Тақырыбы: Басқару ғылымының эволюциясы


Тақырыбы: Ұйымның ішкі ортасы



бет8/27
Дата11.11.2022
өлшемі144.84 Kb.
#464548
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Та ырыбы Бас ару ылымыны эволюциясы

Тақырыбы: Ұйымның ішкі ортасы

  1. Ұйымның ішкі ортасы туралы түсінік

  2. Ішкі айнымалылар: мақсаттар, міндеттер, технология және адамдар

1. Ұйымның ішкі ортасы туралы түсінік
Ұйымның ішкі ортасы деп – барлық өндірістік кәсіпорындардың қаржылық, сақтандыру, көліктік және фирманың орналасуы мен қызмет ету сферасында байланыссыз басқа да бөлімдер бар фирманың глобальды құрылымын айтамыз. Ұйымның ішкі факторлары деп - өндірістік қызметі мен ғылыми техниканы оптимизациялауға бағытталған басқару құрылымын қамтитын фирманың шаруашылық механизмін айтамыз.
Ұйымның жалпы қызметіне тәуелді факторларға:

  1. Ақша ағымы мен қарыз құралдарын есептегендегі қаржы ресурстары;

  2. Негізгі басқару персоналының квалификациясы мен біліктілігін ескергендегі мамандар потенциалы;

  3. Маманның ғылыми-техникалық потенциалы;

  4. Басқарудың жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, ынталандыру, бақылау функцияларын жүзеге асыру деңгейін есептегендегі басқару жүйесі;

  5. Нарықтық ортада фирманың жағдайын сипаттайтын барлық көрсеткіштерді;- тұтынушы көзқарасы, нарық үлесі, жабдықтаушылармен қарым-қатынас, өндіріс процесі мен оны өткізу, технология және фирманың имиджін есептегендегі бизнеске қажетті ресурстарды жатқызамыз.

Ұйымдағы кәсіпкер қызметіне байланысты факторларға:

  1. Кәсіпкердің жеке мақсаттары мен бірге ұйым мақсаттарын байланыстыра алуы;

  2. Кәсіпкердің маркетинг, өндірісті басқару, жаңалықты енгізу сияқты функцияларды орындау қабілеттілігі;

  3. Кәсіпкердің өкілеттілікті, жауапкершілікті бөлуі мен өзгелерді басқара алуға дайындығы мен қабілеттілігі;

  4. Кәсіпкердің ұйымның басым және әлсіз жақтарын көре білуі және оларды қойылған мақсатқа сәйкес қолдана алу қажеттілігі.

2. Ішкі айнымалылар: мақсаттар, міндеттер, технология және адамдар
Ішкі айнымалылар – бұл ұйымның ішіндегі ситуациялық факторлары. Ішкі байланыстар басқармашылық шешімнің нәтижесі болып табылады. Бірақ, олар толығымен басқармамен бақыланбайды. Көбінесе ішкі факторлар басқармадан белгілі бір тәуелсіздікте болады. Ішкі айнымалыларға ұйымның мақсаты, құрылымы, міндеті, технология және адамдар кіреді. Ұйым - адамдарға жеке жете алмайтын мақсаттарға бірігіп коллективті түрде жетуге көмек береді.
Ұйым мақсаты – бұл топтың бірге жұмыс жасай отырып, нақты және керекті нәтижелерге жетуге ұмтылуы. Жоспарлау процесінің барысында басшылық мақсаттарды құрады және олар туралы ұйымның мүшелеріне хабарлап отырады. Бұл процесс ұйым мүшелеріне олардың не үшін ынталанып әрекет жасау керектігін түсінуге мүмкіндік береді.
Ұйым құрылымы – бұл басқару дәрежесімен функционалдық бөлімнің логикалық өзара қарым-қатынасы. Ұйымның құрылымы еңбек бөлінісі негізінде құрылады. Ұйым құрылымына қатысты 2 концепция бар:
а) маманданған еңбек бөлінісі;
б) бақылау сферасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет