Тақырыбы: Басқару ғылымының эволюциясы


Тақырыбы: Менеджментті ақпаратпен қамтамасыз ету



бет11/27
Дата11.11.2022
өлшемі144.84 Kb.
#464548
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Та ырыбы Бас ару ылымыны эволюциясы

Тақырыбы: Менеджментті ақпаратпен қамтамасыз ету
1. Ақпарат туралы түсінік
2. Ұйымның ақпараттық ресурстары
3. Ақпараттық байланыс түрлері
1. Ақпарат туралы түсінік
Ақпарат дегеніміз – қайта өңделген мәліметтер немесе мән-мағынасы бар мәліметтер. Мәліметтерді ақпаратқа айналдыру тұжырымдамалы жүйенің негізгі элементтерінің бірі – ақпараттық процесс арқылы жүзеге асырылады. Ол компьютерлік элементтерін немесе олардың комбинациясын іске қоса алады.
Деректер ішінен алынатын ақпарат 3 процестен өтеді:
– алдын-ала белгіленген өткізу қабілеті бар табиғи байланыс жолы;
– семантикалық фильтр – тезаурус, яғни түсініктердің қалыптасуы;
– прогматикалық фильтр, мұнда деректердің пайдалылығы бағаланады.
Әрбір қабат деректердің бір бөлігін сипаттай отырып, кедергі шуылдарды жоюға тырысады.
Ақпаратты зерттеу негізгі 3 тұрғыдан жүреді:
1. Синтактика – оның мазмұны мен құндылығы ауытқи отырып деректерді, қайта өңдеу мен жеткізу құралдарын өткізу қабілеті мен табиғи шуылдарды жою тұрғысынан зерттейді.
2. Семантика – бұл ақпараттың мазмұны мен көріну формасын зерттейді.
3. Прогматика – ақпараттың пайдалылығы мен тиімділігін зерттеумен байланысты.
Басқарудың ақпараттық жағын білу басшыға ақпарат туралы мәліметтер игеруді қажет етеді. Ақпарат жүйесі дегеніміз - бұл деректерді жинау, өңдеу және жеткізу мақсатында, олардың толық, дәл және дер кезінде болуын қамтамасыз ететін құралдар мен әдістер жинағын айтамыз. Ақпарат жүйесінің жалпы міндеті басқарудағы байланыс тармағының барлық өнімдеріндегі әртүрлі шуыл дәрежесін сол күйінде жеткізу болып табылады. Ақпарат жүйесін ұйымдастыру үшін мынадай сипаттамалар қажет:
1. Ақпараттың дұрыстығы;
2. Ақпараттың жеткіліктілігі;
3. Ақпараттың оңайлылығы;
4. Ақпараттың бір мағыналылығы;
5. Ақпараттың оперативтілігі.
Ақпаратты өндіретін ресурстар арқылы ақпаратты басқаруға болады. Басқаша айтқанда, енгізу (мәліметтер) мен шығаруға (ақпараттар) жүргізгеннен, енгізуді және шығаруды түрлендіретін ақпараттық процессорға көңіл бөлген жөн. Бұл процессорға қондырғылар мен программалық жабдықтау, сонымен қатар және осы жүйені қолданатын, құратын адамдар да жатады. Фирманың ақпараттық ресурстарына компьютер, программалық жабдықтау, ақпараттық мамандар, қолданушылар, қондырғылар, мәліметтер, ақпараттар кіреді. Фирма менеджерлері бәсекелестік басымдыққа жету үшін ақпаратты қолданғанда осы элементтің әр қайсысы ақпараттық ресурс екенін мойындаған жөн. Мысалы, фирма персоналы – бағалы ресурс, оны дұрыс басқарғанда нәтижеге толық жетуге болады.
Ақпараттық ресурстарды басқаруға жауапкершілік ақпараттық қызметпен айналысатын компьютер мамандарынынң арнайы тобына жүктеледі және оны менеджер басқарады.
2. Ұйымның ақпараттық ресурстары
Ұйымның ақпараттық ресурстарына – бағдарламамен қамтамасыз ету ақпараты, аппаратура, жабдықтар, мәліметтер, программалық жабдықтар және пайдаланушылар кіреді. Барлық деңгейдегі менеджерлер жоспарлаумен айналысады, бірақ жоғары деңгейдегі менеджерлердің алға қойған жоспарларының болашағы болуы тиіс. Бұл стратегиялық жоспарлар ұйымның кем дегенде 5-10 жылдық болашағын анықтайды. Орындаушылар ұйымның стратегиялық жоспарын құрастырып болған соң, осы жоспарға сәйкес әрбір қызмет көрсету аумақтарында жеке жоспарларды құрады. Ұйымның болашақта қажет ететін ақпараттық ресурстардың бағдарламамен қамтамасыз етілуі – ақпараттық ресурстарды стратегиялық жоспарлау деп атайды. Ақпараттық ресурстарды стратегиялық жоспарлау жұмысы – барлық менеджер атаулының міндеті болып табылады, бірақ ұйымдардағы ақпараттық қызметтегі программамен қамтамасыз ету менеджері басты роль атқарады.
Ұйымның менеджерлері ақпаратты стратегиялық ресурстарды мойындаған кезде, ақпаратты стратегиялық бағыттағы саясат өрби түседі. Бұл қызмет ақпараттық ресурстармен басқару (АРБ) деп аталады. Ақпарат жүйесіндегі басқаруды ұйымдастыру арқылы ақпаратты дұрыс бақылау, бағалау, өндірістің өнімді жұмыс атқаруына мүмкіндік жасайды.
Басқару жүйесіндегі барлық процесс оны қабылдау, өзгерту және жеткізу ретіне қарай қарастырылуы тиімді. Бұл процестердің бұлай орындалуы орталықтарға басшылардың тиімді шешім қабылдауына әсерін тигізеді. Шешім қабылдау басқару ақпараттарының тууына байланысты. Оларды жоспарлар, тапсырмалар, өлшемдер, бұйрықтар қабылдауға және оларды орындаушыларға жеткізуге бағытталған күш ретінде қызмет етеді. Шешім қабылдау процесі негізінен ақпарат жүйесіне сүйенеді. Сондықтан да, өндіріс басшыларына келіп түсетін ақпарат нақты, анық және дер кезінде жетуі тиіс. Басқару жүйесінде оны ұйымдастыруда қызметкерлер бір-бірімен өте тығыз байланысты болуын қамтамасыз етуі керек. Мұның өзі бір ұйымдағы хабарлардың басқа ұйымға жетуі үшін ақпараттың қабылдау көзіне айналуы тиіс. 
3. Ақпараттық байланыс түрлері
Ақпараттық байланыстың ішкі және сыртқы түрлері бар.
Сыртқы ақпараттық байланыс сыртқы орта, яғни жабдықтаушылар, бәсекелестер, тауар сапалығы (тұтынушылар тарапынан), ҒТП және өз мезгілінде қарастырылған сыртқы ортаның басқа да факторлары мен заңнамалары туралы мәліметтерді алумен байланысты. Мысалы, бәсекелестер туралы мынаны білу қажет:
· Бәсекелестің нарықтағы қозғалысы қандай?
· Бәсекелестер қызметі қандай?
· Нарықта ол не жасай алады?
· Бәсекелестің әлсіз жақтары неде?
Бәсекелестер туралы ақпарат алу көптеген қиындықтарға соғады. Сол себептен бәсекелес кәсіпорынның нарықтағы қозғалысы туралы ақпарат алу мүмкін болатын жақтардан тыс, өндірістік ақпарат ұрлау арқылы да жүзеге асады. Мысалы, 1997 жылы “Дженерал Моторс” корпорациясы немістік “Фольксваген” концернін өндірістік ақпарат ұрлады деген айыппен, келтірілген шығын орнына 100 миллион АҚШ долларын төлеуді талап етті, бұл өз кезегінде американдық фирма бұл оқиғаны қайта ушықтырмауы үшін еді.
Ішкі ақпараттық байланыс көздері тік және көлденең болып бөлінеді.
Тік (деңгейлік) ақпараттар жоғарыдан төменге және төменнен жоғары қарай беріледі. Әр деңгей үшін ақпараттық қажеттіліктерді басқаруда, жұмыстың тиімді орындалуында және де оперативтік бақылау жасауда әртүрлі бола отырып, олар үш негізгі категорияға жоғары, орта және төменгі бөлінеді.
Көлденең деңгейде орта деңгейдегі басқарушыларға бөлімшелерді оперативтік басқаруда және ресурстарды пайдалану мен қабылдау туралы ақпарат беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет