Тақырыбы «Алтын қол»


Қамыстың тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы



бет7/9
Дата28.08.2024
өлшемі0.99 Mb.
#503241
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Авторлық бағдарлама 6 смыныпқа арналған

Қамыстың тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы
Қамыстың 0, 5метр шамасында өскені шөпмамық шөп деп аталады. Мал жеген кезде сүйсініп жейді, жұмсақ болады. Бірақ қамысты шабындықты жақсатту арқылы одан мол өнім алуға болады. Бүгінгі ел аумағында өндірілетін және құрылыста қолданылып жүрген материалдардың дені тығыздалған ағаш, қамыс жоңқалы тақталар шығару қолға алынды. Қамыстың суда өсетіні белгілі және ағашқа қарағанда 48% ылғалға төзімді болып келеді. Сондықтан жылдар бойы жете мән бермей жатқан қамысқа деген сұраныстың күрт өсуі түсінікті жағдай. Қазақстанда тақталы материалдарды тұтыну негізінен жиһаз өндірісі мен құрлыс жұмыстарында байқалады. Шетел мемлекеттерінің де қамысқа деген сұранысы артуда. Қамыстың бағалылығы, беріктігі, ылғалға төзімділігі, өңдеуге жеңілдігі мен экологиялық жағынан таза материал екені белгілі. Қамыс көгіне сиыр, жылқы, қой ұстап сүт, қымыз, ет секілді арзан мал өнімдерін өндіруге және қамыс пішенін орып - жинап, жем - шөп қорын жасауға немесе баулап базарға сатуға да болады. Қамыс деген нағыз кәсіп пен табыстың көзі. Қазіргі кезде қамыстан тоқылған стол, орындықтар да саудаға шығарылуда. Жалпы себеттерден тоқылған түрлі бұйымдар жасап жатқандығын да көреміз. Қамыстың пайдасы құрылыста да қолданылады шатыр төбелерін(шифер) жабуға да пайдаланады. Қамыспен үйдің төбесін жауып қана қоймай, қабырғаларын тұрғызуға да пайдаланған, ол - жылу ұстағыш таптырмас құрылыс материалы. Қамыс үйдің жылуын сақтап тұрады. Қамыс сабақтарын буып бақшаға қоршауын да жасаған.
Қамыс (лат. Phragmites) – астық тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қамыстың жер шарында кең таралған (тек Арктика мен Антарктидада кездеспейді) 7 түрі, Қазақстанда грунт сулары жер бетіне жақын жатқан шалғынды, құмды, сортаң жерлерде өсетін 2 түрі бар. Ең жиі кездесетіні кәдімгі Қамыс немесе құрақ (Ph. communіs). Оның биіктігі 0,8 – 6 м. Тамыры жуан, жақсы жетілген, сабағы тік. Көп гүлді масақтары сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Негізінен, вегетативті жолмен көбейеді. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді. Қамыс – су өсімдігі, сондықтан өзендердің сағасы мен көлдер, арықтардың жағасында қалың тоғай құрып өседі. Қамыс сиыр, жылқы, кеміргіштер (ондатр, саз құндызы) үшін бағалы азық. Қамыстан себет тоқылады, құрылыста қолданылады, химиялық өңдеу жолымен шайыр, метил спирті, сірке қышқылы, қағаз алынады. Сонымен қатар Қамыс қалың тоғай болып өсіп кетсе, суармалы егістік дақылдарына зиян да келтіреді. Онымен күресу үшін жерді тереңдігі 30 см-дей қазып, тамыр сабақтарынан тазартып отыру қажет.
2. Бүгінгі ел аумағын өндірілетін және құрылыста қолданылып жүрген материалардың дені тығыздалған ағаш,қамыс жоңқалы тақталар шығару қолға алынды.Қамыстың суда өсетіні белгілі және ағашқа қарағанда 48% ылғалға төзімді болып келеді. Сондықтан жылдар бойы жете мән бермей жатқан қамысқа деген сұранысы артуда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет