емдік шар») көлемді, бірнеше бірдей пирамидалық модульден құрастырылған, қағаздан жасалған шар. Кейбір жағдайларда әсемдік ретінде астынғы жағына салбыршақтар ілінеді. 1-суретте кусудама үлгілері көрсетілген.


Сурет 1. Кусудама үлгілері:
а - «Примула» кусудамасы; б - Daphone odora (Mio Tsugawa) кусудамасы; в - «Ала» кусудамасы.
Кусудама өнері бұрынғы Жапон дәстүрінің емдеу тәсілінен туындаған, негізі дәрілік шөптерді арнайы шардың ішіне орналастыру арқылы, ауру адамның төсегінің жоғары жағына ілген. Жалпы қазіргі уақытта кусудаманы әшекей бұйымдар және сыйлық ретінде қолданады.
2-суретте классикалық «Гүл» кусудамасы көрсетілген. Бұл бұйымды орындау үшін 10 данадан қызғылт, сары, ашықжасыл, қызылсары, көгілдір, жасыл шаршылар, жiптер, ПВА желiмi қажет. Барлық шаршылардың саны 60 дана болу керек.



Сурет 2. Классикалық «Гүл» кусудамасы


1-кестеде классикалық «Гүл» кусудамасының орындау технологиялық картасы көрсетілген.
Кесте 1. «Гүл» кусудамасының орындау технологиялық картасы



Операция атаулары

Фотосуреттер

1

Шаршыны көлденең қойып, төменгі және жоғарғы жағын теңестіру



2

Төменгі екі бұрышын жоғарғы бұрышқа теңестіріп квадрат жасау



3

Оң жағындағы үшбұрышты ортасынан бүктеу




4

Жоғарғы ұшбұрышты төменге бүктеу




5

Қағазды ашып қалташаға белгіленген сызықтар бойымен бүктеу




6

Шығыңқы үшбұрыштарды қалташаға кіргізу




7

Үшбұрышты белгіленген сызық бойынша бүктеу




8

3-7 іс-әрекеттерді сол жақтағы орналасқан үшбұрышпен қайталау





9

Белгіленген нүкте бойынша желім жағу




10

Үлгіні желімдеу




11

5 модуль орындау




12

Белгіленген нүкте бойынша желім жағу




13

5 модульді гүлге желімдеу




14

12 гүл орындау




15

Желбіршектері бар бау дайындау




16

Бауды салып, 3 гүлді жапырақшалармен желімдеу




17

Гүлдерге келесі гүлді желімдеу




Қазақ жері өз қойнауында талай тарих сырларын бүгіп жатқаны анық. Әлі де зерттелмеген жерлер мен өсімдіктер қаншама?... “Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу өзің тұрған өлкеңнің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады... Өңір тану – Отан танудың әліппесі”- деп Елбасымыз өз Жолдауында көрсеткендей, өз туған өлкеміздің жер - су атауларын, өсімдіктерін, олардың қалыптасу негіздерін, тарихын білу – біз үшін парыз.
«Сулы жер - нулы жер», - деп халық тегін айтпаған. Бұл мақал өзен, көл, жылға, бұлақ, қайнар су көздерін адам өзі ұдайы қамқорлыққа алып, қорғап отыруы қажет екендігін еске салады. Өзім тұратын ауылдың шығу тарихына қарап отырсам, Сыр өңірінде ылғылдың көптігінен, Сырдария өзенінің бойын қалың қамыс басқан екен. Міне, сол қамысты ата – бабаларымыз шаруашылықта кеңінен қолданған. Қамыстан үй тұрғызу, малға азық ету, ши тоқу сияқты шаруашылыққа пайдаланған. 1966 жылы Сыр өңірінде қамыс өндіретін ЦКЗ зауыты ашылды. Бұл заутта халық тұтынатын кортон қораптары, кортондар шығарылды. 2000 жылдың басында өнім өндіре алмағанның салдарынан ЦКЗ зауты жабылды.
Қамыс жер шарында кең таралған. Негізінен, 250 - ден астам түрі белгілі, ал Қазақстанда 14 түрі бар.(1 - қосымша) Оның биіктігі 2, 5 м - дей, тамыры жуан, жақсы жетілген, сабағы тік. Қамыс вегатативті буындарынан шыққан өскіндерден және тұқым арқылы өсіп - дамып, еліміздің түпкір - түпкіріндегі сулы аймақтарда, көл жағасында тұқым арқылы өсе алады. Қамыстың жер астындағы тамырын қазақ тілінде борық деп атайды. Борық - суда өсетін қамыс тәрізді өсімдіктің тамыры мен сабағының арасындағы шырынды, тәтті болып келетін сабағының түп жақ бөлігі. Сонымен қатар саси бастаған, борсыған иісті суды да борық деп атайды. Қыс мезгілінде қамыс арасындағы сулар қатпай, жылым болып жатады. Ауа температурасы қатты суытқан кезде ғана қатады. Су қатқаннан кейін адамдар қамысты шауып, оны баулап, ықтырма тоқиды. Сол борықтың буындарынан сүйрік көктеп шығады. Қамыстың жапырақтары параллель жүйкелерге жатады. Өсімдік өзіне қажетті оттегін сабағына сақтайды да «үнемдеп» пайдаланады. Осы қасиетіне байланысты қамыстың тамыры тереңге кетсе де, тіршілігін жоймайды. Ол басқа да өсімдіктермен бірге ағын суды биологиялық жолмен тазартады. Тамыры жуан, жақсы жетілген, сабағы тік, көп гүлді масақтары сыпыртқы гүл шоғырына топталған. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді. Қамыс шабындығына жайылған ірі қара малдардың қалдырған қилары қамыстың қысқа төзімділігін арттырады, өсіп дамуын жоғарылатады және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға қолайлы жағдай тудырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет