Тақырыбы «Алтын қол»


Қамыстың медицинадағы пайдалы қасиеттері



бет8/9
Дата28.08.2024
өлшемі0.99 Mb.
#503241
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Авторлық бағдарлама 6 смыныпқа арналған

Қамыстың медицинадағы пайдалы қасиеттері
Ыстықты қайтарып, денедегі сұйықтықты қөбейтеді, Құсықты тоқтадтады. Өкпенің іріңді ісігіне , кеңірдекшелердің кеңеюіне 30 г қамыс тамырын, 15 г түйнекқонақты, 9 г шабдолды, 30 г көк асқабақ дәнін суға қайнатып ішеді.
Жүйке әсерінен құсқанда қамыс тамырынан 15 г, қызанақ сабағынан 6 г, жемжемілден 3 тал жапырақшалап кесіп, суға қайнатып, салқындағанда ішеді. Қамыс сабағы ыстық көтерулуге, шөлдеуге, қызылшаға, дененің сарғаюна, асқазанның ыстығы асып құсуға, несептің аз әрі сарғайып келуіне де жақсы емдік қасиеті бар.Қызылша сыртқа шықпағанда, 30 г қамыс тамырын. 7 тал аскөк тамырын, 6г бақа жапырақты суға қайнатып ішеді.
Қызықты мілімет:
Қамыс қантын Үндістанда жасай бастаған. Еуропадағы бұл қант орта ғасырларда жетіп, 11-12 ғасырларда әлемдік танымалдыққа ие болды. Қазірде әлемде өндірілетін қанттың 60%-ы қамыс қанты көп қолданылады..Алайда қамыс қантының пайдалы қасиеттері әлдеқайда көп екен.
Қоңыр қант клечатка, микроэлементтер мен жуйке жуйесін реттейтән В діруменәне бай.
Қамыс қантындағы калий ағзадағы артық сұйықтықты шығаруға көмектеседі.
Осы қанттүрінің құрамындағы кальций сүйектерді берік қылады. Айта кетсек. қызылша қантында бұл элемент 23есе аз екен.
Қанттағы мырыш жалпы ағзаға пайдалы болып келеді.
Сурет – пано дайындау үшін әр түрлі түстегі қамыс қажет етеді. Таза ақ қамыс, сынық сары түсті, қоңыр т.б
Ақ түсті қамысты жасау үшін: ақшыл қамысты ыстық су құйып, астына от жағамыз, суы сарғайған кезде суын төгіп тастаймыз, осылай 7-8 рет қайталаймыз. Ең соңғы суына 1л ыстық суға 1 шай қасық уксус қосамыз. Сарыға немесе лимон түсіне қамысты бояу үшін қамысты қайнату кезінде 1л суға 1 ч-қасық ас содасын қосу керек.
Әр түрлі қоюлықтағы қоңыр түстерді, керекті түс пайда болғанша үтіктеу арқылы алуға болады.
Суреттің түсіне қарай дайын үлестердің де түсін келтіруге болады.
Ендігі кезек сурет - панно жасау үшін негізін дайындау қажет. Негіз үшін қатты картон қажет. Картонды матамен, барқыт қағазымен қаптаймыз. Қапталған жағын сурет фоны ретінде пайдаланамыз. Қара фонда қамыс суреті әсіресе көзтатарлық болып көрінеді.
Қамысты жасау суреттің тихникасы онша қиын емес. Алдымен суретті калькаға түсіру қажет. Әсіресе қамыстардың бағыты әр түрлі болған кезде. (калькаға суреттің детальдарын үлестерін бөлек салу керек).
Суретте бірдей бөлшектер көп болса оларды номерлеуді ұмытпаңыздар. Бөлшектерді номерлеу суреттің элементтерін құрастыру кезінде өте қажет.
Қамысты суретке жабыстырмас бұрын, анық жабыстыру бағытын анақтап алған жөн.







Әр бөлшектің өз түсі бар. Суреттің элементтерінің түсіне қарай қамыстың түсі келтіріледі.


Түсіне қарай алынған қамысты сурет бөліктеріне қарай ПВА желімі арқылы жабыстырамыз. Қамыс үлеске желімді жағып суртке жабыстырамыз. Қамыс жиектерін бір-біріне кигізіп ұштарын сәйкестендіру қажет, сонымен қатар қамысты орнасалу бағытын ұмытпау керек.
Қамыс үлестерінің бағытының дұрыс таңдалуы түтас суретіңізді анық етіп көрсетеді. Желімделген қамыстарды қаттырақ жабыстырып жан-жағына шыққан желімді таза матамен сүртіп тұру керек. Теріс жағдайда суретіңіз лас ұқыпсыз, салақ болып көрінеді. Ал желімге бүлінген қамыс жылтырын жоғалтады. Қамыспен жапсырылған бөліктерді салмақ астында кептіру керек, сонан соң қырып алып, әйнек астына қоямыз.
Егер бөліктерді барлығы дұрыс жасалып, дәл сыртымен қырқылған болса, суретті құрастыру оңай болады. Суреттің ұсақ бөліктерін фонға желімдеу алдында тағы бір рет қағазға (калькаға) жабыстыру керек-бір тұтас ретінде барлық сурет бөліктерін фонға қойып, олардың орналасуын тағы бір рет реттеп тексеру керек, содан соң жабыстыру керек.
Суретті матаға көшіру сурет – панноны құрастырылуын жеңілдетеді. Барлық бөліктер дайын болған кезде суретті салмақ астына немесе журналдардың астына салып желімі кепкенше қою керек.
Дайын суретті панноны әйнек астына жиектеп көмкеру қажет. Әйнек астында қамыс түсі ұтымды көрінеді. Қамыстың жылтырымен қанықтығы сақталады. Дәл осылай сурет-панно төмендегі құралдардан жасауға болады.

  • Жұмысқа әр түрлі дәнді дақылдардық сұлы, бидай, арпа, күріш, қара бидай дәнін алуға болады.

  • Негізі – кортон, түрлі түсті барқыт қағазы, мақта мата немесе кендір матасын, қаптын матасын қолдануға болады.

  • Желім ПВА, БФ-6, супер цемент, қағаз калька, қылқалам.

  • Қайшы ( үлкен, кіші, маникюр қайшылары) өткір пышақ, үтік, үтіктеуге арналған тақтайша немесе үгіктейтетін стакан.

Апликатция жабыстыру жұмыстарын басқада тәсілдермен орындауға болады.
Қамыс түсіне қарай қағазға салынған суретті қырқып, бөліктерге бөліп, әр бөлшекке түрлі бағытта қамысты жабыстырамыз.
Қамыстан гүл шоғырын құрастыруға болады.

Қамыс күн көзінде алтындай, қоладай, мыс тәрізді болып жарқырап тұрады.
Аңдау хат
Зерттеу мақсаты:
Астық тұқымдасына жататын көпжылдық су өсімдігі қамыстың шаруашылықта және адам өміріндегі маңызын анықтау
Міндеттері:
- Қамыс өсімдігі туралы мәліметтерді іздестіру.
- Керексіз болып келген су өсімдігінің шаруашылықта және тұрмыста қолданылуын сипаттау.
- Қамыс өсімдігінен қант дайындаудағы тиімділікті дәлелдеп, көз жеткізу.
- Қамысты басқа да салаларда пайдалану туралы болжамдар айту.
Зерттеу нысаны:
Зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде Х. Ерғалиев ауылын бөліп ағып жатқан «Бақсай» өзегі аумағындағы қамыс өсімдігі алынды.
Зерттеу жаңалығы:
Жергілікті жердегі қамыс өсімдігінің пайдасы, маңызы туралы біле отырып, оның пайдалы жақтары; тұрмыста, өндірісте қолдану мүмкіндігі қарастырылған.
Зерттеудің болжамы:
Қамыс - құрылыс материалы ғана емес, азық – түлік, өңделген мал азығы, қағаз өнеркәсібі, отын ретінде қолдануға болатын және шығынсыз өсірілетін ерекше өсімдік.
Зерттеу әдістері:
Зерттеу жұмысы негізінен іздену, салыстыру, жинақтау, талдау тәсілдері арқылы жүргізілді.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы:
Бұл жұмысты дүниетану, биология сабақтарында оқушылардың реферат, баяндама жұмыстарына қолдануға болады.
Қамысты қорғау
Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсарту барысында бағытталған тағы бір шара-табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне – өзі шек қою. Халықтың экологиялық санасын қалыптастыру міндетті экологиялық білім мен тірбие берудің бірқатар комплексті мәселелерінен тұрады. Олар – экономикалық ғылыми сананы қалыптастыру, экологиялық этниканы, экологиялық психологияны және экологиялық құқықтық сананы қалыптастыру қажет.
Әрбір экономикалық табысымыз үшін табиғат бізден кек алады. Сондықтан біз табиғатты аялай білуіміз кажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет